Өкілеттіліктер жене жауапкершілік
өкілеттілік берудің, яғни басшының өз өкілеттігін нақты мәселелерді шешкен кезде бағынышды адамдарға артуының зор маңызы бар. өкілеттілік беру дегеніміз – басқару қызметін бөлісу процесін етене дамыту. Ол басқару жүйесінің икемділігін күшейтеді жене штат құрылымын өзгертпей – ақ шаруашылық жүйесін жаңа проблемаларды шешуге, жедел реттеп отыруға мүмкіндік береді. Дегенмен, міндеттердің өкілеттілік пен жауапкершіліктің арасында дұрыс ара қатынастың болуы жалпы басқару буындарында жене жеке қызметкердің еңбегіне үлкен әсер ететінің атап көрсетуіміз қажет .
Жауапкершілік аз, ал өкілеттілік көп болса, әкімшілік озбырлық, субъективизм, ойластырылмаған шешімдер жасалуы үлкен жағдай туады. өкілеттілік аз болған жағдайда жауапкершіліктің зор болуына да жол беруге болмайды, ол аралымды қимылдық қажетті шешімдер қабылдау мүнкіндігін жаяды. Мұндай жағдайда ең ынталы деген қызметкердің өзі көбінесе дәрменсіз болып шығады. Сондықтан әрбір орган үшін ғана емес, сонымен бірге, әрбір қызметкер үшін де өздеріне жүктелген міндеттерді мүлтіксіз жене мерзімде орындауына жауапкершілікті берілген өкілеттілікке сәйкес белгілеу ұйымдастырудағы өзекті мәселе болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |