Ақпараттық технологияны қолдану методологиясы.
Есептеу орталықтарында ЭЕМ-да ақпараттың орталықтандырылып өңделуі алғашқы тарихи технология болды. Коллективті пайдалану үшін ірі есептеу орталығы /ЕО/ құрылды. Мұндай ЭЕМ-ді қолдану енгізілетін үлкен ақпараттарды өңдеуге және осының негізінде түрлі ақпараттық өнімдерді алуға мүмкіндік берді. Мұндай технологиялық процесс 60-70 жылдары шығарылды.
Орталықтандырылған технология методологиясының артықшылығы:
-қолданушының ақпараттық үлкен бөлігін мәліметтер базасы түрінде және ақпараттық өнімге кең номенклатурада назар аударуы;
- методологиялық шешімдерді салыстырмалы оңай ендіру.
Кемшіліктері:
-персоналдың шектелген жауапкершілігі;
-ақпаратты алуда және қолдануда пайдаланушының мүмкіндігінің шектеулілігі.
Ақпараттандырудың орталықтанбаған өңдеуі 80-жылдары пайда болған дербес компьютермен байланысты және телекоммуникациялық дамуымен байланысты.
Мұндай методологияның артықшылықтары:
-құрылымның иілгіштігі;
-төменгі звенодағы қызметкерлерге жауапкершілікті күшейту;
-орталық компьютерді қолдануда талаптардың төмендеуі және сәйкесінше ЕО жағынан бақылау.
Бұл методологияның кемшіліктері де бар:
-өңдеудің көптігінен болатын стандарттың күрделілігі;
-есептеу орталығынан ұсынылған дайынбағдарламалық өнімдер мен стандартты қолданушыға психолгиялық кері әсер етуіне байланысты;
-локальды орындарда АТ даму деңгейінің бірқалыпты еместігі.
Орталықтандырылған және орталықтанбаған АТ келтірілген артықшылығы мен кемшіліктері рационалды методологияға алып келеді.
АТ қолданудың рационалды методологиясы үлкен иілгіштікті, жалпы стандартты қолдау, ақпаратты локальды өнімдердің сәйкестілігіне мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |