1 Пәнді оқытудың нәтижесінде студенттер білу керек



жүктеу 211.35 Kb.
Дата09.07.2016
өлшемі211.35 Kb.
ТҮСІНІК ХАТ
Мектеп алдындағы тұрған міндеттер, әр тарихи кезеңде, үлкен өзгерістерге ұшырайды. Бүгінгі Қазақстан мектебінің негізгі міндеттерінің бірі - прогресті және өркениетгі даму дәуіріне аяқ басу. Бұл үрдіс жастар тәрбиесімен тығыз байланысты. Сондықтан әр ұстаздың міндеті-тәрбие ісінің шеберлігін меңгеру, оның түрлері мен әдіс-тәсілдерін ұйымдастыру. Тәрбие жұмысының нәтижесіне қанағаттану, оқушылармен қарым-қатынас, кәсіби жетістік, ұстаздың шеберлігіне, тәжірибесіне байланысты.


    1. Пәнді оқытудың мақсаты.

сынып жетекшісі қызметін жүзеге асыру мен ұйымдастыруда тәрбиенің дәстүрлі және қазіргі жаңа технологиялары бойынша болашақ мұғалімдердің теориялық білімді меңгеруі болып табылады.


    1. Пәнді оқытудың міндеттері.

- мектептің тұтас педагогикалық үрдісіндегі сынып жетекші іс-әрекетінің ерекшелігі жайында студенттерді теориялық және практикалық біліммен қамтамасыз ету;

- мектептің тұтас педагогикалық үрдісіндегі тәрбие жұмысын басқаруды, тәрбиенің қазіргі жаңа технологияларын қолдануды, ұйымдастыру, жоспарлау дағдысы мен тәжірибелік біліктілікті қалыптастыру;

- студенттерді өзіндік шығармашылық мүмкіндіктерін көтеруге ынталандыру;

- студенттерді саналы түрде педагогикалық шеберлікке мақсаттандыру;

- педагогикалық білімін, біліктілігін, дағдысын тереңдету;
1.3. Пәнді оқытудың нәтижесінде студенттер білу керек:


  • тәрбие жұмысының мақсаты, міндеті, мәні туралы;

  • мектеп қоғамының тәрбие жүйесі туралы

  • сынып жетекші іс-әрекетінің бағыттары мен жүйесі туралы балалар ұйымының ерекшелігі туралы;

  • тәрбие жұмысының технологиясы мен ұжымдық шығармашылық ісі туралы;

  • оқушылардың тәрбие деңгейінің диагностикасы туралы.




  1. Пререквизиттер. Біліктілік пен дағдылар қалыптасуы керек:

- сыныптағы тәрбие жұмысын жоспарлау

- тәрбие іс-шараларын ұйымдастыру;

- оқушылар ұжымын қалыптастыру мен оны диагностикалау;

ұжымдық шығармашылық іс технологиясы мен жаңа тәрбие технологияларын пайдалану;

- қиын балалармен жұмыс және диагностикалау;

- ата-аналармен және мектептен тыс ұжымдармен қарым-қатынас;

- оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру;

- ата-аналар жиналысын даярлау және өткізу;

- дарынды балалармен жұмыс;

- мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысы.




  1. Постреквизиттер

Бұл пәнді меңгеру нәтижесінде алынған білім, білік, икем келесі пәндерді менгеру үшін қажет:

  • «Педагогикалық мамандыққа кіріспе»;

  • «Педагогика»;

  • «Этнопедагогика»

  • «Адамзат тарихындағы мектеп және педагогикалық ойдың дамуы»

  • «Тәрбие жұмысының әдістемесі»


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕНІ ҰЙЫМДАСТЫРУЫ, МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Педагогикалық тәжірибенің мақсаты - іс-әрекетіне жақын жағдайларда мамангерлердің теоретикалық және практикалық дайындықтардың қазіргі заманға сай қалыптастыру, таңдаған маманына тұрақты қызығушылық қалыптастыру. Қойылған мақсатқа негізгі талаптардың шешуі арқылы жету.

Педагогикалық практиканың міндеттері:

- Оқу үрдісін жоспарлау, ұйымдыстаруы бойынша әдістемелік білім мен біліктіліктерін анықтау;

- Студенттерде дәстүрлі, белсенді әдістерді және оқушылар оқыту нысандарды ойлау, таңдау қабілеттерін табу;

- Студенттерді өз сабақтарын, бірге оқитын студенттердің сабақтарын, мектеп Ұстаздардың сабақтарын талдауға үйрету, олардың тиімділігі туралы қорытынды жасау;

- Өткізілген жұмысқа сәйкес өз-өзіңді бақылау және өз-өзіңді бағалау біліктілерінің қалыптастырылуына көмектесу;

- Мектептің, алдағы мұғалімдердің жұмыс тәжірибесін реттеуге студенттерді үйрету;

- Педагогикалық мәселелер бойынша ғылыми-зерттеу жұмысының ұйымдастыруына көмек көрсету;

- Студенттерді мәдениеттанулық пәндер бойынша замандас уақытқа сәйкес дайындау.

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕНІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Педагогикалық тәжірибе «Павлодар қаласының 24-ші мектебі» білім беру ұйымының негізінде ұйымдастырылады.

Педагогикалық тәжірибенің өткізілу мерзімі ҚР МЖМБС-на сәйкес 07.02.2011 – 20.03.2011 -2011. 7 апта.
Тәжірибе мазмұны және студенттердің рейтингтік жұмыстарының жүйесі

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ

Ең жоғары ұпай саны

1.1 Конспект құрастыру

(бағасы әдіскермен сабаққа дейін қойылады)

8 конспект х 3 ұпай


5

1.2 Есеп беру сабақтарын өткізуі

3 сабақ х 5 ұпай



5

1.3 Дидактикалық материал дайындауы

3 комплект х 5 ұпай



5

1.4 Сабақ талдауына қатысу

8 сабақ х 1 ұпай



5

1.5 Жазба сабақ талдау

3 жұмыс х 3 ұпай



5

1.6 Пән мұғалімін бағалау

5 Ұпай х 2



15




Барлығы: 40 ұпай

2. ЖАЛПЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДАЙЫНДАУЫ




2.1 Педагогика пәні бойынша есеп беру шарасы

5

2.2 Тарих пәні бойынша есеп беру шарасы

5

2.3 Сабақтың әр түрлі типтері 3x2 ұпай

5

2.4 Сынып жетекшісінің бағасы 5x2

5

2.5 Әдіскер мұғалімінің бағасы 5x2

5

2.6 Әдіскер бағасы

5




Барлығы: 30 ұпай

3. ҚҰЖАТТАМА




3.1. Жұмыстың жеке жоспары 5x2

10

3.2 Тәжірибе күнделігі 5x2

10

3.3 Есеп беру. Көлемі 15 бет. 5x2

10




Барлығы: 30 ұпай

БАҒА




100 - 95 - өте жақсы (А)




94 - 90 - өте жақсы (А-)




89 - 80 - жақсы (В)




75 - 79 - жақсы (В-)




74 – 65 - қанағатты (С)




64 – 50 - қанағатты (С-)




49 49 - 0 - қанағаттсыз (D)




1. Жалпы ұйымдастырушылық талаптар:
1.1 Оқу бағдарламасында белгіленген бағдарламаны, практика пререквезиттерін меңгерген студенттерге практиканы өтуге рұқсат етіледі.

Оқу процесін үзбей оқу практикасын да тікелей жалғастыра алады. Сонымен қатар академеялық үлгерімге бағынбай ақ та жалғастыра алады.

1.2 Студенттер болашақ жұмыс берушілермен жасаған контракт бойынша олардың мекемелерінде өтуге міндетті.

1.3 Студенттерді жұмыс орнына практикант ретінде қабылдаған уақыттан бастап, сол ұйымға тән ережелерді қатаң сақтауы қажет. Оларға жататындар: қауіпсіздік, еңбекті қорғау және ішкі тәртіпті сақтау ережелері.

1.4 Студенттердің оқу практикасының жұмыс уақыты оның өтіліп жатқан орнына байланысты. Лабораторияларда, оқу өндірушілік шеберханаларда, полигондарда жұмасына 36 сағатты құрайды. Ал мекемелер мен ұйымдарда жұмасына 40 сағатты құрайды.

1.5 Егер мекемеде вакантты орындар болса онда студенттер бұл оындарға практика бағдарламасына сәйкес тұруға мүмкіндіктері бар.

1.6 Егер студент бастапқы мамандырылған кәсіп бойынша білім алып жатса, онда ол практика бағдарламасына сай квалификационды разряд алу мақсатында квалификационды емтихан тапсыруға рұқсат алады.

1.7 Практиканы өтуге құрамында мамандырылған мерзімдік немесе студенттік топтар және арнайы лицензиясы бар мамандар мүмкіндік алады.

1.8 Практиканы өту барысында студенттер төмендегілерді атқарулары міндетті: еңбекті қорғау мен қауіпсіздік ережелерін жатқа білу, өрт қауіпсіздігі мен өндірістегі тазалықты сақтау және мекемедегі ішкі еңбек тәртібін сақтау шарт. Сонымен қатар практика күнделігін жүргізіп, жұмыс есебін құра отыра оны міндетті түрде кафедрада қорғау.

1.9 Тәжірибиенің қорытынды баллдары академиялық рейтингті анықтауда және курстан курсқа көшіруде ауыстыру баллына әсер етеді.

1.10 Стипендия берілер кезінде практиканың қорытынды бағасы келесі академиялық кезеңге жазылады.

1.11 Егер студент кешірімді себептермен практикаға келмесе, онда кафедра белгілеген уақытта оны өтуге құқылы. Практика мерзімі екі есеге көбейтіледі.

1.12 Егер студент кешірімсіз себептермен практикаға келмесе, онда ол оқу тәртібін бұзғаны үшін кафедраның шешімімен ақылы түрде педагогикалық тәжірибеден өту мүмкіндігі беріледі.

1.13 Практика нәтижесі бойынша студенттер практика бойы жасаған жұмыстары бойынша есеп береді. Есеп беруді қорғау коммисия мүшелерінің алдында өтеді. Комиссия құрамына кіретіндер: практика жетекшісі, теоретикалық сабақтарды жүргізген оқытушы, кафедра меңгерушісі және мекеме атынан тәжірибе жетекшісі.

Есеп беруді қорғау кафедра меңгерушісі қойған графикке негізделеді.

2. ТӘЖІРИБЕ МАЗМҰНЫ:
2. Дайындық кезеңі тәжірибенің нақты бастауына дейін жүргізіледі.

2.1 Тәжірибенің жетекшісі қажетті мектепті таңдау, бұйрық дайындау, өндіріс жиналыс өткізу уақытын, тәжірибе барысын және оның талаптарын мектеп әкімшілігімен қажетті талдау.

2.2 Өткізілетін конференцияда студенттерді тәжірибенің мақсаты мен талаптарымен таныстыру, тәжірибе барысымен және оның мақсаттарымен таныстыру. Студенттерге сабақ және тыс сынып іс-шаралар дайындау үшін, басты конференцияның үшінші курсында кітапхана қызметкерлерімен әдістемелік әдебиет көрмесін ұйымдастыру. Өткізілетін тәжірибесінің рейтинг бағасымен студенттерді таныстыру қажет.

Өзінің апталық жұмыс күнінде өндіріс орыны (ұйым) Қазақстан Республикасы аумағында өмір сүріп отырған заңдар мен нормативтік актілер, саясат, ережелер мен кәсіпорынның құндылықтарын сақтайды. Бұл шаралар жөндеу жұмыстарын жүргізу, пайдалану, жөндеу жұмыстары және құрал-жабдықтардың, құрылыстар мен мекемелер және басқада Ұйымдар (кәсіпорындарының) техникалық қызмет көрсетудің келесі принциптеріне сәйкес келеді:

- Қауіпсіздік алдыңғы орынға қойылады.

- Мекеменің (ұйымның) қызметкерлері мен жалдамалы жұмысшылардың денсаулығына зиян келтірмеу үшін қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру;

- Мекеменің (ұйымның) құрал жабдықтарына эксплуатация кезінде зиян келтірмеу үшін қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру;

- Қ.Р. заңдары мен нормативті актілері бойынша және реттеу органдарының Қауіпсіздік техникасын және Еңбек қорғау заңдарына бағыну және оларды жұмыс барысында сақтау;

- Халықаралық стандарттарға және әлемдік тәжірибелерге сай Еңбек Қауіпсіздігінің Техникасы бойынша сай келу;

- Эксплуатация практикалары мен әрқашанғы дамудың саясатына қолдау көрсетілуі.



3. НЕГІЗГІ КЕЗЕҢ
3.1. Бірінші апта - әрекетсіз тәжірибе. Мектеппен танысу, сынып жетекшілерімен, пән мұғалімдерімен танысуға ұйымдастырылған өндіріс жиналыс өткізу, сыныптарға студенттерді белгілеу кезеңі, мектеп әкімшілігі студенттерді мектеп ішіндегі тәртібімен, жұмыс шартымен таныстырады. Бірінші апта бойы студенттер барлық пән сабақтардың көбіне қатысып, сыныппен танысады, оқушының психологиялы – педагогикалық мінездеме құрау жұмысын бастайды. Бірінші аптада пән мұғалімі барлық студенттердің қатысуымен ашық сабақ береді және оған толық талдау жасайды. Бірінші аптаның соңына дейін студенттердің жеке жұмыс жоспарлары дайын және кеңесте әдіскерлерімен бекітілген болу керек.

2.2 Екінші апта. Студенттердің бірінші сабақтары, олардың талдауы.

2.3 Үшінші апта – жоғары білім беру мекемесінің кеңесінде студенттерімен берілген ашық сабақтарының Ұжымдық талдауы.

2.4 Төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші апталар – сабақ, тыс сыныптық іс-шаралар өткізуі, сыныппен ұйымдастыру жұмысы.

2.5 Сегізінші апта – қорытынды өндіріс жиналыс – мектеп мұғалімдері, сынып жетекшілері, мектеп әкімшілігі педкеңесте студенттердің жұмыстарына бағаны қорытып қояды. Студенттердің есеп беру құжаттамасын дайындау.
СТУДЕНТТЕРДІҢ МІНДЕТТЕРІ

Тәжірибе өту кезеңінде студенттер сынып жетекші және пән мұғалім көмекшісінің міндеттерін орындайды. Төртінші және бесінші курстарында мақсатқа сай студенттерді тарих бағамы оқылатын 6-8 сыныптарға белгілеу. Тәжірибе кезінде студенттер өзінің сынып сабақтарына қатысу үшін, мектепте күнде болу керек. Мектеп ішіндегі тәртібімен, тәрбие үрдісімен танысу керек. Аптаның соңына қарай студенттер сынып жетекшісімен және пән мұғалімімен ақылдасып, жеке жұмыс жоспарын құрайды. Сол жұмыс жоспарында ұсынылатын барлық іс-шаралар, ұйымдастыру және оқу жұмыстарын көрсету міндетті.

Тәжірибе кезеңінде студенттер міндетті: өз жолдастарының сабақтарына қатысу, оларды талдау; қажетті ұйымдастыру жұмысымен қамтылу – кезекшілік, жинау, сенбіліктер; тәрбие жұмысымен – сынып сағаттары, әңгіме, тест, бақылау және т.б.

Қажетті ереже: конспект дайындау және оны қойылған уақытт әдіскерлерімен талдау; бекітілмеген конспектпен студент сабаққа кірмейді.

3-і, 4-і курстың студенттердің назарларын жоғары айтылған тәжірибе мазмҰнын жұмыс түрлеріне аудару үшін, рейтинг жүйесін қолдану керек.
ӘДІСКЕРЛЕРДІҢ МІНДЕТТЕРІ

Әдіскерлер тәжірибе кезеңінде өндіріс жиналыстарға және өздерімен талдаған көрсеткіш сабақтарға қатысады. Студенттердің жеке жоспарлары мен конспектерді тексереді және бекітеді.

Әр түрлі оқыту әдістер қолдануды талап етіп, сабақтар жоспарлары мен конспектерді тексереді және талқылайды.

Белсенді кезең уақытында студенттердің сабақтарына қатысады, педагогика пәнінің есеп беру іс-шараларына белсенді талдау береді.


ТӘЖІРИБЕ ЖЕТЕКШІСІНІҢ МІНДЕТТЕРІ

1.Мектептің әкімшілігімен келісіп, тәжірибе өткізетін орынды ұйымдастыру. Бұйрыққа қажетті іс-қағаз дайындау.

2. Практиканың алдында тәжірибе жетекшісі берілген оқушыларды жұмыстарымен, мақсаттарымен, практика талаптарымен таныстырып, жеке бас жұмыстар беріп, жиналыстар немесе бекітілетін конференциялар өткізеді.

3. Практиканың бірінші күні жетекші оқушыларды бекітілген Ұзақмерзімді бұйрыққа қажетті іс-қағаздар берілген кәсіби мекемеде жеке өзі апарады.

4. Практика мерзімінде жетекші оқушылардың практика міндеттерін орындау жұмыстарын текскріп, оқушылармен консультация өткізеді.

5. Практиканың аяғында жетекші оқушыларға берілген күнделіктердің толтыруларың дұрыстығын, ондағы мекемеден берілген мінездеме, оқытушылардың қолдарының және мөрлерінің дұрыстығын тексереді.

6. Басты және қорытынды конференцияларды ұйымдастыру және өткізу. Есеп беруді дайындау.

1. Құжаттама

1. Жұмыстың жеке жоспары:

- Ұйымдастыру жұмысы

- Сынып жетекшілік

- Оқу жұмысы

2. Тәжірибе күнделігі:

3. Есеп беруде келесі жағдайлар қарастырылуы тиіс:

- Мектептегі, сыныптағы оқу-тәрбие жұмысына жалпы мінездеме;

- Өз жұмысына талдау беру (жағымды және жағымсыз жағдайлар);

- Қорытынды: тәжірибе процессінде қандай білім, біліктілік пен дағдылар иелікке алынды ;

- Тәжірибе ұйымдастырудың жаңартуына ұсыныстар.

МАҚСАТЫ: Студент – тәжірибешілермен пән мұғалімнің және сынып жетекшісінің міндеттерін орындауы. Тарихты оқытудың алдағы әдістемелерімен танысу.

ТАПСЫРМА ЖҮЙЕСІ

1-і апта


Сыныптың және жеке оқушылардың ерекшеліктерін зерттеу.

Сыныптағы оқу-тәрбие үрдісінің жоспарлауын зерттеу.

Берілген шағын аудан бойынша оқушылардың оқуға қатысуын қамтамасыз ету.

Оқушылардың тұлға істерін зерттеу.

Пән мұғалімдердің сабақтарына қатысу.

Тарих пәнін оқытудың алдағы әдістемеліктерін зерттеу.

Педагогикалық тәжірибе кезеңіне жеке күнтізбе жоспарлар құрастыру.

Сыныпқа қажетті әдебиет қамтамасыз ету.

Сабақ кестесін зерттеу және оны бағалау.

2-8-і апталар

а) Пәнмен оқу жұмысы

Оқытушы әдіскермен бекітілетін сабақтар конспектерін әзірлеу.

Дидактикалық материал, көрнекі құрал дайындау және оларды өз еркімен жасау.

Тарих пәні бойынша сабақтарды дайындау және өткізу.

Бірге оқитын студенттердің сабақтарына қатысып, оларға талдау беру.

Пән бойынша кезеңді әдебиетті зерттеу.

б) Тыс сыныптық тәрбие жұмысы және пән мектеп және сынып ішінде тәрбие іс-шаралар дайындау және өткізу.

1. Әрбір қатысушыларымен жеке жұмыс.

2. Кабинет безендіруіне оқушыларды қатыстыру.

3. Бірге оқитын студенттердің тыс сыныптық іс-шараларына қатысу, оларға баға беру.

4. Мерекелі күндерге арнайы әңгіме өткізу.

5. Ата-аналармен жұмыс жүргізу және ата-аналар жиналысын өткізу.

в) Әдістемелік және ғылыми жұмысы.

1. Әдістемелік бірлестердің жұмыс жоспарымен және әдістемелік тақырып бойынша мектептің жұмыс жоспарымен танысу.

2. Тарих мұғалімдерінің әдістемелік семинарларына қатысу.

3. Педагогикалық күнтізбе жүргізу.

4. Тарих пәні оқытудың әдісін зерттеу жәнек осы әдіс бойынша сабақ өткізу.

5. Өткізілетін тәжірибенің рейтинг баға жүйесімен студенттерді таныстыру қажет.



ТӘЖІРИБЕНІ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
Есеп беру құжаттаманы тексеру. Психология, педагогика, физиология және тарих пәндеріне әдіскерлердің бағалары.

Қорытынды конференцияны өткізу. Қорытынды конференцияға алдына-ала студенттердің көрнекі құралдардан дайындалған қабырға газетімен көрме дайындау. Бұл көрме тәжірибенің қызықты моменттерін көрсететін болады. Өз сөздерінде студенттер өз жұмыстары туралы көзқарастары мен бөліседі, тәжірибе кезеңінде жоспарлаған ҒЗЖ туралы баяндайды.

Студенттерге білімдері мен біліктіліктерін әріқарай жаңартуға жолдарын көрсетіп, әдіскерлер олардың жұмыстарына баға береді.

Тәжірибе жетекшісі кафедра отырысындағы талқылайтын есеп беруді дайындайды.


БАҒДАРЛАМА МАЗМҰНЫ.
1- тақырып. Тәрбиелік үрдіс — динамикалық жүйе.

Тәрбие-мәдени-тарихи феномен. Тәрбие педагогикалық ғылымдардың категориясы. Тәрбиенің гуманистік парадигмасы. Тәжірбиелік үрдістің мәні. Тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттері.



2- тақырып. Қоғам мен мектептің тәрбиелік жүйесі.

«Тәрбиелік жүйе» ұғымы. Тәрбиелік жүйенің негізгі компоненттерінің сипаттамасы, құрылымы, мәні. Тәрбиелік жүйенің кұрылу және даму кезендері мен әдістемесі, бағалау өлшемдері. Білім беруде жинақталған тәрбиелік жүйе. Олардың сипаттамасы.



3- тақырып. Сынып жетекшісі іс-әрекетінің жүйесі.

Мектептің тәрбиелік жұмыс жүйесі. Мектепте тәрбие процесінің нәтижелік шартының бірі сынып жетекшісінің іс-әрекеті. Сынып жетекшісінің қызметтері. Сынып жетекшісі және педагогикалық ұжым. Тәрбиелік процеске қатысушылардың өзара әрекетінің негіздері. Оқушылармен жекелік жұмыстардың әдістемесі және тұлғалық-бағдарлық бағыт. Тәрбиелік жұмыстардың әр түрлі формасын ұйымдастыру.



4-тақырып. Оқушылар ұжымын қалыптастыру әдістемесі.

Балалар ұжымының негізгі сипаттамасы. Ұжымның құрылымы. Ұжым аймағы. Ұжымдаға статустар мен рөлдер. Ұжымның даму кезендері. Оқушылар ұжымын қалыптастыру бойынша сынып жетекшісінің іс-әрекеті. Оқушылардың өзін-өзі басқаруы (мақсаты, міндеттері, қызметтері.ұйымдастыру формалары және т.б.) іс-әрекетті өз бетімен ұйымдастыру әдістемесі (И.П. Иванов). Балалар ұжымының алуан түрлілігі.



5-тақырып. Мектептегі, сыныптағы тәрбие жұмыстарын жоспарлау.

Жоспарлаудың маңызы мен қызметтері. Жоспарлауға қойылатын талаптар. Сынап жетекшісі іс-әрекетінің негіз - педагогикалық моделдеу принциптері. Сыныпта тәрбие жұмысын жоспарлаудың формалары, әдістері мен тәсілдері. Тәрбие жұмысының болашақтағы жоспарын дайындау алгоритмі. Тәрбие жұмысы жоспарының мазмұны мен құрылымы.



6-тақырып. Қазіргі оқу-тәрбие үрдісіндегі тәрбие технологиялары.

«Тәрбие технологиясы» ұғымы. Оқыту мен тәрбиелеуге технологиялық амалдар мен тәсілдердің мәні. Педагогикалык технологияларды жобалау. Тәрбиеде технологиялық тәсілді пайдалану. Тәрбие технологиясының сипаттамасы ұжымдық шығармашылық істер технологиясы.



7- тақырып. Сынып жетекшісінің қиын балалармен жұмыс жүйесі.

«Қиын балалар» ұғымының мәні. Балаларда қиыншылық тудыратын көріністердің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері. Қиын балалар диагностикасы. Контактілі өзара әрекеттестік әдістемесі. Мектептен тыс ұйымдармен (милиция, наркологиялық дәрігерлік мекемелер, орталықтар және т.б.) өзара әрекеттестік.



8- тақырып. Мұғалімдер мен ата-аналардың бірлескен іс-әрекеттері оқушыларды тәрбиелеудің факторы.

Мұғалімдер мен ата-аналардың бірлескен іс-әрекет қызметтерінің мәні. Мектеп пен жанұяның бірлескен іс-әрекет қызметтері. Ата-аналармен ынтымақтастық формалары. Ата-аналар жиналысы - сынып жетекшісінің ата-аналармен жұмысының негізгі формасы. Ата-аналарды педагогикалық ағарту: педагогикалық білім университеті, конференция, практикум, лекция, педагогикалык пікірталас, жанұяларға бару, ата-аналармен хат жазысу және т.б.



9-тақырып. Тәрбие жұмысының нәтижесі мен тиімділігін зерттеу әдістемесі.

Тәрбие үрдісінің психологиялық-педагогикалық диагностикасының әдістері.Мұғалімнің психодиагностикалық мәдениеті. Оқушылардың тәрбиелік деңгейінің өлшемдері мен көрсеткіштері. Оқушылардың тәрбиелік диагностикасының мазмұны. Диагностиканың әртүрлі әдістері мен әдістемесін пайдаланудың ерекшеліктері. Сынып ұжымының қалыптасу деңгейін және тұлғааралық қарым-қатынас жағдайын зерттеу.



10-тақырып. Тәрбиелік үрдісті әдістемелік қамтамасыздандыру.

Сынып жетекшісінің өздігінен білім алуы және оның тиімді жағдайы. Мектептің педагогикалық Кеңесі және сынып жетекшісінің семинары (сынып жетекшілерінің әэдістемелік бірлестігі). Тәрбие жұмысының озық педагогикалық тәжірибесін зерттеу және жинақтап қорытындылау.


11 - тақырып. Қазіргі заман жағдайындагы балалар мен жастар бірлестіктері.

Балалар бірлестігі тәрбиелелеу мен әлеуметтендіру институты. Балалар бірлестігінің түрлері. Балалар мен жастардың формальды емес бірлестіктері. Оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың мақсаты мен міндеттері. Оқушылардың бос уақытындағы іс-әрекет формалары. Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру әдістері.



12 - тақырып. Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы сынып жетекшісінін іс-әрекеті.

Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы әлеуметтік -экономикалық жағдай. Демалыс және еңбек күн тәртібін ұйымдастыру әдістемесі. Алкоголизмге қарсы үгіт және наркоманиянын алдын алу әдістемесі. Келіспеушіліктердің алдын алужәне оларды жеңу жолдарының психологиялық және педагогикалық әдістемесі.



13-тақырып. Дарынды балалармен жұмыс істеу әдістемесі.

«Қабілеттілік», «дарындылық», «талант» ұгымдары. Дарындылықтың диагностикасы. Мектеп шеңберінде дарынды балалармен жұмыс істеу жүйесі. Мектептен тыс дарынды балалармен жұмыс істеу жүйесі.



14 - тақырып. Оқушылармен жүргізілетін кәсіптік бағдар беру жұмыстарының әдістемесі.

Кәсіптік бағдар берудің мәніне сипаттама (мақсаты, міндеттері, мазмұны). Қазіргі жағдайдағы кәсіптік бағдар берудің ерекшеліктері. Кәсіптік бағдар беру жұмыстарының формалары. Педагогикалық кәсіби бағдар.


Семинар сабақтарының үлгі тақырыптары


  1. Мектептегі тәрбие жұмысын жоспарлау әдістемесі.

  2. Сынып жетекшісінің іс-әрекеті мектептегі тәрбие үрдісінің табыстылығының бір жағдайы.

  3. Сыныптан тыс жұмыстың әдістері мен құралдары.

  4. Тәрбие технологиясының кешенді тәсілі.

  5. Тәрбие технологияларын таңдау.

  6. Оқушылар ұжымын қалыптастыру әдістері.

  7. Оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесін құрудың әдістері.

  8. Оқушылар тәрбиелілігін диагностикалаудың әдістері мен әдістемелері.

  9. Тәрбие үрдісін әдістемелік қамтамасыз ету.

  10. Студентердің оқытушының қатысуымен өздігінен орындайтын жұмыстарының үлгі тақырыптары.

  11. Мектептің авторлық тәрбие жүйелері.

  12. Сынып жетекшісі қызметінің жүйесі.

  13. Сыныптағы тәрбие жұмысын жоспарлаудың техникасы мен әдістемесі.

  14. Тәрбиелілік іс-әрекетті ұйымдастыру технологиялары.

  15. Тәрбие үрдісіндегі оқушыларға жеке ықпал етудің әдістері.

  16. Тәрбие үрдісін оңтайландыру үшін психологиялық диагностиканы қолдану әдістері.

  17. Педагогикалық жағдайаттарды талдау алгоритмі және педагогикалық есептерді шешу.

  18. Мектеп оқушыларының ата-аналарымен жүргізілетін жұмыстарының әдістемесі.

  19. Студентердің өздігінен орындайтын жұмыстарының үлгі тақырыптары.

  20. Сынып жетекшісінің жұмысын жоспарлау

  21. Ұжымдық-шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесі

  22. Сынып сағаты - тәрбие жұмысының негізгі формасы

  23. Оқушылар ұжымындғы өзін - өзі басқару және оны ұйымдастыру әдістері

  24. Балалар ұжымын қалыптастыру және оның жағдайын зерттеу әдістемесі

  25. Тәрбиеге жеке ықпал ету принциптерін тарату тәжірибесі

  26. Мектептегі -сыныптан тыс тәрбие жұмысы

  27. Сынып жетекшісінің оқушылар тәрбиесі мәселелері бойынша ата-аналармен өзара әрекетесу негіздері.

  28. Курстық жұмыстардың үлгі тақырыптары.

  29. Тәрбие - мәдени-тарихи феномен.

  30. Оқушылардың әлеуметтік қатынасқа даярлығын қалыптастыру.

  31. Оқушылардың тәрбие үрдісінің заңдылықтары мен олардың тәжірибелік тәрбие жұмыстарындағы көрінісі.

  32. Педагогтар мен оқушылар іс- әрекетінің даму жолдары.

  33. Әр түрлі жастағы оқушылар іс-әрекетінің ерекшеліктері.

  34. Педагогтар, ата-аналар мен балалардың бірлескен іс-әрекетін ұйымдастыру.

  35. Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуі. Оны ынталандыру жолдары.

  36. Сынып жетекшілігінің көп түрлілігі

  37. Ұжымның тәрбиелік функцияларын жүзеге асыру.

  38. Балалар бірлестігі тәрбие институты ретінде.

  39. Тәрбие жұмысының формалары. Оларды таңдау мәселесі.

  40. Тәрбиенің тиімділігі мен нәтижелерін зерттеу ерекшеліктері.

  41. Тәрбие жұмысының мақсатын белгілеу мен жоспарлаудың және оны талдаудың өзара байланысы.

  42. Қиын балалармен жұмыс жүргізу мен оның диагностикасының әдістемесі.

  43. Дарынды балалармен жұмыс істеу және оның диагностикасының әдістемесі.


Қолданылған әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер:

1.Тажбаева С.Г. Подготовка будущего учителя к технологии воспитательного процесса в школе.-Алматы:АГУ им.Абая,2004.-226с.

2. С.Эбенбаев Сынып жетекшісі.-Алматы, 2004.

З. Битинас Б.П. Структура процесса воспитания.-Каунас,1984.

4.Маленкова Л.И. Воспитание в современной школе: Книга для учителя-воспитателя.-М., 1999

5.Иванов И.П. Энциклопедия коллективных творческих дел.-М, 1989.

6.Караковский В.А. Воспитательная система школы: Педагогические идеи и опыт формирования.- М.,1992.

7.Щуркова Н.Е. и др. Новые, технологии воспитательного процесса - М., 1994.

8.Классному руководителю / Под ред. М.И.Рожкова - М, 1999 -с.63-100.

9.Рожков М.И., Байбородова Л.В Организация воспитательного процесса в школе.- М, 2000.-С.89-110.

10. Методика воспитательной работы: учебное пособие для студ.высш. учеб. Заведений / Л.А.Байкова, Л.К.Гребенкина и др.; Под ред. В.А.Сластенина. - 3-е изд.,стер. - М.;Изд.центр «Академия»,2005.-141 с.
Қосымша әдебиеттер:

1 Азаров Ю.П. Искусство воспитывать. - М.: Просвещение, 1979.

2. Воронов В.В. Технология воспитания. - М.: «Школьная Пресса», 2000.

3. Гришин Д.М., Колдунов Я.И. Руководство самовоспитанием школьников: В помощь классному руководителю и воспитателю. -М.: Просвещение, 1989.

4. Гуманистическая направленность штайнеровской педагогики. /Под ред. Пузанова Б.П., Речицкой Е.Г., Пелтонина Э. - М: Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 1999.

5. Гуткина А.Д. Планирование и организация воспитательной работы в школе. - М.: Центр «Педагогический поиск», 2001.

6. Методика воспитательной работы: Уч.пособие для студентов пед.училищ/ Коротов В.М.,Л.Ю.Гордин и др.. - М.: Просвещение, 1990.

7. Кукушин В.И. Теория и методика воспитания. - М.: Издательский центр «Академия», 2002.

8. Рожков М.И., Байбородова Л.В. Организация воспитательного процесса в школе: Учеб. пособие для студ. высш. учеб. заведений. - М: Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 2001.

9. Сергеева В.П. Классный руководитель: планирование и организация работы от А до Я.-М., 2001.

10 .Щуркова Н.Е. Воспитание детей в школе. - М., 1998.


Авторлар:

1. Колумбаева Ш.Ж. - Абай атындагы ҚазҰПУ-нің педагогика ғылымдарының кандидаты,доцент.

2. Калиева Г.И. - Абай атындагы ҚазҰПУ-нің педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент.

3. Көшербаева Ә.Н. - Абай атындагы ҚазҰПУ-нің педагогика ғылымдарының докторы, профессор.

4. Шалғынбаева Қ.Қ. - Абай атындагы ҚазҰПУ-нің педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент.

5. Шолпанқулова Гулнара Кеңесбекқызы - Абай атындагы ҚазПУ-нің педагогика ғылымдары



Пәннің жұмыс бағдарламасымен келісу парағы



Нысан

ПМУ ҰС 7.18.1/11


2009-2010 оқу жылына «Педагогикалық тәжіриебе»

пәнінің жұмыс бағдарламасымен келісу парағы


КЕЛІСУ ПАРАҒЫ

Мамандандырушы

кафедра


Кафедра

меңгерушісі

А.Ж.Т.


Қолы

Келісімдеген

күн


1

2

3

4

Психология

және педагогики



Е.И Бурдина








©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет