1-слайд. Сәлеметсіздер ме, құрметті білім алушылар! Менің атым Дәурен Аян Дәуренұлы! Мен «Педагогика және психология» кафедрасының оқытушысымын. Бүгінгі «Журналистикаға кіріспе» пәнінің 1-дәріс тақырыбы



бет1/3
Дата17.09.2022
өлшемі22.26 Kb.
#460872
  1   2   3
дәріс-1 ЖК


1-СЛАЙД. "Сәлеметсіздер ме, құрметті білім алушылар!
Менің атым Дәурен Аян Дәуренұлы! Мен «Педагогика және психология» кафедрасының оқытушысымын. Бүгінгі «Журналистикаға кіріспе» пәнінің
1-дәріс тақырыбы: «Қазіргі әлемдегі журналист және журналистика».


2-СЛАЙД. Дәріс жоспары
1. «Журналистикаға кіріспе» – пәнінің мақсат міндеттері
2. Журналистиканың қоғамдық қызмет ретінде пайда болуы және журналистика теориясының ақпаратты тарату формалары, функциялары мен принциптері туралы ғылым ретінде дамуы.
3. «Журналистика» ұғымының қазіргі түсінігінің ерекшелігі.
4.Журналистика әлеуметтік құбылыс ретінде.


3-СЛАЙД. Пәннің қысқаша сипаттамасы

Бұл пән қазіргі қоғамдық-экономикалық формацияның даму ерекшеліктерін ескере отырып, журналистиканың функционалдық жағын шығармашылық іс-әрекет процесі ретінде ұғынуға, сондай-ақ журналистік қызметтің соңғы өніміне әсер ететін ақпарат беру арнасының ерекшелігін түсінуге мүмкіндік береді.


4-СЛАЙД. Пәннің мақсаты:

Білім алушылардың қоғамда журналистиканың орны мен рөлі, ақпараттық қызмет ретіндегі журналистика қызметі, тиімділіктің принциптері мен негізгі өлшемдері туралы білімдерін қалыптастыру және бекіту.




5-СЛАЙД. Пәннің міндеттері:
1.әртүрлі қоғамдық-саяси жағдайларды салыстыру әдістерді қолдана отырып, журналистиканы ғылым ретінде және ақпаратты жинау, өңдеу және тарату бойынша тәжірибе алаңы ретіндегі түсініктерді зерделеу;
2.әртүрлі ұлт өкілдерінің ұзақ мерзімді және бейбіт қатар өмір сүруі, саяси пікірлер, қоғам өміріндегі болып жатқан өзгерістерге қоғамдық көзқарастар негізінде қазақстандық қоғамда қалыптасқан объективті заңдылықтармен қалыптасатын журналистік қызметтің жалпы теориялық-әдіснамалық және объективті - субъективті қағидаттарының іс-әрекетін анықтау;
3.білім алушыларды Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамаларда қарастырылған журналистердің құқықтарын пайдалануға және міндеттерін ұстануға үйрету;
4.тәуелсіз баспасөздің қызметі жағдайында "баспасөз бостандығы" ұранын қалыптастыру ерекшеліктерін көрсету;
5.әдеби және ұйымдастыру шығармашылығының ерекше түрі ретіндегі журналистік мамандық туралы түсінік беру.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет