Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.
|
1-тапсырма:
Романдағы және «Құнанбай» фильміндегі Құнанбай бейнесін салыстырады.
Салыстырмалы кесте құрып, оны талқылайды
|
Айтылым.
Роман мен фильмді салыстырып үйренеді.
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл.
- Бөлімді оқиды.
- Фильмді көреді.
- Салыстырмалы кесте құрып, оны талқылайды.
|
11-сынып оқулығы
Жұмыс дәптерлері.
|
|
2-тапсырма:
Үй ішінің сүреңсіз келбеті мен Құнанбай портретін
Абай сезімі арқылы берудегі жазушының мақсатына талдау жасайды.
|
Кейіпкердің сезімі мен автордың мақсатын түсіндіреді.
Тапсырманы орындау арқылы оқығанынан қорытынды жасап негізгі мақсатты айқындайды.
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл.
-Бөлімді оқиды.
- Романды жан-жақты талқылайды.
- Кейіпкердің сезімі мен автордың мақсатын түсіндіреді.
|
11-сынып оқулығы
Жұмыс дәптерлері
|
|
3-тапсырма.
Кейіпкерлердің портретін беруде автор қолданған айшықты сөз амалдарына
талдау жасайды.
Автор стилін анықтайды.
|
Автордың айшықты сөз амалдарының ішінде ажарлау мен құбылтудың қолданысы қандай қызмет атқарып тұрғанын анықтайды.
|
|