1. Практика өткен мекемеге немесе шаруашылыққа қысқаша сипаттама: Түркістан облысы,Арыс ауданы,Дермене ауылы «Қазына Жер» шаруашылығы



бет6/11
Дата27.03.2023
өлшемі1.23 Mb.
#471206
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Данабек Арыс 2022 нов

2.3. Ветеринарлық иммуннология
Иммунология – жалпы иммунитет туралы ғылым. Сондықтанда бұл ғылым биологияның қарқынды түрде дамып келе жатқан ең келешегі зор саласының бірі болып саналады. Иммунология ғылымының жетістіктері қазіргі кезде молекулярлық биологияның, биотехнологияның, биохимияның, биофизиканың, микробиологияның және де генетиканың жедел алға қарай дамуына шешуші себеп болып отыр. Жалпы иммунология өзінің алға қойған ортақ мақсаты, теориялары, тарихы, өзіндік зерттеу әдістері мен иммундық жүйелері бар бір тұтас ғылым.
Дегеніменде,практика барысында оның өзінің негізгі салалары көп екенін білдім. Мысалыға клиникалық иммунология, иммуногенетика, серология, аллергология, иммунохимия, трансплантациялық иммунитет, гибридома.
Осындай адамдармен жануарларға ортақ иммунологиялық салалардың негізінде ветеринариялық иммунология ғылымы дамып, іске қосыла бастады. Соның арқасында – жануарлардың жұқпалы, паразитарлық т.б. ауруларының иммунологиялық механизмдерін зерттеу арқылы оларды серологиялық, аллергиялық, бактериологиялық балау, алдын алу, дауалау және емдеу тәсілдерін жетілдіріп мал ауруларының көзін жоюға бағытталған.
Заманауи ветеринариялық иммунология ғылымының алдында жануарлардың жұқпалы ауруларына қарсы жасанды жоғары иммуногенді вакциналық дәрмектерді жасап шығару, иммундық жүйенің атқаратын қызметін күшейтетін иммунды стимуляторларды іздестіру, аллергиялық құбылыстарды зерттеу, балау үшін өте сезімтал иммунологиялық тәсілдерді жетілдіріп балауға қолдану, аутоиммунды аурулардың алдын алу, емдік шараларын табу, өлі және тірі вакциналардың иммунитетін жоғарылату және тағы да басқа тұстарын айқындай түсуді жетілдіру мақсаты қойылған.
Иммунологияның қазіргі заманауи даму кезеңі XX- ғасырдың 30 жылдарынан басталып, сол кездегі инфекциялық иммунологияның биологиялық индивидуальдығын сақтау ғылымына трансформациялану кезеңінен бастау алды. Адам баласы өз тарихында түрлі инфекциялық ауруларды басынан өткеріп, зардабын шегіп келген. Мысалыға, Ертедегі Египет хандылығында оба т.б. ауруларының салдарынан көптеген адамдар қырғынға ұшыраған болса, оны сол кездегі жергілікті халық құдайдың алдында болған қандай да бір күнәнің орын алғанын көрген. Дегеніменде, бертін келе сол кездегі халық медицинасы дами келе кейбір шешек, оба, сүзек сияқты аурудан жазылып кеткен адамдардың ол індеттермен қайта немесе екінші рет қайта ауырмайтындығы, керісінше ол індетке қарсы тұру қабілетінің қалыптасатыныны туралы белгі болған. Бұндай құбылысты байқаған біздің эрамызға дейін 430 жыл бұрын болған тарихшы Фукидид: «Аурудан жазылған адамдар қайтадан ол ауруға шалдықпайды. Өйткені олар ол аурумен бұрыннан таныс немесе ол індет ондай ауырып жазылған адамдарды екінші рет ауырта алмайды,-деп есептеген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет