3. Бастапқы және кейінгі тергеу әрекеттері тактикасының ерекшеліктері
Окиға орнын қарау есірткінің дәріханалардан, емдеу мекемелерінен, химиялык-фармацевтикалық кәсіпорындардан үрланып тергеуде аса маңызды қарау барысында табылған заттарды (бумалар, шприцтер, ампулалар) ұрланған есірткі түрін анықтау үшін қылмыскердің қолымен қалдырған іздерін айқындау үшін қарайды. Сонымен қатар дабыл жүйесі, оның түрі қалпы және келтірілген зақымдары тексеріледі. Қарау барысында темір есіктердің, терезелерде темір торлардың, есірткі затгарды сақтау үшін қажет сейфтердің, басқа да құрал жабдыктардың бар-жоқтығы тексеріледі. Сондай-ак, өлшеуіш кұралдар мен таразыларды қарайды, Есірткі заттарын сақтау ережелерін тексеру үшін оның сақтау орындарын қарайды. Құрамында есірткі заттары бар дәрілерді қарағанда, олардың зауыттың буып-түйілу жағдайын хаттамада көрсетіп, қажетті жағдайда оларды алу қажет. Оқиға орнын қарау хаттамасында келесі жағдайлар көрсетіледі: дәрілердін, жалпы түрі; олардың олар не үшін қолданады, салмағы, саны; дәрі туралы негізгі деректерді шифр түрінде қамтитын дәрінің сан түріндегі белгілері (пайдалану мерзімі, дайындаушы кәсіпорын, дәріні дайындаған топтын, немірі, дәрінің стандартқа сәйкестігін талдау деректері, т.б. сипаттамалар).
Оқиға орнын қарау барысында сақтау орындарынан есірткі заттарының үлгілері, өлшеп оралған дәрілер, ауруларға сату үшін дайындалған ампулалар, ұнтақтар, таблеткалар алынады. Дайын дәрі-дәрмек үлгілерін зерделеп, есірткі заттарын артылту тәсілдері туралы, дайындау технологиясын өзгерту аркылы олардың жетіспеушілігін жасыру туралы болжауларды тексе-руге болады.
Притондарды қарау барысында хаттамада оқиға орнындағы карау кезінде табылған жағдай, есірткі заттарын пайдалану іздері, аталған жайда накты тұлғалардың болғаны туралы іздер көрсетіледі. Күрамында есірткі бар өсімдіктер егісін қарау ба-рысында хаттамада келесі мөн-жайларды анықтап, сипаттау қажет:
- егіс көлемі және өсірілген шөптердің саны;
- олардың бүркеленуі;
- себілген және өсірілген мәдени дақылдардың түрі;
— сезіктінің плантацияда болғандығын дөлелдейтін іздері (қолдарының, аяқтарының іздері, автокеліктің, оттың іздері, үйшіктердің болуы, т.б.);
— жерге егін еккенде, өндегенде, егін жинағанда, жерді егін егуге дайындағанда қолданған құралдардың іздері (ормандағы ағаштарды, талдарды кесу; жер қопару, тыңайтқыш себу т.б.);
— учаскенің сезіктінің үйіне қатысты орналасуы, оған бару жолдары.
Маманның кемегімен егістіктің үлгілері алынады. Оларды кейін зерттеу үшін буып-түйеді, ал егістікті жояды, оны оқиға орнын қарау хаттамасында көрсетеді.
Қылмыскерді қылмыс ұстау көп жағдайда қылмыскерді әшкерелейтін есірткі заттарын, кұжаттарды, тағы да басқа объектілерді табуға мүмкіндік береді.
Ұстау әдетте мынадай жағдайда жүзеге асырылады:
1. Тұрғын жайында ұстау есірткі заттарын сақтау, сатып алу-сату, дайындау немесе қолдану кезінде.
2. Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктер егілген учаскеде ұстау — онда нақты жұмыстар жүргізу барысында (егу, тыңайту, өндеу немесе жинау). Ол тыйым салынған дақылды нақты тұлғалардың кылмысты жасағанына мүмкіндік береді.
3. Көлікте ұстау — есірткіні тасу барысында. Ол үшін тасымалдаушылардың маршрутын алдын ала анықтау кажет және олардың айлаларын білу кажет. Олар есірткіні тасымалдау үшін екі қабат түбі бар чемодандарды, іші қуыс заттарды (іші бос кітаптар, консервілердің ыдысын, термостарды, музыка аспап-тарын, ойыншықтарды, т.б.) пайдалануы мүмкін. Есірткіні әр түрлі азық-түлікте жиі жасырады. Есірткіні авиакөлікпен тасымалдағанда қылмыскерді нақ ұшаққа отыру алдында немесе ұшақтан түсу кезінде немесе қолжүгін алу не тапсыру кезінде ұстайды.
4. Көшеде ұстау — есірткіні сату-сатып алу кезінде, сондай-ақ оны тасымалдау, сақтау немесе өткізу үшін беру кезінде.
5. Кәсіпорында үстау — ұрланған немесе заңсыз алынған есірткіні алып шығу кезінде.
6. Дәріханада немесе емдеу мекемесінде үстау — жалған рецепт бойынша есірткі затын алып жатқан кезде.
Сезіктіні заттармен ұстау алдында оны суретке немесе бейнетаспаға түсіріп алу қажет. Сезіктіні ұстаған орынды егжей-тегжейлі қараған жөн. Хаттамада ұсталған тұлғадан табылып, алынған заттар — есірткі, бумалар, акша, кұжаттар көрсетіледі. Бумамен ұсталғанның, басқа да тұлғалардың қолдарының іздерін және киімдерінің талшықтарын іздеу қажет.
Сезіктіні жеке тінту және киімін қарау. Алдымен сезіктіден, ол лақтырып тастауы мүмкін заттарды, бумаларды, ақшаны немесе ол қорғану үшін пайдалануы мүмкін заттарды алу қажет. Одан кейін оның киімі мұқият тексеріледі.
Жеке тінту барысында дәлелдеме ретінде қолдануға болатын заттар мен құжаттарды, есірткі заттарын олардың бумаларын, қойын дәптерлерін, хаттарды, қонақүй шоттарын, билеттерді, ақшаны, поштамен аударылған акша туралы мәлімдемелерді, жалған рецептерді, шприцтерді, т.б. іздеу қажет. Есірткілер киімде, аяқкиімде, протездің астында, косметика бұйымдарында, фотоапараттарда, шашта, дененің табиғи қуыстарында сақталуы мүмкін. Хаттамада жалпы деректермен қатар есірткі түрі, нақты салмағы, бумасы, нысаны және бумада табылған барлық белгілер керсетіледі.
Сезіктіні куәландыру оның денесінде есірткі заттарының микробелшектерін табуға мүмкіндік береді. Сезіктінің бетіне (мұрнының үстін, ерінінің жан-жағынан), алақанын, саусақтарын, сумен шайып үлгілер алынады және тырнақ астынан үлгілер алынады. Куәландыру барысында денесіндегі уколдың орындары анықталып, белгіленеді.
Тінту. Тінтуді жүзеге асыру үшін маманды (мәселен химикті, криминалисті) тартқан жөн, өйткені ол әр түрлі есірткі заттарының ерекшеліктері мен оларды қолдан жасау тәсілдерін жақсы біледі, маман тергеушіге табылған заттарды реттеуге көмектеседі, оларды дайындау үшін қандай кұралдар заттар қолданғанын айтады. Арнайы даярлықтан өткен иті бар кинологтің қатысуы да жаксы нәтиже береді. Тінту барысында:
— есірткі заттары, олардың бумаларын;
— кұрамында есірткі бар есімдіктердің бөлшектерін;
— есірткінің ізі бар заттарды;
— есірткінің өткізілгенін көрсететін заттарды;
— кылмыс жолымен табылған ақша мен құнды заттарды;
— кінәлі түлғалар, кылмыстык операциялар туралы, кылмысқа қатысушылардың бір-бірімен есеп айырысуы туралы, олардың байланысы туралы ақпарат алуға болатын құжаттарды;
— есірткі заттарын дайындау, сақтау, қолдану үшін қажет кұралдары;
Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктердің өсу аймақтары көрсетілген географиялық карталарды, автокөлік және темір жолдарының сызбаларды, әр түрлі құжаттарды табуды көздеу қажет.
Нашақорлар есірткіні сол үшін арнайы жабдыкдлған құпия жерлерде жасыратынын ескерген жен. Есірткілердің көбінің ерекше иісі болады, сондықтан оларды полиэтилен, целофан пакеттерінде, тығындалып жабылатын ыдыста немесе катты иісі заттардың касында сакталады, кейде оларды азық-түліктің астында көмеді, үстіне қаймак, май құяды.
Куәгерлерден жауап алу. Оларды шартты түрде бірнеше топқа бөлуге болады.
Бірінші топқа сезіктіні қылмыс үстінде ұстағанын өз көзімен көрген куәгерлер жатады. Әдетте олардан сезіктіні ұстау мән-жайлары туралы және оның ұстаудың алдындағы, ұстау кезіндегі және ұстаудан кейінгі тәртібі туралы жауап алады.
Екінші топқа аталған тұлғанын, есірткі заттарын дайындауы, өткізуі, алуы немесе ұрлады деген фактісін, сондай-ақ есірткімен байланысты басқа да қылмыстарды жасады деген фактісін растайтын куәгерлер жатады.
Куәгерлердің үшінші тобына — есірткіні тасымалдау фактісі немесе сезіктілер (жолсерік, такси жүргізушілері) пайдаланған басқа да қызметтер туралы жауап беретін тұлғалар жатады.
Куәгерлердің төртінші тобы — сезіктілермен жұмыс істеген тұлғалар, олардың туыстары, көршілері. Әдетте олардан сезіктінің жеке тұлғасы туралы, оның тәртібі, өмір салты туралы, таныстары туралы, кездесулері мен іс-сапарлары туралы жауап алады.
Бесінші топ — нашақор-куәгерлер. Бірінші тергеуде олар әдетте жалған жауап береді. Белгілі бір емдеу курсын еткеннен кейін нашақорлар ез жағдайын сезініп, өкініп, келесі тергеуде шын жауап беріп, есірткі өткізушілерді әшкерелеуі мүмкін. Сондықтан олардан кайтадан жауап алған жөн.
Сезіктілерден (айыпкерлерден) жауап алу. Сезіктілердің (айыпкерлердің) жауаптары іс бойынша айқындауға жататын мән-жайларды анықтау үшін аса маңызы, себебі бұл адамдар қылмыстың мән-жайларын жақсы біледі.
Әдетте ұсталған тұлғалар оларда табылған есірткі жайлы ғана көрсетпе береді, ал баска қылмысқа қатысушыларды, байланыстары мен қылмыстық әрекеттерін жасырады. Қылмыс үстіне ұсталған сезіктілер олардан алынған есірткі деп бас тартуға тырысады (мәселен, белгісіз адамдар, кейін ішінде есірткі табылған заттарын қарап қоюға тастап кетті дейді).
Жауапкершіліктен қүтылып, қылмыстыктоптағы өзінің шын ролін жасыру үшін ұсталған тұлға езін белгісіз біреулер есірткі өткізген нашакор деп көрсетеді. Бүл жағдайда оның денесінен тыртық немесе уколдын іздерін табу үшін оны куөландыру керек немесе нашакорлыкпен ауыратынын не ауырмайтынын анықтау үшін наркологиялық сараптама еткізу кджет. Бір салым мөлшерге бөлшектенген есірткі, оны қабылдайтын құралдардын. болмауы ұсталған адамның нашақор еместігін дәләлдейді.
Құрамында есірткі бар өсімдіктерді сепкен жерде ұсталған тұлғалар әдетте жауапкершіліктен құтылу үшін жалған жауап береді. Олардың жауаптарын теріске шығару үшін үймен учаскенің жоспарын жасап, үйден учаскеге дейін жолдың бар-жоклығын көрсету кызметінде есірткі заттарын сақтау, есепке алу, беру ережелерін бұзу немесе есірткі затгарының жетіспеушілігі анықталған тұлғалардан жауап алғанда, келесі жағдайларды айқындау қажет: жұмыс жағдайы; есепке алу және бақылауды ұйымдастыру; анықталған фактілерді бағалауы, т.б. Сонымен қатар тергеуші жауап алынып отырған адамның жүмыс істеу уакытын, оның міндеттерін, басшыларымен жақын көмекшілерін, қоймада және басқа жерлерде құндылыктардың орналасуын, кілттер сакталатын орынды, қоймаларды ашу және жапқанда мерлеу тәртібін, белгіленген ережелердің бүзылған-бұзылмағанын және оның себептерін аныктайды. Сонымен бірге материалдык жауапкершілік, кұжаттардың айналымымен оларды кұрастыру, қүжаттарға қол қою тәртібі туралы, оған жауапты тұлғалар туралы есеп беру, кезендік тексеру, құжаттарды сактау орнымен мерзімі туралы, есепке алу (инвентаризация) мен олардын нәтижелері туралы деректерді жинаған жөн.
Ұсталған тұлға есірткіден мас болған жағдайда оның қалыпқа келуін күту керек. Оны хаттамада және наркологтің қайта куәландыру туралы кұжатында көрсетеді.
Егер жауап беруші есірткінің тапшылығынан денсаулығының нашарлауына байланысты жауап бере алмаған жағдайда абстиненттік синдромды жою үшін наркологті шақырған жөн. Содан кейін ғана жауап алуды бастау керек немесе жалғастыру керек. Егер үсталған тұлғадан есірткіден мас болған жағдайда жауап алса, жауап алуды кайталаған жен.
Сараптама тагайындау. Әдетте аталған қылмыстар бойынша сот сараптамаларын тағайындауы: химиялық, ботаникалық, наркологиялық, криминалистік сараптама.
Сот-химшлық сараптаманың объектілері: Қолдан және кәсіпорында өндірілген есірткі заттары, олардың шикізаты, өлшеу құралдарындағы (таразыда, қасықтарда, ыдыста) және қабылдау құралдарындағы (шприцтер, түтіктер), сақтау және буып-түю заттарындағы, киімдегі іздері. Сараптамаға алынған есірткі заттары; есірткі өсімдіктерінің бөлшектері; есірткі затының ізі бар заттар; есірткіні қабылдау кұралдары; сезіктіден алынған киім, шылымдар; оның қолынан алынған шайынды, т.б. жіберіледі. Сараптамаға өсімдікті жібергенде оның барлық бөлшектерінің сакталуын қамтамасыз ету қажет.
Сот-химиялық сараптама келесі мәселелерді шешеді:
— зерттеуге ұсынылған зат есірткі заты немесе күшті әсері бар фармацевтік препарат екендігін жөне кандай зат екендігін айқындау;
— зерттеуге ұсынылған затгың кұрамындағы белсенді есірткі компоненттерінің құрамы қандай;
— сезіктіден алынған зат қандай тәсілмен (қолдан немесе кәсіптік жолмен) дайындалғанын;
— ұсынылған заттарда есірткі немесе әсері күшті заттардың іздерінін бар-жоқтығы, егер бар болса, қандай заттың ізі екендігін айқындау;
— зерттеуге ұсынылған темекі заттарының (сигарет, шылым, оның ішінде тартылған шылым, темекі қоқымы, т.б.) құрамында есірткі заттарының бар болуын анықтау.
Сот-ботаникалық сараптаманың міндеттері:
— сараптамаға ұсынылған тұқымдар апиын, майлы көкнәр немесе сора тұкымы екендігін, егер сондай болса, қандай түрі екендігін айқындау;
— тінту кезінде алынған апиын немесе майлы көкнәр (сора) тұқымдарының егістен алынған үлгілерімен ұксастығын айқындау;
— егістен алынған өсімдіктер үлгілері апиын, майлы кекнәр немесе сора екендігін, егер олай болса, қай түріне жататынын айқындау;
— аталған сораны (апиын немесе майлы көкнәрдің басын) есірткі затын дайындау үшін қолдануға болатын-болмайтындығын айқындау;
— аталған өсімдік қайда өсетіндігін айқындау;
— сараптамаға ұсынылған есімдіктер үлгілерінің көбею дәрежесі қандай екендігін айқындау.
Сот-биологиялық сараптаманы нақты түлғаның есірткіні қабылдайтының анықтау үшін жүргізеді. Ол үшін адамның қанын, шашын жөне әр түрлі ағзаларын зерттейді.
Сарапшы зерттеуге ұсынылған қанда, шашта, зәр мен түкірікте есірткі затының бар-жоқтығын, егер бар болса, қандай зат екендігін аныктайды.
Сот-психиатршлык, сараптаманың міндеттері:
— тексерудегі тұлғанын қылмыстық әрекет жасау дұрыс болғанын анықтау;
— психикасының қылмыс жасағаннан кейін бұзылған-бұзылмағандығын айқындау;
— оған медициналық мәжбүрлеу шараларын және қандай шараларды қолданудың қажеттілігін айқындау;
— есі дұрыстығын және іс жүргізу өрекетке қабілетгілігін жоққа шығармайтын психикалық ауытқушылықтың бар-жоқтығын, ол неден көрінетінін және оған өзін-өзі қорғауын қиындататынын немесе қиындатпайтынын айқындау;
— егер айыпкердің психикасы бұзылған болса, ол оған нақты мән-жайларды дұрыс қабылдауға кедергі жасамайтынын немесе жасайтынын және ол туралы дқрыс жауап бере алатынын немесе бере алмайтынын анықтау.
Бұл сараптаманың алдында оның қажеттілігі айқындалатын сот-наркологиялық сараптама жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |