1. Пәннің төлқұжаты. Пәннің атауы Жалпы шетел библиографиясы



жүктеу 0.62 Mb.
бет1/3
Дата21.06.2016
өлшемі0.62 Mb.
  1   2   3



Жұмыс оқу бағдарламасының

титулдық парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Журналистика кафедрасы
Жалпы шетел библиографиясы пәні бойынша
6М091000 Кітапхана ісі мамандығының магистранттарына арналған
Пән бағдарламасы (Syllabus)

Павлодар


Жұмыс оқу бағдарламасының

титулдық парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19





БЕКІТЕМІН

Бекітемін

Факультет деканы_________

___________ Сарбалаев Ж.Т

(қолы) (Т.А.Ә.)

«___»_____________20__г.

Құрастырушы: Қапасова Б.Қ.филол.ғыл. кандидаты, доцент


Журналистика кафедрасы

Жалпы шетел библиографиясы пәні бойынша

6М091000 Кітапхана ісі мамандығы магистранттарына арналған
Пән бағдарламасы (Syllabus)
Пән бағдарламасы (Syllabus) элективті пәндер катологі негізінде жасалды.
Кафедра мәжілісінде ұсынылды «__» ______201__ж. №__ хаттама
Кафедра меңгерушісі ________Алдабергенов Қ.М. «__» ______201__ж.
ГПФ оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды.

«__ » __________ 201___ж. №__ хаттама.


ОӘК төрайымы______________________ Ксембаева С.К.

1. Пәннің төлқұжаты.
Пәннің атауы Жалпы шетел библиографиясы

Таңдау пәні компонент

Кредит саны және оқу мерзімі

Барлығы – 4 кредит

Курс: 1

Семестр: 1



Барлық аудиториялық сағат саны -60

Дәріс -30

Тәжірибешілік/семинар сабақ -30

МӨЖ- 120


ОМӨЖ- 40

Барлық сағат саны -180



Бақылау түрі

Емтихан


Пререквезиттер Қоғамдық байланыстар,

Кітаптану және кітап тарихы



Постреквезиттер Кітапхананың библиографиялық қызметі,

Кітапханалық қор


2. Пәннің мақсаты мен міндеттері Әлем библиографиясы және халықаралық еліміз тәуелсіздікке қол жеткізіп, халықаралық қатынастардың кеңейіп, тереңдеу түсуінің арқасында толығуы заман талабы болатын. Кезінде әлемдік библиографиялық үдерістер жайында қазақстандық библиографтардың еңбектері басылып шықпағандықтан, осы жаңа бөлімнің мақсаты – әлем библиографиясы жайлы жан–жақты зерттеу жүргізіп, магистранттарға әлемдік библиографиялық үдерістің жаңа көрінісін беріп, қазақ библиографиясы сол үдерістің қатарына қосып, оны әлем библиографиясының бір бөлігі етіп елге таныту.

Кез–келген тарихи дәуірде әр елдің библиографиясының даму ерекшелігі әр түрлі болғаны белгілі, сол себепті қазіргі замандағы болып жатқан әлемдік библиографиялық үдерістерді, олардың өзара байланысу мен ықпалдасу мәселелерін баса назар аударып зерттеу қажет. Тәуелсіздік кезеңінде халықтар арасындағы қарым-қатынас нығайып, ұлттық библиографиялық байланыстар жаңа сатыға көтеріледі.

Әлем библиографиясы және халықаралық байланыстарды оқытудың негізгі бағыттары: қазіргі заман әлем библиографиясы, қазіргі қазақстандық әлем библиографиясы, компаративистика, Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ библиографиясының халықаралық байланыстарын ашу мақсаттары көзделеді.

Жалпы шетел библиографиясы пәні магистранттарды оқытуда төмендегідей міндеттерді шешеді:



  • әлем библиографиясы жайлы жан–жақты зерттеу жүргізу арқылы толық білім алу;

  • магистранттарға әлемдік библиографиялық үдерістің жаңа көрінісін көрсету;

  • қазақ библиографиясы сол үдерістің қатарына қосып, оны әлем библиографиясының бір бөлігі етіп елге таныту міндетін жүзеге асырудағы басты бағыттарды ашу.

–Кітапхана ісінде шетел үздік дағды үлгілерін пайдалана алуға қалыптастыру;

  • өз ойын, жүйелі жаза, айта білуге үйрету;

  • қарым-қатынастың түрлерін білу және тілдік ортаға ыңғайлай қолдана алу;

  • әдебиетте көркем құралдар тұтастығы, әдіс ретінде қолданыла білу;

  • стиль суреткердің қолтаңбасын анықтаумен қатар, сөз өнеріндегі көркемдік әдіс-тәсілдерді, әдебиеттің бағыт-бағдарын ажырататынын түсіндіру;

  • стильдің жұмыс стилі, газет стилі, ғылым стилі, т.б. түрлерімен жұмыс істеуге үйрену;

  • тыңдаушы, оқушыға әсер естерліктей ойды жеткізе білудің әдіс-тәсілдерін жетік білу;

  • түрлі тақырыпта ойды жүйелі, ұтқыр дәлелдей білуге төселдіру міндеттері шешілген.

3. Пәнді оқу қорытындысында магистрант мыналарды білуі керек:

а) Пәнді игертуде магистранттармен жүргізілетін жұмыстың негізгі бағыттарының бірі –библиографиялық мәліметтермен жұмыс істей білу;

б) шетел библиографиясының түрлерін, жүйесін білу, жазу мен оқу, басылым беттеріндегі шетел кітапхана қоғамдық қызметіндегі библиографияны түсіну үшін өз жұмыс стильдерін қалыптастыру үшін барлоық жұмыс тәсілдерін игерулері қажет;

Пәнді оқу қорытындысында мынаны істей алуы керек:

а) библиографиялық мәліметтерді талдай білу;

б) библиографиялық мәліметтерді кітапхана қызметінің құралы ретінде қолдана алу;

в) мамандығына сәйкес білімді меңгеріп кез-келген ақпараттармен жұмыс істей білу;

г )шетел библиографиясы заңдылықтарын теориялық және практикалық тұрғыда игеру;

д) шетел библиографиясының түрлері және қызметтік қабаттары бойынша қажетті білімдерінің болуы;



ж) библиография жұмыстарын еркін қолдана алу;

4. Пәнді оқытудың тақырыптық жоспары
Сабақ түрлеріне қарай академиялық сағатқа бөлу





Аудитор сағат саны

МӨЖ



Тақырыптың атауы

Дәрісс

Тәжіриб

студиял

лабор

барлығыы

ОМӨЖ

1

«Жалпы шетел библиографиясы» пәні

2

2







8

2

2

Қазақ тарихына қатысты шетел библиографиясы


2

2







8

2

3

Шетел библиографиясымен жаңа жұмыс тәсілдері


2

2







8

2

4

Еуропа елдері библиографиясы


2

2







8

2

5

Азия елдерінің библиографиясы


2

2







8

2

6

Шетел библиографиясындағы жарияланым және құжаттарды іріктеу


2

2







8

2

7

Құжаттарды табу


2

2







8

2

8

Құжаттық басылымдардың типологиясы


2

2







8

2

9

Ғылыми түрдегі басылымдар үшін құжаттарды іріктеу



2

2







8

2

10

Ресей библиографиясы және мұрағаттану


2

2







8

2

11

Шетел библиографиясымен жүргізілетін жұмыстар


2

2







8

2

12

ШБЖЖ «Мәдени мұра» бағдарламасы


2

2







8

2

13

Қытай библиографиясы


2

2







8

2

14

Қазақ – шетел байланыстары


2

2







8

2

15

Қазақ – шетел байланыстары: тәжірибе алмасу


2

2







8

2




Барлығы : 180 (4 кредит)

30

30







120

30



5.Қолданылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:

1. Сералиева. Ж. Кітапханатану, Алматы, 2009

2.Қазақ – шетел библиографиясының байланыстары Алматы, 2009

3. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: Аруна Лтд. ЖШС, 2010.

4.Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, Атамұра баспасы, 2012

5.Салалық терминдерінің түсіндірме сөздігі - Алматы. "Сөздік-Словарь", 2010

6. Адамбаева С. Қазақ библиографиясы Алматы, 2012

Қосымша:

1. Қамшыбаев, Р.А. Халықаралық маркетинг: Оқу құралы. - Алматы: Экономика, 2003 2. Ленский, Б.В. Издательство - книготорг - библиотека: путь книги к читателю // Науч. и техн. б-ки. - 2001. №3.

3. Матлина, С.Г. Привлекательная библиотека, или что может реклама: Практ. пособие. -М.: Либерея, 1997.

4. Мешалкина Ю.В. Библиография и маркетинг//Мир библиографии. - 2005. - №2

5. Минкина, В.А. Информационный маркетинг // Науч. и техн. б-ки СССР. -1999. - №8

6. Маркетинг - современная концепция управленйя библиотекой: Науч. - реф. сб. / РГБ; Сост. С.Д.Колегаева. - М, 1994

7. Матлина, С.Г. Библиотечный маркетин: Практ. Пособие для работников публичных библиотек / РГБ; Пермская обл. б-ка. - Пермь, 1993

6. Дәріс сабақтарының мазмұны.

Дәріс № 1 «Жалпы шетел библиографиясы» пәні.


  1. Пәннің ерекшеліктері.

  2. Библиографиядағы шетелдік үлгі.



Әлем библиографиясы және халықаралық еліміз тәуелсіздікке қол жеткізіп, халықаралық қатынастардың кеңейіп, тереңдеу түсуінің арқасында толығуы заман талабы болатын. Кезінде әлемдік библиографиялық үдерістер жайында қазақстандық әдебиеттанушылардың еңбектері басылып шықпағандықтан, осы жаңа бөлімнің мақсаты – әлем библиографиясы жайлы жан–жақты зерттеу жүргізіп, магистранттарға әлемдік библиографиялық үдерістің жаңа көрінісін беріп, қазақ библиографиясы сол үдерістің қатарына қосып, оны әлем библиографиясының бір бөлігі етіп елге таныту.

Кез–келген тарихи дәуірде әр елдің библиографиясының даму ерекшелігі әр түрлі болғаны белгілі, сол себепті қазіргі замандағы болып жатқан әлемдік библиографиялық үдерістерді, олардың өзара байланысу мен ықпалдасу мәселелерін баса назар аударып зерттеу қажет. Тәуелсіздік кезеңінде халықтар арасындағы қарым-қатынас нығайып, ұлттық библиографиялық байланыстар жаңа сатыға көтеріледі.

Әлем библиографиясы және халықаралық байланыстарды оқытудың негізгі бағыттары: қазіргі заман әлем библиографиясы, қазіргі қазақстандық әлем библиографиясы, компаративистика, Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ библиографиясының халықаралық байланыстарын ашу мақсаттары көзделеді.

13 ақпанда Елбасының “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде қыруар жұмыстың атқарылғаны айтылып, “алыс-жақын шет жұрттағы жәдігерлеріміз бен мұрағаттарымызды іздестіріп, жинақтауды” алға қарай да жалғастыру керектігі міндеттелді.


Аз ғана уақыттың ішінде қазақ мемлекеттілігінің, басқа елдермен қатынастарымыздың беймәлім тұстарын айқындайтын бірегей жәдігерлер табылды. Ғалымдарымыз Ресей, Өзбекстан, Армения ғана емес, АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Қытай мен Египет секілді елдерге іссапарлары барысында Қазақстан тарихына қатысты құнды құжаттардың есебін алды. Дегенмен, қандай жұмыс та кемшіліксіз болмайды. Әсіресе, шет елдердегі халқымыздың тарихы мен мәдениеті көрініс берген материалдарды іздестіру мен олардың көшірмелерін алдыруға байланысты функциялары айқындалған бір үйлестіруші орталықтың, әдістемелік құралдың қажеттігі айқындалып отыр.

Орталықтан “Зарубежная архивная казахстаника. Информационно-аналитический обзор” (Астана, 2006) деген кітапты жарыққа шықты.

Иә, “Шетел мұрағаттарындағы Қазақстан жөніндегі материалдарға жолбасшы” сияқты басылым “Мәдени мұра” бағдарламасын жүзеге асыруға кіріскен кезде-ақ керек болатын. Мұндай әдіснамалық құралға сұраныс уақыт өткен сайын күшейе түсуде десек, 210-беттен тұратын шетел мұрағаттарындағы Қазақстан жөніндегі құжаттарға “ақпараттық-сараптамалық шолу” жасауды мақсат тұтқан, әсем безендірілген басылымды парақтай бастағанда-ақ үмітіміз су сепкендей басылды. Бұл арада онда бұрынғы Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитеттің (кейін Ақпарат және мұрағат комитеті) бірнеше бағытта жүргізген ауқымды ұйымдастырушылық жұмысының толық көрсетілмегенін айтсақ та жеткілікті.
Дәріс №2 Қазақ тарихына қатысты шетел библиографиясы

1.Шетелдік мұрағаттық казахстаниканы зерттеудің алғашқы ресми қорытындылары.

2. Халықаралық Мұрағаттар Кеңесі
“Шетелдік мұрағаттық казахстаниканы зерттеудің алғашқы ресми қорытындылары” деген түсініксіз тарауда мұрағат қызметкерлерінің Ресей мұрағаттарында болғандығы ғана сөз етіледі. Олар тарихшы-ғалымдар, мұрағат мекемелері қызметкерлері енген топтың ұсынысы бойынша жұмыс жасаған (10-11-бет), ал топ өз кезегінде Ресей Федерациясы мен Өзбекстан мұрағаттарының Қазақстан туралы мағлұматтар бар қорларын ғана атаумен шектелген. Сонда, шамасы, осы елдерге іссапармен баратын адамдар әр мұрағатта әрбір қор бойынша “Жолбасшы” (“Путеводитель”) болатындығын білмейтінге ұқсайды.

Кітаптың тағы бір тарауы “Қазақстан тарихы бойынша алынған мұрағаттық құжаттар коллекциясына қысқаша сипаттама” делінеді және онда Франциядағы М. Шоқайдың жеке мұрағаттық қоры туралы ғана сөз болады. Қорды сипаттаудың өзінде үстірттік байқалады (“Жаңа Түркістан” емес – “Йени Түркістан”; Али Мардан Бей емес – Али-Мардан Бей Топчибашы).

Осыдан кейін-ақ “казахстаника” (Қазақстан тақырыбы) ұмытылады. “АҚШ мұрағаттары мен кітапханаларындағы КСРО тарихы бойынша құжаттар” деген тарау (31-46 б.) көзге ілінгенде тығырыққа тірелгендей күйге ұшырайсыз. Осы біз қандай тақырыпты зерттеп отырмыз деген ой мазалайды.

Кітап көлемінің жартысына жуығы “қосымша” материалдарға арналған, онда оқырман ҚР ОММ, Ресей мұрағаттарымен таныстырылады. Және осы бір ғылымның қай жанрына жататындығы белгісіз “туындыны” М.Олкоттың, Л.Крадердің, В.Мартин, т.б. шетел зерттеушілерінің Қазақстан туралы ағылшын тіліндегі еңбектерінен үзінділер аяқтайды.

Өткен ғасырдың 80-жылдарынан ЮНЕСКО “Халықтар тарихы үшін дереккөздерінің жолбасшысы” деген топтаманы дайындап, оны Халықаралық Мұрағаттар Кеңесі (ХМК) жариялай бастаған-ды.

Кеңес одағы ыдырағаннан кейін ХМК мен ЮНЕСКО-ға шетел мұрағаттарындағы “Россиканың” библиографиясын жасау туралы ұсыныстар түсті. Бұл мәселе 1992 жылы шілде айында Парижде өткен батыс елдері және Ресей мұрағаттары басшыларының арнайы симпозиумында талқыланды. Содан бері қарай Ресейде Е.Старостиннің “Шетел мұрағаттарындағы Ресей тарихы” (М., 1994), одан өзге авторлардың “АҚШ-тағы Россика” (М., 2001), “Шетелдік мұрағаттық Россиканың мәселелері” (М., 1996) т.б. бірнеше еңбектер жарық көрді. Мұны айтып отырған себебіміз, екі жағдайға байланысты. Біріншіден, Кеңес одағының құрамына енген елдердің, олардың ішінде Қазақстанның мұрағаттары шетелдік “Россикамен” тығыз байланысты. Бұл орайда жоғарыда сөз болған кітапты құрастырушылардың “Россикаға” бет бұруы дұрыс, бірақ осы “Россика” аталатын ғаламат дүниенің ішінен Қазақстанға қатысты материалдарды іріктеп алу керек.

Өткен ғасырдың 30-40-жылдары Ұлттық мұрағатқа Қазақстан туралы да мағлұматтарды қамтитын Американың бірнеше мекемелерінің материалдары берілді. Әсіресе, №226 құжаттық топ материалдары ерекше назар аударуды қажет етеді. Оны Қорғаныс министрлігінің Стратегиялық қызмет біріккен басқармасының құжаттары құрайды. 1942 жылы құрылып, 1946 жылға дейін АҚШ Қорғаныс министрлігінің біріккен бас штабы үшін ақпараттық және барлау материалдарын дайын­даумен айналысқан бұл Басқарма Кеңес одағындағы әлеуметтік-экономикалық жағдай, оның ішінде ұлттық мәселелер бойынша құпия мәліметтер жинастырған екен.

Стратегиялық қызмет басқармасы федеральдық атқару департаментінің бөлімшесі болуына қарамастан, оның материалдарының бір бөлігі, әсіресе, Кеңес одағындағы ұлттық қатынастар бойынша жасалған есептері №248 құжаттық топ құрамында ұшырасады. Бұл топта ІІ Дүниежүзілік соғыс кезінде әрекет еткен Әскери-теңіз тасымалдау басқармасының құжаттары шоғырланған. Орта Азия халықтарының тарихына қатысты құжаттар инженерлік әскерлер басқармасы материалдары арасында да кездеседі (№77 құжаттық топ).

Қазақстан жөніндегі мағлұматтар АҚШ ұлттық мұрағатының филиалдары – құжаттану федеральдық орталықтарының жергілікті мұрағаттық бөлімшелерінде де бар. Бұл орайда ұлттық мұрағатта түсірілген микрофильмдерге көңіл бөлген жөн. Қазақстан жөніндегі құжаттар құрамын зерттеушілер федеральдық мұрағат қызметі 1975 жылы құрастырған “Ұлттық мұрағаттың регионалдық мұрағаттық бөлімшелеріндегі микрофильмдерден” біле алады.

Америка Құрама Штаттарында зерттеушілеріміздің келесі бір тоқтайтын мекемесі – соғыс, революция және бейбітшілік жөніндегі Гувер институтының мұрағаты (Стэнфорд қ., Колумбия штаты). Мұнда 1927-1934 жылдары Кеңес одағында контракт негізінде жұмыс істеген американ инженерлерінің индустрияландыру және ұжымдастыруға байланысты мол мағлұматтарды қамтыған есептері сақталған. Олардың ішінде Дж.Литлпейдж секілді Қазақстанда болған инженерлердің де жазбалары бар. Мұрағаттағы АРА қызметкерлерінің күнделіктері, қолжазбалары және басқа да құжаттар, қазақтар өмірінен түсірілген фотографиялар өз зерттеушілерін күтуде. Гувер институты “Халықтардың антибольшевиктік блогы”, “Коммунизммен белсенді күрес жөніндегі халықаралық орталық” секілді ұйымдар­дың құжаттарын да жинастырған екен. Ресей мен Қазақстан мұрағаттарында ұшырасатын, баспасөз беттерінде жарық көрген Уақытша үкіметтің, Мемлекеттік Думаның материалдарын, Азамат соғысына қатысты құжаттарды айтпағанның өзінде, мұнда Қазақстан тарихының дереккөзін байыта түсетін құжаттық коллекциялар жеткілікті. Олар: “The Russіan Revіew” (1941-1982 ж.ж.) журналының мұрағаты; “Орыс коллекциясы” (1700-2001 ж.ж.); “Большевизмнің орыс Орта Азиясында пайда болуы” (Р. Пирс); Ю. Скайлердің (1840-1890 ж.ж.) материалдары т.б.



Дәріс №3 Шетел библиографиясымен жаңа жұмыс тәсілдері

  1. Құжаттар басылымымен жұмыс.

  2. Форматты таңдау (тараптардың басымдығы), түпнұсқамен салыстырғанда көшiрменi үлкейту.

Құжаттар басылымы мәтінді түсіндіретін және толықтыратын иллюстрациялармен жабдықталуы мүмкін. Иллюстрация ретінде мәтіндік, графикалық (сызбалар, схемалар, графиктер), картографиялық, көркемөнер және кинофотоқұжаттар қолданылады.
     Көркемөнер құжаттарды қайта жаңғыртқанда жарияланған суретті өңдеуге, бұрмалауға болмайды.
      Графикалық құжаттарды қайта жаңғыртқанда оқылуы қиындық тудыратын: рамкалар, бұрыштық мөртабандар, техникалық мінездеме және түсіндірмелер сияқты артық ақпаратты шығарып тастау керек. Графикалық құжаттарда масштабтар өзгертіледі, өлшемдердің саны азайтылады, үзіктер және айырулар қолданылады. Түрлер, тілу және қималардың саны тағайындалған иллюстрацияға сай болуы керек, оқырманға зат және оның құрылымы туралы неғұрлым толық көрініс беруі керек.
      Киноқұжаттар жеке немесе кезекпен орналастырылған кинокадрлар (төрт және одан көп) немесе планның түрлі бөлігінен алынған, жиынтығында киноқұжаттың ерекшелiгiн көрсетуге мүмкiндiк беретін, яғни қозғалыстағы оқиғаның дамуын ретімен көрсететін жекедара сюжет жариялануы мүмкін. Кадрлардың ұтымды санын таңдау дегеніміз, киноқұжаттарда жазылып қалған негізгі фактілерді және олардың арасындағы органикалық байланысты беру.
      Форматты таңдау (тараптардың басымдығы), түпнұсқамен салыстырғанда көшiрменi үлкейту немесе кiшiрейту басылымдағы кино- немесе фотокадр мәніне, басылым типіне, кинофотоқұжат дербес мағыналы бірлік ретінде немесе композиция элементі ретінде жариялану-жарияланбауына байланысты болады.
      Жариялау кезінде кино – немесе фотокадр автордың таңдаған тараптардың басымдығы сақталуы керек. Көлденең қалыптың тiк, квадрат немесе сопақпен алмастыруы тек қана кинофотоқұжатты қолдануда бола алады, жариялаудың негізгі фотоқатарында емес, көркем құрастырудың элементі ретінде- монтаждық фотоплакаттар; форзац, кiтап шмуцтитулдары бойынша коллаждар.
      Кадрлеу – түсіру және шығару үрдісінде қолданылатын сюжеттік және эстетикалық маңызы бар ақпараттарды таңдау әдісі. Кадрлеуге кинофотоқұжаттардың бөлігі кіреді.
      Кинофотоқұжаттарды позитивте авторлық кадрлеу нәтижесінде ақпараттың жоғалуы болған жағдайда, таңдауды негативке жасау керек.
      Егер басылым белгілі бір автордың (немесе авторлардың тобы) шығармашылығын сипаттайтын болса, онда рамка көмегімен кадрлеу үрдісін тиісті түсiндiрулермен көрсетуге болады.
      Фрагменттеу – кинофотоқұжаттардың қажеттi бөлiгiн, оларды басылымға дайындау кезінде таңдау. Қандай да бір тұлғаға арналған басылымды дайындау кезінде топтық кинофототүсірілімде өте жиі қолданылады. Сонымен бiрге, мiндеттi түрде кинофотоқұжат фрагменті жарияланып жатқаны көрсетілуi керек.
      Жарияланымда қайта жаңғырту үшін көп кадрлы фотокомпозициядан оның фрагментін – бiр немесе бiрнеше кино немесе фотокадрларлы таңдағанда, композиция атауын көрсетiп және оның қысқаша сипаттамасы беру керек.
    Кинофотоқұжаттардың суреттерінің кемшiлiктерiн жою. Кинофотоқұжаттардың ақауларын сақтау немесе жоюға байланысты мәселе жарияланған құжаттардың сипатына, басылымның мақсаттары мен міндеттерін есепке ала отырып шешіледі. Ғылыми басылымдарда кинокадрлар мен фототүсірілімдерді жариялау құжаттарды қабылдау және талдауға қажетті тасымалдағыштардың барлық сыртқы ерекшеліктерін толық сақтауы керек.
      Кинофотоқұжаттарды үгіт-насихат басылымдарында жариялауда өңдеу элементтері (ретуш) қамтылуы мүмкін, егер бұл процесс оның мазмұндық жағын қозғамаса болды.
      Иллюстрацияның археографиялық рәсімделуі. Кинофотоқұжаттардың жариялануы түсіру объектісінің, зерттелетін оқиға немесе фактінің толық көлемдегі көрінісін қамтамасыз ететін ғылыми сипттамамен қатар жүреді.
      Фотоқұжаттың жариялануы келесі мәліметтерден тұрады: құжаттың атауы (қысқаша аннотация), уақыты, орналасқан жері, авторы, түпнұсқалылығы, ақпаратты тасымалдаушы, түстілігі, түпнұсқаның көлемі, бейненің масштабы, шығарманың толықтылық деңгейі, іздестіру деректері, бірінші жарияланым туралы мәліметтер. Археограф анықтаған жетіспейтін элементтері төртбұрыш жақшаға алынады, ақпарат көзін көрсете отырып құлтаңбада немесе мәтіндік ескертулерде айтылады.
      Бір пландағы жарияланған кинокадр немесе кинокадрлар қатары төмендегідей ақпараттық-анықтамалық мәліметтермен қатар жүреді: киноқұжаттың атауы, киношығарманың атауы (көлемі, бөлімдер саны, түстілігі), мекеме-құрастырушы, шығару уақыты, түсірілген жері, іздестіру деректерінің авторы, жарияланымдар туралы мәліметтер.
      Жеке, топтық, репортаждық, қойылымдық фотопортреттерді жариялау жалпы мазмұнының сипатынан басқа бейнеленген тұлғалар туралы міндетті мәліметтерді қажет етеді: аты, әкесінің аты, тегі, өмір сүрген жылдары, мамандығы, атағы, лауазымы, түсірілген жері. Көптеген түсірілім қатысушыларымен топтық фотопортреттерді жариялағанда жалпы сипатымен бірге көрнекті тұлғалар – түсірілімге қатысушы немесе басылым тақырыбына тікелей қатысы бар тұлғалар туралы нақты мәліметтер беріледі.
      Репортаждық кинофотоқұжаттың қолтаңбасындағы оқиғаның сипаты басылымның тақырыбына байланысты болады. Түсірілімде бейнеленген оқиғадан неғұрлым кеңірек проблемаға арналған жарияланымда проблеманы немесе тарихи кезеңді белгілеу керек, содан соң кинофотоқұжатта түсірілген оқиғаны нақтылау қажет.
      Кинофотоқұжаттарды ғылыми сипаттаудың толықтық деңгейі және ақпараттық-анықтамалық мәліметтерді орналастыру тәртібі (бейнемен қатар, ескертулерде, қосымшаларда немесе басылымның шығарылым деректерінде) басылымның тәсіліне, оның типін, түрі мен формаларын есепке ала отырып, сонымен қатар кинофотоқұжаттың жанрына байланысты шешіледі.
  1   2   3


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет