64. Жаһандану: түсінігі және мазмұны. Жаһандану (глобализация – ағылш. Global — «әлемдік», «дүниежүзілік», «жалпы») деп жоғары және компьютерлік технология негізінде жұмыс істейтін жаңа жалпыәлемдік экономикалық-қаржы, саяси, мәдени және ақпараттық тұтастықтың, бірыңғайлықтың құрылу процесі айтылып жүр, онда ешқандай шекара жоқ, әлем біркелкі болады. Жаһанданудың нәтижесінде әлем барған сайын бір-бірімен байланысты, бір-біріне тәуелді бола түсуде. Жаһандану – адамзат қоғамы дамуының ғасырлар бойғы барысында жинақталған озық тәжірибелер жиынтығының халықтар арасына кеңінен тарауы. Жаһандану қоғамның барлық саласын қамтитын көп қырлы процесс. Жаһанданудың негізгі құрамдас бөліктері: экономикалық, саяси, мәдени, ақпараттық жаһандану т.б.
Жаһандану және экономика. Жаһандану экономика саласында басталған, онда халықаралық сауданың тез өсуі негізгі рөл атқарды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жаһандану процесі қарқынды жүре бастады. Оған технологиялық жетістіктер, теңіз, темір жол, әуе тасымалының дамуы, халықаралық телефон байланысының қол жетімдігі ықпал етті. 1995 ж. Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) құрылды. Экономикалық жаһандану нарықтардың жаһандануын (капиталдың, еңбек ресурстарының, тауарлардың, қызмет көрсетулердің) және экономикалық объектілердің жаһандануын, компаниялардың, фирмалардың, корпорациялардың іріленуін білдіреді.
Жаһандану және мәдениет. Бұған түрлі елдері арасындағы іскерлік және тұтыну мәдениетінің жақындасуын айтуға болады. Бұл ұлттық мәдениеттің жекелеген түрінің бүкіл әлемге танылмал болуына әкеледі, осы мәдениет (мысалы, америкалық) ұлттық мәдениеттерді ығыстыруы мүмкін. Көптеген ұлттар мұны ұлттық мәдени құндылықтардың жоғалту деп бағалап, ұлттық мәдениетін қайта өркендету үшін күресуде. Қазіргі кезде кинофильмдер әлемнің көптеген елдерінде экранға бір мезгілде шығады, кітаптар шет тілдерге аударылып, түрлі елдердің оқырмандары арасында танылмал болып жатады. Мәдени жаһандануда Ғаламтордың барлық жерде жаппай таралуы үлкен рөл атқарады. Сонымен бірге жыл сайын халықаралық туризм барған сайын кең таралып бара жатыр. Мәдени жаһандануға дәстүрлердің, діндердің, мәдениеттер, құндылықтар мен идеологиялардың бірыңғайлануы үрдісін жатқызады. Жаһандану америкаланумен жиі теңестіріледі. Америкалық мәдени дәстүр «планетарлық» (бүкіләлемдік) деп аталынып жүр. Әлем кинотеатрларында көрсетілетін фильмдердің көпшілігін Голливуд шығарады. Microsoft, Intel, AMD, Coca-Cola, Apple,Procter&Gamble, Pepsi т.б. көптеген әлемдік корпорациялар өз бастауларын АҚШ-тан алады. McDonald’s жаһанданудың ерекше символына айналған. Жаһандануға басқа елдер де өз үлесін қосуда. Мысалы, жаһанданудың символдарының бірі – ІКЕА (интернет-дүкен) Швецияда пайда болған. Сол бойда хабар беретін танылмал қызмет ICQ алғаш рет Израильда пайда болған, ал телефонға арналған ІР-Skype бағдарламасын эстон программистері ойлап тапқан.