1. Пәннің мақсаты мен міндеттері, оның оқу процесіндегі ролі


Жасушалық деңгейде биологиялық белсенді молекулалар біртұтас жүйеге қосылады. Жасушалық ұйымдасуына байланысты барлық ағзалар бір жасушалы және көп жасушалы болып бөлінеді



бет4/9
Дата13.06.2016
өлшемі1.18 Mb.
#133725
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Жасушалық деңгейде биологиялық белсенді молекулалар біртұтас жүйеге қосылады. Жасушалық ұйымдасуына байланысты барлық ағзалар бір жасушалы және көп жасушалы болып бөлінеді.


Ұлпалық деңгейде құрылысы мен атқаратын қызметі ұқсас жасушалардың жиынтығынан ұлпа түзіледі. Ол шығу тегі мен атқаратын қызметінің ортақтығы бойынша біріккен жасушалардың жиынтығын құрайды.

Мүшелік деңгейде ұлпалардың бірнеше типтері функционалдық жағынан өзара байланыса отырып, белгілі бір мүшені құрайды.

Ағзалық деңгейде бірқатар мүшелердің өзара әсері жеке ағзаның біртұтас жүйесінің түзілуіне әкеледі.

Популяциялық-түрлік деңгейде шығу тегі , тіршілік ететін және мекен ету орталарының ортақтығы арқылы байланысқан біртекті ағзалардың жиынтығы түзіледі. Бұл деңгейде жалпы алғандағы элементарлық эволюциялық өзгерістер жүреді .

Биоценоздық деңгейде бірге тіршілік ететін және бір-бірімен байланысқан түрлердің комплексі - биоценоздық деп аталатын біртұтас жүйені түзеді .

Биогеоценоздық ( экожүйелік) - түрлік құрамы бойынша әр түрлі ағзаларды мекен ету ортасымен өзара байланыста біріктіретін (биотопта) тірі материяның ұйымдасуының жоғары деңгейі .

Биосфералық- ғаламшар шекарасындағы барлық тіршілік белгілерін қамтитын анағұрлым жоғары сатыдағы табиғи жүйелердің қалыптасқан деңгейі.

Бұл деңгейде тірі ағзалардың әрекетімен байланысты ғаламдық ауқымдағы барлық зат айналымдары жүзеге асады.

2-АПТА

ОБСӨЖ №4


(5 балл)

Обсөж тақырыбы: Өсімдіктер мен жануарлар алуантүрлілігі.
ОБСӨЖ жоспары

  1. Жер бетіндегі экожүйелер: тропикалық ормандар, шөлдер шөлейттер, далалар, тайга, тундра.

  2. Негізгі су экожүйелері: теңіз және тұщы сулар.

  3. Континенттер дрейфі мен плита тектоникасы туралы теория.

Студенттердің орындайтын тапсырмалары:


Тест тапсырмалары

1. Тірі организмдардің бір-бірімен және олардың қоршаған ортамен байланысымен байаланысын зерттейтін ғылым:



  1. Экология

  2. Нооэкология

  3. Адам экологиясы

  4. Биология

  5. Анатомия

2. Ағзаның табиғаттағы орнына және оның бүкіл тіршілік ету жағдайларына, қоректену түріне, уақыты мен әдісіне, көбейетін орнына, баспанасына т.б қатынасының жиынтығын қалай атайды?

А. экологиялық қойма (ниша)

В. зоохария

С. биотикалық фактор

Д. Энергия ағымы

Е. Паразитизм

3. Қоршаған орта температурасының артуына байланысты физиологиялық процестердiң жылдамдығы артатын ағзаны?

A) Ақ капуста көбелегiнiң жұлдызқұрты.

B) Мысық.

C) Торғай.

D) Қоян.

E) Барлық аталған ағзалар.



  1. Симбиоз дегенiмiз не?

A) Әр түрлi түрге жататын даралардың өзара пайдалы бiрiгiп тiршiлiк етуi.

B) Екi популяция бiр – бiрiмен әрекеттеспейдi және олардың бiреуi екiншiсiне әсер етпейдi.

C) Бiрлестiктiң бiр түрiнiң популяциясы екiншiсiн пайдаланады.

D) Популяциялардың беруi үшiн зиянды болатын өзара қатынастар.

E) Дұрыс жауап жоқ.


  1. Берiлген қоректiң тiзбектердiң қайсысы дұрыс құрылған?

А) Шыбын – бақа – жылан – жыртқыш құс.

В) Жылан – бақа – шыбын – жыртқыш құс.

С) Бақа – шыбын – жылан – жыртқыш құс.

Д) Шыбын – бақа – жыртқыш құс – жылан.

Е) Шыбын – жылан – бақа – жыртқыш құс.


  1. Қарағайлы ормандағы тиiндердiң саны ең алдымен неге байланысты?

А) Жыртқыштардың санына.

В) Қыстың қаталдығына

С) Тұқымдардың өнiмдiлiгiне.

Д) Популяциялардағы даралардың санына.

Е) Қыстың ұзақтығына.


  1. Биомассаның жиналуында қай ағзаның рөлi зор?

А) Жануарлармен, өсiмдiктер.

В) Өсiмдiктер.

С) Микроорганизмдер.

Д) Жануарлар.

Е) Жануарлармен микроорганизмдер.


  1. Төменде аталған өзара қарым-қатынастардың қайсысы жыртқыштыққа жатады?

А) Қасқырлар ұсақ шөп қоректiлермен қоректенедi.

В) Иесiнiң денесiнде биттер тiршiлiк етедi.

С) Бунақ денелер гүлдiң нектарымен (шiрне) қоректенедi.

Д) Микроорганизмдердiң iшекте тiршiлiк етуi.

Е) Барлық аталғандар.


  1. Сауысқандар тұяқты жануарларға оларға қауып туып тұрғандығын хабарлайды. Бұл өзара қарым-қатынастың қай типiне жатады?

А) Тұрақтылық өзара көмек.

В) Жыртқыштық.

С) Симбиоз.

Д) Нейтролизм.

Е) Мутуализм.

10. Жеке таралымның немесе кез келген жүйелік категорияның тіршілікке күресу процесінде жойылуын қалай атайды?

А) Гипергенез

В) Аллелопатил

С) Аменсализм

Д) Элиминация

Е) Катагенез

11. Қоршаған табиғи орта мен тірі ағзалардың арасыңдағы қарым-қатынасты

зерттейтін ғылым

А) экология

В) философия

С) психология

Б) этология

Е)генетика

3-АПТА

ОБСӨЖ №5

ОБСӨЖ тақырыбы: Дарақ экологиясы - аутэкология



ОБСӨЖ жоспар:

  1. Организм және оның тіршілік жағдайлары.

  2. Экологиялық факторлар және олардың жүйесі


ОБСӨЖ мәтіні:

Аутэкология ­– жеке организмдер (особь) арасындағы қарым-қатынастар ды оның табиғи ортасымен байланыстыра отырып зерттеулер жүргізеді. Яғни, жеке организмдерге табиғат факторлары қалай әсер етеді, оған организм қалай

жауап береді, организмдегі морфологиялық, физиологиялық өзгерістер туралы мәселелер қарастырылады. Одан әрі зерттеулер тереңдетіліп келуде.
Ботаникалық факторлар

Ботаникалық фактор дегеніміз – даралар мен пуляциялар арасындағы өзара әсерлердің түрлері. Ботаникалық факторлардың екі тобы белгілі түрішілік (бірдей) және түраралық (әр түрлі).

Бірігіп тіршілік ету кезінде өмір сүру қабілетінің артуына әкелетін физиологиялық процестердің тиімділігін “топтық эффект” деп атайды. Ол жеке дараның өзінің түріне жататын дараның қасында болуына психико – физиологиялық реакциясы түрінде көрінеді. Мысалы қой жеке болса тамыр соғуы, тыныс алуы жиілейді, ал жақындап келе жатқан үйірді көргенде бұл процестер қалпына келеді.

Көгершіндердің кейбір түрлері егер басқа құстарды көрмесе жұмыртқа салмайды.

Топтық эффект жеке тіршілік ететін түрлерде байқалмайды. Егер мұндай жануарларды бірге тұруға мәжбүр етсе, олардың көптеген көрсеткіштері қалыпты шамадан ауытқиды, Мысалы құлақты кірпілерді, топта ұстаса жеке кірпімен салыстырғанда 134% -ке оттегін көп пайдаланады.

Әрбір жануарлардың түрі бойынша түрдің оптималды мөлшері мен популяцияның оптималды тығыздығы болады (олли принципі).

3-АПТА

ОБСӨЖ №6


(5 балл)

Тақырып: Антропогендік факторлар – экологиялық факторлардың ерекше тобы


ОБСӨЖ жоспары:

  1. Антролпогендік факторларға сипаттама.

  2. Қоршаған ортаның химиялық, радиациялық ластануы

  3. Қоршаған ортаның биологиялық ластануы

Студенттердің орындайтын тапсырмалары:

Реферат тақырыптары


  1. Антролпогендік факторларға сипаттама.

  2. Қоршаған ортаның химиялық, радиациялық ластануы

  3. Қоршаған ортаның биологиялық ластануы

  4. Биологиялық ластаушылар

  5. Микробтардың ауру қоздыруы

Тест тапсырмасы

1. Адамдардың биосфераға оң әсері:

А) Табиғи ресурстарды қалпына келтіру, жерді рекультивациялау, жер асты суының қорын қалпына келтіру шаралары.

В) Табиғи ресурстарды калпына келтіру, ормандарды кесу.

С) Жерді рекультивациялау, тұщы судың азаюы.

Д) Ормандарды кесу, тұщы судың азаюы, жердің кебуі мен тұздануы т.б.

Е) Жердің кебуі мен тұздануы, жер асты суының қорын қалпына келтіру.

2. Жеке заттардың айналымын В.И.Вернадский қалай атады?
А) Биогеохимиялық цикл

В) Геологиялық

С) Шөгу циклі

Д) Химиялык

Е) Биологиялық

3.Антропогендік факторлардың табиғатқа әсері неше топқа бөлінеді?

А) Оң және теріс әсер

В) Геологиялық әсер

С) Шөгу циклі

Д) Химиялык әсер

Е) Биологиялық әсер

4. Адамдардың биосфераға теріс әсері:

А) Ормандарды кесу, тұщы судың азаюы, жердің кебуі мен тұздануы т.б, +

В) Табиги ресуротарды қалпына келтіру, ормандарды кесу

С) Жердің кебуі мен тұздануы, жер асты суьшың корын қалпьша келтіру

Д) Жерді рекультивациялау, талды ору

Е) Табиғи ресурстарды қалпына келтіру, жерді рвқультивациялау, жер асты суының қорын калпына келтіру шаралары

5. Антропогендік факторды көрсет?

А) Қала салу

В) Геологиялық әсер

С) Шөгу циклі

Д) Химиялык әсер

Е) Биологиялық әсер

6. Антропогенді әсерлердің экологиялық мониторингінің негізгі неше міндеттері бар?

А) 5

В) 4


С) 2

Д) 23

Е) 7

7. Төмендегi аталған мысалдардың қайсысы антропогендi факторға жатады?



A) Өнеркәсiптiң дамуы.

B) Популяциялардағы даралар арасындағы өзара байланыстар.

C) Жарық.

D) Температура.

E) Популяциялардың өзара әсерi.

8. Адам қызметіне қатысты 2 аспект бар ол қайсылары?

А. Жоғарғы қабаттың бұзылуы және жер маңы кеңістігі концентрациясының артуы

В. Қала және ауру

С. Биогендер

Д. Қышқылды жаңбыр

Е. Қорғасынмен улану және денсаулық

9. Адам баласы әр түрлі іс - әрекеттермен шаруашылық қалдықтармен нені ластайды?

А. Атмосфера

В. Биосфера

С. Тропосфера

Д. Ионосфера

Е. Планктон

10. Аграрлық кезеңге адамның мәдени жер өңдеуге көшуінен басталатын қай дәуір жатады?

А. Неолит

В. Полиолит

С. Мезолит

Д. Орта полеолит


4-АПТА


ОБСӨЖ №7

Тақырып: Популяцияның динамикалық сипаттамасы; туылымы, даму қарқыны, өлім-жетімі.


ОБСӨЖ жоспары:

  1. Тірі қалу қисығы, экспоненциалды даму, биотикалық, потенциал.

  2. Популяцияның тығыздығы мен байланысты және байланысты емес факторлар.

ОБСӨЖ мәтіні:



Популяция динамикасы. Популяция динамикасы - популяциядағы особьтардың сандық мөлшерін және оларды реттеудің механизмдерін зерттейтін популяциялық экологияның бөлімі.

Динамиканың негізгі белгілеріне жататындар:



  • популяцияның сандық мөлшері - белгілі бір аумақтағы немесе көлемдегі особьтардың жалпы саны;

  • популяция тығыздығы - белгілі бір жер аумағындағы немесе көлемдегі особьтардың орташа саны;

  • популяциядағы туылу саны - белгілі бір уақыт ішінде көбею нәтижесінде пайда болған жаңа особьтар саны;

  • популяциядағы өлу саны - белгілі бір кезеңдегі өлген особьтар саны;

  • популяция өсімі - туылу мен өлу арасындағы айырмашылық;

  • өсу қарқыны - белгілі бір уақыт ішіндегі орташа өсім.

Мұндай демографиялық белгілерді зерттеу популяция тіршілігінің заң-дылықтарын, сәйкесінше жалпы экожүйедегі тұрақтылық негіздерін анықтауға мүмкіндік береді.

Популяцияның сандық мөлшері мен тығыздығы - популяцияның сандық сипаттамасын көрсететін негізгі көрсеткіштер.

Әрбір популяцияға биотикалық потенциал тән, яғни белгілі бір уақыт аралығындағы сандық мөлшерінің көбеюіне қабілеттілігі. Әртүрлі организмдерде биотикалық потенциал әрқалай. Көбеюдің жоғары потенциалы бар организмдерге, мысалы, кейбір бактерияларды жатқызуға болады. Әрбір 20 минут сайын жай бөліну арқылы көбейетін микробтар бактериялары қолайлы жағдайларда бүкіл жер шарын 36 сағатта игеретін еді. Ал 7,5 млрд-қа дейін спора түзетін жауын саңырауқүлағы екінші ұрпағында бүкіл Жер бетін басып қалатын еді.

Сонымен, қолайлы жағдайларда әрбір түрдің сандық мөлшері экспоненциалды (логарифмдік) қисық бойынша өсуге қабілетті. Сандық мөлшердің геометриялық өсу қарқынын экспоненциалды өсу деп атайды.



Популяция гомеостазы. Популяциялардың ішкі тұрақгылығын өз механизмдері арқылы реттеуін гомеостаз деп, ал популяцияның сандық мөлшерінің орташа шамадан ауытқуын олардың динамикалық тепе-теңдігі деп атаиды. Әрбір жүйенің тіршілік етуі - оның құрамы мен қүрылымы, ішкі байланыстары және уақыт пен кеңістіктегі өзгерісі өзін-өзі реттеу арқылы жүзеге асып отырады. Өзін-өзі реттеу - организмдердің үнемі өзгеріп отыратын орта жағдайларында тіршіліктерін сақтап қалу үшін бейімделуі, ыңғайлануы. Популяцияның өзін-өзі реттеуі табиғатта тең екі күш арқылы жүзеге асып отырады. Бір жағы-нан, бұл популяция санының өсуіне алып келетін барлық факторлардың жиынтығын қүрайтын биотикалық потенциал (туылу, жаңа жерлерге қоныстану, қорғаныс механизмдері, т.б.), ал екінші жағынан - популяция санын азайтатын факторлар жиынтығы (судың, қоректің тапшылығы, ауа-райының қолайсыз жағдайлары, жыртқыштар, паразиттер, бәсекелестер, аурулар).

Сонымен, популяция санының өсуі, азаюы немесе бір қалыпты болуы биотикалық потенциал мен орта салмағының ара салмағына байланысты. Түр популяциясы санының өзгеруі - оның биотикалық потенциалы мен қоршаған орта жағдайлары арасындағы тепе-теңдіктің бүзылуының нәтижесі.

Реттейтін факторлар әсерін организмдердің түр аралық және түр іші қарым-қатынастары деңгейінде қарастыруға болады. Гомеостаздың түр аралық механизміне жыртқыш-жемтік, иесі-паразит, бәсекелестік қарым-қатынастары жатады. Бәсекелестік популяция іші гомеостазының негізінде жатыр. Ол қатты және жұмсақ формада болуы мүмкін. Қатты формасы особьтардың өліміне алып келеді.

Мысалы, орман қауымдастықтарында өскін кезінде 1 га жерде ағашты өсімдіктердің бірнеше жүз мың особы кездеседі. Қылқан жапырақты ағаш-тардың саны 100-120 жылдан кейін, жапырақты ағаштар саны 50-70 жылдан соң 1 га жерде әдетте 1000 особьтан, көбіне бірнеше жүзден аспайды. Көпшілігі бәсекелестік әсерінен өледі.

Жануарлар әлемінде түр іші күресі каннибализм (өзі сияқтыларды жеу) арқылы көрініс береді. Мысалы, каннибализм құбылысы кейбір кеміргіштерге, насекомдар личинкаларына, алабүға, шортан балықтарға тән.

Тығыз популяцияларда сандық мөлшердің реттелуінің басты механизмі стрессреакция болып табылады. Егер популяцияға күшті тітіргендіргіш әсер етсе, популяция оған стресс-реакциямен жауап береді. Табиғатта стресстің көптеген түрлері бар: антропикалық, нервтік-психологиялық, шуыл әсері және т.б.


4-АПТА

ОБСӨЖ №8


(5 балл)

Тақырып: Популяциялық экология - демэкология.


ОБСӨЖ жоспары

1.Кеңістікте орналасу және оның өзгешелігі, кездейсоқ, біркелкі, топтасып.

2.Популяцияның динамикалық сипаттамасы; туылымы, даму. қарқыны, өлім-жітімі.
Студенттердің орындайтын тапсырмалары:

Бақылау сұрақтары:

1. Популяция нені анықтайды?

2. Дэмэкология нені зерттейді?

3. Особьтар дегеніміз не?


ГЛОССАРИЙ

Популяция

Особь

Систематика



Класс

Биосфера


Ноосфера
Тақырып бойынша тест тапсырмасы:
1. Папуляцияға тән қасиеттер:

А. Өсу, даму, көбею, бейімделу, тіршілігін сақтау

В. Ылғал, жарық, қорек жасап шығару

С. Тұрақты дене температурасның блоуы

Д. Жыртқыштық, бәсекелестік, паразитизм

Е. Азық мөлшерінің жеткілікті болуы

2. Ағзаның табиғаттағы орнына және оның бүкіл тіршілік ету жағдайларына, қоректену түріне, уақыты мен әдісіне, көбейетінорнына, баспанасына т.б қатынасының жиынтығын қалай атайды?

А. экологиялық қойма (ниша)

В. зоохария

С. биотикалық фактор

Д. Энергия ағымы

Е. Паразитизм

3. Таралымның немесе биомассаның аудан немесе көлем бірлігіңдегі

мөлшері қалай аталады?

А) Популяция тығыздығы

В) Биотикалық потенциал

С) Элиминация .

D) Папуляция саны

Е) Логистикалык өсу

4. Барлық популяцияға тән белгісі болатын, бірақ жоғары дэрежеде бірлесе

алатын және санын өздігінен реттеу қабілеті бар топтың қасиеті қалай

аталады?

А) Поли морфизм

В) Эффект

С) Реттеу

Д) Элиминация

Е) Биотикалық потенциал

5. Белгілі уақыт кезеңінде құрып кеткен жеке таралым мөлшері қалай аталады?

А) Популяция өлімі

В) Популиция тығыздылығы

С) Логистық

Д) Экспотенциалдық

Е) Популяция полиморфизмі

6. Папуляция өзінің саны мен өзгермелі орта жағдайына бейімделуін қандай жолдармен реттейді.

А) Өсу және тұрақтану

В) Тұрақты және орын басу

С) Жаңару және орын басу

Д) Шектеу және жаңару

Е) Қысқару және тұрақтану

7. Популяцияда бiр айда, жылда немесе он жылда туылған даралардың санын қалай атайды?

А) Туылу.

В) Көшiп келу (имеграция)

С) Өлiм.


Д) Көшiп кету (эмиграция).

Е) Миграция.

5-АПТА

ОБСӨЖ №9


ОБСӨЖ тақырып: Популяцияның тығыздылығы мен байланысты және байланысты емес факторлар. Популяция сандарын реттеу.
ОБСӨЖ жоспары:

  1. Санның түраралық реттелуі. (конкуренция).

  2. Экологиялық қуыс, потенциалды және жүзеге асқан.

ОБСӨЖ мәтіні:

Популяцияны сипаттайтын негізгі касиеттер

Популяцияның табиғаттағы саны мен тығыздығы. Популяцияның саны мен тығыздығы оның касиеттерін сипаттайтьш негізгі көрсеткіш болып саналады. Популяцияның саны дегеніміз — белгілі бір көлемдегі немесе территориядағы особьтардың жалпы саны. Организмдердің саны табиғатта тұрақты болмайды. Оның аз немесе көп болуы особьтардың өсімталдығы мен шығынына (өлуі) байланысты.

Популяцияның тығыздығы - белгілі бір көлемдегі немесе кеңістіктегі особьтардың саны мен биомассасының салмағымен өлшенеді. Мәселен, 1 гектардағы шыршалардың саны 150 немесе 1 м3 көлемдегі су дафниялардың биомассасы 0,5 г.

Популяцияньщ тығыздығы олардың санына байланысты өзгеріп отырады. Тығыздық шексіз өсуі мүмкін емес. Ол үшін особьтардың кең таралуына қолайлы жағдай мен кеңістік болуы керек. Организмдердің кеңістікте таралуы олардың шектеуші факторы кездеспейінше жүре беруі мүмкін. Осыған орай, популяциялардьщ кездейсоқ, біркелкі және топтанып таралу жолдары бар.

Кездейсоқ таралу — тек бірегей ортаға тән құбылыс. Мәселен, егістіктерде зиянкес жәндіктердің таралуы алғашыңда кездейсоқ болғанымен бірте-бірте көбейе түсіп, топтану немесе шашыранды таралу сипат алады.

Организмдердің топтанып таралуы жиі кездеседі, әрі кездейсоқ та болуы мүмкін. Мысалы, ормандарда ағаштар алғашында топтанып кездессе, бірте-бірте біркелкі өсе бастайды. Өсімдіктердің таралуы спора, тұқым, жеміс арқылы жүзеге асады. Ал, жануарардың таралуы активті немесе пассивтті (болу) болуы мүмкін. Мәселен, активті таралу түлкі, бүғы, т.б. тұяқты андарда жиі кездеседі. Пассивті таралу көбінесе баяу қозғалатын жануарларға тән. Активті таралатын организмдерде шекаралық шектеу болмай қалады, ал пассивті организмдерде айқын байқалатьш шекаралық ареалдар жиі кездеседі. Оларды біз қос мекенділер, бауырымен жорғалаушылар, маллюскалар тіршілігінен көреміз.

Популяциялардың ареалының кең немесе тар болуы организмдердің дене мөлшері, қозғалу активтілігі, қореқ қорына, т.б. көптеген абиотикалық факторларға байланысты болады. Мәселен, кәдімгі шөптесін жерлерде насекомдардың саны мыңдаған особқа жетуі мүмкін. Ал, керісінше ірі хайуанаттар мен үлкен ағаштардың популяцияларын саны мен тыгьіздығыньщ тұрақты болмауы адамның іс әрекетіне де тығыз байланысты, Сол сияқты қоректік факторлардың да ролі ерекше. Оны біз ақ тиін, қоян, кекілік, қырғауыл, т.б. организмдердің табиғаттағы саны корек аз болган жылдары күрт азайып кететінен байқаймыз. Сондықтан, табиғатта популяциялардың саны ешкашанда тұрақты болмайтыны занды құбылыс. Бірақ, кейбір жағдайларда популяциялардың саны бір бағытта күрт көбейіп немесе азайып кетуі мүмкін. Бүл процестер табиғатта жиі кездеееді. Оның себептері көп. Оларға — түрдің генетикалық шығу тегі, орта факторлары, өсу жылдамдығы, бәсекелестік, қоректің мол болуы, т.б. жатады.

Популяцияның табиғаттағы санын өзін-өзі реттеу мүмкіндігі бар. Әрбір түрдің көбеюінің жоғарғы және төменгі шегі болады. Одан әрі түр көбейе алмайды. Сондықтан кез келген популяция өзінің сан мөлшерін оптимальды (қалыпты) жағдайда ұстап тұруга тырысады. Организмдердің табиғаттағы санының ауытқуының тәуліктік және маусымдық кезеңдерін байкауга болады. Мәселен, ұсақ сүт коректілер, кеміргіштер, кейбір құстар мен насекомдардың өсу, көбею потенциалы өте жоғары болады. Кеміргіштер бір маусым ішінде 300-500 есе, ал кейбір насекомдар 1300-1500 есе көбейетіні ғылымға мәлім. Мұндай қүбылыстар, әсіресе, ше-гірткелерде, жұқпалы аурулардың қоздырғыштары, вирустар мен бактериялар өмірінде жиі кездесіп, ауыл шаруашылығына немесе адам өміріне үлкен кауіп төндіруде.

Популяциялардың табиғаттағы санының күрт азайып кетуі де калыпты жағдай емес. Кей жағдайда популяциялар сиреп, бірте-бірте қүрып кетуі мүмкін.

Популяциялардың табиғаттағы санының кайталанбайтын, тұрақты, сирек қайталанатын, ырғақты қайталанатын, түрақты қайталанатын жағдайларын кездестіруге болады. Мәселен, түрақты қайталанбайтьш ауытқулар тарихта бірнеше мысалдар арқылы көрініс берген, Американдық шабақ балықтарды аулау 1900 жылдан бастап жыл сайын 2000 т. болған. Одан соң оны аулау бірнеше жыл бірден 98% кеміл кеткен. Ал, 1944 жылдан бастап тағы да жылына 2500 т. шабақ аулана бастаған.

Табиғатта кездесетін мүндай қүбылыстарға XIX гасыр мен XX ғасыр аралығында Ресей жеріндегі жұпсыз түн көбелегінің, Австралия жеріңдегі қоян мен Гавая аралындағы опунция кактусының, Еуразияға кең таралған колорада қоңызы мен амброзия арамшөбін мысалға келтіруге болады. Организмдерде сирек кездесетін мүндай құбылыстар көбінесе олардьщ жаңа ортаға түсуімен байланысты екені көңіл аударарлық жағдайлар. Оның бірден-бір басты себебі, жаңа ортаға кездейсоқ жолдармен келген организмдердің көбінесе тұқымы, жемісі, жұмыртқасы немесе ересегінің келіп түсуі. Нәтижесіңде, организмнің бүрынғы мекенінде оның ғасырлар бойы бейімделген табига жаулары, пара-зиттері, ауруларын туғызушылар, бәсекелестері, т.б. реттеушілерінің кдлып қоюында екенін ғалымдар дәлелдеп отыр.

Популяциялардың өсімталдығы, өлім-жітімі (шығымы) және таралуы мен орын ауыстыруы олардың табиғаттағы сан мөлшерінің ауыткуына тәуелді болып келеді.

Организмдердің көбею мүмкіндігі өте жоғары. Оны организмнің биотикалық потенциалы дейді. Ғалымдар кейбір организмдердің теориялық өсімталдығын зерттеген кезде көптеген қызықты фактілерге көздері жеткен. Мәселен, бактериялар әрбір 20 минут сайын көбеюге кдбілетті болған. Егер де олардың көбеюіне ешбір кедергі болмаған жағдайда 36 сағат ішінде бүкіл жер шарын каптап кететіндігі дәлелденген. Сол сияқты кәдімгі бақ-бақ өсімдігін бір тал тұқымының популяциясы, жер шарына 10 жыл ішінде таралып кететін көрінсді. Ал, батықтар уылдырығын он мыңдап шашқанымен окың небері 2-3% ғана тірі қалады. Насекомдардың көбі жүздеп, мыңдап жұмыртқа салғанымен оның аман қалу мүмкіңдігі 0,32% деп есептеледі. Аталған фактілер организмдердің шын мәніндегі тірі қалу мүмкіндігі өте аз екендігін дәлелдейді.

Организмдердің табиғаттағы сян мөлшері олардың шығынына да көп байланысты. Популяцияның шығыны (өлім-жітімі) дегеніміз - белгілі бір уақыт аралғындағы өлген особьтарьвдың саны. Организмдердің шығыны орта жағдайларына, қорекке, ауруларға, популяцияның жас ерекшеліктері мен т.б. көптеген факторларға тәуелді болып келеді. Кейбір организмдердің шығымы жас кезінде жоғары болса, ал біразы ересек кездерінде кебірек өледі.


5-АПТА


ОБСӨЖ №10

(5 балл)

Обсөж тақырыбы: Популяция сандарын реттеу.
Обсөж жоспары


  1. Популяцияның динамикалық сипаттамасы.

  2. Тірі қалу қисығы, экспоненциалды даму, биотикалық, потенциал.

  3. Популяцияны сипаттайтын негізгі касиеттер

Студенттердің орындайтын тапсырмалары:

Тест тапсырмалары
1. Папуляцияға тән қасиеттер?

А. Өсу, даму, көбею, бейімделу, тіршілігін сақтау

В. Ылғал, жарық, қорек жасап шығару

С. Тұрақты дене температурасның блоуы

Д. Жыртқыштық, бәсекелестік, паразитизм

Е. Азық мөлшерінің жеткілікті болуы

2. Ағзаның табиғаттағы орнына және оның бүкіл тіршілік ету жағдайларына, қоректену түріне, уақыты мен әдісіне, көбейетінорнына, баспанасына т.б қатынасының жиынтығын қалай атайды?

А. экологиялық қойма (ниша)

В. зоохария

С. биотикалық фактор

Д. Энергия ағымы

Е. Паразитизм

3. Таралымның немесе биомассаның аудан немесе көлем бірлігіңдегі

мөлшері қалай аталады?

А) Популяция тығыздығы

В) Биотикалық потенциал

С) Элиминация .

D) Папуляция саны

Е) Логистикалык өсу

4. Барлық популяцияға тән белгісі болатын, бірақ жоғары дэрежеде бірлесе

алатын және санын өздігінен реттеу қабілеті бар топтың қасиеті қалай

аталады?

А) Поли морфизм

В) Эффект

С) Реттеу

Д) Элиминация

Е) Биотикалық потенциал

5. Белгілі уақыт кезеңінде құрып кеткен жеке таралым мөлшері қалай аталады?

А) Популяция өлімі

В) Популиция тығыздылығы

С) Логистық

Д) Экспотенциалдық

Е) Популяция полиморфизмі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет