1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»


Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі



бет20/92
Дата21.11.2023
өлшемі0.55 Mb.
#483897
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   92
1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С ну – саяси құбылыстар, са-emirsaba.org

17. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі. Сайлау – демократияның ерекше белгісі, атрибуты, оның өзегі, қажетті шарты, мемлекеттік билік органдарын қалыптастыру әдісі, халық еркінің көріну әдісі.
Қазақстанда сайлау туралы қатынастар Конституциямен, ҚР-дағы сайлау туралы заңмен реттеледі. Қазақстан Республикасында сайлау құқығы – бұл азаматтардың ҚР Президентін, ҚР Парламенті және маслихат депутаттарын, басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауы және сол қызметтерге сайлануы.

Сайлау құқығының екі түрі бар: белсенді және бәсең сайлау құқығы. 1. белсенді сайлау құқығы – бұл азаматтың сайлау құқығы, яғни қандай да бір үміткерді жақтап немесе қарсы дауыс беру құқығы; 2. бәсең сайлау құқығы – бұл азаматтардың өкілді органдарға, сайланбалы лауазымдарға сайлану құқығы.



Қазақстанда сайлау мынадай принциптерге сәйкес өткізіледі: жалпыға бірдей, тең, төте, жанама сайлау құқығы, жасырын дауыс беру, еркін сайлау қағидасы.

1. Жалпыға бірдей сайлау құқығы, яғни 18 жасқа толған азаматтардың тегіне, нәсіліне, лауазымына, мүліктік жағдайына, жынысына, ұлтына, т.б. қарамастан сайлауға қатысу құқығы. Сайлауға іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған және сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар, Қазақстанда тұрып жатқан шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар қатыспайды.

2. Тең сайлау құқығы – сайлаушылардың (таңдаушылардың) сайлауларға тең негізде қатысуы әрі олардың әрқайсысының бір немесе тең дауыс санына ие болуы.

3. Төте сайлау құқығы – Республика Президентiн, Парламентi Мәжiлiсiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн азаматтардың тiкелей сайлауы. Тікелей – бұл сайлаушылардың аталған тұлғаларды қандай да бір басқа тұлғалар (таңдаушылар) арқылы емес, дербес, жеке өздері қатыса отырып сайлауы.

4. Жанама сайлау құқығы – Сенат депутаттарын таңдаушылардың - маслихат депутаттары болып табылатын ҚР азаматтарының сайлауы. Таңдаушылар Сенат депутаттарын сайлауға тең негiзде қатысады және бiр дауысы болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   92




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет