1. Природа электрического тока в газах



бет7/7
Дата01.03.2024
өлшемі141.24 Kb.
#493864
1   2   3   4   5   6   7
рк2 сро

КВАНТТЫҚ ДИФФУЗИЯ (латынша «диффузио – таралу») – атомдардың тепе-тең қалпынан өзге қалыпқа қозғалуы кезіндегі негізгі ықпалды әдеттегі тосқауыл үсті ауысу емес, туннельдік ауысу тарапынан жүзеге асырылатын диффузия.


Поляриметрия - жарықтың поляризациялану дәрежесін және ортаның оптикалық активтілігін өлшеуге негізделген зерттеулер тәсілдері.[1]
Поляриметрия әдісі поляризацияланған жарықты зерттеуге негізделген. Поляризация жазықтығының айналу бұрышын өлшейді, ол анықталатын заттың концентрациясына тура пропорционал мән:
β = (α*l*T) / 10
мұндағы β - поляризация жазыктығының айналу бұрышы; α - поляризация жазықтығының меншікгі айналымы, ол зат табиғатын білдіреді; l - кювета ұзындығы (түтікше), см; Т - анықталатын заты бар ерітіндінің титрі, г/см3.
Өлшенетін бұрыш аналитикалық сигнал болады. Табиғи жарық сәулесінің толқыны барлық жазықтықта болады, және оның бағыты перпендикуляр. Анализ жасаған кезде толқыны тек бір жазықтықта поляризацияланған сәуле қажет. Ол үшін арнаулы кристалдары бар, жарық сәулесі өткен кезде поляризацияланатын қондырғыларды (поляризаторлар) орналастырады. Осындай сәулені оптикалық активті заты бар ерітіндіден өткізсек, онда өткен жарықтың жазықтық бұрышы белгілі бір бағытқа айналады - оны поляризация жазықтығының айналу бұрышы деп атайды.
Қондырғыларда анализатор болады, ол поляризациялау жазықтьнының бұрылу бұрышын анықтайды.
Поляриметрияны зерттеудің схемасын былай жасауға болады:
Поляриметрия әдісінің негізгі мәселесі - анализге алынған заттың оптикалық активтігі.
Анализге берілген заттың концентрациясын анықтау үшін градуирленген қисық, молярлы қасиет әдісін қолданады.[2]


Ядролық күштер. Ядроның массасы және байланыс энергиясы. Ядролық күштер. Ядролардағы нуклондардың орасан зор байланыс энергиясының болуы (атомдағы электрондардың байланыс энергиясымен салыстырғанда) нуклондар арасында қуатты ядролық тартылыс күштерінің әрекет ететіндігін білдіреді, бұлармен салыстырғанда электромагниттік тебіліс күштері жүздеген есе әлсіз. Осы күштердің ерекше өзгешеліктерін атап өтейік. (Х. Юкава, 1935):  Ядролық күштер жақыннан әрекет етуші күштер, бұлардың әрекет ету радиусы r ~ 10-15 м.  Ядролық күштер зарядтық тәуелсіздік байқатады; екі протон арасындағы, екі нейтрон арасындағы, нейтрон - протон арасындағы өзара әрекет ету күштері бірдей болады.  Ядролық күштер қанығу қасиеттеріне ие (әрбір нуклон оған ең жақын көрші нуклондардың шектеулі санымен өзара әрекеттеседі).  Ядролық күштердің шамасы нуклондардың спиндерінің бағытына тәуелді болады (дейтрон - дейтерий ядросы, егер нуклондарының спиндері параллель болса орнықты болады). Ядроның массасы және байланыс энергиясы. Ядро массасы ядроны құраушы нуклондардың массалары қосындысына тең болуы тиіс еді. Бірақ масс – спектрометриялық өлшеулер ядроның шын массасы осы қосындыдан кіші болатындығын көрсетеді. Аталған массалардың m айырымын массаның ақауы деп атайды. Массаның ақауын масса мен энергияның сақталу заңын бейнелейтін 2 E  mc (2.1.8) формуласы негізінде түсіндіруге болады. Z протон мен N нейтрон ядроға біріккен кезде бұлардың массасының m бөлігі жойылады да оның орнына оған пара – пар энергия 2 E  mc бөлінеді (әдетте γ-кванттар энергиясы түрінде). Осы энергияны берілген ядроның Еб байланыс энергиясы деп атайды. Орнықты атомдық ядроны оны құраушы протондар мен нейтрондарға бөлшектеу үшін кем дегенде Еб байланыс энергиясына тең энергия жұмсау керек. Сонымен, ядроның байланыс энергиясы мына формуламен өрнектеледі:   2 2 E Zm Nm c m с б  p  n  Я (2.1.9) (2.1.9) формуланы мына түрде жазуға болады 2.1 сурет   2 2 E Zm Nm c m с б  H  n  атом (2.1.10) көбінесе байланыс энергиясын энергия бірліктерінде емес, массаның атомдық бірлігінде (м.а.б.) өрнектеу ыңғайлырақ болады екен. Сонда (2.1.10) формуладағы 2 c көбейтіндісі болмайды:   Eб  ZmH  Nmn  mатом (2.1.11) Есептеулерді бұдан әрі жеңілдету үшін ядроның немесе нуклонның m массасы (м.а.б.) мен А массалық санының айырымы ретінде массаның Δ ақауы ұғымын енгізеді:   m  A . Сонда mH 1 H , mn 1 n , ma  A a (2.1.12) Ал осы жағдайда (2.1.11) формула мына түрге келеді: Eб  ZH  Nn  a (2.1.13) мұндағы N=A–Z. Осыған сәйкес кестелерде нуклидтердің массалары емес, бұлардың массаларының ақаулары келтіріледі. Меншікті байланыс энергиясы. Орташа алғанда бір нуклонға келетін байланыс энергиясы осылай аталады, яғни А E E б  б  (2.1.12) Бұл шама ядроның беріктік өлшемі: неғұрлым Eб / А үлкен болса, соғұрлым ядроның беріктігі жоғары болады. Eб / А меншікті байланыс энергиясының шамасы А массалық санға тәуелді. Осы тәуелділіктің графигі 2.2–суретте көрсетілген. Осы графикті талдау ядроның қасиеттері жайында және нуклондар арасындағы ядролық күштердің ерекшелігі жайында дамаңызды мәлімет береді. Массалық сандары A ~ 50 60 ядролар, яғни Cr-нан Zn-ке дейінгі элементтердің ядролары ең берік ядролар болып табылады. Осы ядролардың бір нуклонға келетін меншікті байланыс энергиясы Eб / А 8,7 МэВ–ке жетеді. А өскенде де, кемігенде де меншікті байланыс энергиясы кішірейеді. Сонда ауыр ядролардың жеңіл ядроларға бөлінуі энергетикалық тиімді. Ал, жеңіл ядроларға, керісінше, ауырырақ ядро құрап, бір – бірімен бірігу тиімді. Екі жағдайда да энергия бөлінеді. Мысалы, U 235 ядросы бөлінген кезде ~200МэВ. Ал дейтрон тритонмен біріккенде, 17,6 МэВ энергия бөлініп, α – бөлшектер He 4 нуклиді ядроларының синтезі іске асады. Бірінші жағдайда бөлінген энергия атомдық, екінші жағдайда бөлінген энергия – термоядролық энергия деп аталады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет