1 тарау. Банк несиесінің теориялық аспектілері



жүктеу 1.24 Mb.
бет1/5
Дата17.06.2016
өлшемі1.24 Mb.
  1   2   3   4   5


Мазмұны
Кіріспе...................................................................................................................…3
1 ТАРАУ. БАНК НЕСИЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ............................6

1.1. Несиенің маңызы мен функциясы..............................................................6

1.2. Несие беру шарттары мен жіктелімі........................................................13

1.3. Несие берудің негізгі принциптері...........................................................24


2 ТАРАУ. Қазақстандағы шағын жӘне орта бизнеске

несие беруді талдау......................................................................................29

2.1. Еуропалақ құру және даму банкінің бағдарламасы бойынша Қазақстанда, шағын және орта бизнеске екінші деңгейдегі банктермен берілетін несиелер............................................................................................29

2.2. Қазақстандағы шағын және орта бизнестің жағдайын талдау..............42

2.3. Қазақстанның қазіргі несиелік жүйесін талдау.......................................46

2.4. Кәсіпкерлік фирмаларды несиелендіру ерекшеліктері...........................49


3 ТАРАУ. Қазақстандағы шағын жӘне орта бизнестің МӘСЕЛЕЛЕРІ жӘне ДАМУ БОЛАШАҒЫ.........................................................61

3.1. Қазақстандағы шағын және орта бизнеске несие беру мәселелері.......61

3.2. Кіші несиелеу – Қазақстандағы шағын және орта бизнесті

қолдау пішіні.....................................................................................................66

3.3. Қазақстандағы несиелік бюро...................................................................74
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................84
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................90
ҚОСЫМША...............................................................................................................92

КІРІСПЕ
"Коммерциялық банк" термині, банкілер басымды жағдайда саудаға (commerce), тауар айырбасы операцияларына және төлемдерге қызмет көрсетуі кезіндегі банкі ісінің ерте кезеңінде пайда болды. Оның негізгі тапсырыскері сатармандар еді. Банкілер тауар айырбасымен байланысты тасымалдау, сақтау және басқада операцияларды несиелендірді. Өнеркәсіптік өндірістің өркендеуімен өндірістік циклді қысқа мерзімді несиелендіру бойынша операциялар пайда болды: айналым капиталын толықтыру, шикізаттар мен дайын бұйым қорларын құру, жалақы төлеу және т.б. несиесі.

Несиелер мерзімі біртіндеп өсе бастады, банк ресурстарының бір бөлігі негізгі капитал мен бағалы қағаздарға жұмсалым үшін қолданыла бастады. Соңғы уақытта Қазақстанның банкілік жүйесінің қалыптасуында маңызды өзгерістер болды. Банк-жетекшілер анықталды, банкілік мамандандырудың негізгі бағыттары қалыптасты, қаржы институттары арасында тапсырыскерлер қорын бөлу аяқталды.

Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуін, оның жұмыс істеу тиімділігінің артуын, қажетті инфрақұрылымның құрылуын несиелендіру қатынасын қолданбай және оны ары қарай өркендетпей қамтамасыздандыру мүмкін емес.

Несие өндіру күштерінің өркендеуін ынталандырады, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктері негізінде ұдайы жаңғыруды кеңейту үшін капитал көздерін қалыптастыруды тездетеді.

Несиелік қолдаусыз, ішкі мемлекеттік және сыртқы экономикалық кеңістікте шаруашылықтардың, кәсіпорындардың, кәсіпкерлік қызметтердің басқада түрлерін енгізудің тез және өркениетті қалыптасуын қамтамасыздандыру мүмкін емес.

Кәсіпорындарды несиелендірудің объективті қажеттілігі капиталдың ауыспалы айналымының ерекшеліктерімен шартталған, оған кіретіндер: ақша резервтерінің тұрақты пайда болуы, шаруашылықтағы қаражат айналымының әртүрлі ұзақтығы, қолма-қол ақшалы және ақшасыз айналымдардың тығыз шиеленісуі, экономикалық субъектілер шеңберіндегі қаражаттарды оқшауландыру. Ауыспалы айналым процесінде бір шаруашылық буындарынан қаражат босатылып алынады, ал екіншілерінде оларды қолдану қажеттілігі туады. Несиелендіру қажеттілігі нарық жағдайларында басқарудың коммерциялық ұйымдастырылуыменде шарттасылған, бұл кезде әрбір кәсіпорында капиталдың ауыспалы айналымы жағдайында қаражаттың қосымша қажетсінуі пайда болады. Несиелендіру механизмі көмегімен кәсіпорындар өздерінің қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті қаражаттарды алады.

Несие салалар мен аймақтар арасындағы экономикалық байланыстардың өркендеуінде, өндіріс тиімділігінің жоғарылауында, табыстар мен пайдаларды құру мен қолдануда үлкен маңызды орын алады. Несие ақшалық массаның көлемі мен құрылымына, төлем айналымына және ақша айналысы жылдамдығына белсенді ықпал етуге қабілетті. Несиенің арқасында пайданы капиталдандырудың яғни өндірістің шоғырлануының ең жылдам процесі өтеді.

Дипломдық жұмыстың мақсаты банкілік несиелер теориясын талдау, несие функциясын анықтау, несиелендірудің шарттары мен нысанын анықтау. Несиелендірудің ең тиімді нысандарын және осы нысандардың қазіргі Қазақстанның банк жүйесінде қолданылуын бөліп көрсету.

Несиелердің кәсіптік банкілік және Қазақстандық жалпы мемлекеттік өзіндік ерекшеліктермен байланысты мәселелерін анықтау, банкілік әдістемелердің жетілдірілу қабілеттілігін, сонымен қатар несиелерді басқарудағы банкілік менеджменттің келешегін анықтау.

Қойылған мақсатқа жету үшін нормативтік және заңдық актілер, мамандар мен банк қызметкерлерінің еңбектері, статистикалық мәліметтер, кезеңдік әдебиеттердегі зерттеу статьялары қолданылды. Теориялық ізденістерден өзге несиені рәсімдеу кезінде құрастырылатын құжаттар мен банк қызметкерлерінің ауызша ақыл-кеңестері қолданылды.

Осының бәрі жалпы несиелендіру процесін және оның жеке аспектілерін толық және егжей тегжейлі қарастыруға мүмкіндік берді. Процестің теориялық және құжаттық жақтары зерттелінді. Несиегер мен қарызгердің функциялары, олардың құқығы мен жауапкершіліктері, жәнеде өзара әрекет жасаудың барлық бойлығында, нарықтық жағдайда екі жақтыңда бет алыс бағыты анықталды. Барлық жиналған мәліметтерді зерттеу кезінде, Қазақстандағы несиелік қатынастың өркендеуінің мүмкіндікті жолдары қарастырылды.

Шығарымдық біліктілік жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады. Бірінші тарау несиелік процестің теориялық аспектілеріне арналған – онда несиелендірудің мәні мен негізгі принциптері қарастырылған. Екінші тарауда коммерциялық банкілердің несие беру процестерінің талдауы келтірілген: несие беру үшін қажетті құжаттар көрсетілген, банкілік несиелер типтері анықталған, Қазақстандағы шағын және орта бизнестің ағымды күйі қарастырылған, сонымен қатар несие беру мәселелері – оларды шешу жолдары. Үшінші тарауда Қазақстандағы шағын және орта бизнестің өркендеу келешегі анықталған.

1 ТАРАУ. БАНК НЕСИЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ




    1. Несиенің маңызы мен функциясы

Несие – қарызға ақша немесе тауар беру, ереже бойынша, процент төлеумен; құндық экономикалық категория тауар – ақша қатынасының бөлінбес элементі. Несиенің пайда болуы айырбас саласымен тікелей байланысты, бұл жерде тауарлар иелері экономикалық қатынасқа түсуге дайын, меншіктенушілер ретінде бір – біріне қарсы тұрады.

Несиенің пайда болу және өркендеу мүмкіндігі капиталдың ауыспалы айналымымен және айналымымен байланысты. Капиталдың негізгі және айналымды қозғалысы процесінде ресурстарды босатып алу жүреді. Еңбек құралдары өндіріс процесінде ұзақ уақыт қолданылады, олардың құны дайын өнімдер құнына бөлшекті беріледі.

Негізгі капитал құнының ақша нысанында біртіндеп қайта құрылуы, босатып алынған ақшалай қаражаттың кәсіпорынның есеп шотында тұрақталып қалуына әкеледі. Сонымен қатар, басқа полюсте тозығы жеткен еңбек құралдарын алмастырудың және жеткілікті ірі бірмезгілдік жұмсалатын қаражат қажеттілігі пайда болады. Сипаттамасы бойынша ұқсас процестер айналымды капитал қозғалысындада жүреді. Одан өзге, бұл жерде ауыспалы айналымдағы және айналымдағы ауытқулар өздерін әртүрлі айқындайды. Мысалы, өндірістің маусымдылығына, жеткізудің әркелкілігіне және басқаларға байланысты, өнімдердің құрылуы мен айналу уақыты дәл келмейді. Бір субъектілерде қаражаттың уақытша артықшылығы пайда болады, ал екіншісінде керісінше - олардың жетімсіздігі. Бұл несиелік қатынастың пайда болу мүмкіндігін туғызады, яғни несие қаражаттың уақытша тұрақтап қалуы мен қажеттілігі арасындағы, олардың шаруашылықта қолданылуының салыстырмалы қарама-қайшылығын шешеді.

Экономикадағы несиелік қатынастар белгілі бір әдістемелік негізге орналастырылады, оның бір элементі болып несиелік капиталдар нарығындағы кез – келген операцияны практика жүзінде ұйымдастыру кезінде қатаң сақталатын принциптер табылады. Бұл принциптер несиенің өркендеуінің бірінші кезеңінде жағдайлық тәртіпте құралды, содан соң жалпы мемлекеттік және халықаралық несиелік заңдарында тікелей бейнеленді:

Несиенің қайтарымдылығы

Бұл принцип несиегерден алынған қаржылық ресурстардың, оларды қарызгер қолданып болғаннан соң уақытылы қайтару қажеттілігін анықтайды. Ол, ақшалай қаражаттың сәйкес сомасын өзіне несие берген ұйымның (немесе басқада несиегердің) есеп шотына аудару жолымен, нақты несиені өтеудің өзіндік практикалық анықтамасын табады, бұл банкінің жарғылық қызметін жалғастырудың қажетті шарты ретінде, оның несиелік ресурстарының жаңғыртылуын қамтамасыз етеді.

Несиелендірудің отандық практикасында орталықтандырылған жоспарлы экономика жағдайларында “қайтарылмаған несие” деген ресми емес ұғым болды. Несие берудің бұл нысаны барынша кең таралды, әсіресе аграрлық секторда, жәнеде қарызгердің дағдарысты қаржылық күйіне байланысты, қайтарымы ең басынан жоспарланбаған несиелердің мемлекеттік несиелік ұйымдармен беруі анықталды. Өзінің экономикалық маңызы бойынша, қайтарылмайтын несиелер мемлекеттік банк делдалдығы арқылы жүзеге асатын, бюджеттік қаражаттандырудың қосымша нысаны болып табылады, бұл несиелік жоспарлауды дәстүрлі күрделендірді және бюджеттің шығыс бөлігін тұрақты түрде бұрмалауға соқтырды. Нарықты экономика жағдайында қайтарылмайтын несие ұғымына жол берілмейді, мысалы, “жоспарланған – залалды дербес кәсіпорын” ұғымы секілді.

Несиенің мерзімділігі

Ол, несиені қайтарудың қарызгер үшін кез-келген ыңғайлы уақытта емес, несиелік шартта немесе соны алмастыра алатын басқа құжатта белгіленген анықталған мерзімде дәл қайтару қажеттігін көрсетеді. Көрсетілген шарттың бұзылуы несиегер үшін қарызгерге, алынатын процентті өсіру нысанындағы экономикалық ықпалшараны қолдануға, ал ары қарай мерзімі ұзарғанда (біздің елімізде – үш айдан жоғары) – қаржылық талапты сот арқылы шешуге жеткілікті негіз болып табылады. Бұл ережелерден жекеше шығып қалатыны, ол онкольдық несие (талап етілмелі),оның борышты өтеу мерзімі ең басынан несиелік шартта анықталмайды. Бұл несиелер, XIX ғ. - XX ғ. басында барынша кең тараған (мысалы, АҚШ аграрлық кешендерінде), қазіргі жағдайларда практика жүзінде қолданылмайды деуге болады, бәрінен бұрын несиелік жоспарлау процесіндегі олардың күрделілігіне байланысты. Одан өзге, онкольдық несие туралы шарт, оның өтелуінің белгіленген мерзімін анықтамай-ақ, қарызгердің банкіден бұрын алған қаражатын қайтару туралы хабарламаны алу кезеңінен бастап, ондағы иеленуде мерзімді айқын орнықтырады, бұл қарастырылып отырған принциптің қандайда бір дәрежеде сақталуын қамтамасыздандырады.

Несиенің ақылылығы. Несиелік процент.

Бұл принцип қарызгердің банктен алған несиелік ресурстарын тікелей қайтару қажеттілігін ғана емес, сонымен қатар оларды қолдану бойынша құқығына ақы төлеудіде қайтару қажеттілігін көрсетеді. Несие үшін ақы төлеудің экономикалық мәні - қарызгер мен несиегер арасындағы оны қолдану есебінен қосымша алынған пайданың нақты бөлінуінде айқындалады. Қарастырылып отырған принцип өзінің практикалық көрсетілуін келесідей үш негізгі функцияны орындайтын банк процентінің шамасын орнықтыру процесінен табады:



  • заңдық тұлғалар пайдасы мен жеке тұлғалар табысының жеке бөлімдерін қайта бөлу;

  • өндірісті реттеу және несиелік капиталды бөлу жолымен салалық, салалар аралық және халықаралық деңгейлердегі айналым;

  • экономиканың өркендеуінің дағдарысты кезеңдерінде – банк тапсырыскерлерінің ақшалық қорларын инфляцияға қарсы қорғау.

Несие капиталынан алынған жылдық табыс сомасының берілген несие сомасына қатынасы ретінде анықталатын несие процентінің мөлшерлемесі (немесе мөлшері), несие ресурстарының бағасы ретінде алынады.

Тауарлардың мамандандырылған нарығына ұсынылатындардың бірі ретіндегі несие ролін қуаттай отырып, несиенің ақылығы қарызгердің несиені өнімді қолдануына ынталандырады. Тура осы ынталандыру функциясы, несие ресурстарының үлкен бөлігі мемлекеттік банк мекемелерімен өте аз ақыға (жыл бойынша 1,5 – 5 %) немесе процентсіз негізде берілген кезде, жоспарлы экономика жағдайында толығымен қолданылмады.

Несие бағасы, тауарлар өндірісінде еңбектің қоғамдық қажетті жұмсалуы анықтаушы элемент болатын, басқа тауарлар түрінің баға белгіленуінің дәстүрлі механизмінен принципті ерекшелене отырып, сұраныстың жалпы қатынасын және несие капиталы нарқындағы ұсыныстарды кескіндейді және бірқатар факторларға тәуелді болады, оның ішінде таза конъюктуралық сипаттағы:


  • нарықты экономиканың өркендеуінің айналсоқпалылығы (құлдырау кезеңінде несие проценті, қағида бойынша, артады, ал тез көтерілу кезеңінде – төмендейді);

  • инфляциялық процесс қарқындылығы (практикада несие процентінің жоғарылауынан бірнеше қалып отырады);

  • орталық банктің коммерциялық банктерге несие беру процесінің есептелу саясаты арқылы жүзеге асатын мемлекеттік несие беруді реттеудің тиімділігі;

  • халықаралық несие нарықындағы жағдайлар (мысалы, АҚШта 80 жылдары жүргізілген несиені қымбаттату саясаты шетелдік капиталды америка банктеріне тартуды шарттады, бұл сәйкес ұлттық нарықтар жағдайына әсер етті);

  • жеке және заңдық тұлғалардың ақшалай қорларының динамикасы (оларды қысқарту тенденциясы кезінде, несие проценті, қағидалы, артады);

  • әлеуетті қарызгерлердің сәйкес категорияларының тұтынушылық және несиелік ресурстарын анықтайтын өндіріс пен айналым динамикасы;

  • өндірістің мерзімділігі (мысалы, Ресейде несие процентінің мөлшерлемесі тамыз және қыркүйек айларында дәстүрлі жоғарылайды, бұл Қиыр Солтүстікке тауарлар жеткізуге арналған несиелер және аграрлық несиелер беру қажеттілігімен байланысты);

  • мемлекет беретін несиелер мөлшері мен оның қарыздары арасындағы қатынастар (несие проценті ішкі мемлекеттік қарыздың жоғарылауы кезінде тұрақты түрде артады).

Несиенің қамтамасыз етілуі

Бұл принцип қарызгердің өзіне алған жауапкершілігін бұзу мүмкіндігі болғанда, несиегердің мүліктік мүддесін қорғауды қамтамасыздандыру қажеттілігін айқындайды және несиелендірудің кепілзат алып несие беру немесе қаржылық кепілдеме алып несие беру сияқты, нысандарының практикалық көрсетілуін табады. Бұл әсіресе жалпы экономикалық тұрақсыздық кезеңінде актуалды, мысалы, біздің отандық жағдайларымызда.

Несиенің мақсатты сипаты

Несие операцияларының көптеген түрлеріне таралады, несиегерден алынған қаражатты мақсатты қолдану қажеттілігін айқындайды. Берілетін несиенің нақты мақсатын орнықтыратын несие шартының сәйкес бөлімінде орын табады, сонымен қатар қарызгердің осы шартты сақтауын банк жағынан бақылау процесінде де орын алады. Бұл міндеттеменің бұзылуы, несиені мерзімінен бұрын қайтарып алу үшін немесе айыппұлды несиелік процент (жоғарылатылған) енгізу үшін негіз бола алады.

Несиенің сараланған сипаты

Бұл принцип әлуетті қарызгерлердің әртүрлі категорияларына несиелендіретін ұйымдар жағынан сараланған тәсілді анықтайды. Практика жүзінде оны іске асыру нақты банктің жеке мүддесінеде, мемлекет жүргізетін орталықтандырған саясаттың жеке салаларды немесе қызмет әрекеті аймақтарын (мысалы, шағын бизнесті және т.б.) қолдау жағдайынада тәуелді болады.

Қоғамның экономикалық жүйесіндегі несиенің алатын орыны мен ролі, бәрінен бұрын, олар орындайтын функциялардың жалпы және селективті сипатымен анықталады.

Қайта бөлуші функция.

Нарықты экономика жағдайында несие капиталдарының рыногі, уақытша еркін қаржылық ресурстарды шаруашылық қызметінің бір аймағынан, жоғары пайда келтіруді қамтамасыз ететін екінші аймаққа бағыттаушы, айдаушы сорғы ролін атқарады. Әртүрлі салалардағы немесе региондардағы оның сараланған деңгейін бағдарлай отырып, несие экономиканың жағдайлы макро-реттегіші ролінде байқалады, жәнеде қосымша қаржылық ресурстарға капитал беріп, динамикалық өркендеуші объектілердің қажеттілігін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді. Дегенмен, кейбір жағдайларда көрсетілген функцияның практикалық жүзеге асуы нарық құрылымының үйлесімсіздігінің тереңдеуіне ықпал етеді және капиталдардың өндіріс аймағынан айналым аймағына қайта ағуы қатерлі сипатты қабылдайды, оның ішінде несие беру ұйымдарының көмегімен. Сондықтанда несие жүйесін мемлекеттік реттеудің бірден-бір маңызды мәселесі – экономикалық басымдылықты тиімді анықтау және несиелік ресурстарды, ұлттық мүдде тұрғысынан қарағанда, шаруашылықтың жеке субъектілерінің ағымды пайдасы үшін емес, керісінше қарқынды өркендеуі объективті қажетті салаларға немесе региондарға тартуды ынталандыру.

Айналым шығынының үнемділігі.

Бұл функцияның практикалық жүзеге асуы, өнеркәсіптік және саудалық капиталдардың ауыспалы айналым процесінде уақытша босатылып алынатын қаржылық ресурстар көзі болып табылатын, несиенің экономикалық мәнінен шығады. Шаруашылықты жүргізу субъектілерінің ақша қаражаттарының түсімі мен шығыны арасындағы уақытша айырым артықшылықты ғана емес, сонымен қатар қаржылық ресурстардың жетімсіздігінде анықтайды. Сондықтанда қарызгерлердің барлық категорияларымен қолданылатын және капиталдың айналымының қарқындылығын, демек жалпы айналым шығынының үнемделуін қамтамасыз ететін, меншікті айналым қаражатының уақытша жетімсіздігін толықтыратын несие кеңінен таралды.

Капиталдың шоғырлануын жеделдету.

Капиталдың шоғырлану процесі экономиканың өркендеуінің тұрақтануының қажетті шарты болып табылады және шаруашылықты жүргізудің кез – келген субъектілерінің басым мақсаты болады. Бұл мәселені шешуге нақты көмекті, өндіріс масштабын (немесе басқада шаруашылық операциясын) кеңейтуге мүмкіндік беретін қарыз қаражаты көрсете алады, сол арқылы пайданың қосымша массасын қамтамасыз етеді. Тіпті оның бір бөлігін несиегермен есептесу үшін бөлу қажеттілігін еске алсада, несие беру ресурсын тарту тек қана меншікті қаражатқа бағытталуға қарағанда орынды болады. Дегенмен, айта кету керек, экономикалық құлдырау кезеңінде (әсіресе, нарықты экономикаға өту жағдайында) бұл ресурстардың қымбатшылығы шаруашылық қызметінің көптеген аймақтарында капиталдың шоғырлануын жеделдету мәселесін шешу үшін оларды активті қолдануға мүмкіндік бермейді. Соған қарамастан, қарастырылып отырған функция, тіпті отандық жағдайдада, жоспарлы экономика кезеңінде болмаған немесе соншалықты өркендемеген қызметтер аймағын қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету процесін жеделдетуге мүмкіндік беріп, белгілі – бір оң тиімділікті қамтамасыздандырды.

Тауар айналымына қызмет көрсету.

Бұл функцияны жүзеге асыру процесінде несие тек қана тауарлық емес, сонымен қатар одан қолма – қол ақшаны ығыстыра отырып, ақша айналымының да жеделдеуіне белсенді ықпал етеді. Ақша айналымы аймағына вексель, чек, несие карточкалары және т.б. сияқты құралдарды енгізе отырып, ол қолма – қол ақшамен есептесуді қолма – қол ақшасыз операцияларымен ауыстыруды қамтамасыз етеді, бұл ішкі және халықаралық нарықтарды экономикалық қатынастардың механизмін жеңілдетеді және жылдамдатады. Осы мәселені шешуде ең маңызды рольді, тауар алмасудың қазіргі қатынасының қажетті элементі ретінде, коммерциялық несие атқарады.

Ғылыми – техникалық прогресті жеделдету.

Соғыстан кейінгі жылдары ғылыми – техникалық прогресс кез – келген мемлекеттің және шаруашылық жүргізуші жеке субъектінің экономикалық өркендеуінің анықтаушы факторы болды. Оның жеделдеуіндегі несиенің ең көрнекі ролін, капиталдың бастапқы жұмсалымы мен дайын өнімді өткізу арасындағы уақытша айырым болатын басқа салаларға қарағанда, өзіндік ерекшелікті ғылыми – техникалық ұйымдар қызметін қаржыландыру процесі мысалында байқауға болады. Сондықтанда көптеген ғылыми орталықтардың қалыпты қызмет етуі (бюджеттік қаржыландырудағы мекемелерден өзгесі) несиелік ресурстарды қолданусыз орындалмайтын шарт. Несие соншалықты өндіріске ғылыми әзірлемелер мен технологияларды тікелей енгізу нысанында инновациялық процестерді жүзеге асыру үшінде қажетті, бұлардың шығындары алдымен кәсіпорынмен қаржыландырылады, оның ішінде банкінің мақсатты қысқа және ұзақ мерзімдік несиелері есебіненде.

Сонымен несие – бұл уақытша қолдануға берілген құн мәселесі бойынша несиегер мен қарызгер арасында туатын экономикалық қатынас.

Нарықты экономика жағдайларында несие келесі функцияларды орындайды:

- уақытша еркін ақшалай қаражаттардың шоғырлануы;

- ақшалай қаражатты, олардың кейін қайтарылуымен шарттап, қайта бөлу;

- айналымның несиелік құралын (банкнот және қазынашылық билеттер) және несиелік операциялар құру;

- жиынтық ақша айналымы көлемін реттеу.
1.2. Несие беру шарттары мен жіктелімі
Анықтау бойынша несие, бұл бір жақтың екінші жаққа қарызға берген, рулық белгілермен біріккен, ақшалай қаражат немесе басқалай заттар. Демек, несиелік құқықтық қатынас ретінде беру (қайта беру), қолдану және ақша қаражатын немесе басқа заттарды қайтару шартының салдарынан пайда болатын барлық құқықтық қатынастар қабылданады. Практикада несие таза түрінде (қарыздар, банктік несиелер), сонымен қатар әртүрлі азаматтық – құқықтық міндеттемелердің құрама бөлігі түрінде қызмет ете алады.

Банктік несие, оның рәсімделуіне қойылатын талаптар, несиенің басқа түрлерінен айрықшаланатын белгілі бір ерекшелікті болады. Бәрінен бұрын, банктің тапсырыскермен несиелік қатынасы мерзімділік, қайтарымдық, ақылылық және несиенің қамтамасыздығы принциптерінде құрылатынын және шартпенен рәсімделетінін айта кету керек. Банктік несие келесідей ерекшелңктермен айрықшаланады.

Біріншіден, бұл құқықтық қатынастар арнайы субъектілік құраммен сипатталады: осы жағдайда несиегер ретінде банк немесе басқа несие беру ұйымы түседі, ол ретті, кәсіпқойлы Орталық Банкпен арнайы берілген рұқсат (лицензия) негізінде, өз қызметінің басты мақсаты ретінде, пайданы бөліп алу үшін осындай тектегі операцияларды іске асырады.

Екіншіден, егер қарыз шарты бойынша әлде тауарлық немесе коммерциялық несие беру нәтижесінде шарттың мән – мағанасы болып тек ақша қаражаты емес, сонымен қатар рулық белгілермен анықталған басқада заттар табылса, онда банк несиесі шартының мән – мағанасы болып тек қана ақша қаражаты табылады.

Үшіншіден, банк несиесі шартының ерекшелігі болып оның өтемді сипаты табылады, яғни тапсырыскердің белгілі бір мерзім ішінде, несие беру ұйымының ақшалай қаражатын қолданғаны үшін процент төлеуі. Қарыздың кәдімгі шартының ерекшелігіде осында, жақтардың құқықтық қатынасының өтемді және өтемсіз сипаттамаларын көрсетеді.

Төртіншіден, несиенің қамтамасыз етілуі. Несиені өз уақытында қайтаруды қамтамасыздандыру ретінде банктер кепілзат, кепілгерлік, басқа банктің кепілдігін қабылдайды, сонымен қатар банк практикасында қолданылатын басқа нысандағы міндеттемелерді де қабылдайды.

Бесіншіден, несие шартының қарыз шартынан ерекшелігі, несие шарты қарыз қаражатының нақты мақсаттарының көрсетілуімен, мақсатты қолдану талаптарын енгізеді.

Алтыншыдан, несиелік шарт міндетті түрде жазбаша нысанда қортындыланады. Мұндай рәсімделудің міндеттілігі әрекеттегі заңменен анықталған, жәнеде жазбаша нысанды сақтамау несиелік шарттың күшінің жойылуына әкеледі.

Жетіншіден, әрекеттегі заңға сәйкес несие шарты бойынша ақша қаражаты кәсіпорындық – қарызгерге тек қана қолма – қол ақшасыз нысанда ғана берілуі мүмкін.

Коммерциялық банктермен кәсіпорындарға несие беру несиелік шарт негізінде жүзеге асады, оны басқаша банктік несие шарты депте атайды. Несиені беру ережесін, тәртібін, этаптарын және несиелік шарт жасасу жағдайларын коммерциялық банк Орталық Банктің пікірлері мен нұсқауларын еске ала отырып өз бетінше әзірлейді.

  1   2   3   4   5


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет