Амонның перзенті деп жариялады. Ал Александр өзін Македонияда да,
Грекияда да құдай деп санауға әмір берді. Ұлы Александрдың бұл зор
мемлекеттің құрылымында грек мәдениеті жетекші орында болды. Барлық
заманның дерлік ең ірі қолбасшысы және жиһангері ретінде даңққа бөленген,
ұлы Александр отыз үш жасында дүние салды. Ол өлгеннен кейін (біздің
заманымызға дейінгі 323 жыл) бұл империя ыдырап, бірнеше патшалық
династиялар құрылды.
64. Гегель философиясы
Георг Вильгельм Фридрих Гегель (нем.
Georg Wilhelm Friedrich Hegel; 27
тамыз 1770, Штутгарт — 14 қараша 1831, Берлин) — неміс философы, неміс
классикалық философиясының және романтизм философиясының
негіздеушісі. Йоһанн Готтлиб Фихте және Фридрих Вильгельм
Йозеф
Шеллингпен бірге неміс идеализмінің негізін қалаушы.
Гегельдің философиялық ілімінің қалыптасуы
Гегелдің ілімі әртүрлі көзқарастарды ұстанатын жазушыларға әсер еткен.
Солардың арасында Гегельді қолдайтындар да (Бруно Бауер, Карл
Маркс Фрэнсис Герберт Бредли, Жан-Поль Сартр, Ганс Күнг), оның ілімін
сынайтындар да (Фридрих Вильгельм Йозеф Шеллинг, Сөрен
Киркегард, Артур Шопенгауер, Фридрих Ницше, Мартин Гайдеггер, Бертран
Расселл) бар.
Гегелді философ ретінде қызықтырғаны — табиғат пен азаттықтың
арасындағы қатынас, имманенттік, трансценденттік, және осы жұптардың екі
бөлігінің біреуін жоймай немесе біреуін екіншісіне
тәуелді етіп жібермей
отырып біріктіру. Оның кең танымал және ықпалды ұғымдары: спекулятивті
логика, яғни «диалектика», «абсолютті идеализм», «Рух», «Қожайын-құл»
диалектикасы, «этикалық өмір» және тарихтың маңыздылығы. Гегельді
кейбіреулер нацизмнің пайда болуына ықпал жасағандардың қатарына
жатқызады, бірақ басқалар бұнымен келіспейді.
Достарыңызбен бөлісу: