1-тақырып Қазіргі қоғамдағы цифрлық білім беруді



бет2/3
Дата24.01.2024
өлшемі24.75 Kb.
#489626
1   2   3
1-тақырып

Білім беруді цифрландыруға көшудің негізгі идеясы білім берудің жаңа сапасына қол жеткізу шарттарының бірі ретінде оқытушы жұмысында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды жүйелі енгізу және белсенді қолдану үшін жағдай жасау.
Осыған байланысты ақпараттық-білім беру ортасы құрылады – бұл ақпараттық қызметтер мен білім беру сипатындағы ресурстарға пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған мәліметтерді, ақпараттық ресурстарды, өзара іс-қимыл хаттамаларын, аппараттық-бағдарламалық және ұйымдастыру-әдістемелік қамтамасыз ету құралдарының жүйелі ұйымдастырылған жиынтығы.
Ақпараттық-білім беру ортасы деп ақпаратты дәстүрлі және электрондық тасымалдауыштарда интеграциялау арқылы құрылған бірыңғай ақпараттық-білім беру кеңістігін, виртуалды кітапханаларды, бөлінген мәліметтер базасын, оқу-әдістемелік кешендерді және дидактиканың кеңейтілген аппаратын қамтитын өзара іс-қимылдың компьютерлік-коммуникациялық технологияларын түсіну керек.
Білім беруді ақпараттандыру проблемасының педагогикалық аспектісі білім беру саласын оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық- педагогикалық мақсаттарын іске асыруға бағытталған жаңа ақпарат- тық технологияларды әзірлеу және оңтайлы пайдалану әдіснамасымен және практикасымен қамтамасыз ету қажеттілігінен тұрады.

Бақылау сұрақтары:


  1. Өркениетті дамытудың жаңа кезеңіндегі адамның қызметі немен байланысты?

  2. Цифрландыру процесі білім беру жүйесіне қандай әсер етеді?

  3. «Цифрландыру» терминінің шығу тегі дегеніміз не?

  4. Біздің елдегі білім беру жүйесі немен сипатталады?

  5. Білім беру қызметін цифрландырудың басты мақсаты мен өзек тілігі неде?

  6. Білім беру жүйесінің негізі не?

  7. Ақпараттық-білім беру ортасын құру, дамыту және пайдалану үшін не қажет?

  8. Білім беруді цифрландыруға көшудің негізгі идеясы қандай?

  9. Білім беруді ақпараттандыру мәселелерінің педагогикалық аспектісі неде?





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет