Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.
|
Оқулықтағы 2-тапсырманы орындатады. Қарқыны баяу оқушыларға жетелеуші, түрткі сұрақтар қояды. Қарқыны жылдам оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қойып қолдау көрсетеді.
|
Оқушылар өздері білетін жұлдыз атауларын жазады. Дереккөздерден қарап, олардың жерден қанша қашықтықта орналасқанын анықтайды. Сол жұлдыздар туралы қызықты мәліметтер кірістіреді. Сан есімдердің жазылуына мән береді.
|
Дескриптор:
-Жұлдыз атауларын жазады.
-Қашықтығын анықтайды.
-Сан есімдердің жазылуына мән береді.
-Қызықты мәліметтер кірістіреді.
Жалпы - 5 балл
|
5-сынып оқулығы
Жұмыс дәптерлері
|
Жеке жұмыс
|
Оқулықтағы 3-тапсырманы орындатады, қадағалап, бағыт-бағдар береді.
|
Оқушылар мәтінді тыңдап, ат қояды. Сөздікті пайдаланып, термин сөздердің мағынасын түсіндіреді.
«Галактиканың сырына үңілген ғалымдар»
|
|