1. Таң әлі атқан жоқ, Маңай әлі қараңғы Әтеш ерте оянып, Жан – жағына қарады Шынықтырып денені, Қанаттарын қағады. Ку – ка – ре – ку тұр – тұрлап, Оятады баланы


Тікірейіп құлағы, Менен бұрын тұрады. Бойын жазып, керіліп, Беті – қолын жуады. 6



бет2/2
Дата11.02.2022
өлшемі146.6 Kb.
#455292
1   2
Сергіту сәттері

5. Тікірейіп құлағы,

Менен бұрын тұрады.

Бойын жазып, керіліп,

Беті – қолын жуады.



6. Отырыңдар, тұрыңдар,

Маған мойын бұрыңдар.

Бұрылайық оңға бір,

Бұрылайық сол бір.

Иіліп алдыға,

Енді түзу тұрайық.

Қолымызды созайық,

Шапақтап қояйық.



7. 1 – 2 – 3,

Ал, қанекей күш,

4 – 5 – 6 – 7,

Анау ауыл шеті.

8 – 9 – 10,

Ал, қанекей, қон.



8. Шаршадым «Уһ!» дедім,

Ренжідім «Туһ!» дедім.

Қорықтым «Ой!» дедім,

Өкіндім «Ах!» дедім.

Шарасыз «Ех!» дедім,

Таңырқап «О!» дедім.

Кейідім «И!» дедім,

Біліп ап «Е!» дедім.

Қуанып «Ха – ха – ха!» дедім.

9. Қоюланып қара бұлт,

Жаңбыр жауды себелеп.

Жапырақты жамылып,

Жата қалды көбелек.



10. Көтеріліп шаңырақ,

Керегелер керілді.

Уықтары шаншылып,

Өрімдей боп өрілді.

Бәріміз жүрсек айналып,

Киіз үй боп көрінер.



11. Айгөлек – ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Айдай толған кезімде,

Би – билейік дөңгелеп.



12. Орнымыздан тұрайық,

Шеңбер жасап алайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Қолымызды жаяйық,

Құс боп қанат қағайық.

13. Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы – қырлы жерлермен,

Ытқып – ытқып жүгірді.



14. Тұрып демалайық,

Оңға, оңға, түзу тұр.

Солға, солға, түзу тұр,

Алға қарай бір адым.

Артқа қарай бір адым,

Жоғары – төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

15. Қарлығаш боп ұшайық,

Қане, қанат қағайық.

Ұшып – ұшып алайық,

Орнымызға қонайық.



16. Қолға қалам алайық,

Әдемі етіп жазайық.

Сәл демалып алайық,

Әріптерді салайық.



17. Гүлдер, гүлдер, гүлдер,

Түн болғанда ұйықтайды.

Гүлдер, гүлдер гүлдер,

Күн шыққанда оянады.

Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер,

Қызыл гүлдер, көк гүлдер.

Тұра берші ырғалып,

Тұра берші нұрланып.



18. Бала, бала, балақан,

Қане, қайсы, алақан

Саусақтарың әйбат,

Былай, былай ойнат.



19. Топ – топ, топ – топ басайық,

Жалаудан гүл жасайық


Жаса, жаса алтын күн,

Жаса, жаса жарқын күн.



20. «Ауа – райын болжау»

а) Бүгін күн жарқырап тұр (бір – бірінің арқасын сылайды),

ә) Күндіз жауын жауады (бір саусақпен тырсылдатады),

б) Бүгін қар жауады (бес саусақпен тырсылдатады).



21. Биік болып өсеміз,

Жапырақтай жайқалып.

Табиғатты сүйеміз,

Шетімізден шеберміз.

Денемізді бос ұстап,

Билеп, билеп аламыз.



22. Сыңғыр, сыңғыр, сырғалар,

Құлағымда ырғалар.

Оң қолымда – білезік,

Сол қолымда – сақина

Санап көрші қанекей,

1 – 2 – 3, Демаламыз жинап күш.



23. Ұзын мұртты құмырсқа,

Бара жатты жұмысқа

Допты алып қолына, қойдым оның жолына,

Оң жағына қарады.

Сол жағына қарады,

Тау екен деп ойлады.



24. 4 – ке дейін санаңдар,

Қолдарыңды созыңдар

Қолдарыңды созыңдар,

Бүйірге қане, қойыңдар.

1 – дегенде оңға иіл,

2 – дегенде солға иіл.

3 – дегенде еңкей,

4 – дегенде тұрыңдар.

Оң аяқпен бір секір,

Сол аяқпен бір секір

2 аяқты қосыңдар,

Орындарыңа отырыңдар.



25. Ақ айранды ішеміз,

Күбіні де пісеміз.

Күнге қызып арқамыз,

Диірменді тартамыз.



26. 1 – 2 – 3,

Шебер бала боламыз,

4 – 5 – 6,

Жалаулық артта қалды.

7 – 8,

Білім мен еңбек егіз,



9 – 10

Орнымызға отырған жөн.



27. Бойыңды сергек тік ұста,

Емін – еркін тыныста.

Деміңді ішке тез алда,

Соз қолыңды соз алға.

Қол ұшына қара да,

Үшбұрыш сыз ауада.

Оң қол бос тұрмасын,

Шеңбер жасап зырласын.



28. 1 – 2 – 3!

Бұлшық етте, міне, күш!

Ептімін де оңтайлымын кептерше,

Еңкейемін жерге қолым жеткенше.

Сұр көжекше секіремін ордан да,

Өрмелеймін тас қабырға қорғанға.



29. Саябаққа барамыз,

Жүзім теріп аламыз

Теріп, теріп аламыз,

Себетке біз саламыз.



30. Санайық жаңаша,

1 – 2 – 3 (санау)

Желбіре жалауша! (қолды жоғары көтеріп, шайқайды),

Достықта – біздің күш! (2 алақанды түйістіру).



31. 1 – 2 – 3,

Бойға жинап күш,

Қане, қанат жазайық,

Құс боп ұшып алайық.



32. Ұшып келем, ұшып келем көгімде,

Ұшып келем мөлдір аспан төрінде

Көкте жүріп қызығамын жердегі,

Өзім ұшқан сонау – сонау өңірге.

33. Атамның алып күрегін,

Аула қарын күредім.

Әжеме мен құдықтан,

Су әкеліп беремін

Еденді де жуамын,

Шаң тозаңды қуамын.



34. Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп – кішкентай ағаштар,

Біп – биік боп өседі.



35. «Түске сәйкес қозғалыс»

Тәрбиеші «суық түс» дегенде балалар отырады.

«Жылы түс» дегенде олар жүгіреді, секіреді,

шаттанады (бірнеше рет өзгерту).



36. Күн ашық (секіріп, қолдарын созып жүгіреді),

Жел соқты, жел соқты (қолдарын көтеріп тербеледі).



37. Көкке бойын созады,

Көпке қолын созады

Кең құшағын ашады,

Көлеңкесін тосады

Көк қарағай, көк қарағай,

Мейірбанды анадай.



38. Ағаш – қолды тізбектеп жоғары көтеру,

Гүлдер – жартылай отырып, қолды 2 жаққа жаю.

Шөп – толық отырып, қолды белге ұстау.

39. Құлпыра берші кең дала,

Гүліңді мен терейін

Жапырағыңмен жасыршы,

Қойныңа мен енейін.



40. Дала қандай керемет,

Қойның гүлге толады.

Қызыл – жасыл көбелек,

Бір ұшып, бір қонады.



41. Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір

Біздер тату боламыз,

Гүл – гүл жайнап жанамыз

Жаттығулар жасасақ,

Жақсы сергіп қаламыз.



42. Қошақаны қойдың,

Қайда қалып қойдың?

Бұлтиып тұр бүйірің,

Қай өрістен тойдың?



43. Торғай, торғай, тоқылдақ,

Жерден дәнді шоқып ап.

Бөтегесі бұлтиып,

Шиқ, шиқ етіп отырад!



44. Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен

Теріп – теріп алайық,

Қалтамызға салайық.



45. Бас бармағым – қойға бар,

Балаң үйрек – жылқыға бар.


Ортан терек – сиырға бар,

Шылдыр шүмек – түйеге бар,

Кішкене бөбек – үйде қал.

46. Айға алысқа,

Самға ғарышқа

Ғарышкерлер шыңдал, жарыста,

1 – 2 – 3.



47. Жел уледі, У – У,

Құйын келіп биледі, Зу – зу.

Қатты – қатты жел соқты, Ту – ту,

Жапырақтар қол соқты, Ду – ду.



48. Ай да біреу аспанда,

Күн де біреу аспанда.

Тұрады ылғи елжіреп,

Бәрімізде бір жүрек.

Сенбесеңіз қараңыз,

1 ғана бас, 1 ауыз,

Кім байқады, кім сезді?

Мықты жандар бір сөзді.

Жалғап тұрған жұртымды,

Бәрімізде бір кіндік.



49. Күзім – ау, күзім – ау,

Мінезің бұзық – ау.

Жаңбырың сіркіреп,

Жауғаның қызық – ау.



50. Еңбек етсең иіліп,

Кетпен шапсаң керіліп.

Нанымыз тәтті болады,

Қарнымызда тояды.



51. Қане, бәрің тұрыңдар,

Қолды көтер, түсір қолды

Бұрыл жедел оңға – солға,

Енді отыр, қайта тұр.



52. Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып алайық.



53. Гүлдей жайнап өсеміз,

Күндей күліп жүреміз.

Ұшып келген арадан,

Біздер қорқып бұғамыз.



54. Оң қолымда 5 саусақ,

Сол қолымда 5 саусақ.

Қосып едім екеуін,

Болып шықты 10 саусақ.



55. Жоғары – төмен қарайық,

Бойымызды тік ұстап.

Қане, сапты түзейік,

Тіземізді бүгейік

Ыршып алға түсейік,

1 – 2 – 3, алға қадам жасайық!



56. Жалғыз саусақ тіпті де,

Ұстай алмас жіпті де.

2 саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті.

3 саусағым орамды,

Жүгіртеді қаламды.

4 саусағым толымды,

Бөгемейді жолымды.

Бағалы екен 5 саусақ,

Қуанамыз 5 алсақ.



57. Көк майсалы көрікті,

Алқаптағы көк егін.

Бұл күндері киіпті,

Сары жібек көйлегін.



58. Ал, балалар, келіңдер,

Денемізді сергітеміз.

Мойнымызды бұрамыз,

Қолымызды созамыз,

Аяқтармен топ – топ басып,

Орнымызға отырамыз.



59. Жаңбыр жауып басылды,

Аспан шайдай ашылды

Желмен бірге жапырақ,

Сыбдыр қағып шашылды.



60. 1 – 2 – 3, (қолды алға созу, жанына созу, жоғары көтеріп 1 шапалақ соғу),

Жинап алып күш (қолды иыққа қойып бұрғылайды).

Желдеткіш ашылсын, (қолды белге қойып, оңға – солға бұрылу),

Шаң – тозаң басылсын! (орындарына отыру).



61. Орманға барсаң қасқыр бар,

Тауға барсаң түлкі бар.

Сайға барсаң қоян бар,

Байқаңдар қар асында,

Ұйықтап жатқан аю бар.

62. Ақ қоян – ау, ақ қоян,

Орныңнан тұршы.

Бетіңді жушы,

Айнаға қарашы,

Шашыңды тарашы,

Бізбен бірге билеші.



63. Қане, қане тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Алақанды ұрайық,

Тұрсақ енді шеңберге

Сол жақтағы балаға,

Оң жақтағы балаға

Шапалақта, шапалақта.

64. Білім жоқ қиындықсыз,

Талпынсақ білім аламыз.

Айға ұшып,

Ғарышкер де боламыз.

Қанат қағамыз,

Әрқашан әркімге,

Жол ашық білімге.

Ерінбесек жетеміз,

Аспанның көгіне.

65. Бақа, бақа, балпақ,

Басың неге жалпақ?

Темір телпек көп киіп,

Басым содан жалпақ,

Бақа, бақа, балпақ,

Көзің неге тостақ?

Қарауылға көп қарап,

Көзім содан тостақ.



66. Секір, секір, ақ қоян,

Секіретін күн бүгін.

Шөптерді жейік,

Құлақтарды түрейік.

Қасқыр жоқ па деп,

Жан – жақа қарайық.



67. Ал, балалар, тұрайық,

Ою - өрнек құрайық.

Құс қанаты, ирек су,

Қой ізі, гүл бүршігі.

Қылқаламды алайық,

Сәнді өрнек салайық.



68. Жалқаулықты тастаймыз,

Шынығамыз жастай біз.

Ырғағымен әуеннің,

Жаттығуды бастаймыз.


69. Көк аспанға қараймын,

Кеткен құсты санаймын.

Үшбұрыш болып тырналар,

Жылы жаққа бет алар.



70. Лақтырдым да әуелетіп,

Қағып алдым «оп» деп.

Жерге соқтым секең қақты,

Атаймыз оны доп деп.



71. Мен досыма қарап алдым,

Қолға қағаз, қалам алдым.

Дөңгелетіп басын салдым,

2 сызып шашын салдым,

Ұқсатқан жөн түрін енді,

Міне, мынау мұрын енді

Салынды езу, құлағы енді,

Күлімсіреп шыға келді.

Ең соңынан көзін салдым,

Айнымаған өзін салдым.



72. Аппақ болып таң атты,

Түтін тік боп шығады.

Қарлығаштар қанатын,

Самғап биік ұшады.



73. Ормандағы аюлар,

Балды жақсы көреді.

Ұяларды бұзам деп,

Араларға таланып,

Талдан құлап қалады.

74. Боран соғар оң жақтан,

Боран соғар сол жақтан.

Қар лақтырып ойнасақ,

Су өтеді қолғаптан.



75. Ай – ай, ішім – ай,

Ой, ой, тісім – ай.

Уһ, уһ, белім – ай,

Деп жалқаубек сабазың.

Әр жерін сылтауратып,

Аулада жүр айғайлап.



76. Қаз қанатын жайды,

Аққу мойнын созды,

Үйрек келіп қонды.

77. Қолға қамшы аламын,

Атқа мініп шабамын.

Құрық сілтеп асауға,

Мен атамдай боламын!



78. Алтыбақан тербеледі,

Алға, артқа шайқала.

Қызғалдақтар жайқалады,

Қандай әсем айнала.



79. Мен қанатты жазамын,

Суға сүңгіп аламын.

Суда жүріп жүземін,

Оң қанатты бір қағып.

Сол қанатты бір қағып,

Қанатымды қатайтып,

Мен анамдай боламын.

80. Шынықтырып денені,

Тісін жуып, тазалап.

Бақшасына келеді,

Міне, үлкен азамат!

Орамалы қалтада,

Үсті – басы тап – таза.

Отыр алғы партада,

Міне, үлкен азамат.



81. Көбелекке ұқсап ап,

Ұшайықшы бәріміз.

Оңға қарай бір ұшып,

Солға қарай бір ұшып.


Айналайық жер шарын,

1 – 2 – 3, көбелекше ұш.



82. Өн бойымды тік ұстап,

Жоғары, төмен қарайық.

Қане, сапты түзейік,

Тіземізді бүгейік

Ыршып алға түсейік,

1 – 2 - 3, Ал, қанекей, ұш (секіреді).

4 - 5 - 6 - 7, мынау жолдың шеті,

8 – 9 – 10, Қайта орныңа қон.



83. Дүйсенбіде доп ойнадық қорада,

Сейсенбіде серуен құрдық далада.

Сәрсенбіде сурет салдық сәндетіп,

Бейсенбіде би биледік, әндетіп,

Жұма күні жидек тердік ағаштан,

Сенбі күні кино көрдік клубтан,

Жексенбіде үйде болдық демалдық.

84. Қыр үстінде қар – қар,

Шырша үстінде қар – қар.

Қыр астында ақ аю,

Ұйықтайды екен ай – ай.

Тыныш, тыныш балақай,

Шуламаймыз біз бұлай.



85. а) Құстар тәрізді ұшу.

ә) Құстар секілді көлден су ішу (тізелеп отыру),

б) Бір орында тұрып, айнала ұшу,

в) Орындарына барып қону.



86. Атам менің қауыншы,

Апам менің сауыншы.

Шешем менің тігінші,

Әкем менің егінші

Ағам болса, ол ұста,

Бәрі, бәрі жұмыста.

Отырмаймын мен текке,

Кеттім мен де бақшаға.



87. Оң аяқ пен сол аяқ,

Кезек оны тебеді.

Ол тынымсыз домалап,

Зыр жүгіре береді.



88. Қане, сапты түзейік,

Тіземізді бүгейік.

Ыршып алға түсейік,

Ыршып артқа түсейік

Көбелекше ұшамыз,

Отырамыз, тұрамыз



Сергітуге мың алғыс!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет