1 тақырып Кіріспе


Вагон рамасының негізгі ақаулары және оны жөндеу әдістері



бет41/59
Дата19.02.2023
өлшемі4.58 Mb.
#469774
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   59
Лекция Тех.рем

Вагон рамасының негізгі ақаулары және оны жөндеу әдістері.
Сұрақтар:

  1. Вагон рамасының негізгі ақаулары және оның пайда болу себептері.

  2. Вагон рамасын жөндеу.


1.Вагон рамасының ақауларына: жарық , сыну, балканың майысуы, тіреу бұрыштары бекітпесінің босап кетуі, баяулатқыш аппарат қондырғылары орнындағы хребт балкасының жарылуы, коррозия болып табылады.
Рама ақаулары негізінен маневр жұмыстары кезінде вагондарға көптеген соғу-күш түсіру, тиеу-түсіру жұмыстары кезінде ережелердің сақталмауы, жөндеу кезінде технологиялық процестердің сақталмауы салдарынан пайда болады. Коррозиялық зақымдану көбіненсе раманың дұрыс боялмауынан, сонымен бірге вагондармен кислота, щелоч, минералдық тыңайтқыштар және басқа да агрессивті заттарды тасымалдаудан пайда болады. Вагон рамасының маңызы жоғары және зақымданған учаскесі: хребт балкасының шкворнья балкасымен балкасымен байланысқан түйіні, екпін розеткасы мен тіреу бұрышы болып табылады. Рама балкасындағы жарықтарды шаңнан, даттан жиналып қалған кішкене біліктерден, қыс мезгілінде – жиналып қалған қыраудан аңғаруға болады.
Егер рамадан келесідей ақаулар табылса, онда вагонды пайдалануға жібермейді:

  • соңғы, бойлық, хребт, шкворнья, жанғы балканың тік қабырғасында көлденең полкасына түскен жарық болса;

  • хребт балка және шкворнья балкасының байланысқан түйініндегі жарық;

  • кез келген балкада 300 мм. бойлық жарық болса;

  • олардың шеттерінің аралығын өлшеген кезде кез келген қабырғадағы ұзындығы 100 мм. болатын тігінен немесе иілген жарық болса;

  • болт немесе бекіткішке арналған саңылаудың бірінен кейін орналасқын кез келген жарық;

  • балкалардың байланысу түйініндегі дәнекерленген жердің үзілуі;

  • шкворнья және соңғы балканың тік немесе жоғарғы бетіндегі жарық немесе жарылу;

  • жүк вагонының рама балкасының тігінен 100 мм.-ге майысуы.

Жолаушылар вагонының рамасына күш аз түскенмен, оны ұзақ пайдалану, маневр жұмыстары кезіндегі ереженің және поезд режимінің бұзылуы нәтижесінде жарықтар, майысулар, әсіресе соңғы балкада пайда болуы мүмкін. Айналым және қалыптастыру пункттерінде жолаушылар вагонынан қандай да бір жарық тапса, сапарға шықпайды.
Вагон рамасының ақауларын қалпына келтіру көп уақыт қажет етеді, сондықтан оларды жөндеу жұмыстарын ағымды ағытып жөндеуге арналған жолдарда жүргізеді.

2. Рама балкасын жөндеу алдында, дәнекерлемес бұрын тазартады, лакпен сырмен бояуды, дат басқан жерлерді кетіреді және оның техникалық жағдайын тексереді.
Коррозияға ұшырау деңгейін рама балкасы металлының қалыңдығын қалыңдық өлшегішпен немесе зақымданған орынды диаметрі 8-10 мм. болатын сңылауды бұрғыла-ғышпен, сонымен бірге сызба мөлшерімен сәйкес өлшеу нәтижесінде салыстыра отырып анықтайды.
Рама бөлігінің көлденең қимасының 30% коррозияға ұшыраса немесе зақымдалған учаскенің ұзындығы 500 мм.ден асса, қалыңдығы қалыпты жағдайдың жартысынан асып кетсе, оны ауыстыру керек. балканың зақымдану ұзындығы 500 мм.кем болса, оны дәнекерлеп жөндейді.
Рама балкасы майысса, онда стендті, домкрат, пресспен және газ немесе сұйық отынмен жұмыс жасайтын форсунканың көмегімен қыздыра отырып созу арқылы түзетеді. Мысалға, кеңейіп кеткен хребт балкасын түзету үшін баяулатқыш аппарат құрылғысының орнына гидропресті пайдалануға болады.
Гидропресс тұтқадан, гидропривод, жоғарғы қысым рукавасы және алмалы-салмалы муфтадан тұрады. Тұтқа екі рычактан тұрады, жоғарғы бөлігі өзара шарнирлі байланысады және төменгі бөлік тартқыш көмегімен байланысады. Гидропривод рамаға құрастырылған және электрдвигательден, Н-400 типіндегі насостан және май багінен тұрады.
Тұтқаны көпірлі кранмен хребт балкасының зақымданған жеріне қояды және алмалы-салмалы муфтаның көмегімен гидроприводқа қосады.
Гидроприводты қосып балканы түзейді, сосын тұтқаны басқа орынға ысырып, түзету процесін қайталайды.
Жүк вагондарының хребт, жанғы және бойлық балкілердің көлденең және тігінен жолағында 50 мм. майысса – деполық жөндеу, 25 мм.асса – күрделі жөндеу жүргізеді.
Егер осы балкалардың майысуы тік жолақта - 200 мм.жоғары, көлденеңінен 100 мм. көп болса, онда мұндай вагондар инвентарь есебінен шығарылады. Шкворнья және соңғы балкалардың майысуы 20 мм.аспаса – деполық жөндеу, 10 мм. – күрделі жөндеу.
Бұрын түзетілген рама балкасының жарығын жөндеуде күшейткіш бастырманы (накладка) бекіткішке орнатады. Бекіткіш саны, жөнделіп жатқан учаскенің барлық жағынан бекіткіш қимасының ауданы бастырма қимасының ауданынан кем болмау керек. бекіткіштерді шахмат тәртібімен орналастырады.
Біржақты бастырманың қалыңдығы негізігі материалдың қалыңдығынан 0,8-1 шегінде, екі жақты – жартысындай болу керек. Бастырма ұзындығы жарықтың соңына дейін 100-200 мм. жабу керек, бастырманы орналастыруда қарама қарсы орналасқан тігістері бір-бірімен 30 мм. екі жағынан араласып орналасуы қажет.
Жүк вагондарының аралық және шкворнья балкасын жөндеу кезінде жарықтарды балқытып, жоғарғы бетінің сынығына күшейткіш бастырма салады.
Деполық және ағымдық жөндеу кезінде әрбір балкаға үш күшейткіш бастырма, күрделі жөндеуде екі күшейткіш бастырма салады. Аралық балканың жоғарғы бетіндегі ұзындығы 30 мм. болатын жарықты бастырмасыз балқытып жөндеуге болады.
Раманың соңғы балкасын:

  • балканың кез келген жеріндегі екі жарық және бір сынықты бастырма салып – күрделі жөндеу, үш жарықтан артық емес және бір сынық болса – деполық және ағымдық жөндеу кезінде балқытып жөндеуге болады;

  • күшейткіш бастырма салып жоғарғы немесе төменгі беттерді толық немесе інішара ауыстыруға болады.

  • бойлық штампталған балканың бөлігін күшейткіш бастарма салып алмастыруға болады. Жаңа бөлікті бір жапсарды орындау жағдайында қондыруға болады, ал жапсар мен екпін розеткасының арақашықтығы 200 мм.-ден кем болмау керек.

Шкворнья және аралық балканың жарығын және тік беттің сынығын күшейткіш бастырма қондырып бекітеді.
Егер хребт балка аралығынан жарықтың немесе сынықтың басталған жеріне дейін 100 мм. болса, шкворнья балканың төменгі бетінің жарығы мен сынығын күшейткіш бастырма қондырып балқытады.
Егер төменде көрсетілгендей ақаулар болса, онда жолаушылар вагонын күрделі қалпына келтіріп жөндеуге жібермейді:

  • хребт балкасы шиеллерінің біреуіндегі жоғарғы полкасының барлық бетінде шкворнья балканың көлденең бетінің шетінен вагон арасына дейін 1020 мм. тесіп өткен жарық болса;

  • хребт балкасы шиеллерінің біреуіндегі төменгі полкасының барлық бетінде шкворнья балканың көлденең бетінің шетінен вагон арасына дейін 680 мм. тесіп өткен жарық болса;

  • Раманың жанғы орап байлау көлденең полкасының барлық бетінде шкворнья балкасының көлденең шетінен вагон ортасына дейін ара қашықтығы 480 мм. дейін тесіп өткен жарық болса.

13 Тақырып




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет