1.3. Болашақ іс үшін кәсіпорынның нарықтағы орнын анықтау
Нарықты анықтау кезінде, нарық құрылымның параметрлерін ескере отырып, үш сауалға жауап беруі қажет:
- кәсіпорынның мекен-жайын қалай анықтау;
- кәсіпорын үшін коммерциялық аймақ көлемін анықтау;
- өнімді сатудан түсетін болашақтағы пайданы қалай бағалау;
Егер кәсіпорынның мамандану саласы – өндіріс болса, онда оның орналасуы (мекен-жайы) ең алдымен өндіріс пен өнімді өткізудің факторлары мен шығындарына тәуелді болады (шикізат пен материалдар көзіне дейінгі қашықтық, өнімді тасымалдау, сақтау мүмкіндігі, коммуналдық қызмет көрсету мен басқа да инфрақұрылыммен, электроэнергиямен, сумен қамтамасыз етілуі, қажетті өндірістік ғимараттардың, жұмыс күшінің бар болуы және т.с.с.). Егер кәсіпорынның болашақтағы мамандану саласы – қызмет көрсету аясы болса, онда оны орталықтарда, тұтынушылардың орналасу тығыздығы жоғары мекендерде орналастырған жөн.
Көптеген кәсіпорын үшін, әсіресе бөлшек саудамен айналысатын кәсіпорындар үшін, мекен-жайды (орналасу орнын) таңдау мәселесі, бастаған ісінің табысты болуына немесе күйреуіне зор әсер етеді. Кәсіпорынның орналасу мәселесі мынадай ақпараттарға негізделуі қажет: тұтынушылар көлемі, олардың табыс деңгейі және сіздің өніміңізге деген сұраныс көлемі, халықтың болашақ кезеңіндегі сандық және сапалық құрамының, табысының өзгерістері. Тұрақты сатыпалушы басқа кәсіпорынның орналасу орнын таңдау кезінде (бәсекелес кәсіпорынның қызмет көрсету деңгейі, болашақта пайда болуы мүмкін жаңа бәсекелестер және т.б.) сондай-ақ физико-географиялық факторлардың (жол сапасы, автокөліктер қозғалысының жиілігі және т.б.) маңыздылығы зор.
Кәсіпорын мекен-жайын таңдау кезінде кәсіпкер болашақ коммерциялық аймақ көлемін бағалауы қажет. Бөлшек сауда дүкені немесе сауда орталықтары үшін мұндай аймақ, табыстың негізгі бөлігі түсетін, географиялық аудан болып табылады. Сауда аймағы, дүкен мен сауда орталықтарының көлеміне, тауарлардың ассортиментіне байланысты ерекшеленеді. Мысалы, көкөніс дүкені, негізінен екі-үш көршілес аймақ тұтынушыларын тартса, ал киім-кешек сатумен айналысатын сауда орталықтары шалғай аудан тұтынушыларын тарта алады. Сауда аймағының көлемін анықтаушы қосымша факторлар: біріншіден, тұтынушы жолындағы бөгеттер (өзен, көл, автотрасса, теміржол және т.с.с.); екіншіден, тұтынушылардың төлем қабілеттілігінің деңгейі; үшіншіден, алмастырушы тауар өндіруші бәсекелестер саны болып табылады.
Нарықтың әлеуетті қаржы параметрлерін анықтау үшін, әлеуетті тұтынушылар туралы ақпараттардың болуы қажет, дәлірек атап өтер болсақ:
- сауда аймағының ауданындағы пәтерлер немесе үйлер саны туралы;
- осы кварталдағы немесе үйлердегі отбасының орташа табысы туралы;
- нақты тауарларға жұмсалатын әр жылғы шығын соммасының көлемі туралы және т.с.с.
Кәсіпорынның жеке бағыты мен нарықтағы орны анықталған соң, негізгі мәселенің бірі - ол кәсіпкерлік іс-әрекетті қаржыландыру.Кәсіпкерлік іс-әрекетті қаржыландыру-бұл кәсіпкерліктің дамуының және қызмет етуінің маңызды кезеңдерінің бірі, болып саналады.Кәсіпкерліктің мамандану саласына байланысты, бұл мәселеге қатысты, әдетте екі сауал туындайды:
- кәсіпкерлік істі бастау үшін қажетті ақша қаражаттарына деген қажеттілікті қалай бағалауға болады?
- осы қажетті ақша қаражатына қалай қол жеткізуге болады?
Кәсіпкерлік істі ұйымдастыру барысында ақша қаражаттарына деген қажеттілікті анықтау кезінде, әдетте төмендегі қаржы ақпараттары қолданылады:
- болжамдалған табыс туралы;
- болжамдалған баланстық есеп берушілер туралы;
- кассалық бюджет туралы.
Жаңа кәсіпорындардың болжамды табысымен баланстық есеп беруін құру кезінде есептеушілер, мамандану аясының (сферасы) ортақ істегі сәйкес кәсіпорындардың қаржы көрсеткіштерін алдын-ала зерделеп шығуы тиіс. Табыс туралы есеп берушілер, әдетте маңызды ақпараттар алуға мүмкіндік береді (кәсіпорынның негізгі шығындары туралы және т.с.с.). Болжамды табыс туралы есеп берушілер кәсіпкерлік істің пайдалық деңгейін және оның өмір сүру қабілеттілігін бағалауға мүмкіндік береді. Егер есеп беру жобасы, кәсіпорынның рентабельді болатындығын көрсетсе, онда кәсіпкердің банктік несие алуына негіз бар деп есептелінеді. Табыс туралы есеп беру жобасын құру, жұмыс істеу барысында алғашқы екі жыл ішінде барлық өнімді өткізуден түсетін болжамды қаржы түсімдерін бағалаудан басталады. Алғашқы жылға, біртіндеп әр ай сайын түсетін табысты ұлғайту (көбейту) жоспарланады. Кәсіпорынның жобаланған жылдық табыс деңгейі, шетел тәжірибесі көрсеткендей, екінші жылдың соңына қарай қол жеткізіледі. Кәсіпкерлік іс-әрекетті қаржыландырудың негізгі көзі коммерциялық банктердің ссудалық капиталы болып табылады. Бұл кәсіпкерлікті қаржыландырудың ең кең тараған түрі болып есептелінеді. Банк несие ұсынар алдында, негізгі үш критериге сүйенеді:
- несие алушы өзін капиталды кәсіби және үнемді түрде басқаруға қабілетті, сенімді кәсіпкер екендігін көрсете білу керек;
- несие алушы жағынан, кәсіпорынның ісі нәтижелі, табысты екендігін куәландыратын құжаттар ұсынылуы қажет. Бұл ең алдымен бизнес-жоспар, қаржы құжаттарының жобасы болып табылады. Қажет жағдайларда, банк, кәсіпорын және оның басқарушыларының қатысуымен экспертиза (тексеру) жұмыстарын ұйымдастыруы мүмкін;
- несие алушының жалға қою кепілдігі болуы қажет. Кепілдік кәсіпкер активті түрінде немесе жеке кепілдік түрінде болады. Жеке кепілдік түрінде кәсіпкердің жеке үйі, сақтандыру полисі немесе бағалы қағаздары жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |