1. Құрылыс ауданының климаттық жағдайы


Климат Астаны,  Казахстан



бет3/3
Дата19.12.2023
өлшемі0.66 Mb.
#487042
1   2   3
Қан орталығы

Климат Астаны,  Казахстан







Показатель

Янв.

Фев.

Март

Апр.

Май

Июнь

Июль

Авг.

Сен.

Окт.

Нояб.

Дек.

Год

Абсолютный максимум, °C

3,4

4,8

22,1

29,7

35,7

40,1

41,6

38,7

36,2

26,7

18,5

4,5

41,6

Средний максимум, °C

9,9

9,2

2,5

10,9

20,2

25,8

26,8

25,2

18,8

10,0

1,4

8

8,9

Средняя температура, °C

14,2

14,1

7,1

5,2

13,9

19,5

20,8

18,8

12,3

4,6

5,4

12,1

3,5

Средний минимум, °C

18,3

18,5

11,5

0,2

7,9

13,2

15,0

12,8

6,6

0,2

8,9

16,1

1,5

Абсолютный минимум, °C

51,6

48,9

38

27,7

10,8

1,5

2,3

2,2

8,2

25,3

39,2

43,5

51,6

Норма осадков, мм

16

15

18

21

35

37

50

29

22

27

28

22

320


2.Бас жоспар
Бас жоспар-жоспарланатын ғимараттың, құрылыстың немесе кешеннің архитектуралық схемасы, ол кіреберістер мен өту жолдарының, іргелес аумақты абаттандыру және көгалдандыру элементтерінің, схемалық белгілеуі бар көлік маршруттарының геоскалада бейнеленген бейнесі болып табылады.

Жер телімінің жалпы ауданы 9204,0 м2-қа тең. Емхананың алаңында емхана ғимараты, аптека, демалатын орындар, қойма, күзетшінің орны орналасқан. Емхана аумағында көлік жүруге қолайлы жол қарастырылған, ол асфальтпен төселген. Емхана барынша көгалдандырылған.



Бас жоспар экспликациясы



Аталуы

Ауданы,м2

1

Емхана

56,81 м2

2

Дәріхана

20,00 м2

3

Демалыс алаңы

20,00 м2

4

Автотұрақ

100,00 м2

5

Емханаға арналған автотұрақ

30,10 м2

6

Қойма

4,80 м2

7

Қоқыс алаңшасы

4,50 м2


ТЭК (бас жоспар бойынша )

Атауы

Ауданы м2

%

Жер телім ауданы

9204,00

100

Құрылыс ауданы

2205,8

20,45

Төсеніштер ауданы

4749,0

17,15

Көгалдандыру ауданы

2249,0

62,4


2.Ғимараттың көлемдік жоспарлау шешімі
Ғимарат көлемдік жобалау шешімдері жобадағы тапсырмаға сәйкес орындалған. Бөлмелердің ауданы СНиП-ке сәйкес орындалған.
Ғимарат 2 қабаттан тұрады
Әр қабаттың биіктігі 3 м
Бөлмелер экспликациясы (0,000 деңгейдегі қабат бойынша)



Аталуы

Ауданы, м2

1

Кіреберіс

12,00

2

Регистрация бөлімі

21,69

3

Дәліз

7,29

4

Аптека

8,96

5

Анализ қабылдау бөлімі

8,96

6

Дәліз

31,5

7

Балаларға арналған бөлім

9,17

8

Балаларға арналған бөлім

8,98

9

Балаларға арналған бөлім

9,17

10

Дәліз

31,5

11

Санитарлық түйін

9,17

12

Ересектерге арналған бөлім

8,98

13

Ересектерге арналған бөлім

9,17

14

Стирилизация

8,96

15

Лифт

9,53

16

Лестница

9,53

17

Рентген бөлмесі

8,96

18

Дәліз

31,5

19

УЗИ

9,17

20

Ересектерге арналған терапевт

8,98

21

Ересектерге арналған терапевт

9,17

22

Дәліз

31,5

23

Кішкентай балалар терапевті

9,17

24

Қан тапсыру кабинеті

8,98

25

Қан тапсыру кабинеті

9,17

Күн сәулесінің жарығын пайдалану


“Үнемі адамдар болатын орынжайларда, ереже бойынша, табиғи жарықтандыру болу керек .
Табиғи жарықтандырусыз ғимараттар мен имараттарды жобалауға арналған тиісті нормалармен, белгіленген тәртіппен бекітілген өнеркәсіптің жекелеген салаларының ғимараттары мен имараттарын құрылыстық жобалау жөніндегі нормативтік құжаттармен белгіленген орынжайларды және ғимарааттар мен имараттардың жертөлелік қабаттарда орналастыруға рұқсат берілген орынжайларды жобалауға рұқсат беріледі.
Табиғи жарықтандыру бүйірлі, жоғарғы және аралас (жоғарғы және бүйірлі) болып бөлінеді. Кез келген мақсаттағы орынжайда екі жақ бүйірден жарықтандыру кезінде ТЖЕ мөлшерленетін мәні орынжай ортасындағы сипатты кескіннің тік жазықтығының жұмыстық бетпен қиылысқан жеріндегі есептік нүктеде қамтамасыз етілу керек . Кез-келген мақсаттағы орынжайларды жоғарыдан және аралас табиғи жарықтандыру кезінде бөлінген үй-жайдың қабырғасының қиылысында және жұмыс жағдайында (немесе еден) ТЖЕ орташа мөлшерленген мәні мөлшерленеді. Бірінші және соңғы нүктелер қабырға бетінен (қалқалардан) немесе қатарлардың осьтерінен 1 м арақашықтықта қолданылады.
Орынжайларды бүйірлі жарықтандырылатын (сыртқы қабырғалар мен терезелерге қабысатын аумақтар) және жоғарыдан жарықтандырылатын өңірлерге бөлуге жол беріледі. Әр аумақта табиғи жарықтандыруды нормалау және есептеу жұмыстары бір біріне тәуелсіз атқарылады. І-ІІІ санаттағы көру арқылы жұмыс атқарылатын өндірістік орынжайларда аралас(қиыстырылған) жарықтандыруды қолданған жөн. Ірі аралықты құрастыру цехтарында, атқарылатын жұмыстар ауқымды жерді алып отырып, еденнің әр түрлі денгейінде және кеңістікте әр алуан бағдарланған жұмыстық беттерінде жасалып жүзеге асырылса, жоғарғы табиғи жарықтандыруды қолдануға рұқсат беріледі. Сонымен бірге ТЖЕ-нің нормаланған мәндері І-ІІІ санаттар үшін тиісінше 10; 7; 5 % болып қолданылады.”1
Бөлме ішінде жарықтың дұрыс бағдарлануы
“Орынжайларда және ғимараттардан тыс жарықтандырудың нормаланатын сипаттамалары жұмыстық жарықтандырудың жарықшамдарымен де және олармен бірлескен апаттық жарықтандырудың шамдарымен де қамтамасыз етілуі мүмкін.
Орынжайлардың жасанды жарықтандыруу екі жүйелі болуы мүмкін – жалпы(біркелкі және жергілікті) және қиыстырылған (аралас).
Жұмыстық жарықтандыруды ғимараттардың барлық орынжайлары үшін, және адамдардың жұмыс жасауға, жүруге және көліктің қозғалысына арналған ашық
кеңістіктердің учаскелері үшін қарастыру керек. Табиғи жарықтандыру жағдайлары және жұмыс режимдері әр түрлі аумақтары бар орынжайлар үшін мұндай аумақтарды жарықтандыруды бөлек басқару керек.
Жасанды жарықтандыру үшін энергия үнемдейтін жарық көздерін пайдалану керек. Тең қуаттылық кезінде, ұзақ мерзім қызмет атқаратын және ең көп жарық беретін жарық көздеріне жол берілу керек.
Жалпы қолданыстағы 100Вт және одан жоғары қуатты қызу лампаларын жарықтандыруға пайдалануға тыйым салынады.
Орынжайларды жалпы жарықтандыру үшін әдетте жарық беру 55 лм/Вт кем емес ең үнемді тоқ лампаларын пайдалану керек. Жалпы қыздыру шамдарын пайдалану жарықтандыруға тек сәулеттік-көркемдік қамтамасыз ету үшін ғана жол беріледі талаптарын, сондай-ақ мүмкін болмаған немесе техникалық-экономикалық разрядты шамдарды қолданудың орынсыздығы.
Жергілікті жарықтандыру үшін разрядтық жарық көздерінен басқа, рұқсат етіледі қыздыру шамдарын пайдалану, негізінен галогендік.
Үй-жайлардың ішінде ксенон шамдарын қолдануға жол берілмейді.
Орыжайларды жалпы және жергілікті жарықтандыру үшін түс температурасы
2400К –нен 6800 К-ге дейінгі жарық көзерін пайдалану керек.толқындардың ұзындық диапазоны 320-400нм ультракүлгін сәулелену қарқындылығы 0,03 Вт/м² аспау керек .
сәулелену спектрінде 320нм төмен толқындар ұзындығына тыйым салынады.
Жалпы және жергілікті жарықтандыруғңка арналған жарық диодтары бар жарық беру аспаптарының жұмыс істеп тұрған тікелей сәулелердің көзге түсуін жоққа шығаратын қорғау бұрыштары немесе шашыратқыштары болу керек.”1

Нормативтік дыбыс оқшаулау


“Дыбыстық оқшаулау қабатындағы (аратөсеніштердегі) еденнің аражабынның көтергіш бөлігімен, қабырғалармен және ғимарат құралымдарымен қатты байланысулары (дыбыстық көпірлер) болмау керек, яғни «құбылмалы» болу керек. Ағаш еден немесе еденнің құбылмалы бетон негізі (тұтастағыш) қабырғалар мен басқа ғимарат құралымдарынан дыбыстық оқшаулау материалымен немесе кеуекті полиэтиленнен жасалған бұйымдармен толтырылатын 1-2см саңылаумен жиек бойымен ажыратылу керек. Еденкемерлер мен галтелдерді тек қана еденге немесе қабырғаға бекіту қажет.
Күш түсетін бөлігін, дыбыстық оқшаулау қабатын және еденнің құбылмалы бетон негізін қамтитын, және бір өндірістік кезеңде өндірілетін аражабындарды кешенді панельдер түрінде жобалау кезінде, дыбыстық оқшаулау қабатын ылғалданудан немесе ерітінді өтпес үшін пергаминмен немесе басқа гидрооқшаулағыш материалмен үстінен, астынан және жанынан қорғау керек. Сонымен бірге еденнің құбылмалы негізі мен аражабынның күш түсетін бөлігі арасындағы дыбыстық көпірлердің болмауын қамтамасыз ету керек.
Белгіленген күш түсетін құралым бөлігінің дыбыстық оқшаулау қабатындағы еденді аражабынның дыбыстық оқшаулауын ұлғайту үшін келесі шаралар қолданылуы мүмкін:
- дыбыстық оқшаулау қабатын қалыңдату арқылы немесе серпімділіктің кішілеу динамикалық модульді материалын пайдалану арқылы динамикалық қаттылығын кішірейту;
- еденнің беткі тығыздығын ұлғайту;
- дыбыстық оқшаулау қабатының астына (немесе жолақты аратөсеніштер арасында) құмнан, қождан және т.с.с. үйінділерді негізгі дыбыстық оқшаулау қабатына қосымша қолдану;
- жолақтылар орнына тұтас дыбыстық оқшаулау аратөсеніштерін қолдану;
- күш түсетін бөлік пен еден аралығындағы қашықтықтың орташа қалыңдығын көбейту.
Дыбыстық оқшаулау қоры жоқ аражабындар құралымдарында ауа шуының оқшаулауын Rw индексі бойынша 1 дБ-ге төмендететін киіз(талшықты) астарлы линолеумнен құралған еден жабындарын қолданбау ұсынылады. Олардың орнына ауа шуының оқшаулауына әсер етпейтін және көбіктенген қабаттардың тиісті параметрлері кезінде соққы шуының қажетті оқшаулауын қамтамасыз ете алатын көбіктенген астарлы линолеумдерді қолдану мҥмкіндігі бар.
Соққы шуының оқшаулануын едәуір көтеру үшін түкті, кілемді және т.б. еден жабындарын, сонымен бірге тиісті акустикалық сынақтан өткен және жеткілікті тиімділік көрсеткен көбіктетілген қабаттары бар линолеумдерді қолдану ұсынылады.”2

4.Ғимараттың конструктивті шешімі


Менің жобалап отырған емханам екі қабаттан тұрады, және оның биіктігі 9700 мм. Бір қабаттың биіктігі 3300 мм, ал жабынсыз есептегенде 3000 мм болады. Емхананың іргетасы ленталы және есік, терезесі кең.

Іргетас
“Іргетас ол ғимараттың негізгі құрылымдық элементтерінің бірі болып табылады. Оның қызметі жоғарыдан түскен ғимарат салмағын өзіне қабылдап негізге беру.


Іргетас жасалынған материалына, жұмыс істеу ерекшелігіне, орналасу деңгейіне, құрылымдық ерекшелігіне, орындалу технологиясына байланысты төмендегідей түрлерге бөлінеді:
а) материал түріне байланысты-ағаш, тас, тасбетон, бетон және темірбетон;
ә) жұмыс істеу ерекшелігіне байланысты-қатаң, майысқақ;
б) іргетастың орналасу деңгейіне байланысты-саяз және терең(қадалы іргетас және т.б.);
в) іргетастың жобадағы көрінісіне немесе құрылымына байланысты-тізбекті, жекелеген бағаналы, тұтас және кадалы;
г) орындалу технологиясына байланысты-монолитті (тұтас), құрамалы, құрамалы-тұтас.
Іргетастың орналасу деңгейі топырақ құрамына және оның қасиетіне топырақтағы су деңгейіне, топырақтың тоңу жағдайына, ғимараттың құрылымдық ерекшелігіне және тағыда басқа жағдайларға байланысты.”3

Қабырғалар


“Қабырғалар ғимаратты сыртқы ортаның түрлі әсерлерінен қорғайтын ең негізгі және күрделі құрылымдық элемент болып табылады. Олар сыртқы ортаның түрлі әсерлері мен кездейсоқ жағдайларына шыдамды болуы қажет. Қабырғалар өз салмағын, аралық жабын, шатыр және қар салмағын, түрлі сейсмикалық жағдайлардан туындаған әсерлерді(жел,жауын шашын, температура,күн радиациясы, ылғалдылық, және т.б. әсерлер) өзіне қабылдай алуы тиіс. Ал ғимараттың ішкі жағынан сыртқы қабырғаларға жылу ағымы мен су буының ағымы әсер етеді.
Сонымен жоғарыдағы әсерлерді ескере отырып, қабырғалар сыртқы ортадан қорғаушы ғимараттың негізгі құрылымдық элементі және бөлме ішіндегі температура – ылғалдылық режимін қамтамасыз етуші негізгі элемент болып табылады.
Қабырғалар тұрған орнына, атқаратын қызметіне, тұрпатына және өлшеміне, тұрғызылған материалына, құрылымдық ерекшелігіне, масса көрсеткішіне , жылутехниқалық қасиетіне байланысты жіктелінеді.”3

Еден
“Едендер бөлмедегі қолданысына қарай әртүрлі конструкциялы(еденарқалыққа, бетон негізге қойылған едендер) болуы мүмкін.


Еденнің жоғарғы қабаты жабын немесе “таза еден” деп аталады. Жабын дайындалған материал бойынша еденнің атын (паркетті, тақталық, линоленумді, т.б. ) қабылдайды.
Еденнің қабырғаларға қабысу орындарында пайда болған саңылауларды еденкемермен немесе жіктақтайшамен жабады.
Еденді жасау үшін цемент, асфальт, ксиолит, керамикалық және пластмасса плиткалар, бетон, мрамор, паркет, ағаш, линолеум, кірпіш тағы басқа материалдар қолданылады.”4

Терезе
“Терезе-бөлмені жарықтандыруға және желдетуге арналған әйнектелген конструкция. Құрылыс тәжірибесінде терезе блоктары жиі қолданылады. Терезе блоктары терезе ойықтарына орнатылады. Кей жағдайда (панельдік қабырғаларда) жақтаулар қорапсыз орнатылады және тікелей ойық еңісіне бекітіледі (оларға алдын ала салынған салмалы бөлшектерге ілінеді).


Терезе ойықтарының өлшемдері үлкен болған кезде, қорапқа үлкен беріктігі және жел әсеріне жақсы кедергілікті беру үшін оны арнайы біреулердің көмегімен (орталықтар мен доғатіреулер) бөлек бөлшектерге бөледі.”4

Есік
“Есіктердің ғимараттың қасбетінің сәулеттік шешімінде және оның интерьерінде маңызды рөл атқаратыны белгілі. Есіктер бөлмелердің бір-бірімен көріністік жағынан да, акустикалық жағынан да қажетті шамада оқшаулауға тиіс.


Ал сыртқы есіктерде (ғимаратқа көше жақтан кіреберістер, балқонға,баспалдақтан пәтерге, кіреберістер) қажетті жылулық-техникалық сапалары болуы шарт. Есіктердің өлшемдері өздері орналасқан бөлменің қызметіне сәйкес және қажетті өткізушілік қабілеттілікті (адамдардың өтуі, заттарды тасымалдау) қамтамасыз етуі керек.”4
Шатыр
“Сыртқы ортадан қорғайтын ғимараттың ең жоғарғы құрылымдық бөлігі шатыр деп аталады. Ол көтеруші және қорғаушы құрылымдық элементтерден тұрады. Шатырдың көтеруші элементтері қардың, желдің және шатырдың өз салмағын астында орналасқан қабырға немесе бағанаға береді. Сонымен қатар, аз қабатты ғимараттарда шатырлар ағаш балкалар мен стропила құрылымдарынан жиналады. Мұндағы көтеруші құрылымдық элементтер берік әрі орнықты болуы тиіс. Сонымен қатар, олар келесі талаптарды қанағаттандыра алуы тиіс: ғұмыры ұзақ, отқа төзімді, индустриялды, экономикалық жағынан тиімді.”3

5.Сәулеттік композициялық шешімдер


Ғимараттың қасбеті тартымды көрініске ие. Қасбеттер, әдетте, техникалық тексеру, жөндеу және қалпына келтіру, сызбалар, жазулар, эскиздер мен өлшеулер қажеттілігіне дейінгі талаптарға азаяды.

Сыртқы әрлеу


Ғимараттың "қорабын" салу - бұл "сыртқы" жұмыстың бастапқысы, бірақ соңғы кезеңінен алыс, үйдің сыртқы қабырғалары үшін дұрыс материалды таңдау бірдей маңызды. ғимараттың бір бөлігі - "бет".... қонақтар мен жай ғана өтіп бара жатқан адамдар көретін бірінші нәрсе. Олардың киіммен келісетіні және ақыл - ойы жоқ екендігі жай ғана әдемі мақал емес.
Сыртқы әрлеу үшін әртүрлі технологиялар мен материалдар бар. Олардың барлығы әртүрлі сипаттамалар мен құндылықтарға ие, сондықтан сіз ақша үшін қай опция жақсы жұмыс істейтіні туралы түсінікке ие болуыңыз керек.

6.Аймақты абаттандыру және көгалдандыру

“Елді мекендер аумақтарында көгалдандырудың әр алуан тәсілдері мен формалары пайдаланылады: отырықшы (өсімдіктерді топыраққа отырғызу), икемді (өсімдіктерді арнайы жылжымалы ыдыстарға – контейнер, қыш құмыраға отырғызу), ықшам (тік, көп деңгейлі көгалдандыру) және т.б. Көгалдандыру және жасыл желектерді қорғауды жобалағанда А қосымшаны басшылыққа алу керек.
Қоғамдық кеңістік аумағын және рекреация нысандарын көгалдандыру барысында гүлмен безендіру, көгал алаңдар салу, автоматты су құю және суару жүйесін орнату. Төселген бет ауданы үлкен, құрылыс тығыздығы жоғары және жер асты қатынас жолдары бар қала аумақтарында көгалдандырудың шағын немесе икемді тәсілдерін қолдану ұсынылады.
Топырақты қыздыру факторы кезінде жылу құбырлары қызметі аймағында ағаш отырғызғанда жылу құбырының екі жағынан қашықтығын ескереді: қарқынды қыздыру – 2м дейін, орташа – 2-6 м, әлсіз – 6-10 м. Жылу құбырлары бойына жөке, үйеңкі, бөртегүл және үшқат 2 м жақын, терек, долана, балқарағай, қайың, көріктал және ырғай 3- 4 м жақын орналастыруға болмайды.”5

7. Инженерлік жабдыктар

“Инженерлік жабдыктар әр-түрлі максаттағы ғимарат пен үймереттерде адамдар тұрмысына жайлылык жасауға арналған. Инженерлік жабдыктарга cy, жылу, газбен қамсыздандыру жүйелері, канализация, желдету (вентиляция), лифт, қоұыс шығару жүйелері т.б. жатады.
Ғимараттардағы сумен қамтамасыз ету жүйесі су құбырлары мен қолдану орындарына байланысты қажетті су қысымын жеткізетін жабдықтардан тұрады. Қолданысына қарай ішкі су құбырлары мынадай болуы мүмкін: шаруашылық-ауыз су, өндірістік, өртке карсы. Ғимарат түріне, мақсатына, қабат санына байланысты ішкі су жүйесінін қандай да бір түрі анықталады. Шаруашылық-ауыз су жүйелері 12 қабатқа дейінгі ғимараттарда қарастырылады, одан жоғары қабатты ғимараттарда шаруашылык-өртке қарсы су құбыры қажет. Су құбыры жүйесіне желілерден басқа: кіру, су өлшеу түйіні (торабы), жайғастыру магистральдары, су бөлетін және реттеу арматурасы, сорғы немесе бак жане т.б. жатады.
Ғимаратқа кіру түйіні сыртқы су кұбыры жүйесін ішке жеткізу үшін қажет.
Жылумен қамтамасыздандыру жүйесі: жылу көзі ғимараттан тыс орналасқан жағдайда - орталықтанған, ал жылу көзі ғимарат ішінде орналасканда - жергілікті болып бөлінеді.”3

ҚОРЫТЫНДЫ


Мен Бақытұлы Әлішер , маған берілген тапсырмаға сәйкес,Алматы қаласындағы 140 келушіге арналған емхана ғимаратын жобаладым. Жоба екі бөлімге бөлінеді, олар: түсіндірме және графикалық бөлім.
Жобадағы қолданылған материалдардың барлығы да тиімді және экологиялық тұрғыда таза болып келеді. Курстық жобада мына нысандар орындалды: жоспары, қасбет, қима, түйін, бас жоспар, 3Д көрінісі және экспликация, ТЭК .
Эстетикалық касиеттер жоғары деңгейде жобаланды. Жаңа материалдар мен модернизацияланған материалдар да жобаланды.
Ғимараттың конструктивтік шешімі және көлемдік шешімі мен жоспарлық шешімімен үйлесіп тұр.
Экологиялық санитарлы – гигиеналық нормалардың барлығы да сақталған. Сонымен қатар, өртке, табиғат апаттарына қарсы барлық шарттар сақталып орындалған. Жобаланған емхана ғимараты адамдардың сол жерге барып жақсылап емделуіне жайлы болып жобаланған. Материалдарды барынша экологиялық тұрғыда қолдануға тырыстым.
Жобада барынша архитектуралық нормалар мен ережелерді сай етіп істедім. Өйткені, архитектордың жұмысы тек келбетті емес сонымен қатар функционалды, қауіпсіз, әрі ұзақ жылдар қызмет ететін ғимаратты жобалау болып табылады.
Жоба қазіргі замандағы талаптарына толықтай сай келеді деп есептеймін.

Қолданылған әдебиеттер


1.ҚР ҚН 2.04-01-2011 «Табиғи және жасанды жарықтандыру» Астана 2015
2. ҚР ЕЖ 2.04-105-2012 «Тұрғын және қоғамдық ғимараттардың қоршау конструкцияларын дыбыстан оқшаулауды жобалау» Астана 2015
3. Қ.Қ. Арынов, Ш.Ж. Сұранқұлов «Сәулет-І оқулық» Алматы, 2017
4. А.С.Тұрашев «Үйлер мен ғимараттар конструкциясы» Алматы, 2016
5. ҚР ЕЖ 3.01-105-2013 «Елді мекендердің аумағын абаттандыру» Астана 2015

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет