Салу мерзіміне қарай капитал орта мерзімді және ұзақ мерзімді капитал болып бөлінеді.
Орта мерзімді капиталда капитал бір жылдан жоғары мерзімге салынады. Қарыз капиталы сияқты тікелей және портфельді инвестициялары түріндегі кәсіпкерлік капиталдың барлық салымдары әдетте ұзақ мерзімді болып табылады.
Қысқа мерзімді капиталда капитал салымдары бір жылдан кем мерзімге беріледі.
Салым мақсаты бойынша капитал тікелей және портфельді инвестиция болып бөлінеді:
Тікелей инвестициялар - инвестродың капитал орналасқан объектіге бақылау жасауды қамтамасыз ететін капитал салынған елдегі ұзақ мерзімді экономикалық қызығушылықты иемдену мақсатындағы капитал салымдары.
Мемлекеттік фирмалар бойынша қатысты емес шетелдік инвестициялардың көлемін санамағанда, олар толығымен жеке кәсіпкерлік капиталды шетке шығарумен байланысты.
Портфельді инвестициялар - бұл инвесторға инвестицияланған объектіге нақты бақылау жасау құқығын беретін шетелдік бағалау қағаздарына капитал салымдары.
Халықаралық капитал қозғалысының нысандары әр белгілі бір елмен мойындалады, әдетте ол өзінің инвестициялық және банктік заңдылықтары мен орналастырылады.
Тікелей шетел инвестицияларына қатысты:
-
капитал шығарудың субъектілері;
-
тікелей шетел инвестициялаудың себептері;
-
тікелей инвестицияларының экономикалық эффекттері;
-
тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау.
Қазіргі таңда әр түрлі сфераларға салынатын тікелей шетел инвестицияларының тез өсу тенденциясы айқындала түсті. Капиталды шетке шығарудың алғашқы кезеңінде капиталдар көп жағдайда дамыған елдерден алынып, тәуелді елдерге шығарылды.
Ал қазіргі уақытта капиталдың миграциясы көбінесе дамыған елдердің арасында жүреді, яғни тікелей шетел инвестициялардың 70 – 75 % - ті өнеркәсібі дамыған елдердің үлесінде болып тұр. Тікелей инвестициялардың ХХ ғасырдың 90 жылдарының басында жалпы көлемінің 25,8%-ті дамушы елдерге, 18,2%-ті АҚШ-қа, 99 %-ті Ұлыбританияға, 26,6%-і Батыс Еуропаның басқа елдеріне, 10%-і Канадаға, 9,5%-ті әлемнің басқа елдеріне салынады.
Дамыған елдердің арасында капитал миграциясының өсуінің бірден-бір себебі, дамушы елдерде ғылымды көп қажет ететін, жоғары білімді мамандармен қамтамасыз етілетін өнім өндірісін ұйымдастыру өте қиын. Сонымен бірге, өнеркәсібі дамыған елдерде өте ірі қаржылар мен сиымды ішкі нарықтар бар. ФРГ мен Жапонияның шетелдерге қаржы бөлуі ХХ ғасырдың 60 жылдарының ортасынан бастап, жылдамдатылды. Олардың тікелей инвестицияларының өсу қарқыны АҚШ пен салыстырғанда, екі еседей көп болды. Капиталды салу сфераларына бәсекелестік күшейді. Мемлекеттің капитал экспортеры ретіндегі рөлі кенеттен өсіп кетті.
Қазіргі уақытта елдер арасындағы капиталдың қарама-қарсы қозғалысы кең дамуда, яғни олардың әр қайсысы бір мезетте әрі экспортер, әрі импортер рөлін атқарады, яғни капиталдың айқасқан айырбасы деген қозғалыс пайда болды. Сонымен бірге, елдің ішінде капиталдың жетіспеуінен экспорттың жүзеге асырылуына, ал импорттың шетелдік капиталдың ұлттық капиталды бірнеше рет ығыстыруына әкеліп соғуы мүмкін. Капитал миграциясы пайда болған кезеңнен бастап, ХХ ғасырдың 70 жылдарының аяғына дейін Батыс Еуропа капиталдардың байланысқан айырбасының ең үлкен аймағы болып саналады. Бұл ең алдымен экономикалық одақтастықтың Еуропалық Одақ ішіндегі интеграциялық процесстердің дамуы салдарынан пайда болған. Батыс Еуропаның ішіндегі қаржылардың үлесі ХХ ғасырдың 70 жылдарының аяғынан бастап, азая бастады, сонымен бір мезгілде АҚШ-та капитал экспорты өсе бастады. Ұлттық экономиканың ішінде ХХ ғасырдың 80 жылдарында жұмсалған шетелдік капиталдың көлемі бойынша дүние жүзінде бірінші орын алды. Қазіргі уақытта капитал миграциясының тағы бір ерекшелігі – дамушы елдерге, атап айтқанда, мұнай табатын ОПЕК – ке кіретін елдерде капитал экспортының пайда болуы.
ОПЕК – мұнай экспорттаушы елдердің ұйымы. Капитал нарығында ОПЕК елдері белсенді рөл атқаруда. Мысалы, Кувейттің жеке меншік секторының инвестицияларының шетелдегі мөлшері (1995 ж.) 100 млрд. долл., ал мемлекеттік секторының инвестициялары – 30 млрд. долл. болды.
Мемлекеттегі қолайлы инвестициялық климатты жасау дегеніміз – бұл қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы инвестициялық климатты бағалаудың, салыстырмалы талдаудың негізі болып табылады, толық көрсеткіштер жүйесін құрайтын әр түрлі әдістер кешенінің жиынтығы:
-
мемлекеттің нарық потенциалының мінездемесі;
-
табиғи және еңбек ресурстарымен қамтамасыз етуі;
-
экономикалық реформалардың күйі және дамуы;
-
инвестициялық іс-әрекет үшін заңдылық база;
-
мемлекеттік ограндарда жүргізу, басқару кепілдерін қабылдаудың реттелуі;
-
валюталық нарықтың және нарық инфрақұрылымының дамуы;
-
банктық жүйенің тұрақтылылығы;
-
саяси климаттың тұрақтылылығы және бағыттылылығы.
Инвестордың типіне, инвестициялық мақсаттар мен тәуекел дәрежесіне байланысты шетел инвестицияларының түрлерін бөліп көрсетеді. Сонғы жылдары қаржылар (құралдар) әр түрлі, бұның көмегімен шетел инвестициялары жүзеге асырылады. Бұл электрондық коммуникация шеңберіндегі жетістіктердің арасындағы байланысты жақсартқан және жаңа инвестициялық механизмдерді дамытқан жетістіктердің арқасында мүмкін болды.
Капитал қозғалысының осындай механизмдерінің бірі тікелей шетел инвесторы болып табылады, бұларды шетел компанияларымен мемлекетке жүзеге асыру арқылы инвесторлар рыноктан тез кету мүмкіндігінен айырылады. Бірақ олар жоғары дәрежедегі тәуекелмен байланысты ұзақмерзімді салымдар салуға дайын, өйткені бұл жағдайда салым тәуекелімен байланысты шығындардай пайда жоғары болатынына сенімді болады. Тікелей шетел инвестициялар тікелей емес инвестицияларға қарағанда капиталдың маңызды сомаларын құрайды. Инвестицияның өте жоғары көлемі мен капиталсалымның ұзақ мерзімімен үйлестіруде, инвестициялаудың бұл формалары алушы елдер үшін табысты болып табылады. Осыдан, Қазақстан инвестицияның мұндай формасын тартуға құштар екенін көруге болады.
Тікелей инвестициялар арқылы шетелге өндіріс факторларының қозғалысы сыртқы сауданы ынталандырады, өйткені келесілерді жабдықтау талап етіледі:
-
қосалқы бөлшектер;
-
қосымша өнімдерді;
-
еншілес фирмалар үшін құрал – жабдықтарды кәсіпорындар мен үкімет төмендегілер үшін тікелей инвестицияға қатысуға тырысады;
-
рыноктарды кеңейту;
-
материалдар немесе ресурстарды сатып алу үшін.
Сонымен қатар үкімет саяси артықшылықтарға сай келуге тырысады. Бүгінгі күні шетел капиталын тарту немесе тартпау сұрағы қойылмайды. Проблема басқада: оны қай сфераға тарту керек және қандай жағдайда, нақты инвестициялар пайда болатындығын анықтау. Ал соңында әр бір нақты нысанның ұлттық мүдделерге сәйкес келуі туралы айтылады. Бұл мәселелер бойынша біздің шаруашылығымызда барлығы жақсы емес.
Шетел капиталының импортер елдегі келесі себептерге байланысты шетел инвестициясын тартуға ынталанады:
-
елдің экономикалық дамуын қаржыландыруға жалпы қаражаттардың жетіспеуі, халықтың жұмыс бастылық деңгейін көтеру қажеттілігі, төлем балансының тапшылығын меңгеру және тағыда басқа;
-
орташа және жоғары дамыған елде шаруашылықтың аймақты құрылымын жетілдіру, жаңа техника мен технология алу, бәсеке қабілеттілікті көтеру үшін шетел капиталын тартады;
-
шетел капитал қатынасына таңдаулы саясатты (жеке аймақ және сала бойынша шектеу және ынталандыру) кейбір орташа дамыған елдер, сонымен қатар өте бай елдер де (Кувейт, Сауыд Аравиясы, Сингапур) жүргізеді, олар экономиканың жалпы қарқынында ғана емес, белгілі саланың және технологияның дамуында қызығушылық танытады;
-
көп мемлекеттер шетел капиталын ұлттық экономикаға екі жақты негізде енгізеді, яғни өзара сауда саяси инвестициялық жол беру шеңберінде (мысалы ЕО-ның ішенде капитал қозғалысының либерализациясы немесе Жапонияның ағылшын инвестиция қатынасына қарағанда, АҚШ-тың Жапондық инвестициясына либералдық қарым-қатынасымен байланысты АҚШ-тың Жапонияға шығындануы). Басқа елдермен экономикалық ынтымақтастық бойынша келісімдерге қол қойғанда, халықаралық ұйымдарға кіргенде, келісімнің қатысушылары ұлттық экономикаға шетел инвестициясының жіберілуін либерализациялауға мәжбүр болады.
Қазақстан үшін екі, бірінші себеп дәл келеді. Шетелден инвестициялар белгілі салаларда, техника және технология түрінде және аймақтарға қажет КСРО-ның құлдырау нәтижесінде пайда болған диспропорцияны жеңу және жиналып келе жатқан артта қалушылықты жеңу.
Қазақстан Республикасында экономикалық өсу және оны тұрақтандыру үшін шетел капиталын әкелу және игеру басты бағыттардың бірі, халық шаруашылығы объектілері және салаларының өмір сүруіне қолайлы болуы үшін шетел капиталының экономикалық қаржылық және ұйымдастырушылық регламентациясы инвестициялаудың қауіпсіздігін табыстылығын нормативті-құқықтық қамтамасыз ету және қолайлы жағдай туғызу болып табылады.
Әлеуметтік-экономикалық жағдай да Қазақстанның даму жолы ұзақ мерзімді перспективада әлеуметтік және саяси тұрақтылықты сақтау, тиімді басқару, жағымды ұстап тұруды қажет етеді. Елдің ұлттық артықшылығы иілгіш және балансталған экономиканы құруға бағыттау керек, ол халықаралық деңгейде бәсекелесе алуы тиіс, бұл жеделдетілген экономикалық өсуге елдің тұрмысының қолайлы жағдайда болуына себебін тигізеді.
Инвестициялық преференциялар. Инвестицияны реттеудің және қолдаудың әдістері инвестициялық преференцияның көрінісі ретінде ел заңында көрсетіледі, яғни нақтылық сипатқа ие – инвестициялық, салықтық преференция. Инвестициялық преференция берудің негізгі шарттары – инвестицияны экономиканың приоритеті секторларына салу, олардың тізімін ел үкіметі бекітеді.
Инвестициялық салықтық преференциялар келесідей түрде беріледі: инвесторларға корпоративтік табыс салығы, егер инвестор жаңа өндіріс ашатын болса немесе кеңейтетін болса жеңілдіктер беріледі.
Капитал негізінен екпінді түрде дамушы елдерге ағылады, әрине Қазақстанға шетел капиталын тартуда бәсекелестер бар. “Капитал елге келу үшін” инвестициялық климот деп аталатын көптеген факторлардың болуын қажет етеді. Сол факторлардың ішінен:
-
нарықтың потенциалы;
-
ұлттық экономиканың ресурспен қамтамассыз етуі;
-
реформалардың қадамы;
-
экономикалық коньюктураның жағдайы;
-
инвестициялар үшін заңды базасы;
-
саяси климот;
-
бюрократия, жемқорлық, криминогендік жағдай.
Басқа да қажетті жағдайлар:
-
заңдардың тұрақтылығы;
-
кедендік, қаржылық, салықтық реттеуде кәсіпкерлікке нақты құқықтық база жасау;
-
салықтардың, тарифтердің және жеңілдіктер деңгейінің бәсеке қабілеттілігі.
Шетел инвесторлары үшін ұлттық инвесторларға сияқты жағдай жасау қажет. Мұндай талаптардың орындалуы инвестициялық тәуекелді төмендетуге мүмкіндік береді. Американың “Наследие” деген мемлекеттік қоры инвестиция салғанда елді таңдаудың 9 факторын атап айтты:
-
эконоимкалық өсімнің деңгейі немесе басқаша жалпы ішкі өнімнің өсімшесі;
-
саяси тұрақтылық;
-
нарықтың көлемі (бір адамға шаққанда жалпы ішкі өнімнің көлемін халық санына көбейтумен анықталады);
-
шетел көмегіне тәуекел (экономикалық еркіндікте қозғалып келе жатқан көптеген елдер, зерттеушілердің айтуынша, шетел көмегінен тәуелсіз. Олар өзінің дамуында тек өз ресурстарына сенеді);
-
сыртқы қарыз мөлшері (әрине, бұл проблема шешімсіз емес, егер қарызға алынған ақша жол құрылысына, инфроқұрлымды дамытуға жұмсалса, бұл экономикалық даму үшін жақсы);
-
волютаның басқа валютаға еркін түрде айырбасталуы (пайданың репотриациялану мүмкіндігі кез-келген салым үшін қажет жағдай. Бұл мүмкіндік заңмен кепілденеді. Ол жергілікті волютамен бекітіледі);
-
волюта күші (бұл волютаның инфляцияға қатысты тұрақтылығы);
-
ішкі қорлардың деңгейі (эксперттердің айтуынша, экономиканың дамуы үшін ЖІӨ ішкі қорлануы 24 % болу қажет. Мұндай қорлану ЖІӨ-ң 4-5 % өсуге мүмкіндік береді;
-
инфрақұрылымның деңгейі.
Тікелей инвестицияны кәсіпорынға салу кезінде инвесторды бәрінен бұрын қызықтырады:
-
ақпараттың бар болуы;
-
жетімділігі;
-
толықтылығы;
-
шынайылығы;
-
оны берудің оперативтілігі (уақыттылылығы).
“Жекешелендіру” туралы заңда акцияның мемлекеттік пакеті қор биржа арқылы сатылу қажет, бірақ қазіргі таңда Қазақстанның көптеген кәсіпорындары тікелей сатылады. Жергілікті инвесторлар акцияны сатып алуға мүмкіндік береді. Мәселе сауда немесе қор биржасы арқылы реттеледі, акциядан дивидендтер экономикаға қайта инвестицияланады. Сонымен бірге, биржалық сауда тікелей немесе жанама түрде халыққа акция алуға мүмкіндік береді. Егер кәсіпорын шетел мемлекеттерінен несие алса, биржаның листингтің тізіміне енеді. Бұл шара берілген несиелерді бақылауға мүмкіндік туғызады.
Инвестициялық қызметті халықаралық – құқықтық реттеу. Ерекше назарды халықаралық келісімдердің маңызына, бәрінен бұрын – инвестицияны өзара қорғау шартына мән берген жөн.
Жоғарыда барлық айтылған инвестициялық климатты жақсартуға байланысты мемлекеттік саясат мемлекетшілік және халықаралық денгейде орын алады.
1.2. Қазақстанға шетел инвестицияларын тартуды мемлекет тарапынан реттеу
Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызмет жалпы мемлекеттік және шаруашылық заңдармен, сонымен қатар республикалық және аймақтық денгейлерде арнайы нормативтік актілер жүйесімен реттеледі.
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, жер, кен, кәсіпорын және кәсіпкерлік қызмет туралы, акционерлік қоғамдар, біріккен кәсіпорындар туралы, банк және банктік қызмет туралы заңдар, салық салу, сыртқы экономикалық қызмет, кендік бақылау және валюталық реттеу, қарыз туралы, арендалық қатынас және сақтандыру туралы заң ережелері, нормативтік актілер және жекешелендіру бағдарламасы және т.б. бірінші топқа жатады.
Екінші топқа заң ережелері мен нормативтік актілер, республикалық ведомствалардың құжаттары жатады, олар капитал құратын және бюджет құратын ақшалай қаражаттар облысында инвестициялық процесті, сонымен қатар қаржылық активтерде орналастырудың салу бөлігін, аймақтық ерекшелікті ескеріммен аймақтағы инвесторлардың мүддесін қорғайтын аймақтық нормативтік актілерді реттейді.
Инвестициялық қызметке әсер ететін бірнеше жағдайлар жалпы сипаттағы халықаралық шарттар мен келісімдермен (мысалы – Европалық энергетикалық хартия мен келісім), сонымен бірге халықаралық қаржылық институттармен келісімдер арқылы (мысалы - Әлемдік Банк, Халықаралық Валюталық Қоры, Инвестициялық дауларды шешу халықаралық орталығы, Инвестицияларды сақтандыру бойынша көпжақты агенттігі, Еуропалық қайта құру және даму банкі) реттеледі.
Қазақстан Республикасының инвестициялық заңдылықтың эволюциясы Қазақстан Республикасында инвестицияның түсінігін қалыптастыруға тырысады. Қазақстан Республикасының инвестициялық заңдылығының қалыптасу тарихы осы салада заң актысының қабылдауымен басталды, 1990 жылдың 7-ші желтоқсанында «Қазақ ССР-да инвестиция туралы». Ол инвестицияны қолдаудың құқықтық режимін қалыптастырды. Келесі қадам 1994 жылғы 27 желтоқсанда “Шетел инвестициялар туралы”. Өзінің заңдарына қарай дамуын 1997 жылы 28 ақпанда «Шетел инвестициясын мемлекеттік қолдау туралы» заңында алды. Осылайша Қазақстан қазір халықаралық қауымдастықтың толық мүшесі. Әрине халықаралық қауымдастықта интеграция Қазақстанның заң базасының дамуына әсер етті. Жақсы инвестициялық климат жасау үшін Қазақстан әр түрлі елдермен екіжақты халықаралық келісімге қол қойды.
Қазақстан инвестициялық климатының жақсаруын 2003 жылдың 8 қаңтарында «Инвестициялар тұралы» заңының қабылдануы көрсетті. Бұл заңның ерекшелігі шетел және отандық инвесторларға тең құқық беру. Бүгінгі таңда Қазақстанда ұлттық капиталды ынталандыру мақсаты тұр. Заңның бірінші бөлімі инвестицияның құқықтық режимі, екіншісі инвестицияға мемлекеттік қолдаудың реттеу нормалары.
Инвестиция туралы қабылданған барлық мүліктің түрлері, лизинг шартын жасаған уақытынан бастап, лизинг пәні қосылады. Ары қарай инвестордың құқықтары және бір уақытта нақты сипатқа ие. Кәсіпкерлік қызметтің объектілері орнына тек қана екінші объект жазылған: жарғылық капитал және тіркелген активтер. Ол экономикадағы өндірістік сфераның дамуын ынталандырады және Қазақстанның ішкі нарығын тірілтеді.
Инвестиция кепілдіктер. Инвестордың мүддесін қорғау құралдары мен механихзмдері ретінде келесі дәстүрлі кепілдіктер қарастырылады: Қазақстан Республикасының территориясында инвестордың құқықтарының қорғалуына кепілдеме; табыстарды пайдалану кепілдемесі; ұлттандыру және реквизициядан кепілдеме. Заңда инвесторларға өтемақы нормасы да қарастырылған. Бұл жағдай инвесторлар үшін маңызды болып табылады. Шығындарды өтеу тәртібі азаматтық кодекске сәйкес. Кепілдеменің жаңа түрі заңнамалық актілердің тұрақтылығы: Қазақстан Республикасы келісімдерінің жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Инвестициялық преференциялар. Инвестицияны реттеудің және қолдаудың әдістері инвестициялық преференцияның көрінісі ретінде заңда көрсетілген, яғни нақтылық сипатқа ие – инвестициялық, салықтық преференция. Инвестициялық преференция берудің негізгі шарттары – инвестицияны экономиканың приоритеті секторларына салу, олардың тізімі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Инвестициялық салықтық преференциялар келесідей түрде беріледі: инвесторларға корпоративтік табыс салығы, егер инвестор жаңа өндіріс ашатын болса немесе кеңейтетін болса жеңілдіктер беріледі. Корпоративтік табыс салығы преференциясын пайдалану үшін салық төлеуші инвестициялық проект негізінде пайдалануға жаңа енгізіліп жатқан соммасы қосылмайды. Инвестициялық салықтың преференциялардың уақыты өткеннен кейін заңмен бекітілген нормада салықты төлей береді. . Заңда инвесторларға өтемақы нормасы да қарастырылған. Мемлекеттік қолдау мақсатында салықтық преференциядан басқа кедендік жеңілдіктер, яғни олар импортталған құралдарға кедендік баждан босатылады. Инвестициялық преференциялар инвестордың мемлекеттік органмен жасасқан контрактісі негізінде беріледі. Қазақстанда салық преференциялар мен кедендік жеңілдіктерден басқа заңда мемлекеттік гранттар көрсетілген, яғни инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін қажет мемлекеттік мүлікті қайтарымсыз беру. Заң мемлекеттік грант ретінде мына объектілерді айқындайды: жер учаскелер, ғимараттар, машиналар және құралдар. Және де мемлекеттік грант көлемі инвестициялық жобаның 30%-нен аспау керек.
Жаңа инвестицияға мемлекеттік көмек берудің артықшылығы бұрынғымен салыстырғанда:
-
корпоративтік табыс салығына және мүлікке салынған салыққа жеңілдік берілді, яғни инвестор қаншалықты көлемде негізгі қорды инвестициялайтынына байланысты;
-
қаншалықты деңгейде жеңілдіктер беруді есептеу тартылатын инвестицияның сапасына байланысты болады;
-
заңмен өз еркімен сақтандыру енгізіледі, яғни коммерциялық тәуекелдік сақтандыру;
-
заңда инвемтициялық дауды шешу тәртібі өзгертілген, яғни инвестор үшін екінші оң жағдай. Біріншіден инвестициялық даудың кең ұғымы пайдаланылады, екіншіден барлық дауларды халықаралық арбитражда шешуге мүмкіндік бар әдістемелерін.
Инвестициялық қызметті халықаралық – құқықтық реттеу. Ерекше назарды халықаралық келісімдердің маңызына, бәрінен бұрын – инвестицияны өзара қорғау шартына мән берген жөн. Өзімізге белгілі, қазіргі жағдайда шетел инвестициясын құқықтық реттеу екінші деңгейде жүзеге асады: ұлттық құқықтық және халықаралық құқықтық. Ұлттық құқықтық реттеудің кемшілігі халықаралық құқықпен жөнделеді. Шетел инвестициясына кепіл ұлттық заң берген кез келген уақытта алынып тасталуы мүмкін. Ал халықаралық заңдар берген кепілдер біржақты тәртіппен алынып тасталмайды. Халықаралық құқықтық реттеу шетел инвестициясын көпжақты және екіжақты келісім негізінде жүзеге асырады. Сонымен қатар халықаралық ұйымдар, мысалы: БҰҰ құқықтық реттеуге үлкен әсерін тигізеді. Халықаралық құқықтық реттеудің бір бөлігін инвестицияны өзара қолдау келісімі құрайды. Екіжақты келісім инвестицияны былай анықтайды:
-
жылжитын және жылжымайтын мүлік негізінде меншік;
-
компаниядаға пайдық қатысу;
-
инвестицияға байланысты экономикалық құндылықтарды құрумен байланысты ақша қаражаттарын талап ету құқығы;
-
интелектуалдық меншікке құқық соның ішінде технология, ноу-хау;
-
басқа барлық құқықтар мен заттай құндылық.
Кейбір екіжақты келісімдер инвестицияға коммерциялық қызмет және концессия ұғымын қосады. Әрине, екіжақты келісімнің мәні ондағы кепілдікке байланысы. Осылайша Қазақстан Республикасы қол қойған келісімдерде инвестрларға екі жақты негізгі екі режим беріледі: ең қолайлы жағдай тәртібі немесе ұлттық тәртіп. Инвестор әрбір жағдайда екі режимді таңдауға құқылы. Сондықтан Қазақстан Республикасы инвестиция облысын инвесторлар үшін жалпы ережелер қолданылған, елге байланысты. Жоғарыда барлық айтылған инвестициялық климатты жақсартуға байланысты мемлекеттік саясат мемлекетшілік және халықаралық денгейде орын алады.
Қазақстан Республикасының құқықтық режимі бойынша шетел инвестициясы келесі жағдайлармен белгіленген:
-
Кез-келген шетел инвестициясының жұмсалу түрлері Қазақстан Республикасының заңнамаларымен бекітілген, заңды және жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының қайырымды істерімен немесе шетелдік заңды немесе жеке тұлғалардың істерімен шектетіледі;
-
Мемлекеттік заңнамаға сәйкес заңды және жеке тұлғалардың халықаралық келісім шарты бойынша немесе сол мемлекеттің артынан халықаралық конвенцияға қол қойғаннан бастап ҚР-ғы заңнамалық актілерге де байланысты;
-
Қазақстан Республикасының экономика және әлеуметтік заңнамаларының кейбір баптарына қосымша жеңілдіктер енгізіліп, Қазақстан Республикасының салық төлеу жөніндегі заңнамаларынан басқа;
-
Қазақстан Республикасының территориясындағы заңнамалардың, актілердің, берілген инвестицияның шетелдік инвесторларға немесе шағын кәсіпорындарға тиым салынады немесе ұлттық қауіпсіздік комитетімен қамтамасыз етіледі;
-
Шетел инвесторларына кепілдікті сол қызмет істеп отырған өнеркәсіп орындарына беріледі.
Қазақстан Республикасының «Шетел инвестициялары туралы» заңында құқықтық және экономикалық және де Қазақстан Республикасының экономикасына шетел инвесторларын тарту барысында, мемлекеттік кепілдікті қорғау барысында оларды ұжымдық түр бойынша немесе шетел инвесторларының арқасында келісілген құжат бойынша анықталады.
Қазақстан Республикасына ағылып келген инвестициалардың көп бөлігі тікелей инвестициалар болып табылады сәйкесінше Қазақстан Республикасындағы шетел инвестициясының заңында кәсіпорындардың зеңнамалық іс-әрекеттері бекітілген:
-
«Шетелдік заңды тұлғаның араласуымен құрылған өндіріс орны»-бұл заңды тұлға Қазақстан Республикасының территориясында заңнамаға сай жұмыс істеп жатқан шетелдік немесе біріккен кәсіпорын;
-
«Шетелдік кәсіпорын»- шетелдік тұлғалармен байланысып, Қазақстан Республикасының территориясында заңнамаға сай істеліп жатқан шетел инвесторының кәсібі;
-
«Біріккен кәсіпорын» - шетел тұлғаларының қатысуымен Қазақстан Республикасының территориясында (заңнамаға сай, акция, пайда ақшасы) қаражат бар шетел инвесторы.
Қазақстан Республикасының заңнамасының 14 бабына сай заңды тұлғалар шетел тұлғаларымен бірігіп келесі түрде өнеркәсіп құра алуына құқы бар:
-
шаруашылық жолдастық (Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі 58 бап коммерциялық ұйымдардың ортақ капиталын бөлу туралы заңы немесе мүліктерді пайдалану барысында ортақ режим орналасу тәртібі);
-
акционерлік қоғам (Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінде 85 бабына сай) заңды тұлға, өзінің ортақ өндіріс шаруашылықпен айналысатын немесе ортақ капиталын өндіріске қоса алатын қабілет.
Акционерлік қоғамдардың акционерлері діннің қоғамммен байланыстарын, қауіпсіздік шараларын, акция қаражаттарына ешқандай жауап бермейді.
Кез-келген кәсіпорынның ең басты құжаты шетел инвестициясының, қандай әдіс бойынша діндік құрылым ретінде және де құрамы мен компентенциясына, басқару бөліміне, қаулы шығаратын орталығына тәуелді болып келеді. Біріккен кәсіпорын дүниеге келгеннен бастап салық жеңілдіктерімен, салық төлемдеріне бағынуы тиіс, біріккен кәсіпорындардың бұйрықтары кейбір кездерде Қазақстан заңнамаларында қарастырылмайды. Мысалы: біріккен кәсіпорынның іс-әрекет кезеңіне есептесу процесі, кіріс, шығыс есептесу әдісі, біріккен кәсіпорынның пайдасына шешілген қаражат. Біріккен кәсіпорында - бұл бухгалтерлік есептесу, Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығы бойынша, «Бухгалтерлік есептесу туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсан №2732 заңына сәйкес және де Қазақстан Республикасының статистикалық есептесу басқармасында, Қазақстан Республикасының статистикалық агенттігінің 2000 жылғы 26 маусым айындағы № 44 заңына сәйкес белгіленеді. Біріккен кәсіпорындардың еңбек қатынастары туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының 24 бабына сәйкес «Қазақстан Республикасының шетел инвестициясы туралы» заңында белгіленген .
Заңды тұлғаларының шетел тұлғаларымен бірге шешілетін сұрақтарды айта кетсек еңбек режимі, жұмыстан босатылу, ортақ капиталды бөлісу, кепілдікпен кәсіпорынның компенсациялық өлшемі туралы заңда көрсетілген. Шетел және заңды тұлғалардың еңбек қатынасы келісім шартпен реттеліп отырады. Қазақстанның кәсіпорындары мен ұйымдары бұл заңнамаға сай қызмет етеді. Кәсіпқойлар одағының кәсіпорындармен шетел тұлғаларының іс-әрекеттері Қазақстан Республикасының 1993 жылдың 9 сәуірдегі № 2107 шаруашылық серіктестігі кәсіпқойлар одағы туралы заңында көрсетілген. Қазақстан Республикасында заңды тұлғалардың кәсіпорын ашуы - Қазақстан Республикасының күрделі мәселелерінің бірі болып табылады.
Мемлекет инвесторларға келесідей кепілдіктер береді:
І. Заңнамалардың кепілдікке жауап берілуі (Қазақстан Республикасының заңында 6 бап «Шетел инвестициясы туралы»)
Шетел инвесторларының халықаралық келісім шарт бойынша 10 жыл ішінде заңнамалар бекітіледі және де инвестиция көздерінің мемлекеттік органдармен қарым-қатынастары ұзартылады.
Шетел инвесторларының әлеуметтік жағдайы жақсарған сайын халықаралық келісім шарт құжаттарына сай кез келген мемлекеттік республикалық экономикалық қызығушылығын тудыратыны ақиқат.
Бұл талаптар Қазақстан Республикасының екі жақты қарым-қатынастың ұлттық қауіпсіздіктің, экологиялық және денсаулық сақтау қауіпсіздіктерінің жақсаруына байланысты істелінетін істер. Заңнамалардағы өзгерістер адекватты түрде Қазақстан Республикасының ортақ қазынасына құйылады және де инвесторлардың ортақ мақсатына ыңғайластырылады.
ІІ. Экспроприяция кепілдігі (Қазақстан Республикасының заңы 7 бап «Шетел инвестициясы»):
-
шетел инвестициясының ұлттандыру саясаты, экспроприяция жүйесіне және де дискриминациялық адекватты компенсациясына сай қызмет істейді;
-
нарықтық экономикада компенсация қызметі басты роль атқарады;
-
қаражатты пайдалану барысында ақшаларды төлеу және экспроприяция периодына қосылу процесі Қазақстан Республикасының халықтық банкінде есептелінеді.
ІІІ. Лауазымды және мемлекеттік органдардың кепілдіктегі заңсыз іс-әрекеттері Қазақстан Республикасының заңнамаларына сай шетел инвесторларының құқықтық жағдайына сай қызмет істеп заңдық күшін жоя алмайды (Қазақстан Республикасының заңы «шетел инвестициясы туралы» 8 бап).
IV. Шетел инвесторларының өтем алу процесі және кепілдік компенсациясы. («Шетел инвестициясы туралы» Қазақстан Республикасының заңы 9 бап). Шетел инвесторларының Қазақстан Республикасында соғыс және де әскери қайшылықтар болған жағдайда, революция, келеңсіз жағдай, азаматтық көтеріліс және де басқа жағдайлар бола қалған жағдайда Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларына компенсациялар жоғары деңгейлік төлеу қызметке кіріседі. Шаруашылық жұмыста шетел инвесторларының бюджетке қаражат және де қаржы органдарының заңсыз қаулылары заңнамалармен белгіленеді.
V. Кірістерді пайдалану кепілдігі («Шетел инвестициясы туралы» заңында 13 бап). Шетел инвесторлар Қазақстан Республикасының территориясында өзінің тауарларын өндіруін Қазақстан Республикасының заңнамаларына сай істеуі тиіс. Өзінің кірістерін сақтау және пайдалану барысында Қазақстан Республикасының территориясында кез-келген валютамен банкке уақытша сақтауына құқы бар және оны реттей алады.
VI. Жеке валюталардың пайдалану кепілдігі («ҚР шетел инвестициясы туралы» 11 заң). Валюталық операция Қазақстан Республикасының заңнамаларында соның ішінде 1996 жылы 24 желтоқсан № 54-1 «Валюталық реттеу» заңнамасымен өндіріледі. Қазақстан Республикасындағы инвесторлардың инвестициясы ақша аударылып шетелге және мемлекеттің ішкі айналым процесінде Қазақстан Республикасының заңнамаларына сай сәйкестендіріледі. Бұл айналымға жататындар:
а) кірістер;
б) келтірілген зардаптарға төленетін компенсациялар мен ақшалар;
в) өзінің мүліктерін сатқан ақша;
г) сатудан түскен пайда немесе инвестицияның ликвидациясы;
д) заңды ақша түсімдері.
Өндіріс орындары шетел тұлғаларының қатысуымен валюталық реттеуді берілген заңнамаларымен теңестіріледі. Шетелдік инвестор өзінің өнеркәсібін ұлттық валютамен еркін басқара алады.
VII. Шетел инвесторларының қызметтік кепілдігі (шетел инвестиция туралы заңы -12 бап). Барлық нормативтік актілер, сот үкімдері, шетелдік инвестицияның нәтижесіне байланысты екі жақтың пайдасына шешілуі тиіс. Шетел инвесторларының өзінің мүліктерін тіркеу үшін, қаулылардан және де заңды тұлғалардан, коммерциялық құпияларын жасыру барысында толықтай ақпарат алуы тиіс. Қазақстан Республикасының үкіметінің ведомства аралық комиссияның шешіміне сай орындалады (1999 жылғы 2-ші желтоқсан №1843 қаулысында белгіленгендей).
Бұл комиссияның мақсаты инвестиция функцияларын ұйымдастыру шаралары барысында болып табылады:
-
өз уақытын, сапалы инвесторларының қамтамасыз етілуі;
-
комиссияның компетенциясына сай притензияларды шетелдік инвесторларына тарту;
-
шетел инвесторлармен мемлекеттің саясатына белсенді араластыру;
-
Қазақстан Республикасының үкіметінің және де Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы инвесторлар кеңесінің шынайы секторлары экономикаға құйылған әсерлері.
Комиссия жетекшісі Қазақстан Республикасының Премьер Министрі жетекшісі тағайындайды. Комиссия төрағасының қызметі-отырыстар графигін ұйымдастыру, рекомендацияның жұмысшылар ортасындағы ортақ бақылау, егер де комиссия төрағасы жоқ болса орынбасары атқарады. Комиссия хатшысы отырыстың хаттарын негізгі материалдарды протоколдарды тексеріп отырады. Қазақстан Республикасының Президентіңің 1996 жылы 8 қарашадағы №3203 қаулысына сай мемлекеттік саяси формасының шетел инвестициясын ҚР-ң экономикасына құю барысында қызмет істейді.
VIII. Мемлекеттік тексеріс кепілдігі (Қазақстан Республикасының “Шетел инвестициялары туралы” заңы):
-
бақылауды және тексеруді Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сай мемлекеттік лауазымы бар тұлға және заңды арнайы тұлға істей алады;
-
салықтарды өндіріп алу Қазақстан Республикасының салық кодексінде жазылған заңнамалармен реттеліп отырады;
-
мемлекеттік салықты басқару, тексеру, санитарлық және де басқа мемлекеттік органдардың бақылау қадағалаулары талап мүдделеріне сай қызмет істейді. Шетел инвесторлары өздерінің күрделі сұрақтарын осы құзырлы орындарға талап ете алады және де өз іс-әрекеттерін бөліседі.
Шетел инвестициясының тарту агенттігі Қазақстан бойынша жалғыз мемлекеттік орган болып табылады. Қазақстан Республикасының инвестициялар агенттігінің ең негізгі жұмысы 1999 жылғы 24 желтоқсандағы №1969 қаулысына сай:
-
Қазақстан Республикасындағы инвестициялық климаттық асу және өндірілу процесі;
-
инвестициялық климаттың Қазақстан Республикасының территориясы бойынша даму стратегиясына сай қызмет істеуі;
-
Қазақстан Республикасында тікелей инвестициялық пайдалану өндірілу қаражатын реттеу;
-
мемлекеттік есептеу және есептесу ұйымдарда тікелей
-
инвестицияның қаражаты.
Қазақстанға келген тікелей шет инвестицияларыынң (ТШИ) ағымымен байланысты құқықтық құжаттардың жиынтығын зерттегенде олардың жоғарыдағы тізіммен ұқсастығын көреміз. Шетел инвесторлары үшін осы заңдар дұрыс қызмет атқарылуы және ойынның ережелері сақталуы маңызды болып табылады. Қабылданған заңдар құқықтық және экономикалық негізде болу керек. Инфрақұрылым аясының сапалық артта қалуы банктік және инфрақұрылым аясы табылады. Шетел капиталын тарту үшін тұрақты макроэкономикалық және есаяси ортаны құру керек. Бұл жерде ашық сауда саясаты, дұрыс бюджет саясаты және шетел валютасына қатысты либералды саясаты маңызды рөлді атқарады. Сонымен қатар жекешелендіру процесінің рөлін нақты анықтап көрсету керек және шетелдіктердің жекешелендіруге қатысуға байланысты ережелерін құрастыру керек.
ТШИ-ды тартудың тағы бір негізгі шарты, ол тұрақты және ретті құқықтық негіздің болуы. Бұл мемлекеттік режимнің қағидасына сай болуы тиіс және рыноктардың дұрыс қызмет етуіне жағдай жасауы керек. Заңдарды қабылдаумен қатар оларды орындау және мәжбүрлеп қолдану қажет.
Тарау II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНА ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫН ТАРТУДЫ ТАЛДАУ
2.1. Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тартудың хал-ахуалының жағдайы
Демократиялық, қоғамдық, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет құру үшiн, негiзiнде, мемлекеттiк-басқару қатынастарын және олардың құқықтық реттеуiн жетiлдiру, осы қатынастарға қатысушылар статусын жоғары тиiмдiлiгi бар икемдi нарық экономикасын құру кезiнде мемлекеттiк басқару механизмдерiнiң алдында тұрған жаңа мiндеттермен сәйкестендiру қажет.
Қазақстанда экономикалық және құқықтық реформаларды жүзеге асыру жағдайында мемлекттiк-басқарушылық қатынастарын құқықтық реттеудiң маңызды мәнi бар. Мемлекттiң бұл қызмет саласы оның басты мiндеттерiнiң бiрi болып табылады. Тәжірибеде мемлекеттiк басқару ақппаратының қызметiнiң көп жақтары толық реттелмеген, ал, ол басқарылатын обьектiлердiң қызметiне тым араласуын жеңiлдетедi.
Қазақстандағы мемлекет қызметiнiң жаңа салаларының бiрi шетел инвестициясын тарту болып табылады. Қазақстан Республикасының Президентi Н.А. Назарбаевтiң «Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың көркендеуi, қауiпсiздiгi және жағдайының жақсаруы» атты жолдауында ұзақ мерзiмдi приоритеттi мақсаттар мен жүзеге асыру стратегияларына шетел инвестициясы мен iшкi жинақтардың жоғары деңгейi бар ашық нарықтық экономикаға негiзделген экономикалық өсудi жатқызады. Бiрақ бұл сферада республикада түрлi мемлекеттiк органдардың қызметiн қайталау байқалады.
Ұлыбританияның, Ирландия, Сингапур, Чехия және басқа да елдердiң тәжiрибесi инвестицияны тиiмдi тарту үшiн ивесторларға үкiметтiк көмек көрсетудi, инвестицияны қолдау бойынша маманданған агенттiк арқылы жүзеге асыру керектiгiн дәлелдейдi. Өкiнiшке орай, 1999 жылдың 22-қаңтарда құрылға Қазақстан Республикасының инвестициялар бойынша агенттiгi тек 2000 жылыдң желтоқсанына дейiн өмiр сүрдi және Қазақстан Республикасының Президентiнiң 2000 жылыдң 13 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасының жеке мемлекеттiк органдарын қайта құру, жою және құру туралы” жарлығымен жойылды.
Қазақстан үшiн маңызды мiндет болып әлемдiк экономика жүйесiне кiру табылады. Мұнда да, бүкiл әлемдегідей шетел капитал салымдарына үлкен маңыз берiледi.
Республикадағы инвестициялық саясатты Қазақстан Республикасының сыртқы iстер министрлiгiнiң 2000 жылдың 13 қазаныңдағы “Қазақстан Республикасының Президентiтiң жеке мемлекеттiк органдарын қайта құру, жою және құру туралы» жарлығымен құрылған Инвестициялар бойынша комитетi жүзеге асыру керек. Бұдан бұрын Қазақстан Республикасының Президентiнiң 1996 жылдың 8 қарашасындағы жарлығымен инвестициялар бойынша мемлекеттiк саясатты жүзеге асыратын жалғыз өкiлдi мемлекеттiк орган едi. Жоғарыда көрсетiлген инвестициялар бойынша 1999 жылдың қаңтарында мемлекеттiк комитет Қазақстан Республикасының инвестициялар бойынша агенттiгi деп өзгертiлдi.
Шетел инвестициялық қызметiн мемлекеттiк реттеудегi жаңа бағыт болып Қазақстан Республикасының Президентi жағынан құрылған шетел инвесторларының кеңесi табылады. Осы сұрақ бойынша Қазақстан Республикасының Президентiнiң 1998 жылдың 30 маусымдағы жарлығы қабылданды. Жаңадан құрылған шетел инвесторлярының Кеңесi Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы кеңес берушi-ақылдасушы орган болып табылады. Оны құрудағы мақсаттар:
-
Қазақстан Республикасының Президентiнiң қарауына инвестициялық қызметтi реттейтiн заңдылықты жетiлдiру бойынша ұсыныстар, халықаралық маңызы бар Қазақстан Республикасының iрi инвестициялық бағдармалары мен жобаларын жүзеге асырумен байланысты ұсыныстар еңгiзу;
-
инвестициялық климатты жақсарту бойынша ұсыныстар жасау;
-
ел экономикасының әлемдiк экономикалық процесстерге интеграциялануы бойынша ұсыныстар жасау.
Экономикаға инвестицияны тарту бойынша қызметтер жүйесі ретінде инвестициялық саясат, практикада стратегиялық сипаттағы нақты мәселелердің шешуімен жүзеге асырылады:
-
инвестициялық нарықтың дұрыс жұмыс істейтін инфрақұрылымды құру;
-
төлемқабілетті сұранысты көбейту, соның ішінде өнімге және инвестициялық ресурстарға сұраныс;
-
кәсіпорынның ішкіресурстарының инвестициясын, яғниамортизация мен пайдалануды, пайданы қамтамасыз ететін жағдайларды құру;
-
капиталдың халықаралық нарығына аймақтақ инвестициялық нарықтың және басқада инвестициялық ресурстардың интеграциялануы;
-
шетел және отандық инвестицияларды тарту үшін тартымды жағдайды қалыптастыру.
Сонымен, Қазақстан Республикасының көпқырлы болып табылатын инвестициялық саясатының келесiдей негiзгi бағыттарын атап кетуге болады: қолайлы инвестициялық климат құру, қазақстанның халықаралық ұйымдарға белсендi қатысуы, республиканың түрлi халықаралық келiсiмдер мен конвенцияларға отыруы, инвестиция бойынша комитеттiң инвестициялық саясат стратегиясын жүзеге асыру бойынша қызметi. Қазақстанның инвестициялық саясаты жетiлу керектiгi және шет мемлекеттер практикасындағы ең жақсы құралдар мен механизмдердi қолдану керектiгi сөзсiз.
Қазақстан экономикасы үшін шетел капитал салымдары, оларға бәсекелік әлемдік экономикаға интегралдануына көмектеседі. Төменде неге шетел инвесторлары Қазақстанға жоғары дәрежеде пайдалы болуының дәлелдері келтіріледі.
Жаңа технологияларды беру Трансұлттық корпорациялар (ТҰК) ірі, дамыған және бәсеке қабілеттілігі жоғары компанияларға жатқызылады. Олар әртүрлі елдерде өздерінің өндірістік қуаттылықтарын орналастыру және өтімділік рыноктарын ұйымдастыруға шейін барлық сатысында ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесін қолданады. Қазіргі күнгі экономикада басты өндірушілер барлық әлем бойынша жабдықтаушылар мен рыногтарға кіруді іздейтін глобалды әрекеттегі тұлғалар болып табылады.
Егер Қазақстан ТҰК тарта алса, онда оның жаңа технологиясының әсерін сезінеді. ТҰК-мен байланысты белгіленген жергілікті компаниялар, олардың ноу-хауларын менгереді және қатаң бәсеке жағдайында халықаралық рынокка жұмыс істеуге үйренеді. Мұндай білімдерді ТҰК-ң персоналдары мен менеджерлері алады.
Жұмыс орындарын құру. Экономика өтпелі жағдайда болған кезде Қазақстанда жартылай (толық емес) жұмыс бостылық немесе жұмыссыздық созылмалы проблема болып табылады. Мемлекеттік секторда жұмыс орындарын құру сияқты шаралардың көмегімен жұмыссыздықпен күресу аз нәтижелі болады. Ал тікелей инвестициялар жұмыс орындарын құрайды. Сонымен қатар жергілікті кадрларды кәсіби дайындау жергілікті экономикаға қолайлы әсерін тигізеді.
Экспортты дамыту. Шетел инвестициялар, алушы елдерден ТҰК-ң штаб-квартирасы орналасқан елдің экспорт тұрақты экономикалық өсу үшін өте маңызды және тұрақты валютаны қамтамасыз етеді. Тұрақты валюта импорт тауарларын сатып алуды қаржыландыру мен ішкі инвестицияны қаржыландару, сыртқы қарыздарды төлеу үшін қажет. Шетел инвесторлары Қазақстандағы өзінің экспортының номенклатурасын кеңейтуге көмектеседі. Дәстүрлі емес экспорт өнімі деп аталатын жаңа экспорттық өнімнің сапалы өсімі, шикізат тауарларын дәстүрлі экспорттаған Қазақстан үшін өте маңызды. Экспорттық өнімнің диверсификациясы шикізат тауарларына бағаның төмендеуінің алдында елдің қорғалмағандығын төмендетеді.
Инвестордың типіне, инвестициялық мақсаттар мен тәуекел дәрежесіне байланысты шетел инвестицияларының түрлерін бөліп көрсетіледі. Сонғы жылдары алуан түрлі болып келеді, бұның көмегімен шетел инвестициялары жүзеге асырылады. Бұл электрондық коммуникация шеңберіндегі жетістіктердің арасындағы байланысты жақсартқан және жаңа инвестициялық механизмдерді дамытқан жетістіктердің арқасында мүмкін болды.
Капитал қозғалысының осындай механизмдерінің бірі тікелей шетел инвесторы болып табылады, бұларды шетел компаниялары мен мемлекет жүзеге асыру арқылы инвесторлар рыноктан тез кету мүмкіндігінен айырылады. Бірақ олар жоғары дәрежедегі тәуекелмен байланысты ұзақмерзімді салымдар салуға дайын, өйткені бұл жағдайда салым тәуекелімен байланысты пайда жоғары болатынына сенімді болады. Тікелей шетел инвестициялар тікелей емес инвестицияларға қарағанда капиталдың маңызды сомаларын құрайды. Инвестицияның өте жоғары көлемі мен капитал салымның ұзақ мерзімімен үйлестіруде, инвестициялаудың бұл формалары алушы елдер үшін табысты болып табылады. Осыдан, Қазақстан инвестицияның мұндай формасын тартуға құштар екенін көруге болады.
Шетел инвестицияларын тарту мен пайдалану тиімділігі мен көлемі елдегі инвестициялық климаттың болуына тәуелді болады. “Капитал елге келу үшін” инвестициялық климот деп аталатын көптеген факторлардың болуын қажет етеді. Сол факторлардың ішінен: эконоимкалық өсімнің деңгейі немесе басқаша жалпы ішкі өнімнің өсімшесі; нарықтың көлемі (Бір адамға шаққанда жалпы ішкі өнімнің көлемін халық санына көбейтумен анықталады); ұлттық экономиканың ресурспен қамтамассыз етілгендігі; инвестициялар үшін заңды базасы, заңдардың тұрақтылығы; саяси тұрақтылық; бюрократия, коррупция жағдай; кедендік, қаржылық реттеу; салықтардың және жеңілдіктер деңгейінің бәсеке қабілеттілігі; инфрақұрылымның деңгейі; реформалардың қадамы; экономикалық коньюктураның жағдайы; шетел көмегіне тәуекел (Экономикалық еркіндікте қозғалып келе жатқан көптеген елдер, зерттеушілердің айтуынша, шетел көмегінен тәуелсіз. Олар өзінің дамуында тек өз ресурстарына сенеді); сыртқы қарыз мөлшері (Әрине, бұл проблема шешімсіз емес, егер қарызға алынған ақша жол құрылысына, инфроқұрлымды дамытуға жұмсалса, бұл экономикалық даму үшін жақсы); волютаның басқа волютаға еркін түрде айырбасталуы (Пайданың репотриациялану мүмкіндігі-кез-келген салым үшін қажет жағдай. Бұл мүмкіндік заңмен кепілденеді. Ол жергілікті волютамен бекітіледі); волюта күші (Бұл волютаның инфляцияға қатысты тұрақтылығы).
Қазақстанның нарықтық экономикаға көшуі үдемелі қарқынмен өсіп келе жатыр. Мемлекеттік меншіктің жекешелендіруі жүзеге асты.
Өнеркәсіптік өндірістің құлдырау қарқыны 1999 жылынан бастап баяулады, инвестициялық орта жақсарды. Бұл теңгенің «қалқымалы» бағамға көшу салдарынан болды және мұнай мен металлға әлемдік баға өскенде қазақстандық экспортерлар кен өндіру саласында өндірістің көлемі өсті. Инвестицияларды игеру динамикасы экономикадағы қайта белгіленген тенденциялары жағдайдың жақсаруының айғағы болып табылады.
Инвестициялар үшін заңды базасы, заңдардың тұрақтылығы. Заңдардың оң сипаты инвесторларға берілетін жеңілдіктер тізбегі, артықшылық пен кепілдік болып табылады. Олар пайдаға салынатын салықты төлеуден, мүлікке салынатын салықтан босатуды және 5 жылға, дейінгі мерзімде жерге салық 5 жылға дейін 30%-ке дейін біртіндеп төмендеуді қарастырады. Заңда инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін кіргізілетін құрал-жабдық, шикізаттар мен материалдың кедендік баждан босатылуы қарастырылады.
«Тікелей инвестицияны мемлекеттік қолдау туралы» заңдағы маңызды қағида қазақстандық заңдардың өзгеруінен олардың жағдайы нашарланса, шетел инвесторларының мүддесін қорғауға кепілдік береді. Бұл баптың мағынасының байламы – қазақстан экономикасына инвестор капиталды салғанда, мемлекет бұл шарттарды инвестор үшін нашар жаққа өзгертпейтіндігіне сенімді болуында. Заң шығаруы актілер (салықтық, кедендік, лицензиондық) өзгерген жағдайда, инвестор өзінің инвестициялық қызметі басталған кездегі жүзеге асқан актілерді қолданады, егер жаңа заңда қарастырылса, шарттарды жақсартуға рұқсат етіледі.
Республикадағы инвестициялық климатты әрі қарай нығайту үшін Қазақстан Республикасында мемлекет басшысының тапсырысы бойынша жасалған 1999-2000 жж тікелей инвестицияны тарту бағдарламасын үкімет мақұлдады. Саяси және экономикалық тәуекелді төмендету үшін Үкімет өзара қорғаумен шетел инвестицияны ынталандыру бойынша бірнеше елдермен екіжақты келісім жасау мақсатқа қойылған.
Саяси тұрақтылық. ЮНКТАД мәліметтері бойынша Қазақстан Орталық Азияға келген барлық тікелей шетел инвестицияларының 4/5 бөлігін алған. Қазақстандықтарға осы таңдаған бағыттан таймауға тырысу керек. Өйткені Азиядағы, Ресей және Бразилиядағы қаржы дағдарыстарының нәтижесінде әлемдік инвестициялық процесстер жағымсыз динамикаға көшті, инвесторлардың дамып кележатқан мемлекетер мен рыноктарға сенімсіздік пен қарауымен түсіндіріледі. Сонымен қатар әлемдік рынокта Қазақстанның негізгі экспорттық позициясының баға коньюнктурасы төмендеуде. Әлемдегі мұнай рыногындағы белсенділіктің төмендеуі Қазақстандағы көмірсутегі шикізатының шығатын жерлерін игеруге және оны сыртқы рыноктарға тасымалдауға теріс әсерін тигізуі мүмкін мемлекеттің инвестициялық климатының сапасы көп инвесторлар үшін жеңілдіктер мен преференциялардың түрлері және көлемімен анықталмайды, оларға тек әлеуметтік – саяси және макроэкономикалық тұрақтылық болса болғаны. Инвестициялық жобалар іске асып, даму үшін мемлекеттің саясаты тұрақты, айқын болуы керек. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей экономика даму үшін тікелей инвестицияның келуі біртіндеп көбееді. Ол мемлекеттерге тұрақтылықты нығайту мен сақтауға, мемлекеттік саясатқа инвесторлардың сенімінің артуына, инвесторлық қызметке жағдай жасауға байланысты көбееді.
Бюрократия, коррупция жағдай. Инвесторлық «ойын ережесі» барлық инвесторлар үшін анық және түсінікті болуы тиіс. Олар бюрократизм мен коррупцияға және әділетсіз жеңілдіктер мен артықшылықтарды алуға жол бермеуі керек. Қазіргі инвестициялық саясаттың мақсаты инвестицияларды тартуға және өндіріс пен сауданы дамытуға байланысты барлық кедергілерді жою болып табылады. Сонымен қатар биліктің барлық денгейлерінде инвесторлардың құқықтарын қорғау мен сақтауды қамтамасыз ету керек. Инвесторлардың құқықтарына зиян келтіру мемлекеттік инвестициялық имиджіне нұсқау келтіруді және мемлекеттік оргондарға сенімділікті төмендетеді.
Инвесторлар салық салу саласында жеңілдіктер беретін елді қалайтыны белгілі. Республикадағы инвестициялық жағдайда толығымен өзгерту, шетел және отандық инвесторлар үшін ең көп қолайлы жағдай тәртібін жасау үшін құқықтық база жетілдірілген.
ҚР “Салық және басқа да бюджетке міндетті төлемдер туралы” заңында республикадағы инвестициялық жағдайда жақсарту бойынша халықаралық салық және инвестициялар бойынша орталықтың ескерулері мен ұсыныстары ескерілген. Сонымен қатар, республика беретін инвесторлардың мүддесін қорғау бойынша кепілі жеке жолға жазылған.Бұл кепілдер бәсеке еркіндігін кәсіпкерлік еркіндігін, өз үлесін билеуге құқықты, тауарларды өткізу немесе сатуды бақылайтын мемлекеттік монополияға тиым салуда, бағаларды бақылау және реттеу шаралары қолданбауды қамтамасыз етеді. Бұл біздің экономикаға капитал инвестициялауға себеп болады.
Елдің дамуының дәл осы кезеңінде, экономикада жандану байқалған кезде шетел инвестициясын тарту міндеті актуалды болып отыр. Олар Қазақстандық экономиканы жөндеуге үлкен түртпек қана жасамай сонымен қатар оның әлемдік экономикаға кіруіне көмектеседі.
Инфрақұрылымның деңгейі. Қазақстанның территориясының кеңдігі инвесторларға транспорт және коммуникациялық қызмет рыногін жетілдіруге зор мүмкіндік ашады. Республиканың Европа мен Азия арасындағы тронзиттік мемлекет болуы шикізаттар мен қосалқы бөлшектерді, товарларды халықаралық тасымалдауда инвесторлардың шығындарын айтарлықтай қысқартады. Инвесторлар су көлігімен Ақтау порты арқылы Каспи аймағында қолдана алады. Қазақстанда теміржол және автокөлік жолдары ерекше маңызды рөльді алады. Бірақ темір және авто жолдары қазіргі заманғы халықаралық талаптарға сай емес: жылдам жүру автомагистральдары өте аз, ал теміржолдар қайта құрылуды қажет етеді. Телефон желілерінің жетілмеуі, телексті және факсимальді байланыстың дамылмауы, құрал жабдықтардың ескіруі инвесторлақ қызметтің жүргізілуіне қосымша қиындықтар тудырады. Жол шаруашылығын технологиялық қайта жабдықтаумен қатар транспортық және коммуникациялық желілерді Астанаға қарай бағыттау керек және инвесторлардың Қазақстанның транзиттік мүмкіндігін толық қолдану үшін Батыс-Шығыс бағытын жетілдіру керек.
Қазақстандағы еңбек рыногы сандық және сапалық көрсеткіштері бойынша инвесторлар үшін тиімді. Әлемдік стандарт бойынша Қазақстанның еңбек ресурстарының деңгейі, халықтың білімділігінің денгейі, экономика салалары бойынша жұмысбастыларды тиімді бөлінуінің денгейі жоғары болып келеді. Қазақстанға тікелей инвестицияларды салудың негізгі ерекшелігі маманданған арзан жұмыс күшінің болуы. Осы мамандардың біліктілік деңгейін сақтап қалу үшін арнайы орта және жоғарғы білім мәселесін шешу керек.
Шетелден жұмысшы күшін әкелу көкейтесті мәселелердің бірі болып отыр. Шетел мамандарының келуі жергілікті жұмысшы күшін қолдануға кедергі келтірмеуі тиіс. Ол үшін арнайы квоталар қарастырылған. Бұл квоталарды Қазақстан Республикасының үкіметі мамандықтардың топтары бойынша қояды. Жұмыс берушілер мәмілелердің мерзімі аяқталысымен жұмыс күшін шетелге алып кетуге кепіл береді. Екінші жағынан инвестицияны тек физикалық капиталға салсақ, ол тез өсуді қамтамасыз етпейді: кез-келген экономика жоғары білікті мамандарды қажет етеді. Американдық экономистердің санауы бойынша жұмысшылардың біліктілігін көтеруге және білім беруге кеткен шығындар инфляцияны есептегенде жылдық табыстың 10-15% түрінде қайтіп келеді екен.
Шетел капиталын тарту мәселесін қарастырғанда өзіміздің ғана мүддемізді емес, сонымен бірге шетел серіктестеріміздің мақсат-мүддесін ескеруіміз қажет. Елге келуге әсер ететін жағдайлар «инвестициялық климат» жалпы мағынасында бірігетін факторлардың кең кешенінен құралады. Оған идеология , саясат экономикалық жағдай, мәдениет, әлеуметік саясат, тұрақтылық және басқада инвестор бағалайтын аспектілер кіреді, оны капитал салу шешімін қабылдаған да ескереді және ол инвестициялық тәуекелдің денгейіне тұжырым жасауға көмектеседі. Капитал салу қатынасында мемлекеттік саясат, халықаралық келісім жүйесіне елдің қатысуы және оларды орындау дәстүрі, мемлекетті басқару органдарының қызметінің бір мағыналылығы мен тұрақтылығы экономикалық денгейге араласу әдісі мен денгейі, мемлекеттік аппараттық жұмысының тиімділігі, шешімді қабылдау жеделдігі, экономикалық саясатты жүргізу жүйелілігі инвестициялық климатқа маңызды әсер етеді.
Қазақстандағы инвестициялық климатты шетел инвесторларының салық және инвестиция бойынша бағалауын халықаралық орталық үнемі сұрастыруды өткізеді, көптеген шетел инвесторлары республикада инвестициялық тартымдылықты жақсарту облысында көп нәрсе істеу керек дейді. Қазақстанда капитал салу жағдайын сұралған инвесторлардың 40% оң бағалады. Кейбір инвестор инвестиция көлемін 100-500 млн долларға дейін жоғарлатуды жоспарлап отыр. Бұл ірі инвесторлар болашақта инвестициялауды жалғастыруында қызығушылығы бар екендігіне негіз деп есептеуге болады.
2.2. Қазақстан Республикасындағы шетел инвестициясының келіп түсүіне талдау
Қазіргі кезде ел макроэкономикалық көрсеткіштерінің салыстырмалы тұрақталуына жеткен кезде экономиканы өсімге жету бойынша шараларды жүзеге асыру маңызды міндет болып отыр. Экономикалық өсім концепциясы, шетел капиталын кең тартуды болжайды. Капиталды жинау мен инвестициялаудағы екпін шетел инвестициясын тартуды қоса алғанда бірнеше проблемаларды шешуге мүмкіндік береді. Бірінші кезекте бұл экономикалық өсім факторы, оның көмегімен алдыңғы қатарлы технологиялар меңгеріледі, нарықтардың отандық тауарлармен толуы жүреді, экспорттық өнімнің бәсеке қабілеттілігі көтеріледі. Қазіргі кезеңде Қазақстан ірі нарықтық потенциялы табиғи ресурстардың түрлілігі мен стратегиялық тиімді кен орындарының болуына қарамастан экономикасы шетел кәсіпкерлеріне тікелей салымдары үшін онша тартымды емес. Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы жаңа заңды қолдану арқылы жағдай қолайлырақ бола бастады. Сондықтан қаржыландыру көздері бойынша инвестиция құрылымында едәуір өзгерістер пайда болды, әсіресе 1995-1996 жылдары бастап. Қазақстанның Азиялық аймақтағы стратегиялық орны, бай кен орындары, үлкен ауыл шаруашылық потенциялы сонымен қатар еңбек ресурстарының жоғары білім деңгейі шетел тікелей инвестицияларының сыртқы қаржы ресурстарының жалпы ағымдағы үлкен үлесін алдын ала анықтады.
Қазақстанға тікелей шет инвестицияларының (ТШИ) келуі негізінен бірлескен еншілес кәсіпорын құру арқылы мемлекеттік кәсіпорындарды шетел капиталының қатысуы мен жекешелендіру, шетел фирмаларының басқаруына ірі өнеркәсіптік объектілерді беру арқылы және банк секторына инвестиция салу арқылы жүзеге асырылады.
Инвестициялау өнеркәсіптік сектордағы диспропорцияның тереңдеуімен қатар жүреді, негізінен мұнай-газ өндіру өнеркәсібі мен металургияға шоғырланады. Бай жер қойнаулары бірінші кезекте өзінің салалық бәсекелестерінен озуға тырысатын тәуекелді шетел инвесторларын тартты. Әлем биржаларындағы жоғарғы баға катеровкалары жақсы сұраныспен сатып алу қабілетімен сай келген өндірістік маусымдар осының бәрі тек сыртқы факторлардың көрінісі еді. Сонымен қатар Қашаған мұнайының үлкен көлемі басталған кезде олар үшін мүнай-газ саласының салалық инфроқұрылымы қызығушылық білдіре бастайды. Тікелей шетел инвестицияларының Қазақстанға тікелей келуі көрсетілген.
Қазір шетелдік инвестициялар тікелей түсімдерді көрсетеді, бірақ олардың қажет мултипликативті эффектісі әлі жоқ. Заң құқықтық базаның толық еместігі салық жүйесінің тұрақсыздығы айтарлықтай проблема болып табылады. Инвестициялық белсенділіктің азаюы өндірістің одан әрі құлдырауы оның қаржылық нәтижелерінің нашарлауы сияқты факторларға алып келді , әсіресе бұл машына жасау құрылыс және құрылыс материялдарының өнеркәсібі сияқты қор жинайтын салаларға көп әсер етті.
Жалпы экономика мен өнеркәсіп бойынша инвестициялық қызметтің қысқаруы өндіріс құлдырауына қарағанда тереңірек болды. Бұның нәтижесінде экономиканың негізгі салаларының өндірістік машиналардың екпінді түрде ескіруі жүрді. Өдірісті әсіресе өнеркәсіптің өңдеу салаларында жаңарту өндірістің шикізат сыйымдылығын азайту, отандық тауар өндірушілердің өнімдерін бәсеке қабілеттігін көтеру мүмкіндіктері тез шектелді.
Қазiргi көзқарастарға сәйкес шетел инвестицияларының келуi шектелген инвестициялық потенциалы бар, қарыз капиталының әлемдiк нарығына еркiн кiру мүмкiндiгi жоқ елдерге өте қолайлы әсер етедi. Сонымен қатар, шетел тiкелей инвестициялары ұлттық капиталды қаржыландыру үшiн өз ұлттық капиталының ресурстары жетпейтiн жобаларға тартады.
Инвестициялар көлемiн көбейтетiн негiзгi факторлардың iшiнен компаниялардың халықаралық қосылуын, жекешелендiру көлемiнiң көбеюiн және елдiң инвестиция тарту бойынша белсендiлiгiн атап көрсетуге болады. Қазақстан инвестциялық жағдайы бойынша қазiргi таңда ТМД елдерiнiң ең тартымдысы және перспективтiсi болып отыр.
Әлемдік шаруашылық қызмет интеграциясының қазіргі деңгейінде ТШИ өсімінің күшеюі байқалады, оның қарқыны халықаралық сауда өсімінің қарқынынан асып түседі. Шетелдер экономикалық даму дәрежесіне қарамастан экономикалық өсімге жету үшін шетел инветицияларын тартудың әдістері мен жолдарын жетілдірумен айналысады.
БҰҰ-ң сауда және даму конференциясында («ЮНКТАД”) әлемдiк инвестициялар туралы былай делiнедi: ТШИ көлемі 1998 жылы 14%-ке көп болды. Соңғы үш жылда осы көрсеткiш екi еселенедi, ал 10 жылдан бұрын ол $ 200 млрд құраған. Жалпы шетел инвестициясының 80%-ін ($ 899 молрд ) дамыған елдерге бағытталған едi, негiзiнде халықаралық қосылу және сатып алу ретiнде. Ең үлкен көлем $597млрд Батыс Еуропаға келедi. Жалпы Германиядағы шетел инвестициялары 2000 жылдың өзiнiң трансұлттық тiкелей инвестицияларының дамушы елдердегi көлемi 1999 жылғы деңгеймен бiрдей болды. Ол $190 млрд-қа тең болды. Қытай дамушы мемлекеттердiң iшiндегi ең көп трансұлттық тiкелей инвестиция тартқан ел. Бразилия екiншi орында тұр. Жалпы Азия мен Африкаға инвестиция көлемі көбейдi де, Латын Африкасы мен Кариб теңiзi аймағына азайды. Орталық және Шығыс Европа 2000 жылы $30 млрд. тiкелей шетел инвестициясын тартты. Жоғарыда көрсетiлген сома iшiнде Қазақстанға жыл сайын келетiн шетелдiк инвестиция өте аз.
Республикаға шетел инвестицияларды тартудың перспективалы формалары келесідей: портфельді инвестициялар (акция сатып алу); бірлескен кәсіпорындарды құруға кететін инвестициялар; кәсіпорынды басқаруға алған фирмалардың инвестициялары; кәсіпорындарды өздері иеленуге алған компаниялардың инвестициялары. Шетелден капитал қазіргі уақытта негізінде екі канал арқылы тартылады: үкіметтік кепілдік берілетін халықаралық несие және тікелей инвестициялар.
Қазақстан көптеген инвесторларды бай табиғи ресурстарымен, арзан жұмыс күшімен және ішкі рыноктың дамымағанымен қызықтырады. «Арзан табиғи ресурстар» факторы біріккен кәсіпорындардың аймақтары бойынша бөлінуінде маңызды роль атқарады. Бір ескеретін жәйт инвестицияның көп келуі Қазақстан ұшін қажет бірақ сонымен қатар бұл жағдайда егеменді еліміздің экономикалфқ қауіпсіздігін де ойлауымыз қажет.
Жалпы 1993-2004 жылдары тікелей шетел инвестицияларын тарту бойынша алдыңғы қатарда бұрыңғыдай тау кен өндірісі 5431,54 млн. долл. (64,48 %), жалға беру 1791,97 млн. долл. (21,27 %), өңдеу өндірісі 515,77 (6,12 %) болып отыр (кесте 1 және 2 бойынша). Шетел инвесторлары арасында белгiлi қызығушылықты қазақстандық экономиканың қара металлургия, энергетикалық кешені мен өндiру өнеркәсiбi сияқты салалар тудырып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |