1. План, карта жəне профиль туралы түсінік Масштабтар Жоспар План, карта жəне профиль туралы түсінік

бет3/4
Дата18.09.2022
өлшемі1.03 Mb.
#460903
1   2   3   4
ади профиль

Масштабтар

  •  Карта немесе план бетіне кез келген бір жер бетінің кескінін салу үшін, сол аймақты бірнеше рет кішірейту керек (қанша рет кішірейтілетіні беріледі). Осы кішірейту дəрежесі немесе жер бетіндегі сызықтың оған сəйкес пландағы жазық жазықтық- тағы проекциясының қатынасы масштаб деп аталады.
  • Масштабтар сандық жəне графикалық (сызықтық жəне көл- денең) болып бөлінеді.

Сандық масштаб кəдімгі қарапайым бөлшек ретінде беріледі, оның алымы бір, ал бөлімі бүтін сан, мысалы 1:1000, 1:2000, 1:5000 жəне де осыған ұқсас бөлшек сандар. Сонымен, планнан алынған кез келген бөлшектің алымындағы бірлікке, соншама есе кішірейтілген бөлшектің бөліміндегі сан дəл келеді. Сонда, 1:1000 масштабы үшін, пландағы 1 сантиметрге жер бетіндегі 100 сантиметр дəл келеді деген сөз.
3-сурет. Масштабтар. а) сызықтық, ə) көлденең
  •  
  • Жер бетіндегі ұзындық өлшемдер метрмен берілетіндіктен, есептеулерді жеңілдету үшін сандық масштаб келесі ретпен жазылады: 1:1000 масштаб үшін 1 см (сантиметрде) 10 метр бар; 1:5000 масштаб үшін 1 см (сантиметрде) 50 м (метр) бар.
  • Дегенмен іс жүзінде сандық масштабпен жұмыс істеу ыңғайсыздық тудырады, себебі əр ұзындықты табу үшін соншама есеп теулер керек, сондықтан сызықтық жəне көлденең масштабтарды қолданады.

Сызықтық масштаб дегеніміз – масштабтың негізі деп аталатын, үстіне тең бірнеше кесінділер салынған түзу сызық.

Пландағы масштаб негізінің ұзындығы бүтін метрлік (шақы- рымдық) санға тең. 3 а-суреттегі негізі 2 см сызықтық масштаб 1:1000 сандық масштабқа дəл келеді. Сол жақтағы кесінді 10 тең бөлікке бөлінген. Сондықтан бұл бөліктердің оннан бір бөлігі көз мөлшерімен алынады. Сызықтық масштаб ретінде кез келген миллиметрлік бөліктері бар кəдімгі сызғышты пайдалануға бола- ды. Сызғышқа арақашықтық циркуль-өлшегіш арқылы салынады.

Сызғыштан кіші арақашықтықты көзбен жобалап алмас үшін,
яғни үлкен дəлдікпен өлшеуде көлденең масштаб қолданылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет