1. Спорт және дене тәрбиесі психологиясы пәні Спорт психологиясы мен дене тәрбиесі психологиясының өзара байланысы


Тәсілдік дайындықтың психологиялық негіздері



бет3/3
Дата18.09.2024
өлшемі28.32 Kb.
#503743
1   2   3
Лек1 псих

Тәсілдік дайындықтың психологиялық негіздері.

Спортшының тәсілдік дайындығы дегеніміз- жарыс кезінде кездесетін мақсаттарды тиімді шешу әдістерін жетілдіру мен осы мақсаттардың тиімділігін анықтайтын арнайы қабілеттерді дамыту болып табылады.
Тәсілдік дайындықтың психологиялық ерекшеліктері мен мәнін түсіну үшін мынадай ұғымдарға түсінік беру керек: тәсіл, мақсатқа жету;
Тәсіл-бұл жарыс жағдайына орай әдістік амалдарды қолдану құралдарының жиынтығы. Қызу жарыс кезінде спортшы немесе бүкіл команда тәсілінде белгілі бір өзгермелі қимыл сызығы көрінеді. Мысалы, семсерлесуші қарсыласының финттеріне назар аудармастан тұрған жерінде қатып қалуы мүмкін. Бұл оның жарысты жалғастырус үшін өз ойлары туралыч қарсыласында қате пікірлер тудыру тәсілі.
Сонымен, тәсілдік іс-әрекет жарысч басында спортшы алдындағы шешімдер жиынтығынан құралады. Бұдан келіп тәсілдік дайындықтың белгілі бір жағдайларда алға қойылған мақсаттарды білдіретіндігін көреміз. Екі жағдайда да спортшының мақсапттары әр түрлі. Мысалы, ойын кезінде өз қарсыласынан құтылу, оған тосқауыл жасау шабылдаушыч позицияға шығу керек болады. Осы мақсаттарға орай, ол жеке өзі, арнайы шешімдер қабылдауы керек. Жарыс кезіндегі спортшы қимылы мақсаттарды шешудің үзіліссіз шешімдер-күрделі реакциялар арасындағыч спортшының тәсілдік ойлауының бірден-бір ерекшелігі.
Тәлілдік ойлау барысында спортшы мақсаты мен шешу құралы арасында байланысты орнатуға тырысады. Бұл жерде оқиғалар барысын алдын-ала түсіне білуі жағдайлардың мүмкін болатын өзгерісін алдын-ала байқау ерекше орын алады. Қандай да бір шешім қабылдау кезінде спортшы қарсыласының әлсіз және күшті жақтарын тез анықтап, ескерттуді, жарыс өтіп жатқан жағдайларды, сыртқы факторлардыч тез анықтауды үйрену тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет