Қысқамерзімді жоспар
№5-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың тұңғыш жиһанкезі. Төл сөздің тыныс белгілері
Бөлім:
|
10-бөлім. Саяхат және демалыс
|
Педагогтің аты-жөні:
|
|
Күні:
|
|
Сыныбы: 5
|
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Қазақтың тұңғыш жиһанкезі. Төл сөздің тыныс белгілері
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:
|
5.Т/А5.Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру;
5.О7.Энциклопедиялар,балаларға арналған газет-журналдардан қажетті ақпаратты ала білу;
5.ӘТН5.5.Төл сөз,төлеу сөз автор сөзінің жасалу жолдарын, қызметін білу, төл сөзді төлеу сөзге айналдыру.
|
Сабақтың мақсаты:
|
Барлық оқушылар үшін:
Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап береді, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіреді.
Көпшілік оқушылар үшін:
Энциклопедиялар, балаларға арналған газет-журналдардан қажетті ақпаратты ала біледі.
Кейбір оқушылар үшін:
Төл сөз, төлеу сөз автор сөзінің жасалу жолдарын, қызметін біледі, төл сөзді төлеу сөзге айналдырады.
|
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.
|
(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып реттілігін қадағалау.
2.Топта жұмыс жасау ережені еске түсіру.
3.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.
|
Шеңбер бойынмен тұрған оқушыларға тапсырма: Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз! Ұйымшыл боламыз десек 2 рет. Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!
3.Оқушыларды топтарға біріктіру.
Конфеттер арқылы 2 топқа бірігеді. Оқушыларға 2 түрлі конфет таратылады. Өздерінің қалаған конфетін алып топтасады.
|
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.
|
|
Жаңа сабаққа кіріспе
|
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.
Сұрақтар:
1.Жиһанкез деген кім?
2. Қазақтың тұңғыш жиһанкезін білесіңдер ме?
3. Жиһанкез болу үшін не істеу керек?
|
Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |