1. Сұрақ Дүниеге көзқарас және оның тарихи формалары


ислам философиясындағы эманация ұғымының мәні



Pdf көрінісі
бет32/53
Дата22.09.2024
өлшемі0.79 Mb.
#503868
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   53
философия сессия

37.ислам философиясындағы эманация ұғымының мәні: 
Эманация. Неоплатондықтар жасампаздықты мәнді ашуы ретінде эманация 
ұғымында негідеген. Құдай дүниені өзінен тудыра отырып, дүниеге ауысуы. 


Эманация ( көне лат. emanatio ағу, шығу(истечение)) бір нәрседен екінші 
нәрсенің шығуын түсіндіретін философиялық ұғым. Оның көмегімен 
субстанцияның өзінің атрибуттары мен модустарында көрінуін, сонымен 
бірге мәннің құбылысқа ауысуын түсіндіреді.. Әл-Фарабидің эманация 
теориясы өзінде теология мен космология мәселелерін біріктіреді. Ақыл 
барлық затты жасампаз ете отырып, жалғыздан тарайды. Бұлай болу себебі, 
құдай өз субстанциясын біледі, барлық игіліктің бастауы өзі екенін біледі, - 
деп есептейді Әл-Фараби. Құдайдың әрекеті мен жасапмаздығы ойлау 
процесінде, интеллектуалдық процесте жүзеге асады. Ойлау мен болмыстың 
өзара қатынасы Әл-Фараби философиясында жаратылыстың ұлы да 
сымбатты көрінісімен берілген. 
38.Шәкәрім философиясы 
Шәкәрім Құдайбердіұлы — қазақтың ұлы данышпан ойшылы, қазақ 
философиясының негізін қалаушылардың бірі. Қазақ философиясында ар, 
ұят, ынсап, қайғы мәселелерін философиялық логикада тұңғыш рет 
қарастырған ойшыл. Шәкәрім Құдайбердіұылының дүниетанымы көбіне 
мораль философиясына жақын. Шәкәрім Құдайбердіұлының дүниетанымы 
да көбіне мораль философиясы мен ар ілімін қамтиды. 
Шәкәрім философиясының ең басты ерекшелігі - оның ақыл-ой, ұждан 
мәселелерін анықтап беруі. Ұждан дегеніміз — ынсап, мейірім, әділет. Жанға 
азық болатын құндылықтардың алғашқысы. Шәкәрім адамды адам ететін 
басты нәрсе – оның ақылы, адал еңбегі дейді. Егер де адам ешкімге 
жамандық, қиянат ойламай адал еңбекпен мал тапса, жанын ақылмен 
сусындатса ғана «адам» атына ие болады. 
39.Номинализм және реализм ағымдары 
Философия тарихында жалпы ұғымның жалқы заттарға қатынасын ашып 
көрсетуге бағытталған пікірталас «универсалиялар» (жалпы ұғымдар) туралы 
ілім ретінде белгілі болды. Бұл мәселені шешу жолында схоластар көптеген 
шешімдер ұсынады. Олардың ішіндегі негізгілері бір-біріне қарама-қарсы екі 
түрлі көзқарастар — номинализм және реализм еді. Реализм жалпы ұғымдар 
адамдардың ақыл-ойы санасынан тыс жөне тәуелсіз өмір сүреді деп 
есептейді. Ал номинализм, керісінше, жалпы ұғымдар («универсалиялар») 
адам санасынан тыс өмір сүре алмайды, олар тек заттар мен құбылыстардың 
аттары ғана дейді. Мысалы «жалпы адам» өмірде болмайды, өмір сүретін 
нақтылы тірі адам. «Адам» деген әрбір ет пен сүйектен жаралған жалқы 
адамның жалқы аты. Демек, жалқысыз жалпы ұғым өз алдына дербес, 
санадан тәуелсіз өмір сүре алмайды.Жалпы ұғымдар, Аквинскийдің 
пікірінше, ақыл-ойдың жемісі болғанымен, одан дербес, тәуелсіз өмір сүреді. 
Өйткені ол ар құдайдың ойынан орын тебеді. Адамзат танымының басты 
мақсаты — соларды діни сенім арқылы білу. Адамдар өздерін үнемі 
жетілдіріп, католик дінінің шариғатын барынша пайдаланып, құдайдың ізгі 
пендесіне айналуы керек. Дін азаматтық коғамнан жоғары тұруы тиіс. Өкімет 


билігі — құдайдан, ал мемлекетті басқарудың нақтылы түрін тарихи 
жағдайларға байланысты тағайындау керек, — дейді Аквинский. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет