1. Сот оқуы стратегиясының паспорты



Дата17.06.2016
өлшемі228.99 Kb.
#141216
1. Сот оқуы стратегиясының паспорты


Стратегияның

атауы


2009-2011 жылдарға арналған Сот оқуының стратегиясы

Стратегияны әзірлеу үшін негіздеме

Қазақстанның әлемдегi барынша дамыған және бәсекеге қабiлетті елу елдің қатарына кiру стратегиясына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына  Жолдауларына сәйкес.

Әзірлеушілер

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сот төрелігі институты, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет.

Стратегияның мақсаты

Сот жүйесінің кадрларын дайындау және қайта даярлау сапасын арттыру мақсатында сот оқуы жүйесінің жұмысын жаңғырту, жұмыстың осы бағыттағы қалыптасқан нысандары мен әдістерін әзірлеу және басым міндеттерді анықтау.

Стратегияның міндеттері

- сот жүйесі үшін кадрларды дайындау жөнінде жоғарғы заң оқу орындарымен және заң факультеттерімен ынтымақтастық;

- Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сот төрелігі институтында сот жүйесі үшін кадрларды кәсіби дайындау деңгейін арттыру;

- судьялар мен сот жүйесі қызметін қамтамасыз ететін органдардың қызметшілерінің (сот приставтары, сот отырыстарының хатшылары, сот орындаушылары, соттар аппараттарының қызметкерлері, бұдан әрі мәтін бойынша – сот жүйесінің қызметшілері) үздіксіз сот оқуын қамтамасыз ету;

- ғылыми-практикалық іс-шаралар өткізу;

- сот оқуы саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету.


Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері

Стратегияны қаржыландыру судьяларды оқыту жүйесі бойынша республикалық бюджет және үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен жобалар есебінен жүзеге асырылады.

Күтілетін нәтижелер

- Сот оқуы жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырыстарында сот оқуы бағдарламаларын, оқу жоспарларын және оқыту әдістемелерін жыл сайын талдау және нәтижелерін талқылау арқылы жетілдіру;

- ғылыми мәліметтер негізінде, заңнаманы және сот практикасын талдау негізінде, талаптарға сәйкес судьялар мен сот жүйесі қызметшілерінің ақпаратқа қол жетімділігін қамтамасыз ете отырып, оқу құралдарын, лекциялардың курстарын әзірлеу сапасын жақсарту және санын көбейту;

- қашықтықтан оқытуды енгізу және судьялар мен сот жүйесі қызметшілеріне қашықтықтан оқытуды қамтамасыз ету;

- оқу бағдарламалары бойынша халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, судьялар мен сот жүйесі қызметшілерін дайындау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі әлемнің жетекші орталықтарының тәжірибесін зерттеу және сот оқуына озық жетістіктер мен оң тәжірибені енгізу.




2. Кіріспе

Қазақстан Республикасы Сот оқуының стратегиясы (бұдан әрі – Стратегия) сот жүйесін, сот жүйесінің кадрларын дайындау және қайта даярлау жөнінде қазіргі кәсіби оқытуды, судьялардың білімін және кәсіби деңгейін арттыру жөніндегі шараларды одан әрі жетілдіру үшін қажет. Себебі әлеуметтік-экономикалық саладағы өзгерістер білім беру жүйесіне, қолданылып жүрген нысандар мен әдістердің қазіргі замандағы жағдайларға бейімделуіне жаңа талаптар қояды. Осы мақсатта сот оқуы саласында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты нысаналы жұмысты жүзеге асыруда.

Қазақстан Республикасындағы кәсіптік білімнің, оның ішінде сот білімінің маңызы бағдарламалық сипаттағы бірқатар мемлекеттік құжаттарда құқықтық саясаттың маңызды буыны және оны іске асыру тетігі ретінде көрсетіледі. Стратегия Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына Жолдауларына, Қазақстанның әлемдегi барынша дамыған және бәсекеге қабiлетті - елдердің қатарына кiру стратегиясына сәйкес әзірленді, онда оқытудың ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа нысандарына негізделген мамандандырылған бағыттарын жасау қажеттілігі көрсетілген.

Білім саласындағы бәсекеге қабілеттілікті арттыруға бағытталған қазіргі замандағы білімнің дамуы тұрғысынан судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерін дайындау және оқыту, олардың білімі мен кәсіби деңгейі еліміздің әлемдік білім кеңістігіне кіруін қамтамасыз ететін аса маңызды құралдар болады.

Халықаралық стандарттар мен нормативтерді, жетекші ғалымдардың, қоғамдық ұйымдардың, көп жылдық практикалық тәжірибесі бар заңгерлердің қатысуымен отандық және шетелдік заңи және педагогикалық практиканы пайдаланып, судьяларды кәсіби дайындау негіздерін әзірлеу үздіксіз оқытуды дамытудың стратегиялық бағыты болып табылады.

Сот жүйесіне жоғары білікті мамандарды дайындау құқықтық реформаның көптеген мәселелерін шешуге, сот құзыреттілігі, этика, кәсіпқойлық, сот жүйесінің тәуелсіздігі мен ашықтығы салаларында барынша жоғары стандарттарға жетуге жағдай жасайды.

Осы Стратегияны табысты іске асыру үшін: кешенділік, жүйелілік, сабақтастық, іске асырушылық, бағыттылық, пәрменділік пен нәтижелілік сияқты негізгі қағидаттарды сақтай отырып, ауқымды ұйымдастырушылық шаралар кешенін орындау қажет.

3. Сот оқуының жай-күйін талдау

Сот қызметін кәсіпқой кадрлармен қамтамасыз ету саласында елеулі ілгерілеу байқалады. Алайда сот оқуын жетілдіру, Қазақстан Республикасындағы білімді жаңғырту бағдарламасының тұжырымдамалық ережелерін ескеріп, сот жүйесі үшін кадрларды дайындау сапасын арттыру мәселелері өзекті болып қала береді.

Қазіргі уақытта білім беру жүйесі оқу процесін ұйымдастырудың дәстүрлі жүйесінен оқушылардың белсенді жеке жұмысын ынталандыратын, жеке білім алу траекториясын таңдауды қамтамасыз ететін, білім туралы құжаттардың әлемдік білім кеңістігінде танылуына жағдай жасайтын кредиттік оқыту технологиясына негізделген білім беру жүйесіне көшумен сипатталады.

Қазақстан Республикасында заңгерлерді дайындау кезінде қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі әзірлейтін және бүкіл республика аумағында бірыңғай стандарт болып табылатын Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында (бұдан әрі – МЖБС) мазмұндалады.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сот төрелігі институты Сот оқуы саласындағы мамандандырылған орган болып табылады, ол өзінің білім беру қызметін негізгі екі бағыт бойынша жүзеге асырады: 1) «Юриспруденция» мамандығы бойынша магистрларды өндірістен қол үзіп екі жылдық бағдарлама бойынша оқыту және дайындау; 2) судьялар мен сот жүйесінің қызметін қамтамасыз ететін органдар қызметшілерінің біліктілігін арттыру. Әрбір судья 5 жыл ішінде Сот төрелігі институтында біліктілікті арттыру курстарын міндетті түрде өтеді.

Сот төрелігі институтымен қатар, судьялардың біліктілігін арттыру сот оқуы жөніндегі актілерге сәйкес, судьяларды оқытудың күнтізбелік жылға арналған перспективалық жоспары негізінде, облыстық және оларға теңестірілген соттардың оқу орталықтарында жүзеге асырылады. Облыстық және оларға теңестірілген соттардың оқу орталықтарының жұмысын білім беру іс-шараларын ұйымдастыру үшін жауапты оқу бағдарламаларының үйлестірушілері басқарады.

Соттар қызметінің практикасын ескеріп, судьялардың кәсіби біліктілігінің деңгейін арттыру мақсатында судьялардың жоғары тұрған соттарда тағылымдамадан өтуі ұйымдастырылған. Судьялар біліктілігін арттыру міндетті тәлімгерлік бағдарламалар және қосымша менторлық бағдарламалар институттары арқылы қамтамасыз етіледі.

Қызметтің көрсетілген бағыттары одан әрі жетілдіруді талап етеді, соған байланысты осы Стратегия әзірленді.


4. Стратегияның мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары

Стратегияның мақсаты судьялар корпусы кадрларын дайындау, қайта даярлау сапасын арттыру мақсатында, осы бағыттағы жұмыстың кемел нысандары мен әдістерін әзірлеу және басым міндеттерді белгілеу арқылы сот оқуы жүйесін жаңғырту болып табылады.

Осы мақсатқа қол жеткізу үшін негізгі міндеттер мыналар болып табылады:

- сот жүйесі үшін жоғары білікті және кәсіпқой кадрларды даярлау жөнінде жоғарғы заң оқу орындарымен және факультеттерімен ынтымақтастық;

- Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сот төрелігі институтында сот жүйесі үшін кадрларды кәсіби даярлаудың деңгейін арттыру;

- судьялардың біліктілігін үздіксіз арттыруды қамтамасыз ету;

- сот жүйесінің қызметін қамтамасыз ететін органдардың қызметшілерінің біліктілігін тұрақты негізде арттыруды ұйымдастыру;

- ғылыми-практикалық іс-шараларды өткізу;

- сот оқуы саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету.

Стратегияның қағидаттары мыналар болып табылады:

- сот оқуының соттардың құқық қолдану қызметін жетілдіруге, сот жүйесі үшін кадрларды сапалы даярлауға бағытталғандығы;

- елдің ұлттық мүдделері мен әлеуметтік-экономикалық дамуының ұзақ мерзімді мақсаттарына сәйкес ғылыми және ғылыми-техникалық дамудың басым бағыттарын таңдау және ынталандыру және оларды іске асыру үшін ресурстарды пайдалану;

- ғылымның, білімнің және сот практикасының бірлігі.
5. Стратегияны іске асыру жөніндегі қызметтің негізгі бағыттары
5.1 Сот жүйесіне жоғары білікті және кәсіпқой кадрларды даярлау жөнінде жоғарғы заң оқу орындарымен және факультеттерімен ынтымақтастық

Осы міндетті іске асыру және шешу үшін мыналар қажет:



  1. білім беру бағдарламалары туралы әдебиетпен және ақпаратпен алмасу;

  2. практикалық тәжірибесі мол судьялардың, отставкадағы судьялардың және сот жүйесі қызметкерлерінің Мемлекеттік аттестаттау комиссияларының, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Оқу-әдістемелік кеңестерінің, Қазақстан Республикасы заң университеттері мен факультеттерінің Ғылыми Кеңестерінің құрамдарына қатысуы;

  3. жоғарғы оқу орындарының оқытушы - ғалымдарының және тыңдаушыларының сот оқуы жөніндегі бағдарламаларға (семинарларға, дөңгелек үстелдерге, конференцияларға) қатысуы;

  4. Қазақстан Республикасының соттарында өндірістік және диплом алдындағы практиканы өту арқылы судьялар мен сот жүйесі қызметшілерінен білім алу және практикалық дағдыларды үйрену үшін жоғарғы оқу орындарының тыңдаушыларына жағдай жасау;

  5. судьялар мен сот жүйесі қызметшілері бітірген жоғарғы оқу орнын көрсете отырып, олардың жұмысының сапасын тұрақты түрде талдау.


5.2 Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сот төрелігі институтында сот жүйесі үшін кадрларды дайындау (мамандандырылған магистратура)

Мамандардың тиесілі кәсіби дайындығын қамтамасыз ету үшін, болашақ судьялардың зерделеу және практикалық дағдыларын дамыту үшін Сот төрелігі институты:



  1. Жоғарғы Сотпен келісім бойынша оқу жұмыс жоспарларын, магистранттардың жеке жоспарларын, оқудың барлық кезеңіне арналған жол сілтеушілерді, оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстарды және магистранттардың білімдерін бағалауды құру;

2) Жұмыс бағдарламасын, силлабус пен белсенді тарату материалдарын (БТМ) әзірлеу мен ресімдеу қағидаларын, Оқу процесі мен практикасының, ғылыми-әдістемелік жұмыстың, аудиториядан тыс жұмыстардың, құжаттамаларды жүргізудің регламенттерін жасау;

3) білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес келетін профессорлық- оқытушылық құрамды қалыптастыру;

4) отандық және шетелдік ғалымдар мен сарапшыларды тарта отырып, шетел тәжірибесін зерделеу мен пайдалану, меймандардың қатысуымен лекциялар оқу жүйесін, шеберлікті шыңдау сыныптарын енгізу мақсатында Қазақстанның, ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің, өзге де мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың құқықтық ғылыми және білім беру мекемелерімен ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету;

5) жаңа технологияларды ескере отырып, магистранттар үшін ғылыми, оқу, оқу-әдістемелік, анықтамалық және өзге де әдебиеттерді басып шығару;

6) халықаралық стандарттар деңгейінде теориялық, қолданбалы пәндер мен арнайы курстарды оқыту;

7) судьялардың қатысуымен тақырыптық семинарларды, сондай-ақ бірлескен іс-шараларды, оның ішінде дербес баяндама жасайтын магистранттарды тарта отырып, қолданыстағы заңнаманың өзекті проблемалары бойынша халықаралық семинарлар мен конференцияларды өткізу;

8) іс жүргізу құқығы бойынша сабақтар өткізу: сот актілерінің жобаларын жасау, сот ісін жүргізу, процесті жүргізудің құқықтық мәдениеті қағидаттарын сақтай отырып, қойылым түріндегі сот процестерін өткізу;

9) оқытушы (нұсқаушы) мен оқушының уақыт пен кеңістік бойынша бөлінуімен сипатталатын білім алу процесі ретінде қашықтықтан оқыту курстарын енгізу жүзеге асырылатын болады.

Осыған байланысты Сөт төрелігі институты:


  • қашықтықтан оқыту курстарын ұйымдастыруды оқуға қашықтықтан оқыту технологияларын меңгерген мамандарды тарта отырып білім алу процесі ретінде зерделеуі;

  • өз бетімен білім алу немесе жеке байланыстан тыс топтық жұмысты орындаумен айналысу мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында қашықтықтан оқыту курстарын ұйымдастыруы;

  • Интернетті, ашық хабар беруді, тұйық тележүйені, арналы хабар таратуды, спутниктік бағдарламаларды қоса алғанда техникалық құралдардың көмегімен бағдарламалар арқылы қашықтықтан оқыту технологиясын дамытуы;

  • тұрақты түрде жаңартылып отыратын құқықтық ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етуі;

  • аудио және/немесе телеконференциялар, бейнетаспалар, компакт-дискілер және DVD дискілер арқылы қашықтықтан оқытуды дамытуды жүзеге асыруы;

10) оқуда жоғары көрсеткіштері бар магистранттарға халықаралық бағдарламалар бойынша оқуы үшін гранттар тапсыру, оларды жоғары тұрған соттарға тағылымдамадан өтуге жіберу арқылы оларды марапаттау жүйесін енгізуі;

11) оқытушылық тәжірибесі мен ғылыми дәрежесі бар, жұмыс істеп жүрген судьяны магистрлік жұмыстар бойынша жетекші етіп белгілеуі;

12) оқытушы әзірлеген ОӘК-ке (оқу-әдістемелік кешендерге) талдау жасай отырып, оқыту сапасына мониторинг жүргізу жүйесін енгізуі;

13) Сот төрелігі институтының Зерттеу орталығымен бірігіп, «Магистранттың моделі және Мемлекеттік басқару академиясында білім берудің басымдықтары» деген жыл сайынғы әлеуметтік зерттеуді жүргізуі, қоғамның хабардар болуын қамтамасыз ету, магистратураға түскен кезде бәсекелестікті арттыру, үміткерлерді конкурстық негізде іріктеуді сапалы жүзеге асыру мақсатында оның нәтижелерін БАҚ-та жариялауды жүзеге асыруы қажет.


5.3. Судьяларды үздіксіз оқытуды қамтамасыз ету

Судьялар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Судьялар одағының, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Сөт төрелігі институтының оқыту бағдарламаларына, облыстық және оларға теңестірілген соттардың оқыту орталықтарына, міндетті және қосымша оқыту бағдарламаларына қатыса отырып, өздерінің біліктіліктерін арттыруда. Судьяларға үздіксіз оқытуды қамтамасыз ету үшін мына бағдарламаларды іске асыру қажет:

5.3.1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының оқыту бағдарламалары:


  • конференциялар

  • дөңгелек үстелдер

  • тақырыптық семинарлар

  • судьялардың тағылымдамасы.

5.3.2. Қазақстан Республикасы Судьялар одағының оқыту бағдарламалары:

  • конференциялар

  • дөңгелек үстелдер

  • семинарлар

  • менторлық бағдарламаларға басшылық ету.

5.3.3. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сот төрелігі институтында судьялардың біліктілігін арттыру жөніндегі оқыту беру бағдарламалары:

  • Сот оқуы жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі) әзірлеген Стратегияны іске асыру жөніндегі жыл сайынғы Бағдарламаның жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;

  • судьялардың оқыту жөніндегі сұранысына талдау жасаудың негізінде сабақтардың тақырыптары мен нысандарын көрсете отырып, судьяларды Жоғарғы Сотпен келісілген күнтізбелік жылға арналған перспективалық жоспарға сәйкес оқыту;

  • судьялардың оқыту жөніндегі сұранысын және жыл нәтижесі бойынша олардың жұмысының сапасын ескере отырып, оқытылатын контингент бойынша ұсыныстар енгізу үшін жоспарды облыстық және оларға теңестірілген соттардың оқыту бағдарламаларының үйлестірушілеріне 1 желтоқсанға дейін жолдау;

  • материалдық және кадрлық ресурстарға және қажеттілігіне қарай қашықтықтан оқытуға судьяларды барынша қатыстыруға байланысты судьялар контингентін жоспарлы түрде алдын ала оқыту арқылы Сот төрелігі институтының бағдарламалары бойынша судьялардың біліктілігін арттыру мүмкіндігін қамтамасыз ету (5 жылда кемінде 1 рет);

  • сот жүйесінің Зерттеу орталығы мен Сот төрелігі институтының оқытылған судьялардың сандық және субъектілік құрамына тұрақты түрде мониторинг жүргізуі. Әр жылдың қорытындылары бойынша жұмысты есепке алу үшін талдаудың нәтижелері Жоғарғы Сотқа, Сот әкімшілігі жөніндегі комитетке ұсынылсын.

  • білім беру процесін уақтылы жақсарту мақсатында оқытудың тиімділігіне үнемі мониторинг жүргізу;

  • Сот төрелігі институтының тыңдаушыларды өткізілетін сабақтардың материалдарымен қамтамасыз етуі;

  • оқытудың нәтижелері бойынша Сот төрелігі институтының тыңдаушыларына біліктілігін арттырғаны туралы тиісті құжаттардың берілгенін растау;

  • қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың оқыту процесіне кеңінен енгізілуін қамтамасыз ету.

5.3.4. Облыстық және оларға теңестірілген соттардың оқыту орталықтарының білім беру бағдарламалары:

Оқыту орталықтары:


  • судьялардың оқыту жөніндегі сұранысына, оның ішінде міндетті жыл сайынғы апталық бағдарлама бойынша сұранысына жыл сайын талдау жүргізуі;

  • Сот оқуы стратегиясын іске асыру жөнінде жыл сайын жоспар әзірлеуі;

  • Жоғарғы Соттың Оқу бағдарламаларының үйлестірушісіне Сот оқуы стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың өткізілгені туралы ақпарат ұсынуы;

  • судья жұмысының сапасына салыстырмалы талдау жүргізу арқылы оқыту бағдарламаларының тиімділігіне үнемі мониторинг жүргізуі қажет.

5.3.5. Міндетті және қосымша оқыту бағдарламалары:



Тағылымдама.

Тағылымдамадан өту Аудандық, облыстық және оларға теңестірілген соттар судьяларының жоғары тұрған соттарда тағылымдамадан өту қағидасымен реттеледі.

Тағылымдамадан өтудің маңыздылығы мен пайдалылығын мойындай отырып:


  • соттарда тағылымдаманы аудандық, облыстық және оларға теңестірілген соттар судьяларының жоғары тұрған соттарда тағылымдамадан өту қағидасын және Тағылымдаманы жүргізу жөніндегі ұсыныстарды сақтай отырып өткізуі;

  • жұмыс өтіліне, тәжірибесіне, сот төрелігін жүзеге асыру сапасының көрсеткіштеріне, судьяның әрекетіне шағымдардың бар-жоғына және басқа да мән-жайларға байланысты үш жылда кемінде бір рет және ұзақтығы кемінде екі апталық тағылымдама өткізуі;

  • облыстық және оларға теңестірілген соттардың оқыту орталықтары судьяның тағылымдамаға дейінгі және одан кейінгі кезеңдегі жұмысының сапасына салыстырмалы түрде талдау жасау арқылы тағылымдамалардың нәтижелілігіне тұрақты түрде мониторинг жүргізіп, нәтижелерін жылдың қорытындылары жөніндегі жиналыста талқылаулары қажет.


Тәлімгерлік.

Тәлімгерлік алғаш тағайындалған судьялардың кәсібилігін арттырудың бір нысаны болып табылады және Судья әдебі кодексінде белгіленген мінез-құлықтың жоғары стандарттарына ие білікті заңгер ретінде қызметті жаңадан бастаған судьяның қалыптасу процесін жеделдетуге септігін тигізеді. Тәлімгерлік алғаш рет тағайындалған, судья қызметінде үш жылға дейін судьялық жұмыс өтілі бар судьялар үшін міндетті түрде жүзеге асырылады. Бұл үшін жұмыс тәжірибесі мол және мінсіз беделі бар тәлімгер тағайындалады.

Тәлімгерлік жөніндегі бағдарламаны іске асыруды қамтамасыз ету үшін:


  • облыстық және оларға теңестірілген соттардың оқыту орталықтары судьялардың тәлімгерге деген сұранысына тұрақты түрде мониторинг жүргізуі;

  • алғаш тағайындалған судьялар үшін тәлімгерлікті міндетті түрде ұйымдастыруы;

  • жұмыс нәтижелерін талдай отырып, жас судья мен тәлімгердің есебі арқылы бағдарламаның тиімділігін бағалауы қажет.


Менторлық.

Судья менторлығы – бұл тәжірибелі судья мен судья қызметінде кішігірім өтілі бар судья арасындағы қатынасты реттейтін қосымша бағдарлама. Судья менторлығы бағдарламасын іске асыруды қамтамасыз ету үшін:



  • бағдарламаның әлеуетті қатысушылары үшін бағыт-бағдар беретін семинарлар өткізіп, оларды бағдарламаның мақсаттары, міндеттері мен менторлықты жүзеге асыру қағидаттары жөнінде хабардар ету;

  • жаңа кәсіпке ауысуға, судья мәдениеті мен әдебіне қатысты мәселелер бойынша тәжірибелі судья мен жас судьяның қарым-қатынас жасауына қолдау көрсетуге бағытталып ұйымдастырылған іс-шаралар арқылы жергілікті жерлерде менторлық жөніндегі бағдарламаны іске асыруды қамтамасыз ету;

  • оқыту бағдарламаларының үйлестірушілері жыл сайын талдау жасау арқылы Қазақстан Республикасы Судьялар одағының филиалдарына судьялардың біліктілікті арттырудың осындай нысанына деген сұранысы туралы ақпаратты табыс ету;

  • Қазақстан Республикасы Судьялар одағы бағдарламаның тиімділігіне мониторинг жүргізіп, облыстық және оларға теңестірілген соттардың оқыту орталықтарына, Қазақстан Республикасы Судьялар одағының Орталық Кеңесіне оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуі қажет.

Судьяларды қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ғылыми-білім беру ұйымдарында қосымша білім алу.

Судьялардың тұтастай алғанда әртүрлі машықтар мен тақырыптар бойынша қосымша оқуына қол жеткізуін қамтамасыз ету қажет. Ғылыми-білім беру ұйымдарында қосымша оқытуды іске асыруды қамтамасыз ету үшін:



  • судьяларды жергілікті жерлерде ғылыми-білім беру ұйымдарының жанында оқыту;

  • судьяларды оқытуды Жоғарғы Сотпен келісілген және Сот төрелігі институты бекіткен күнтізбелік жылға арналған перспективалық жоспарға сәйкес жүргізу;

жоспарды оқытуды қажет ететін судьялардың және олардың жұмыстарының сапасын 1 желтоқсанға дейін жыл қорытындысы бойынша ескере отырып, оқып жатқан контингент бойынша ұсыныстар енгізу үшін облыстық және оларға теңестірілген соттардың оқыту бағдарламаларының үйлестірушілеріне жолдау қажет;
5.4 Сот жүйесінің қызметін қамтамасыз ететін органдар қызметшілерінің біліктілігін арттыру.

Сот жүйесі қызметін қамтамасыз ететін органдар қызметшілерінің (бұдан әрі – сот жүйесінің қызметшілері) біліктілігін арттыру жөніндегі міндеттерді қамтамасыз ету үшін:

1) Сот төрелігі институты, облыстық және оларға теңестірілген соттардың оқыту орталықтары, Жоғарғы Сот жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет сот жүйесі қызметшілеріне арналған міндетті арнаулы оқыту курстарын, оқу құралдарын әзірлеуі;

2) облыстық және оларға теңестірілген соттардың оқыту орталықтарында, Сот төрелігі институтында және басқа да оқыту орталықтарында оқыту (тілдік, компьютерлік және т.б.) талабына қарай сот жүйесі қызметшілеріне арналған арнаулы курстар өткізу қажет.



5.5 Ғылыми практикалық іс-шаралар.

Судьялар мен сот жүйесі органдарының қызметкерлерін дайындау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру сапасына Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Судьялар одағы конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер түрінде өткізетін және басқа да ғылыми-практикалық тұрғыдағы іс-шаралар оң әсерін тигізеді. Осы саладағы жұмыстарды күшейту үшін:

1) республикалық және халықаралық конференцияларды, семинарларды, дөңгелек үстелдерді өткізу сапасын жетілдіру;

2) судьялардың, жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамын кең ауқымда қамти отырып (кемінде жылына 2 рет) өңірлік конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу қажет.



5.6 Сот оқуы саласындағы халықаралық ынтымақтастық

Халықаралық ұйымдармен және басқа елдердің соттар қауымдастығымен өзара байланыс жасау стратегиялық қатынастарды орнату және ақпарат пен тәжірибе алмасу үшін маңызды болып табылады. Осы саладағы жұмыстарды күшейту үшін судьялар мен сот жүйесі қызметшілерінің коллоквиумдарға, басқа да халықаралық оқыту іс-шараларына қатысуы; шетелдік сот жүйесінің дамуын, соның ішінде үздіксіз сот оқуы саласын зерделеуі; Қазақстан Республикасының сот оқуы жөніндегі оқыту бағдарламаларына халықаралық сарапшылар ретінде басқа елдердің ғалымдары мен практиктерін қатыстыру; Қазақстан Республикасының судьялары мен сот жүйесі қызметкерлерінің шетелдік оқу бағдарламаларына, іс-шараларға халықаралық сарапшы ретінде қатысуы; судьялардың, сот жүйесі қызмешілерінің тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру және өткізу арқылы шетелдік заң тәжірибесін зерделеу; басқа елдердің судьяларын Қазақстан Республикасының соттарында осыған ұқсас тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру және өткізу қажет.



6. Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері

Сот оқуы стратегиясын іске асырудың негізгі ресурстары:



  • республикалық бюджет;

  • Судьяларды оқыту жүйесі бойынша үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен жобалар;

  • байланыссыз гранттардың қаражаттары болып табылады1.

Осы ұсыныстар тұжырымдамалық болып табылады, ол бұдан кейінгі мақсаттарға байланысты нақтылануы және кеңейтілуі мүмкін.

7. Стратегияны іске асыру тетіктері

Стратегияның орындалуын кеңейтілген бағдарламалар мен тиімді бақылау жасау жүйесі арқылы сот оқуын ұйымдастырушылар жүзеге асыратын болады.

Сот оқуын ұйымдастырушылар:

● Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты;

● Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет;

● Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сот төрелігі институты (бұдан әрі – Сот төрелігі институты);

● облыстық және оларға теңестірілген соттардың оқыту орталықтары (бұдан әрі – оқыту орталықтары);

● Қазақстан Республикасының Судьялар одағы;

● жоғары оқу орындары болып табылады.

Сот оқуын ұйымдастырушылар әрбір жылдың қорытындысы бойынша Үйлестіру кеңесіне сот оқуының стратегиясын іске асыру бойынша есепті және сот оқуының нақты бағыттары бойынша күтілетін нәтижелерді көрсете отырып, алдағы жылға арналған жоспарды табыс етеді.



7.1. Сот оқуы жөніндегі Үйлестіру кеңесі

Сот оқуы стратегиясының мақсаттары мен міндеттерін іске асыруды Сот оқуы жөніндегі Үйлестіру кеңесі қамтамасыз етеді, оның негізгі функциялары:



  • Сот оқуының өздеріне қатысты бағыттары бойынша Сот оқуы стратегиясын іске асыру туралы сот оқуын ұйымдастырушылардың есептерін жыл сайын тыңдауды;

  • сот оқуын ұйымдастырушылардың оқыту бағдарламаларының, оқу жоспарларының және оқыту әдістемелерінің тиімділігін талдауды және бағалауды;

● судьялар мен сот жүйесі қызметшілері үшін қол жетімді оқыту және біліктілігін арттыру жөніндегі оқу материалдарының тиімділігін талдауды және бағалауды;

  • коммерциялық емес ұйымдар, халықаралық ұйымдар және донорлар, сондай-ақ қаржыландырудың немесе оқытудың және біліктілігін арттырудың жеке көздері ұсынып отырған бағдарламаларды қоса алғанда, білім беру және біліктілігін арттыру жүйесін анықтау, бағалау және сыртқы ресурстарды тартуды;

  • Сот оқуы стратегиясын іске асырудың мониторингін жасайды және бағалауды;

  • егер кейіннен шарттары немесе мән-жайлары өзгеретін болса, сот жүйесін одан әрі жетілдіру процестеріне байланысты тиісті түзетулерді енгізу мен орындауды бақылау мақсатында іске асыру шарттарын жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды әзірлеуді;

  • білім беру және біліктілігін арттыру жүйесінде үйлестіру бойынша қосымша ұсынымдар ұсынуды;

  • оқыту және біліктілігін арттыру бойынша күтілетін нәтижелерді анықтауды қамтиды.



8. Стратегияны іске асырудан күтілетін нәтижелер

Стратегияның барлық бағыттарын іске асыру Сот оқуы стратегиясының мақсаттарына қол жеткізуді – Қазақстан Республикасының сот жүйесін жетілдіру мен дамытудың талаптарына жауап беретін, үздіксіз сот оқуы жүйесінің тиімді қызмет етуін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

Стратегияны іске асыру барысында:

● Сот оқуы жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырыстарында сот оқуы бағдарламаларын, оқу жоспарларын және оқыту әдістемелерін жыл сайын талдау және нәтижелерін талқылау арқылы жетілдіру;

● ғылыми мәліметтер негізінде, заңнаманы және сот практикасын талдау негізінде, талаптарға сәйкес судьялар мен сот жүйесі қызметшілерінің ақпаратқа қол жетімділігін қамтамасыз ете отырып, оқу құралдарын, лекциялардың курстарын әзірлеу сапасын жақсарту және санын көбейту;

● қашықтықтан оқытуды енгізу және судьялар мен сот жүйесі қызметшілеріне қашықтықтан оқытуды қамтамасыз ету;

● оқу бағдарламалары бойынша халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, судьялар мен сот жүйесі қызметшілерін дайындау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі әлемнің жетекші орталықтарының тәжірибесін зерттеу және сот оқуына озық жетістіктер мен оң тәжірибені енгізу күтіледі.

Сот оқуы стратегиясын іске асыру сот төрелігін жүзеге асырудың сапасына, азаматтардың сот қорғауына кеңінен қол жеткізуін қамтамасыз етуге, сот жүйесінің беделін арттыруға әсерін тигізетін болады.

Үздіксіз сот оқуы үшін жағдай жасау:

● соттардың жұмыстарының тиімділігін арттыруға;

● азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін соттың қорғауын неғұрлым толық қамтамасыз ету үшін ұйымдастырушылық-құқықтық, ақпараттық және өзге де жағдайлар жасауға;

● судьялар мен сот жүйесі қызметшілерін уақтылы дайындауға және теориялық білімдермен және практикалық дағдылармен қамтамасыз етуге;

● сот ісін жүргізу мен құқық қолданудың қазіргі заманғы проблемаларын жоғары теориялық деңгейде оқытуға және түсіндіруге қабілетті жаңа буын оқытушылардың пайда болуына;

● сот төрелігін жүзеге асыруға байланысты даулы теориялық және практикалық проблемаларды зерттеуге бағытталған ғылыми қызметкерлердің қалыптасуына әсер ететін болады.


9. Қорытынды
Сот оқуы стратегиясын табысты іске асырған кезде сот саласындағы оқыту бағдарламаларының негізгі өнім берушілерінің тиімді жұмыс істеуі және үздіксіз сот оқуы жүйесінің тұрақтылыққа ауысуы және нәтижесінде сот төрелігін жүзеге асыру сапасын арттыруға әсер ететін реттелетін негіз үшін ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық және өзге де жағдайлар жасалатын болады.

Сот оқуы стратегиясын жүзеге асыру соттардың Қазақстан Республикасындағы білім берудің жұмыс істеу жүйесін қамтамасыз ету саласында уәкілетті органдармен және мекемелермен, сондай-ақ оны іске асыру және оларды сот білімі процесіне тарту барысы туралы қоғамды жүйелі түрде ақпараттандыру арқылы азаматтық қоғам институттарымен өзара байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.



Сот оқуы стратегиясын әзірлеу барысында мынадай нормативтік құқықтық база және әдебиеттер пайдаланылды:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы;

2. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Конституциялық заңы;

3. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы;

4. Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 20 қыркүйектегі Құқықтық саясат тұжырымдамасы;

5. Қазақстан Республикасында білімді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

6. «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Мемлекет Басшысының 2006 жылғы 1 наурыздағы Жолдауы;

7. «Юриспруденция» мамандығы бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;

8. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Сот төрелігі институтының Ережесі;

9. Авторлар ұжымы (Бектұрғанов А.Е., Хаджиев А.Х., Кенжалиев З.Ж., Жақыпова Ф.Н., Абайдельдинов Т.М., Ибраева А.С, Чукмаитов Д.С) әзірлеген Қазақстан Республикасының заң білімі тұжырымдамасының жобасы;

10. USAID жобасы шегінде IRIS орталығы әзірлеген менторлық жөніндегі материалдар Алматы, 2006 жылғы 2-4 наурыз;

11. Сот оқуы стратегиясы жөніндегі дөңгелек үстелдің материалдары.




Мазмұны:


1.

Сот оқуы стратегиясының паспорты..........................................................




2.

Кіріспе.....................................................................................................................................................................




3.

Сот оқуының жай-күйін талдау......................................................................




4.

Стратегияның мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары.........................




5.

Стратегияны іске асыру жөніндегі қызметтің негізгі бағыттары....................................




5.1

Сот жүйесіне жоғары білікті және кәсіпқой кадрларды дайындау жөнінде жоғарғы заң оқу орындарымен және факультеттерімен ынтымақтастық

..........................................................






5.2

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сот төрелігі институтында сот жүйесіне кадрларды дайындау (мамандандырылған магистратура)

...............................






5.3

Судьяларды үздіксіз оқытуды қамтамасыз ету..............................




5.3.1

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының оқыту бағдарламалары.............................................................................................




5.3.2

Қазақстан Республикасы Судьялар одағының оқыту бағдарламалары..................................................................................................




5.3.3

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сөт төрелігі институтында судьялардың біліктілігін арттыру жөніндегі оқыту бағдарламалары..................




5.3.4

Облыстық және оларға теңестірілген соттардың оқыту орталықтарының оқыту бағдарламалары................................................................................




5.3.5

Міндетті және қосымша оқыту бағдарламалары .................................




5.4

Сот жүйесінің қызметін қамтамасыз ететін органдар қызметшілерінің біліктілігін арттыру ..........................................................................................




5.5

Ғылыми-практикалық іс-шаралар...................................................................




5.6

Сот оқуы саласында халықаралық ынтымақтастық...................................




6.

Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері..........................................




7.

Стратегияны іске асыру тетіктері...................................................................




7.1

Сот оқуы жөніндегі Үйлестіру кеңесі...........................................................




8.

Стратегияны іске асырудан күтілетін нәтижелер.........................................




9.

Қорытынды........................................................................................................







1 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі № 740 қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес Сот жүйесі үшін байланыссыз гранттарды тарту Концепциясын Мемлекет Басшысы бекіткен жағдайда ғана мүмкін болады.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет