1. Дене жаттығуларының адам ағзасының физиологиялық жүйелеріне әсері. Физикалық жаттығулар бірқатар белгілері бойынша мынадай топтарға бөлінеді. 1. Бұлшық ет массасы көлемінің белсенділігіне байланысты:
І\ бұлшық еттің 1\3 бөлігінен азырақ қатысуымен орындалатын жергілікті жаттығулар \садақпен ату\; 2\ аймақты жаттығуларда бұлшық еттер массасының 1\2 бөлігіне шейін қатысады. \қолдың көмегімен жасалынатын гимнастикалық жаттығулар\; 3\ бұлшық еттердің 1\2 бөлігінен көбірек бөлімі қатысатын кең аймақты жаттығулар.
ІІ. Бұлшық ет қызметінің тәртібіне байланысты: 1\ изометриялық тәртіпте бұлшық ет қызметінің басым болуы жөніндегі статикалық жаттығулар \жүкті ұстап тұру\; 2\ ауксотониялық тәртіпте бұлшық ет қызметі басым болатын – динамикалық жаттығулар.
ІІІ. Физиологиялық сапаның қайсібірі басым болуына байланысты: 1\ жылдам күш жаттығулары, бұл кезде бұл кезде бұлшық еттер бір уақытта үлкен күш пен жиырылу жылдамдығын көрсетеді \секіру,\лақтыру; 2\ бұлшық еттер аз ғана күш пен жылдамдықта ұзақ уақыт жұмыс қабілеттілігін сақтайтын төзімділікке жаттығулар \ұзақ қашықтыққа жүгіру, шаңғы тебу\.
ІҮ. Уақыт бірлігінде орындалатын жаттығуларда жұмсалатын энергия мөлшеріне байланысты: І\ жеңіл; 2\ орта; 3\ сылбыр; 4\ ауыр; 5\ өте ауыр жаттығулар.
Ү\ Энергияны қамтамасыз ету механизмінің басымдылығына байланысты: І\ анаэробты; 2\ аралас; 3\ аэробты.
2.Бұлшық ет жұмысы кезіндегі қимыл жаттығуларының әсерінен қан айналым, қан, тыныс алу, биоэнергетикалық, зәр шығару, эндокринді жүйелердің өзгеру ерекшеліктері. Бұлшық ет қызметін энергиямен қамтамасыз ететін жүйе. Глюкоза сүт қышқылына дейін ыдырап, 20 секундта 57 ккал энергия береді. Негізгі энергиямен қамтамасыз ету субстраттармен тотығу кезінде жүзеге асады. 2\ аэробты жол: Тотығу көмірсулар мен майлардың жасушаларының митохондриясында жүреді де, 2-5 минуттарда максимумына жетіп, 5 кал\кг\сек энергия жұмсалады. Осыған байланысты жаттығуларды мынадай түрлерге бөледі. Анаэробты жаттығуларда энергия 75%-тен 95 %-ке дейін анаэробты жолмен түзіледі. Бұл жаттығуларды орындағанда негізгі физикалық сапа күш пен тездік болып табылады. Аэробты жаттығуларда энергия өнімділіктің аэробты механизмі басым болғандықтан, оның негізгі физикалық сапасы төзімділік болып табылады.
Тотығу кезінде оттегі қолданылатындықтан бұл жаттығулардың қуаттылығын оттегін пайдалану деңгейімен бағалайды. Егер оттегін пайдалану мөлшерін, оттегінің барынша қажеттілігінің деңгейіне жеткізсек, онда жаттығудың қарқындылығын салыстырмалы аэробты қуаттың деңгейімен сипаттауға болады. Бұлшық еттердің 50 % -тен көбірегі жұмыс істегенде жоғарғы мөлшерін талап етуін – оттегінің барынша қажеттілігі дейміз. Оның мөлшері машықтанбағандарда 2,5-3,5 л\мин. Болса, машықтанаған адамдарда 5-6 л\мин болады.
Оттегінің барынша қажеттілік мөлшері қан және қан айналымы жүйесінің бұлшық етке оттегін тасымалдауына, сондай-ақ қолдануына байланысты. 18-20 жаста оттегінің барынша қажеттілігінің көлемі өте жоғары болады да, жасы ұлғаюына қарай төмендейді. 70 жастағы адам 20 жастағы оттегі қажеттілігінің 60%-ін ғана құрайды. Сүт қышқылының пайда болуы мен ыдырауы негізінде қалыпқа келу процесі өтетін болғандықтан, жұмыстың қарқындылығын сүт қышқылының деңгейімен анықтауға болады. Ол жүрек етінде энергия көзінде айналып, глюкоза синтезделеді. Жұмыс қарықынын сүт қышқылының деңгейімен анықтау үшін анаэробты алмасудың табалдырығы деген түсінік енгізілген.
Бұл қандағы сүт қышқылының мөлшері 36 мг%-ке жеткендегі жүк қарқындылығының деңгейі болады. Сүт қышқылынығ деңгейі анаэжробюты алмасудан төмен болса, жаттығулардың қарқындылығы аэробты жаттығулар болып саналады. Егер сүт қышқылының деңгейі 37 мг%-тен 80 мг%-ке дейін ауытқыса – бұл аралас жаттығулар, ал 80 мг%-тен жоғары болса анаэробты жаттығулар бөлінеді. Жүктеменің қарқындылығын бағалау үшін жүректің соғу жиілігінің көлемі анықталады да, мынадай себептерге байланысты тексеріледі. Бұл кезде оттегінің қажеттілігі артып, жүрек-тамыр жүйесінің қызметі күшейеді де, жүректің соғу жиілігі ұлғаяды. Жүректің соғу жиілігінің көлемі 140 сағ\мин-тен аспаса, олар аэробты жаттығуларда жатады. Егер жүректің соғу жиілігі 175 соғ\мин-тен жоғары болса анаэробты спортты жаттығулар болады.
3. Қимыл бірліктері және дағдылары – спорт техникасының негізі. Қимылдарды басқарудың рефлекторлық механизмдері. Қозғалыстардың орындалуына байланысты стандартты \стеротипті\ және стандартсыз \ситуациялы\ болып екіге бөлінеді.
Стандартты жаттығулар шартты қимыл рефлекстерін жүзеге асыруда белгілі реттілікпен пайда болып, қимыл динамикалық стеротипті түрде қалыптасады. Стандартсыз жаттығулар қарсыласы мен серігінің әрекеті арқылы сипатталады.
Стандартты циклді қозғалыстарды қуатына байланысты барынша жоғарғы, соған тете үлкен және сылбыр деп бөледі.
Жоғарғы қуат аймағында – жұмыс қарқыны 5-тен 30 сек-ке дейін созылады. 60,100,200,400 м жүгіру. 25,50 м жүзу. Қозғалыстар жоғарғы жиілікпен сипатталып, жүгіру жылдамдығы 10м\с болады да, олар АТф, КФ және 3% глюкоза көмегінің қатысуы мен анаэробтың жағдайларда атқарылады. Сүт қышқылы қанға шығып үлгермей, бұлшық еттерде шоғырланады. Оттегінің қарызы 100м жүгіру кезінде 7-8 л, тыныс жиілігі аз өзгереді де, жүректің соғу жиілігі сөреге жақындағанда 180-190 соғ\мин-ке жетіп, артериялық қысым көтеріледі. Систолалық қысым 180-200 мм сынап бағанасына жетсе, диастолалық қысым өзгермейді.
Субмаксимальды қуат аймағында – жұмыс қарқыны 40 с-тен 3 мин-ке дейін созылады. 400,800,1500 м жүгіру, 100,200,400 м жүзу, 1,2,3 км велосипед тебу. Жүгіру жылдамдығы 7-9 м\с-ке жетіп, жұмыс ағзаның шеткі мүмкіншілігінде анаэробты жағдайда атқарылады. Энергия көбінесе АТФ, КФ және гликолиз арқылы анаэробтық жолмен пайда болады. Түзілген сүт қышқылы қанға өтіп мөлшері 200-200мг\%-ке көтеріліп, сілтілі қышқыл ph 7,0-ге жетеді де, оттегінің қарызы 20-22 л-ге жетеді. Жұмыс кезінде анаэробты процестерден басқа 1,0-1,5 мин аэробты процесстерде қосылады. Тыныс алу және жүрек-тамыр жүйелерінің қызметі күшейеді. Жүректің соғу жиілігі 180-200 соғ\мин, систолалық қысым артады, қан айналысының минөттік көлемі 25-30 л болады. Қандағы қышқыл өнімдерінің шоғырлануы несепке өтеді. Ішкі ортадағы ығысулар шаршауды дамыта түседі. Жасушалардағы және ұлпалардағы, әсіресе орталық жүйке жүйесінде алмасу процестерінің бұзылуына сілтілі қышқылдың ph арқылы күшейеді.
4. Спортшының жұмыс қабілеттілігінің жоғарылауы кезіндегі кері байланыстың қуат жұмсалуын үнемдеу. Бұлшық еттерден келетін импульстердің нәтижесінде орталық жүйке жүйесінде тежелу дамиды. Бұлшық еттерде жиналған өнім алмасуы осмостық қысымды көтеріп, қан плазмасының шығуына мүмкіндік жасайды. Бұл тер бөлінумен бірге қанның қолданылуына әкеп соғады. Жұмыс қабілеттілігінің төмендеуін оттегін тасымалдау, жүрек-тамыр және т.б. өзгеруінен ферментті жүйелердің белсенділігі төмендеп, алмасу процестері бұзылады.
Үлкен қуат аймағында жұмыс қарқыны 3-5 мин-тен 20-30 мин-ке дейін созылады. 3,5,10 км жүгіру, 1000-1500 м жүзу, 5-10 км шаңғы, коньки және 10-20 км велосипед тебу. Энергияның пайда болуының 70-80%-і аэробты жолмен өтеді де, қалғандары АТФ пен КФ және гликолиздің ыдырауының салдарынан болады. Оттегінің қарызы 12л қанның құрамында эритроциттер, лейкоциттер және гемоглобин көбейеді. Жүректің соғу жиілігі 3-4 мин-де 180-200 соғ\мин-ке жетіп, жұмыстың соңына дейін осы деңгейде сақталады.
Стандартты жаттығулар сапалы жасалған жұмыспен сипатталады: Бұлар – акробатика, суға секіру, мәнерлеп сырғанау, көркемдік және спорттық гимнастикалар. Атаулы спорт түрлерімен шұғылданатын спортшылардың көру тепе-теңдік және кинестатикалық анализаторларына ауыртпалық түседі. Энергияның жұмсалуы АТФ және КФ есебінен жүріп, жұмыс динамикалық айналымда атқарылады.
Стандартсыз жаттығуларға спорттың жекелей түрлері \бокс, күрес, семсерлесу\ және спорт ойындары \волейбол, баскетбол, футбол, хоккей\ т.б. қозғалыстар, кростар \марфон, шаңғы тебу\ жатады. Қозғалыстың күрделілігі жағдайдың өзгеруі мен уақыттың жетіспеуіне байланысты өтеді. Қимыл әрекеттерінің ылғи өзгеріп тұруы сезім мүшелері мен ми сыңарлары қабықшасын шаршауға соқтырады.