1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»


Қазақстан және Біріккен ұлттар ұйымы (БҰҰ)



бет57/91
Дата13.09.2023
өлшемі343.11 Kb.
#477421
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   91
1. Саясат – о амды мірді саласы. С ну – саяси былыстар, са

57. Қазақстан және Біріккен ұлттар ұйымы (БҰҰ). Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі міндеттерінің бірі - елдің дамуына қолайлы сыртқы жағдай туғызу. Оны тек қана екі жақты ынтымақтастық жағдайында шешу мүмкін емес. Оларды шешуде елдер тобының немесе бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтың келісілген іс-шаралары қажет. Осы жағдай халықаралық ұйымдардың құрылуына әкелді.
Халықаралық ұйымдар саны 3000-ға жуық. Олардың ішінде үкіметаралық және үкіметтік емес, әлемдік және аймақтық, әмбебапты немесе маманданған ұйымдар бар. Ең маңызды әмбебап, әрі сан жағынан ірі, құрамына 200-ге жуық мемлекет (193) кіретін - Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ, штаб-пәтері Нью-Йоркте орналасқан), ол 1) бүкіл әлемде бейбітшілікті, қауіпсіздікті қолдау; 2) мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты қолдау, нығайту; 3) адам құқығын құрметтеуді қолдау, 4) осы мақсаттарға жетуде ұлттардың (мемлекеттердің) бірлесіп әрекет ететін орталығы болу мақсатында 1945 ж. құрылған.
Ресми тілдері: ағылшын, араб, испан, француз, қытай, орыс. Қазіргі кездегі Бас хатшысы: 2017 ж. 1 қаңтарынан бастап Антониу Гутерриш (Португалия).
Қазақстанға келсек, еліміз 1992 ж. 2 наурызда Біріккен Ұлттар Ұйымына кірді.  Еліміз БҰҰ Бас Ассамблеясы­ның 46-сессиясында Ұйымның жаңа мүшесі ретінде ғана емес, қазіргі заманның ең өзекті халықаралық проблемалары бойынша белсенді позиция ұстанатын мемлекет ретінде мүше болды.
БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Қазақстанның халықаралық саясаты туралы айта келіп, екі маңызды ұсынысты алға тартты: 1) барлық үкіметтердің ізгі ниет білдіру тәртібімен «1+1» формуласы бойынша БҰҰ-ның бітімгершілік күш-жігерінің қорын құруды бастауға шақырды. Бұл формула әрбір мемлекет оған өзінің қорғаныс бюджетінен бір пайыз бөліп, жыл сайын оны бір пайызға ұлғайтып отыруды көздейді. Осылай еткенде он жылдан соң бітімгершілік сомасы он есеге өседі. 2) Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңес (АӨСШК) шақыруды ұсынды. Мемлекет басшысының бұл бастамасы көпшілік елдер тарапынан, сондай-ақ БҰҰ-дан қолдау тауып, Қазақстанның сыртқы саясатын айқындауда айтарлықтай рөл атқарды.
Қазақстанның БҰҰ жүйесі жұмысына қатысуы еліміздің көпжақты дипломатиясының басты бағыттарының бірі.
Қазақстанның БҰҰ-мен ынтымақтастығы тарихындағы басты шаралардың бірі БҰҰ Бас Хатшысы К.Аннанның Қазақстанға 2002 жылғы 17-18 қазандағы ресми сапары болды, ол Қазақстанның БҰҰ-мен онжылдық ынтымақтастығының нәтижелерін бекітіп, ықпалдастықтың болашағын айқындады.
Қазақстан БҰҰ-да орын алып отырған үрдістерден тыс қала алмайды. Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бері бүкіл әлемдік бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау ісіне үлкен үлес қосып келеді, әлемдік қауіпсіздік жүйесін құруға күш-жігер жұмсауды толық жақтайды. ҚР ядролық қарудан бас тартты, 1995 ж. ядролық қарусыз мемлекет ретінде танылды, Азияда сенім шараларын орнату, Еуразия кеңістігінде интеграциялық үрдістерді нығайту, өркениеттер мен діндер диалогын шақыру (2003 ж. бері Астанада Президенттің төрағалық етуімен әлемдік дәстүрлі діндердің 5 съезі өткізілді – осының бәрі біздің мемлекетіміздің БҰҰ Жарғысының ұстанымдары мен мақсаттарына сәйкес атқарған істерін көрсетеді.
Қазақстан БҰҰ-ның бітімгершілік қызметін қолдайды. Қазақстанның осы бағытта белсенді қызмет атқаруының дәлелі Қазақстандық бітімгершілік батальонының (Қазбат) құрылуы, осы батальон сарбаздары Иракта тұрақтандыру күштері қатарында қызмет көрсетті.
ҚР БҰҰ мен аймақтық ұйымдар арасындағы ықпалдастықты кеңейтуді, әрі аймақтық ұйымдардың өздері арасындағы ұйымдасқан қылмыс, есірткі қаупі, заңсыз миграция, діни экстремизм, жоқшылық пен АҚТҚ/ЖҚТБ таралуымен күресте серіктестік байланыстарын кеңейтуді қуаттайды.
Қазақстан БҰҰ-ның және оның мамандандырылған мекемелерінің мүмкіндіктерін Арал теңізінің тартылуы, Семей сынақ алаңының радиоактивті ластануы, ауыз-су көздерінің ластануы секілді техногендік және экологиялық апаттардың экономикалық және гуманитарлық салдарларын азайтуға мақсатты түрде пайдалануды көздейді.
1992 ж. бастап Қазақстанда БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерінің, қорларының және бағдарламаларының өкілдіктері жұмыс істеуде.
Қазіргі уақытта БҰҰ-ның Қазақстанда 15 ұйымы жұмыс істейді: Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ), БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ), БҰҰ Халық қоныстану қоры (ЮНФПА), БҰҰ есірткі және қылмыс мәселері жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЕҚБ), БҰҰ Жоғарғы комиссарының босқындар ісі жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЖКББ), БҰҰ Еріктілері (БҰҰЕ), Әйелдер қоры (ЮНИФЕМ), Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ), БҰҰ білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ), БҰҰ өнеркәсіптік даму жөніндегі ұйымы (ЮНИДО), Дүниежізілік Банк (ДБ), Халықаралық валюта қоры (ХВҚ), АТҚБ/ЖТҚБ жөніндегі БҰҰ бағдарламасы (ЮНЭЙДС) және Қоғамдық ақпарат жөніндегі департамент (ҚАД).
БҰҰ мен Қазақстан ядролық қарусыздану, климат бойынша Париж келісімін (климаттың өзгеруіне байланысты 2020 жылдан бастап ауадағы көмірқышқыл газын азайту шараларын реттейтін 2015 ж. қол қойылған келісім) жүзеге асыру, мәдениетаралық және дінаралық диалогты алға жылжыту, терроризмді болдыртпау салаларында өзара әрекеттесуде. Осы және т.б. сұрақтар БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш пен ҚР СІМ Қайрат Абдрахманов арасында БҰҰ БА-ның Нью-Йорктегі 72-мәжілісі (12.09.2017) кезінде талқыланды. А.Гутерриш өзінің Астанаға ЭКСПО-2017 көрмесіне бару іс-сапары туралы жылы лебізін білдірді. Оның пікірінше, Қазақстан 2030 жылға дейінгі тұрақты даму саласындағы міндеттерді орындауда үлгілі ел болып табылады. Және ол, Сирия бойынша Астана процесін толық қолдаймыз және Қазақстанға оның бітімгершілік әрекеттері үшін алғыс білдіретіндігін айтты. Астана процесі барысында деэскалация зонасы жөнінде келісімге келудің мүмкін болуы – қазіргі күрделі кезде оңай шаруа емес екендігін атап өтті.
Қазақстан Республикасы 2017-2018 жылдарға БҰҰ ҚК 10 тұрақты емес мүшесінің бірі болып сайланды. ҚР алғаш рет өз тарихында алғаш рет 2018 ж. қаңтар айында БҰҰ ҚК-нің жұмысына төрағалық етті. Бұл төрағалық кезінде Қазақстан жаппай қырып жою қаруларын таратпау идеяларын алға жылжыту шараларын жүргізді. Ауғаныстан, Орталық Азиядағы қауіпсіздік және Таяу Шығыс, Палестина мәселелерімен шұғылданды.
Қазақстанның әскери полкі Нью-Делиде арнайы дайындықтан өтпек болып Үндістанға аттанды. ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, қазақстандық әскердің Үндістанға аттануының басты себебі – әскери қимылдардың әдіс-тәсілдерін үйрену. Үндістан әскері БҰҰ тапсырмасын орындайтын әскерлердің бірі (7 мың әскер) әрі бейбітшілік сақтау саласында жетпіс жыл әскери қимыл жасаған ел.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет