1: Практикалық психология пәні, мақсат-міндеттері


Тұлғаның диспозициялық теориясы



бет21/54
Дата04.11.2022
өлшемі119.14 Kb.
#463993
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   54
1-45 практик псих

38 Тұлғаның диспозициялық теориясы
Айзенк Ганс Юрген (1916-1997) – Британ психологы. Психологиядағы биологиялық бағыттың көшбасшыларының бірі. Г.Айзенктің жеке тұлға теориясы диспозициялық теорияның үш негізгі бағытының біреуіне – қатаң бағыт жатады. Бұл бағыт адамның қатаң биологиялық құрылымдары: дене құрылымы, жүйке жүйесі, ми және белгілі жеке тұлғалық қасиеттері арасында қатаң сәйкестік құруға ұмтылады. Мәселен, Г.Айзенк «интроверсия – экстраверсия мидың ерекше құрылымы – ретикуларлық формацияның қызметімен байланысты» деген болжам ұсынған. Түп нұсқалы биологиялық ақыл теориясын алға шығарды. Креативтілік теориясының авторы. Тұлға

типологиясының екі факторлық түп нұсқасын құрастырды, 45 кітабы, 600 ғылыми мақаласы жарыққа шықты.


Диспозициялық теорияның негізіне темперамент алынады. Жоғарыда айтылғандай, Г.Айзенк темпераменттің тұлғаға тән екенін айтады. Темпераменттің белгілі бір қасиеттері темперамент түрлерін бөліп қарастыруға мүмкіндік береді. Айзенк темпераменттің төмендегідей түрлерін ұсынады:
Холерик – эмоциясы тұрақсыз, экстраверт, ашуланшақ, күйгелек, агрессиясы айқын, оптимист, белсенді, импульсті, болашаққа сенімі мол, тәуекелшіл.
Меланхолик – эмоциясы тұрақсыз интроверт. Көңіл күйіне қарай өзгергіш, ригидті, өте сезімтал, пессимист, көп сөйлемейді, көпшіл емес, сенімсіз, ұялшақ.
Сангвиник – эмоциялық жағынан тұрақты, экстраверт, шешімге тез келгіш, қозғалғыш, ақжарқын, елгезек, көпшіл, әңгімешіл, тез бейімделгіш, көңілді.
Флегматик – эмоциясы тұрақты интроверт, табанды, салмақты, сенімді, бітімгер, төзімді, ойлы, қамқор, енжар, көп талдайды, көп сөйлемейді.
Сонда, кемелденген, жетілген тұлға мынадай болады деп сипаттайды:
1) өзіне басқалардың көзімен қарай алады;
2) жылы жүзді, достық қарым-қатынас құра алатын;
3) өзі туралы дұрыс баға бере алатын, өзіне ұнамсыз
құбылыстарға көндіге алатын, өз кемшіліктерін жақсы білетін;
4) болып жатқан оқиғаларға оң баға бере алатын, өз саласындағы біліктілігі мен білімі жоғары, нақты іс-әрекеттік мақсаты бар;
5) өзін-өзі тануға қабілетті, өзінің әлсіз жақтары мен жақсы қасиеттерін түсінетін;
6) өмірлік ұстанымдары бар адам.
Сонымен диспозициялық тұрғыдан тұлғаға тән ерекшелік – бұл формалды-динамикалық қасиеттер (темперамент) мен әлеуметтік- шартты қасиеттердің жиынтығы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет