1. Психология ғылым ретінде. Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі психологияның орны және міндеттері



Дата23.04.2024
өлшемі49.56 Kb.
#499680
1. Психология ғылым ретінде. Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі пс-fayllar.org


1. Психология ғылым ретінде. Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі психологияның орны және міндеттері

Психологияға кіріспе


1. Психология ғылым ретінде. Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі психологияның орны және міндеттері.
2.Психологияның зерттеу әдістері.
3.Психология тиімді өмір сүруге ықпал ететін ғылым және практика ретінде (бизнес, спорт, денсаулық сақтау, жарнама психологиясы). 1,5 с.
1. Психологияның ғылыми анықтамасы.

Психология – психикалық құбылыстарың («жан қуаттарының») пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін, ғылым.


«Психология» термині гректің 2 сөзінен турады: оның біріншісі – «псюхе» (жан), екіншісі «логос» (сөз, ілім). Сөйтіп бұл сөз «жан туралы ілім» деген ұғымды білдіреді.
2. Психологияның пәні, зерттеу объектісі, мақсаты мен міндеттері.
Біздің психикалық өмірімізді, рухани дүниемізді психология ғылымы зерттейді. "Психология" сөзі гректің екі сөзінен пайда болды: "пcюхе "- жан, психика және "логос"- ғылым, ілім. Олай болатын болса, психология - адамның жан дүниесін зерттейтін ғылым.
Психология танымдық психикалық үрдістерді зерттейді (оның көмегімен адамдар қоршаған ортаны танып біледі): түйсіктер, қабылдау, ес, ойлау, қиял; ол адамның сезімі мен ерік-қайратын және жеке тұлғаның дара ерекшеліктерін зерттейді; атап айтқанда, темперамент, мінез, қабілеттілік, қажеттілік, қызығуы. Психология ғылымы сонымен қатар адамның іс-әрекетінің ерекшеліктерін зерттейді (дағдылары, әдеттері, еңбек және шығармашылық қызметі, кез-келген іс-әрекеттің қажетті саласы ретінде зейінді қарастырады).
Адам психикасының жануарлар психикасынан сапалық айырмашылығы бар. Адам психиканың ең жоғарғы түрі -сананың болуымен ерекшеленеді. Адам саналы құбылыс болып табылады. Сана адамның мақсатты еңбек қызметінде, іс-әрекеті мен мінез-құлқында аңғарылады. Адам белгілі бір іс-әрекетті орындамастан бұрын, оны ой елегінен өткізеді, алға қойған мақсатқа жетудің жолдары мен тәсілдерін жоспарлайды.
Психикалық өмірдің құбылыстары жан-жақты, бірақ олар бір-бірінен томаға тұйық өмір сүрмейді, бір-бірімен байланысты.
Психология ғылымының ең негізгі міндеттерінің бірі - барлық психикалық құбылыстарды зерттеу және түсіндіру болып табылады, демек, олардың пайда болу, қалыптасу және даму негізіне жататын объективтік заңдылықтарды ашып көрсету. Психикалық өмірдің заңдылықтарын білу, оны оқыту және тәрбие тәжірибесінде пайдалану үшін қажет. Тек қана психикалық үрдістер мен құбылыстардың заңдылықтарын білу және оларға арқа сүйеу, белгілі-бір шәкірттің дара психикалық ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту және тәрбие үрдісін дұрыс ұйымдастыруға болады.
3. Психикалық құбылыстар сипаттамасы: психикалық процестер, психикалық күйлер, психикалық қасиеттер.
Психикалық құбылыстардың топтастырылуы

Психология ғылым ретінде жай ғана әртүрлі психикалық құбылыстарды сипаттау емес, сонымен қатар оларды жинақтау, түсіндіру және мәнін, белгілі заңдылықтарды ашу, соның негізінде психикалық құбылыстардың себептерін анықтау және болашақта олардың пайда болуын болжау.


Психикалық құбылыстар – бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады.
Олар: түйсік, елес, ой, сезім, тілек, қабілет, қызығу, мінез, әдет т.б.
Жан қуаттарының күрделі ағымын аңғару үшін алдымен оларды белгілі топтарға жіктеуіміз керек. Мұны жан қуаттарының топтастырылуы деп аталады.
Олардың бірі психикалық процестер деп аталса, екіншілері психикалық қалып, үшіншілері психикалық қасиеттер деп аталады.
Жан қуаттарының кейбірі (түйсік, қабылдау, елестету, т.б.) сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын тікелей танып білуде, енді біреулері (ойлау, қиял) бұлардың арасындағы күрделі байланыстарды, дәнекерлі қатынастарды, өзгерістерді теңдей бойлап білуде ерекше орын алады.
Адамның сыртқы дүниемен (объективтік шындықпен) үздіксіз қатынастағы белсенді байланысында оның сезім, ерік процестері шешуші қызмет атқарады.
1. Психикалық кейіп (немесе қалып) – адамның түрлі көңіл күйінің (шабыт, зерігу, үрейлену, абыржу, сергектік, белсенділік т.б.) тұрақты компонентері.
2. Психикалық қасиеттер – бір адамды екінші бір адамнан ажыратуға негіз болатын ең маңызды, ең тұрлаулы ерекшеліктер. Бұған әрбір адамның мінезі мен темпераменті, қабілеті мен дүниетанымы, сенімі мен талғамы, қызығуы жатады. Психикалық қасиеттердің қалыптасуында адамның өскен ортасымен қатар, оның кейбір топтың ұлттық, жас өзгешелік, мамандық ерекшеліктері де бір-сыдырғы орын алады.
3. Психикалық процестер – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы түрлі бейнелері немесе таным процестері деп атауымызға болады. Бұған зейін, түйсік, қабылдау, ес, елес, ойлау, қиял процестері жатады.
4. Психологияның салалары және басқа ғылымдармен байланысы.
2. Психологияның салалары.

Психиканың құрылысын анықтау үшін біз оған әсер ететін негізгі факторларды білуіміз қажет. Ол факторлар 3 топқа бөлінеді:


1. Нақтылы іс-әрекет. Негізгі әрекетке байланысты мынадай салаларды анықтауға болады:
а) еңбек психологиясы;
б) педагогикалық психология;
в) медициналық психология;
г) заң психология;
д) спорт психология;
е) сауда психологиясы.
2. Даму мәселесі. Бұған байланысты мынадай салаларды анықтауға болады.
а) түрлі жас психология;
б) арнаулы психология;
в) салыстырмалы психология.
3. Адамның қоғамға қатынасы. Осыған байланысты мынадай салаларды анықтауға болады.
а) қоғамдық психология;
б) дін психологиясы;
в) жеке адам психологиясы;
г) әлеуметтік психологиясы.
Еңбек психологиясы – адамның қоғамдық өнікеге бағытталған әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбекті ғылыми ұйымдастырудың психологиялық талаптарын зерттеумен бірге психология ғылымының дербес салаларына айналған білімдерге жіктеледі. Олар: инженерлік психология, авиация психологиясы, ғарыштық психологиясы.
Педагогикалық психология – адамды оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын зерттейді. Олар: оқу ψ–сы, тәрбие ψ–сы, мұғалім ψ–сы, дамуы жетімсіз балаларды оқыту тәрбиелеу ψ–сы.
Медициналық психология – дәрігер қызметі мен сырқат адам мінез-құлқының психологиялық мәнін зерттейді. Олар: Нейропсихология; Фармакопсихология; Психотерапия.
Заң психологиясы – құқық жүйесін іске осыруға байланысты психология мәселелерді қарастырады. Олар: қылмыскер ψ–сы, үкім шығарушы ψ–сы, еңбекпен түзеу орындау ψ–сы.
Әскери психологиясы – адамның соғыс жағдайындағы қылық әрекетін, қолбасшы мен оның бөлігіндегі сарбаз арасындағы қарым-қатынастың психологиялық тараптары, әскерді рухтандырушы үгіт-насихат психологиясының әдістерін т.б. зерттейді.
Даму психологиясы жеке адамның әртүрлі психология процестері мен психология қасиеттерінің онтогенезін зерттейді. Олар: балалар ψ–сы, жас өспірімдер ψ–сы, ересек адам ψ–сы, кәрілік ψ–сы.
Арнайы ψ–я: олигофренопсихология (ақыл-ойы кеміс), Сурдопсихология (кереңдер), Тифлопсихология (затиптар).
Салыстырмалы ψ–я, – психологиялық өмірдің филогенетикалық (біртұтас даму) формаларын зерттейді.
Әлеуметтік психология – адамдардың әртүрлі ұйымдасқан, ресми немесе ұйымдаспаған бейресми топтарда көрініс беретін психикалық болмасын зерттеумен шұғылданады.
5. Психологияның адамтану ғылымдары жүйесіндегі орны.
Психологияны ғылым ретінде сипаттауда психологиялық білімдердің кейбір ерекшеліктерін атап өткен жөн.
Біріншіден, бұл құбылыстар туралы білім, әрқайсысымызға тән, әрбір адамның түйсіктері бар, оның есінде әрқашан әртүрлі елестер сақталады, әрбір адам әртүрлі сезімдерді басынан кешіреді және т.б. Психология ғылымында осы құбылыстар туралы жинақталған және дерексіз білімдер берілетіндігі жөнінде айта аламыз. Психологиялық білімдердің бірінші ерекшелігі бұл жинақталған және дерексіз білімдер әрқайсымызға тән психикалық құбылыстар болып табылады.
Екіншіден, психологиялық білімнің күнделікті және ғылыми мағынасының сәйкес келмеуімен сипатталады. Тұрмыста адамдар психологияның терминдерін және ұғымдарын кеңінен пайдаланады. Бұл ұғымдардың шекарасы айқын көрсетілмегендіктен, әртүрлі адамдар бір терминдер мен ұғымдарды әртүрлі мағынада қолданады. Ғылыми ұғымдар белгілі мағынада, мазмұнда бірдей қолданылады.
Үшіншіден, адамның дүниетанымын, көзқарасын қалыптастыру өзін-өзі тану және өзін-өзі тәрбиелеу үшін өте қажеттілігі.
Қазіргі психология ғылымы әртүрлі тәжірибе саласымен байланысты қалыптасудың әртүрлі сатысында тұрған ғылыми пәндердің тармақталған жүйесін құрайды.
http://fayllar.org

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет