1 таќырып: Кјсіпкерлік ўєымы жјне оныѕ негізгі тїрлері


ұйымдастырушылық-құқықтық ұйымдастырушылық-экономикалық



бет7/44
Дата02.01.2022
өлшемі0.53 Mb.
#452513
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   44
Кәсіпкерлік УМКД

ұйымдастырушылық-құқықтық

  • ұйымдастырушылық-экономикалық.


    Лекция мақсаты:

    Лекция мәтіні:
    Серіктестіктердің қызметіне ағымдағы басшылықты және оның ісін жүргізуді жеке – дара атқарушы орган директор жүзеге асырады. Директор қатысушылардың жалпы жиналысымен 5 жылға тағайындалады.

    Атқару органы қатысушылардың жалпы есепті болады және оның шешімдерін орындау ұйымдастырады. Директор жалпы жиналысының айырықша құзыретіне жатпайтын барлық мәселелер бойынша құзыретті, оның ішінде:



    • ағымдағы және болашақтағы жұмыс бағдарламаларының орындалуын қамтамассыз ету

    • қатысушылардың шешімдерін дайындаумен орындауын ұйымдастыру

    • серіктестіктің ақшасын қоса алғанда, қатысушылар берген шекте оның мүлкіне билік жүргізеді

    • қатысушылар ұсынған және осы жарғымен берілген өкілеттіктер шегінде серіктестік қызметінің мәселелері бойынша мемлекеттік органдары, соттарды қоса алғанда, ұйымдармен қарым- қатынастарда серіктестікті білдіреді

    • өз құзыреті шегінде басқа да функцияларды орындайды

    Серіктестік директорының құзыреті:

    • серіктестіктің атынан сенім хатсыз әрекет етеді

    • серіктестіктің өкілі болу құқына сенім хаттар соның ішінде қайта сенім арту құқығымен секнімхаттар береді.

    • серіктестік қызметкерлеріне қатысты оларды қызметке тағайындау туралы, оларды басқа жұмысқа орналастыру және жұмыстан шығару туралы бұйрықтар шығарады, еңбекке ақы төлеу жүйелерін белгілейді, лауазымдық жалақы мен дербес үстемақылардың мөлшерін белгілейді, сыйақы беру мәселелерін шешеді, көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жазалар қолданады.

    • қатысушылардың жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылған өзге де өкілеттіктерді, сондай- ақ оған серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысы берген өкілеттіктерді жүзеге асырады.

    Серіктестіктің директорына тыйым салынады: жалпы жиналыстың келісімінсіз серіктестікпен одан мүліктік пайда табуға бағытталған мәселелер (сыйға тарту, заем, тегін пайдалану, сатып алу, сату шарттарын және тағы басқаларын қоса) жасауға;

    • серіктестіктің үшінші жақпен жасасқан мәмілелері үшін серіктестіктің өзінен де үшінші жақтан да комиссиялық сыйақы алуға;

    • үшінші жақтың серіктестікпен арадағы қатынастарда олардың атынан немесе мүдделері үшін әрекет жасауға;

    • серіктестіктің қызметімен бәсекелесетін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға;

    Серіктестік өз қызметінің нәтижелеріне бухгалтер есеп жүргізеді. Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген сәйкес статистикалық және қаржылық есепті жүргізеді.

    Серіктестік есеп пен есеп берудің сенімділігі және жүргізу тәртібінің сақталғаны үшін заңдарға сай жауап береді.Серіктестіктің атқарушы органның қаржы–шаруашылық қызметін бақылауды жүзеге асыру үшін серіктестікке қатысушылар немесе олардың өкілдері арасынан тексеру комиссиясы 5 жыл мерзімге сайланады.

    Тексеру комиссиясы кез-келген уақытта серіктестіктің атқарушы органының қаржы–шаруашылық қызметіне тексеру жүргізуге құқылы.Тексеру комиссиясы осы мақсатта скріктестіктің барлық құжаттамасын ешқандай кедергісіз көру құқығына ие болады. Тексеру комиссиясының талап етуі бойынша атқарушы органы ауызша немесе жазбаша түрде қажетті түсіндірмелер беруге міндетті. Тексеру комиссиясы қатысушылардың жалпы жиналысы бекіткенге дейін серіктестіктің жылдық қаржылық есептемесіне міндетті түрде тексеру жүргізеді. Тексеру комиссиясының қорытындысы бойынша жылдық қаржылық есептемені бекітуге құқығы жоқ.

    Атқару органдарының мүшелері комиссияның жұмыс тәртібі ішкі қызметін реттейтін ережелерімен және өзге де құжаттармен белгіленеді.

    Тексеру жүргізу үшін шеттен аудитор тартылуы мүмкін.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   44




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет