Сол немесе басқа қарызгерге несие берудің тиімділігі туралы мәселені шешу үшін соңғысы коммерциялық банкқа келесідей анықталған құжаттар жинағын беруге міндетті:
- несиені алуға арналған тапсырыс;
- қарызгердің құрылтайлық құжаттарының, нотариалды расталған, көшірмесі (кәсіпорынды тіркеу туралы куәлік, жарғысы, құрылтайлық шарт);
- салық инспекциясымен расталған, соңғы есеп беру мерзімінің балансы;
- жобаның өтелу мерзімінің техника-экономикалық негіздемесі;
- мәмілені мақұлдайтын шарттар (контракттар) көшірмесі;
- нотариуспен расталған кәсіпорын жетекшісінің, бас бухгалтерінің қолдарының үлгісі бар банк карточкасы мен мөрдің оттискісі;
- несиенің қамтамасыз етілетінін мақұлдайтын құжаттар (кепілзат шарты, кепілгерлік шарты, банк кепілдігі және т.б.).
Қарызгердің қаржылық күйіне және басқада міндеттемелеріне тәуелді көрсетілген тізім оданда кең ауқымда болуы мүмкін.
Берілген құжаттарды талдау нәтижесінде, сонымен қатар, мүмкін, қарызгердің шаруашылықты – қаржылық қызметінің нәтижелеріне зерттеу және бағалау жүргізумен – оның іскерлік абыройын, төлеу қабілеттілігін (әсіресе, айтулы мерзімге жеткілікті ірі сома берілу туралы мәселе қаралған кезде) – несиені беру туралы шешім қабылданады. Несиелік мәмілелерді рәсімдеу шарт жасасу жолымен жүргізіледі.
Несие саясаты несиенің бағасы мен валютасы сияқты несие берудің маңызды шарттарын анықтайды.
Несие бағасы басқа қаржы институттарымен ұсынылатын сыйақыдан, банк активтері мен пассивтерінің экономикалық құнынан, Орталық Банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемесінен, несиеленетін жоба және басқа факторлар құрамдарының рыноктағы мөлшерлемелерінен құрастырылатын сыйақыға (мүддеге) тәуелді қалыптасады.
Несие валютасы. Несиелік тәуекелділікті басқару принциптеріне сәйкес банк берілетін несиенің валютасын дербес анықтайды. Қағида бойынша, банк несиені ұлттық валютада береді, Орталық Банк курсы бойынша валюталық эквивалентке шаға отырып, сонымен қатар шетелдік валютаменде береді, көбінесе АҚШ долларымен.
Несие валютасы қаржыланатын жоба сипаттамасына және валюталық рыноктың ағымдағы (келешектегі) күйіне байланысты Несие комитетімен анықталады.
Несиені сыныптауды, дәстүрлі түрде бірнеше базалық белгілер бойынша жүзеге асыру қабылданған, олардың ішінде ең маңыздысына жататындар, несиегер мен қарызгердің категориялары, сонымен қатар нақты несие берілетін нысанды жатқызуға болады. Осыны ескере отырып несиенің келесідей алты жеткілікті дербес нысандарын бөліп көрсетуге болады, олардың әрқайсысы өз кезегінде бөлшектеле сыныпталу параметрлері бойынша бірнеше түрлерге бөлінеді.
Банктік несие. Экономикадағы несиелік қатынастың ең кең тараған нысаны , оның объектісі болып несиеге тікелей ақша қаражатының берілу процесі түседі. Тек қана Орталық Банктің осындай операцияларды жүргізуге рұқсат ететін лицензиясы бар арнайы несиелік - қаржылық ұйымдармен беріледі. Қарызгер ролін заңды тұлғалар ғана атқара алады, несиелік қатынас құралы болып несиелік шарт немесе несиелік келісім табылады. Несиенің бұл нысаны бойынша табыс несиелік процент немесе банктік процент түрінде түседі, оның мөлшерлемесі екі жақтың келісімі бойынша осы кезеңге және несиенің нақты шарттарына берілген оның орташа мөлшерін есепке алып анықталады. Бірқатар базалық белгілері бойынша сыныпталады. Өтеу мерзімдері:
- Онкольдық несиелер, несиегерден ресми хабарлама түскеннен соң белгіленген мерзімде қайтарылуы керек. Қазіргі уақытта көптеген елдерде практика жүзінде қолданылады, өйткені несие капиталы рыногінде және жалпы экономикада салыстырмалы қалыпты жағдайдың болуын талап етеді;
- Қысқа мерзімді несиелер, қарызгердің меншікті айналымды қаражатының уақытша жеткіліксіздігін толықтыру мақсатында беріледі. Ұқсас операциялардың жиынтығы несиелік капиталдар рыногінің – ақша рыногінің автономды сегментін түзейді. Несиенің бұл түрі бойынша өтеудің орташа мерзімі алты айдан аспайды. Қысқа мерзімді несиелер қор нарықта, саудада және қызмет көрсету аймағында, банк аралық несие беру режимінде ең белсенді қолданылады. Қазіргі жағдайларда несиелік капиталдар рыногінде бірмәнді басымдылықты сипатын алған қысқа мерзімді несиелер келесідей ерекшеленетін белгілермен сипатталады:
а) ең қысқа мерзімдермен, көбінесе бір айдан аспайтын;
б) процент мөлшерлемесімен. Несиені қайтару мерзіміне кері пропорционал;
в) негізінен айналым аймағына қызмет көрсетумен, өйткені өндірістік сипаттағы құрылымдар үшін бағалары қол жеткісіз.
- Орта мерзімді несиелер, бір жылға дейінгі мерзімге беріледі (отандық жағдайларда — үш-алты айларға дейін), өндірістік мақсатқа және таза коммерциялық сипаттағы мақсатқа жұмсауға беріледі. Ең кең тараған жері аграрлық сектор, жәнеде орташа көлемді талап етілетін инвестицияның инновациялық процестерін несиелендіруде;
- Ұзақ мерзімді несиелер, инвестициялық мақсаттарда қолданылады. Орташа мерзімді несиелер сияқты, бұларда негізгі қаражаттар қозғалысына қызмет етеді, тек берілетін несие ресурстарының үлкен көлемдерімен ерешелінеді. Қайта құруды, техникалық қайта қарулануды, қызмет көрсетудің барлық аймақтарының кәсіпорындарындағы жаңа құрылыстарын несиелендіру кезінде қолданылады. Ерекше өркендеуді күрделі құрылыста, отынды – энергетикалық кешендерде, экономиканың шикізаттық салаларында алды. Оларды өтеудің орташа мерзімі әншейінде үштен бес жылға дейін болады, бірақ жиырма бес және оданда көп жылдарға жетуі мүмкін, әсіресе мемлекет тарапынан сәйкес қаржылық кепілдік алған кезде.
Өтеу әдістері:
- Қарызгер жағынан біруақыттық жарнамен (төлеммен) өтелетін несиелер. Қысқа мерзімді несиелерді қайтарудың дәстүрлі нысаны, заңдық рәсімделу тұрғысынан барынша функционалды, өйткені саралау процентін есептеу механизмін қолдануды талап етпейді;
- Несиелік шарттың әрекеттегі барлық мерзімі ішінде мәулеттік өтелетін несиелер. Қайтарудың нақты шарттары (тәртіптері) шартпенен анықталады, оның ішінде — несиегердің мүддесін инфляцияға қарсы қорғау бөлігінде. Ұзақ мерзімдік несиелер мен орта мерзімдік несиелер кезінде барлық уақытта қолданылады.
Несиелік процентті өндіріп алу әдістері:
- Проценті оның жалпы өтелетін кезеңінде төленетін несиелер. Қысқа мерзімді несиелерді төлеудің нарықты экономика үшін дәстүрлі нысаны, есептелінуінің қарапайымдылығы тұрғысынан ең функционалдық сипатты болады.
- Проценті несиелік шарттың бүкіл әрекеттегі мерзімі бойында қарызгер жарнасымен бірқалыпты төленетін несиелер. Орта- және ұзақ мерзімді несиелердің дәстүрлі нысаны, жақтардың келісімдеріне байланысты жеткілікті саралау сипатты болады (мысалы, ұзақ мерзімді несие бойынша процентті төлеу несиені қолданудың бірінші жылынан соң басталуы мүмкін, мүмкін одан көп уақыт өткеннен соң басталуы);
- Проценті қарызгерге несиені беру кезінде банкпен ұсталып қалатын несиелер. Өркендеген нарықты экономика үшін бұл нысан абсолютті сипатты емес және өсімқорлық капиталмен ғана қолданылады.
Қамтамасыз етудің барлығы:
- Сенімгерлік несиелер, қайтаруды қамтамасыз етудің жалғыз нысаны тікелей несиелік шарт болып табылады. Шектелген көлемде, толық сенімге ие, тұрақты тапсырыскерлерді несиелендіру процесінде кейбір шетелдік банктермен қолданылады (қарызгердің есеп шотының ағымды күйін тікелей бақылау мүмкіндіктері бар). Орта- және ұзақ мерзімді несие беру кезінде, кейбір жағдайларда, берілген несиенің міндетті түрде сақтандырылуымен қолданылуы мүмкін, әншейінде – қарызгер есебінен. Отандық практикада коммерциялық банктермен тек өздерінің меншікті мекемелерін несиелендіру кезінде қолданылады;
- Қамтамасыз етілген несиелер қазіргі банктік несиелердің негізгі түрі, оның базалық принциптерінің бірін көрсетеді. Қамтамасыз ету ролінде қарызгердің меншіктілік құқығындағы кез – келген мүлігі алынады, көбінесе – жылжымайтын мүлік немесе бағалы қағаздар. Қарызгер өз міндеттемесін бұзған жағдайда, осы мүлік банк меншігіне өтеді, ол оны өткізу процесінде келтірілген залалдың орынын жабады. Берілетін несиенің мөлшері, заң бойынша, ұсынылған қамтамасыз ететін нәрсенің орташа рыноктық құнынан төмен болады және ол жақтардың келісімімен анықталады. Отандық жағдайларда қамтамасыз етілген несиелерді рәсімдеу кезіндегі басты мәселе – ипотекалық және қорлық нарықтардың қалыптасу процесінің аяқсыздығынан мүлік құнын бағалау процедурасы болып табылады;
- Үшінші жақтардың қаржылық кепілдігіне несиелер, нақты кепілгер жағынан несиелік шартты қарызгердің тікелей бұзуы кезінде, банкке келтірілген зиянды нақты өтеудің заңды рәсімделген міндеттемесі алынады. Қаржылық кепілгер ролінде несиегер жағынан жеткілікті сенімге ие, заңды тұлға жәнеде кез – келген деңгейдегі мемлекеттік билік органдары бола алады. Өркендеген нарықты экономика жағдайында кеңінен өріс алды, бәрінен бұрын ұзақ мерзімдегі несие беру аймағында, отандық практикада осы уақытқа дейін несиелік ұйымдар жағынан заңдық тұлғаға ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік органдарғада, әсіресе муниципалдық және жергілікті дәрежедегі органдарға жеткілікті сенімнің болмауынан шектеулі қолданыс тауып келеді. Мақсатқа арналуы:
- Жалпы сипаттағы несиелер, қаржылық ресурстардағы қандайда бір қажеттілігін қанағаттандыру үшін қарызгердің өз ойына қарай қолданатын несиелері. Қазіргі жағдайларда қысқа мерзімді несие беру аймақтарында шектеулі түрде қолданылады, ал орта- және ұзақ мерзімді несие беру кездерінде практика жүзінде қолданылмайды;
Мақсатты несиелер, банктен бөлінген ресурстарды тек қана несиелік шарттармен анықталған міндеттер үшін қолдануды қарызгер үшін қажетті деп болжайды (мысалы, сатып алынған тауарлар үшін есеп айырысуға, қызметкерлердің жалақысын төлеуге, күрделі өркендеуге және т.б.). Осы тарауда айтылғандай, көрсетілген міндеттемелерді бұзу, несиені мезгілінен бұрын қайтарып алу немесе проценттік мөлшерлемені жоғарылату нысанында қарызгерге, шартпен орнықтырылған ықпалшара қолдануға әкеледі.
Әлуетті қарызгерлер категориясы:
- Аграрлық несиелер – мамандандырылған несиелік ұйымдардың пайда болуымен анықталатын, несие операцияларының ең кең тараған түрі. Олардың сипатты ерекшелігі болып, ауыл шаруашылығы өндірісінің өзіндік ерекшелігімен шартталған, айқын көрінетін маусымдық сипат табылады;
Коммерциялық несиелер, сауда және қызмет көрсету аймақтарында жұмыс жасайтын, шаруашылық жүргізу субъектілеріне берілетін несие. Олар негізінен мерзімдік сипатта болады, коммерциялық несиемен жабылмайтын бөлімдердің қарыздық ресурстарға қажетсінуін қанағаттандырады. Қазақстандық банктердің несие беру операцияларының негізгі көлемін құрайды;
- Қор биржадағы делдалдарға берілетін несиелер, банктермен бағалы қағаздарды сатып алу – сату бойынша операциялар жүргізетін брокерлік, маклерлік және дилерлік фирмаларға беріледі. Бұл несиелердің шет елдік және Ресейлік практикадағы сипатты ерекшелігі — басынан бастап қаржылық нарықта инвестициялық емес, ойындық (жалдаптық) операцияларға қызмет ету бағдарланған;
- Жылжымайтын мүлік иелеріне ипотекалық несиелер, кәдімгі банктерменде, мамандандырылған ипотекалық банктерменде беріледі. Қазіргі шетелдік практикада өте кең тараған, тіпті кейбір кездерде несиенің дербес нысаны ретінде беріледі. Отандық жағдайларда шектеулі таралуды тек 1994 жылдан бастады, бұл жылжымайтын мүліктің негізгі түрлеріне (бәрінен бұрын – жерге) меншіктену құқығын айқын анықтайтын заңның болмауына және жекешелендіру процесінің аяқсыздығымен байланысты;
- Банкаралық несиелер – несиелік ұйымдардың шаруашылықты өзара әрекеттесуінің ең кең тараған нысаны. Банкаралық несиелер бойынша ағымды мөлшерлеме болып табылатын – нақты коммерциялық банктің олардың беретін несиелерінің басқа түрлері бойынша есептеу саясатын анықтайтын маңызды факторы. Бұл мөлшерлеменің нақты шамасы, банкаралық несиелер рыногінің тікелей және белсенді қатысушысы болып табылатын, Орталық Банкқа тікелей тәуелді болады.
Коммерциялық несие.
Вексельдік айналымды тудырған, экономикадағы несиелік қатынастың бірінші нысандарының бірі және осынысымен өнімді өткізу немесе қызмет көрсетудің төлемін мерзімділік нысанына келтіріп, заңдық тұлғалар арасындағы қаржылық-шаруашылықты қатынастың практикалық көрсетілуін тауып, қолма – қол ақша айналымынсыз өркендеуге белсенді ықпал етті.
Несиенің бұл нысанының негізгі мақсаты – тауарларды өткізу процесін жылдамдату, яғни олардағы пайданы шығарып алу. Коммерциялық несиенің дәстүрлі құралы болып вексель табылады, ол қарызгердің несиегерге қатынасы бойынша қаржылық міндеттемелерін көрсетеді. Вексельдің келесі екі нысаны ең кең тараған — қарапайым вексель, қарызгердің орнықтырылған соманы тікелей несиегерге төлеуінің тура міндеттемесінен тұрады, және аударымды (тратта), несиегер жағынан қарызгерге, орнықтырылған соманы үшінші тұлғаға немесе вексельді берушіге төлеу туралы, жазбаша бұйрықты көрсетеді. Қазіргі жағдайларда вексель функциясын көбінесе жеткізуші мен тұтынушы арасындағы стандартты шарт өзіне алады, ол өткізілетін өнімнің төлену тәртібін коммерциялық несие жағдайында реттейді. Коммерциялық несие банктік несиеден принципті айрықшаланады:
Несиегер ролінде мамандандырылған несие – қаржылық ұйым түспейді, не өндіріспен байланысты, не болмаса тауарларды өткізу немесе қызмет көрсетумен байланысты кез – келген заңдық тұлға бола алады; тек қана тауарлық нысанда беріледі; несиелік капитал өнеркәсіптік немесе саудалыққа біріктірілген, бұл қазіргі жағдайларда өзінде әртүрлі мамандықты және қызмет бағытты кәсіпорындарды қамтитын, қаржылық компаниялар, холдингтер және осыған ұқсас басқада құрылымдар құруда практикалық қолданыс тапты;
- коммерциялық несиенің орташа құны берілген уақыт кезеңіндегі банк процентінің орташа мөлшерлемесінен барлық уақытта төмен болады, несиегер мен қарызгер арасындағы мәмілені заңды рәсімдеу кезінде осы несие үшін төлем арнайы анықталмайды, ал тауар бағасына енгізіледі, мысалы, базалық сомадан беркітілген процент арқылы.
Қазіргі жағдайларда практикада коммерциялық негізінен несиенің үш түрі қолданылады:
- өтеу мерзімі бекітілген несие;
- бөліктеп төлеуге қойылған тауарларды қарызгер нақты өткізгеннен соң ғана қайтарылатын несие;
- ашық шот бойынша несиелендіру, бұл жағдайда коммерциялық несие шартымен тауарлардың келесі партиясын жеткізу алдыңғы жеткізім бойынша қарызды өтеу кезеңіне дейін жүзеге асырылады.
Тұтынушылық несие.
Оның басты ерекшелікті белгісі – жеке тұлғаларды несиелендірудің мақсатты нысаны. Несиегер ролін мамандандырылған несиелік ұйымда, тауар өткізуді немесе қызмет көрсетуді орындайтын кез – келген заңдық тұлғада атқара алады. Ақшалай нысанда жеке тұлғаға банктік несие ретінде жылжымайтын мүлік алуға, қымбат тұратын емделуге және т.б., ал тауарлықта – төлеуі мерзімді етіліп, тауарлардың бөлшек саудасы процесіне беріледі. Мемлекеттік несие.
Несиенің бұл нысанының негізгі белгісі - әртүрлі деңгейдегі атқарушы билік органдары тұлғасында, мемлекеттің міндетті түрде қатысуы. Несиегер функциясын жүзеге асыра отырып, мемлекет Орталық Банк арқылы несие беруді жүргізеді:
- қаржы ресурсының ерекше қажеттілігін керек ететін, нақты салалар немесе региондарға, егер бюджеттік қаржыландыру мүмкіндігі сарқылып, ал коммерциялық банктер несиесі конъюктуралық сипаттар факторларының ықпалынан тартыла алмаса;
- банктер аралық несиелер рыногінде несиелік ресурстарды аукционды немесе тікелей сату процесіндегі коммерциялық банктерге. Қарызгер роліне мемлекет, мемлекеттік қарызды орналастыру процесінде немесе бағалы қағаздардың мемлекеттік қысқа мерзімдік рыногтегі операцияларын жүзеге асыру кезінде түседі.
Мемлекеттік несие кезінде несиелік қатынастың негізгі нысаны болып мемлекет қаражат қарызгері болатын кездегі қатынас табылады. Өтпелі кезең жағдайларында ол қаржы ресурстарын тарту көзі ретінде ғана емес, сонымен қатар экономиканың орталықтандырылған несиелік реттелуінің тиімді құралы ретіндеде қолданылатынын айту керек.
Халықаралық несие.
Халықаралық деңгейде жұмыс істейтін, несиелік қатынастың жиынтығы ретінде қарастырылады. Оның тікелей қатысушылары бола алатындар: ұлт аралық қаржыландыру – несие институттары (ХВҚ, ХЖДБ және басқалары), сәйкес мемлекеттер үкіметі және несие ұйымдарын қамтитын жеке заңдық тұлғалар. Жалпы мемлекеттердің және халықаралық институттардың қатысуы қатынастарында барлық уақытта, сыртқы сауда қызметінде және тауарлықта (шеттен әкелушіге коммерциялық несиенің бір түрі ретінде) ақша нысанында көрсетіледі.
Бірнеше базалық белгілер бойынша сыныпталады:
- несиелер сипаттамасы бойынша - мемлекет аралық, дербес;
- нысаны бойынша - мемлекеттік, банктік, коммерциялық;
- сауда жүйесіндегі орыны бойынша – экспортты несиелеу, импортты несиелеу.
Халықаралық несиенің сипатты белгісі болып жеке сақтану және мемлекеттік кепілдік нысанындағы оның қосымша құқықтық немесе экономикалық қорғалынуы табылады.
Өсімқорлық несие.
Несиенің айрықшалықты нысаны. Шет елдік көздерде тек тарихи жоспарда қарастырылады, дегенмен қазіргі жағдайларда белгілі бір шамада таралады. Көптеген елдер үшін, несиелік қатынастың жиынтығы ретінде, қазіргі уақытта бірмәнділікті жасырын сипатты болады, яғни әрекеттегі заңмен тікелей тиым салынған. Практикада өсімқорлық несие жеке тұлғалардың несие беру жолымен жүзеге асады, жәнеде Орталық Банктің сәйкес лицензиялары жоқ шаруашылық жүргізетін субъектілерменде іске асады. Несиелік проценттің өте жоғары мөлшерлемесімен сипатталады (айырбасталымды валютамен берілетін несие бойынша 120-180 % дейін) және төлемеушіден өндіріп алу көбінесе қылмыстық әдістермен жүреді. Ұлттық несиелік жүйенің инфрақұрылымының өркендеу және несиелік ресурстың қол жетерлігінің қамтамасыздану шамасына қарай, әлуетті қарызгерлердің барлық категориясы үшін өсімқорлық несие несиелік капиталдар рыногінен жоғалады.
-
. Несие берудің негізгі принциптері
Несие берудің негізгі алты принципі (алты «Си» ережесі)
Сипаттама (Character) Тапсырыскердің несиелік тарихы. Осы тапсырыскермен байланысты басқа несиегерлер тәжірибесі. Несие мақсаты, болжауды құрудағы тапсырыскер тәжірибесі. Несиелік рейтинг, сұранылатын несие бойынша, екінші қол қоятын немесе кепілдік беретін тұлғаның болуы.
Қабілеттілік (Capacity) Тапсырыскердің және кепілдіктердің түпнұсқалылығы. Қарызгердің заңдық статусы туралы жарғының, шешімдердің және басқа құжаттардың көшірмесі. Иегердің заңдық статусының тарихының баяндалуы; жүзеге асырылатын операциялар, өнім, негізгі тапсырыскерлер және қарызгердің жеткізіп берушілері.
Ақша қаражаты (Cash) Пайда, дивидендтер және бұрынғы сату көлемдері. Қолма – қол ақшаның жоспарланған ағымының жеткіліктілігі және өтімді бұйым қорының болуы. Дебиторлық және несиегерлік қарыздар. Өтеу мерзімдері, тауарлы – материалдық қордың айналымдылығы. Капитал құрылымы. Шығынды бақылау, жабу көрсеткіштері. Акциялар бағасының динамикасы, басқару сапасы. Аудиторлық қорытынды мазмұны. Бухгалтерлік есептеудегі соңғы өзгертулер.
Қамтамасыз етілу (Collateral) Активтерді меншіктену құқығы, олардың қызмет көрсету мерзімі. Активтердің моральды тозу ықтималдығы. Олардың қалдықты құны. Активтер бойынша мамандану дәрежесі. Тыйым салу құқығы, қарыздар және шектеулер. Лизинг бойынша міндеттеме және кепілхаттар. Тапсырыскердің сақтандырылуы, кепілдемелер, несиегер ретіндегі банктің салыстырмалы орны; соттық қуынымдар және салық салу жағдайлары; келешекте қаржыландыруды керек ету мүмкіншілігі.
Шарттар (Conditions) Саладағы тапсырыскер жағдайы және нарықтағы күтілетін үлес. Тапсырыскер қызметінің нәтижелерін осы саланың басқа фирмаларының қызметтері нәтижелерімен салыстыру. Өнімнің бәсекелестік қабілеті, іскерлік циклінің кезеңінің ауысуына және технологияның өзгеруіне тапсырыскер мен саланың сезімталдығы. Жұмысшы күші рыногіндегі шарт. Фирма балансына инфляцияның ықпалы және тапсырыскерлердің болу ағымы. Ұзақ мерзімді салалық болжаулар. Қоршаған ортамен байланысты, құқықтық, саясаттық факторлар.
Бақылау (Control) Банк қызметіндегі сәйкестікті заңдар және несиенің сипаты мен сапасына қатысты ережелер. Бақылаушыларға арналған сәйкес құжаттар. Қарызды мойындау туралы қол қойылған құжаттар және несиені алу үшін дұрыс құрастырылған құжаттар. Несиелік тапсырыстың банктың баяндалған несиелік саясатына сәйкес келуі. Несиені өтеу процесіне ықпал ететін факторларға қатысты жақтық тұлғалардың (экономистердің, саясаткер эксперттердің) ақпараты.
1. Қарызгер сипаты. Несие инспекторы, тапсырыскердің несиені алу мақсатын жеткілікті дәл көрсете алатынына және оны өтеуге байыпты, парасатты ыңғайы бар екеніне көз жеткізуі керек. Егер инспектордың несиені сұрау мақсатына қатысты қажетті сенімділігі болмаса, онда ол тағыда нақтылануы керек. Тіпті бұл жағдайда несие инспекторына келесі жағдайларды орнықтыруы керек: тапсырыскер қарыз қаражаттарына жауапкершілікпен қарайтынына, банк сұрақтарына шындықты жауап беретініне және несие бойынша қарызды өтеу үшін бар күшін салатынына. Бүкіл қарызды өтеудегі тапсырыскердің жауапкершілігі, шыншылдығы және байыптылығы, несие инспекторының қарызгер сипаты деп атайтын түсінікті береді.
Егер несие инспектордың, қарызгермен берілген құжаттарды оқып болған соң және онымен сұхбаттасқаннан соң, тапсырыскердің сенімділігіне қатысты, оның несиені өтеу тілегі мен қабілеттілігі туралы күмән туса, онда тапсырыскерге несие беруден бас тарту керек. Ондай болмаған жағдайда, банк өтелуі күмәнді мәселелі несиемен істі болады.
2. Қаражаттарды қарыз алу қабілеттілігі. Несие инспекторы несие сұраушы тапсырыскердің несиелік тапсырыс беруге және несиелік шартқа қол қоюға заңдық құқығы бар екеніне сенімді болуы керек. Тапсырыскердің берілген сипаттамасы оның несиелік қаражатты қарызға алу қабілеттілігі ретінде белгілі. Көптеген елдерде кәмелетке толмағандар (яғни 18 жасқа немесе 21 жасқа толмағандар) несиелік шарт бойынша жауап беруге құқығы болмайды. Ондай несиені өндіріп алар кезде банк қиындықтарға кездеседі. Несие инспекторы, несие шартына қол қоюға қандай тұлғалар уәкілетті екенін анықтау үшін, несие алуға тапсырыс берген компанияның (банктың) жетекшісінің немесе өкілінің, оған компанияның (банктың) атынан несиелік шартқа қол қоюға және келіссөз жүргізуге құрылтайшылармен немесе директорлар Кеңесіменен берілген сәйкес уәкілеттілігінің бар екеніне сенімді болуы керек. Уәкілетті емес тұлғалар қол қойған несие шарты бойынша қаражатты сот арқылы өндіріп алу мүмкіндікті болмайды және банк едәуір залал көреді.
3. Ақшалай қаражат. Кез – келген несиелік сұраныстың өзекті кезеңі қарызгердің несиені өтеу мүмкіндігін анықтаудан тұрады. Жалпы қарызгерде өзі алған несиелерді өтеудің үш көзі бар: - қолма – қол ақшаның ағымы, активтерді сату немесе жою, қаржыларды тарту
Көрсетілген көздердің кез – келгені несиені өтеу үшін қаражаттың қалдықты сомасын қамтамасыз ете алады. Дегенмен, банкирлер қарызгердің несиені өтеуінің негізгі көзі ретінде оған түсетін қолма – қол ақшаның ағымын таңдауды жөн көреді, өйткені активтерді сату қарызгер балансын төмендетуі мүмкін, ал оны қосымша қарыз алу несиегер ретіндегі банк жайғасымын әлсіретеді. Қолма – қол ақша ағымының жетімсіздігі, фирманың қаржылық күйінің және несиегерлермен өзара қатынастың төмендеуінің маңызды көрсеткіші болып табылады Бухгалтерлік есептеу тұрғысынан қарағанда қолма – қол ақша ағымы келесідей түрде анықталады:
Қолма – қол ақша ағымы = Таза пайда + Амортизация + Несиелік қарыздың жоғарылауы - Тауарлы-материалдық бағалылықтар қорының жоғарылауы және дебиторлық қарыздар.
Бұл теңдеудің бірден – бір артықшылығы, оның көмегімен банктің несие инспекторы тапсырыскер қызметінің біліктілігін көрсететін және оның менеджерлерінің тәжірибесін көрсететін жақтарын анықтай алады, сонымен қатар тапсырыскер жұмыс істейтін жағдайлардағы рынок күйін біле алады. Коммерциялық несиені (несиелік қарыздарды) артықшылықты қолдану арқылы “ағымда ұсталушы” қарызгер, банк үшін мәселелі тапсырыскер болады. Көптеген банктер оған несие берудің тиімділігіне қатысты күмәнді болады.
4. Қамтамасыз ету. Несие тапсырысы бойынша қамтамасыз етуді бағалау кезінде несие инспекторы келесі сұраққа жауап алуы керек: тапсырыскер несие бойынша қажетті қамтамасыз етуді беру үшін жеткілікті капиталға немесе сапалы активтерге иелігі барма? Несие инспекторы келесідей сипаттамаларға ерекше көңіл аударады: қызмет мерзімі, қарызгердің активтерінің күйі мен құрылымы. Егер қарызгердің активтері – бұл тозығы жеткен жабдықтар мен технология болса, онда олардың несиені қамтамасыздандырғыш ретіндегі бағалығы жоғары емес, өйткені мұндай активтерді, несие бойынша қарыздарды өтеу кезінде қарызгер табыстары жеткіліксіз болған жағдайда, қолма – қол ақша қаражатына айналдыру өте қиын болады.
5. Шарттар. Несие инспекторы қарызгердің жұмысының қалай жүріп жатқанын немесе сәйкес саладағы болып жатқан жағдайды біліп отыруы керек, сонымен қатар несиені өтеу процесіне экономикалық және басқа жағдайлардың қалай ықпал ететінін білуі керек. Құжаттар бойынша, қамтамасыз ету тұрғысынан, несие сенімді болып көрінуі мүмкін, бірақ инфляция салдарынан пайда болатын проценттік мөлшерлеменің экономикалық құлдырау немесе өсу жағдайларында, сату немесе табыс көлемінің қысқаруы нәтижесінде оның сенімділік дәрежесі төмендеуі мүмкін. Салалар күйін және экономикалық жағдайларды бағалау үшін, көптеген банктер деректер қоры бар ақпараттық орталықтар құрады, әртүрлі ақпараттық материалдар жинайды және олардың негізгі қарызгерлері салалар бойынша ғылыми зерттеулер туралы қорытынды құжаттар жинайды.
6. Бақылау. Қарызгердің несиелік қабілеттілігін бағалаудың соңғы факторы болып бақылау табылады, ол келесідей сұрақтарға жауап алады: қарызгердің қызметіне және оның несиелік қабілеттілігіне заңдық құқықтық, экономикалық және саясаттық жағдайлардың өзгерісі қаншалықты жағымсыз ықпал ете алады.
«Алты «Си» ережесі» деп аталатын көрсеткіштер сұлбасы, қарызгердің несиелік қабілеттілігін және сенімділігін бағалаудың көп тәсілдерінің бірі. Нарықты экономикасы өркендеген елдердің банктері, тапсырыскердің несиелік қабілеттілігін бағалау үшін көрсеткіштері үлкен мөлшердегі күрделі жүйені қолданады. Бұл жүйе қарызгердің ( фирма, жеке тұлға, қызмет түрі) сипатына тәуелді сараланған, сонымен қатар тапсырыскердің есеп беруінің айналымды көрсеткіштерінеде, сальдолық көрсеткіштерінеде негізделеді.
2 ТАРАУ. Қазақстандағы шағын жӘне орта бизнеске несие беруді талдау
2.1 Еуропалақ құру және даму банкінің бағдарламасы бойынша Қазақстанда, шағын және орта бизнеске екінші деңгейдегі банктермен берілетін несиелер
Еуропалақ қайта құру және даму банкісі бағдарламасы шеңберінде банктік қарыздың үш типі беріледі:
1) жеке тұлғаларға және жекеше кәсіпкерлерге (патент бойынша немесе куәлік бойынша жұмыс істеуші), жеке тұлғаларға тұтынушы несие ретінде рәсімделген микронесиелер:
- максимал сомасы 10 мың АҚШ доллары (ерекше жағдайларда 20 мың АҚШ доллары);
- несиелер АҚШ долларымен немесе тенгемен беріледі;
- несиенің максимал мерзімі - 12 ай.
2) жекеше кәсіпкерлерге (патент бойынша немесе куәлік бойынша жұмыс істеуші) және заңдық тұлғаларға коммерциялық несиелер ретінде берілетін микронесиелер:
максимал сомасы 30 мың АҚШ доллары(ерекше жағдайларда 50 мың АҚШ доллары);
- несиелер АҚШ долларымен немесе тенгемен беріледі;
- несиенің максимал мерзімі - 12 ай (ерекше жағдайларда 24 айға дейін).
3) куәлік бойынша жұмыс істеуші жекеше кәсіпкерлерге және қызмет көрсетумен немесе өндіріспен айналысатын заңдық тұлғаларға (сауда қызметі үшін – тек қана инвестицияны қаржыландыру) коммерциялық несиелер ретінде берілетін шағын несиелер:
- максимал сомасы 125 мың АҚШ доллары (ерекше жағдайларда 200 мыңға дейін АҚШ доллары);
- несиелер АҚШ долларымен немесе тенгемен беріледі;
- несиенің максимал мерзімі - 24 ай (ерекше жағдайларда 36 айға дейін).
Банкілік қарыздардың мерзімі және валюта бойынша шектелуі басты Банктің Несиелік Комитетінің шешімі бойынша өзгере алады.
Еуропа жаңғыру және даму банкісі бағдарламасы шеңберінде банкілік қарыз Қазақстан Республикасының резиденттеріне ғана беріледі.
Банктік қарыздар, тапсырыскердің ағымдағы шотына ақшаны есептеу арқылы немесе депозиттерге (салымдар) қарызды валютада талап еткенге дейін салынады.
Банкіде шот ашу несиені берудің міндетті шарты болып табылады.
Еуропа жаңғыру және даму банкісі бағдарламасы шеңберінде банкілік қарыз алу үшін, тапсырыскер Еуропа жаңғыру және даму банкісінің секторына/бөліміне жүгінуі керек. Тапсырушымен алдын – ала сұхбаттасу нәтижесінде несие эксперті бизнес - тапсырыскер Еуропа жаңғыру және даму банкісінің Бағдарламасы бойынша несие беру шарттарына сәйкескестілігін анықтайды, және шешім оң болған жағдайда тапсырыскерге банк қарызын алуға тапсырыс бланкісін толтыруға ұсыныс жасайды:
- Жеке тұлғалар және жекеше кәсіпкерлерге арналған нысан;
- заңдық тұлғаларға арналған нысан (қосымша № 2)
Тапсырысқа қосымша, тапсырыскер Қосымша №1«а» және 2«а» көрсетілген құжаттарды беруі қажет.
Берілген құжаттар пакетін несие эксперті түпнұсқамен салыстырады, “көшірме сенімді” деген жазумен және өзінің қолымен растайды. Несиелік комитетте оң шешім қабылданғаннан соң, құрылтайлық құжаттар мен мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің барлық көшірмелері, заңды түрде расталған (нотариалды) құжаттар көшірмелерімен алмастырылады. Егер Операциялық басқармада қарызгердің құрылтайлық құжаттарының нотариалды расталған көшірмелері болса, онда несиелік құжаттамаға операциялық басқарма қызметкерімен расталған олардың көшірмесі тіркеледі. Банк қарызын алу үшін тапсырыс түскен кезде несие эксперті тапсырыскер туралы мәліметтерді компьютер қорына енгізуге міндетті.
Экономикалық талдау.
Несие эксперті тапсырыскердің бизнес орынына барып, оның қызметінің қаржылы – экономикалық талдауын жүргізеді. Одан өзге, егер тапсырыскер жеке тұлға немесе жекеше кәсіпкер болса, несие эксперті тапсырыскердің мекен – жайына баруы қажет. Қалған барлық жағдайларда, тапсырыскердің мекен – жайына бару қажеттілігін несие эксперті өзі анықтайды. Несие эксперті тапсырыскердің бизнесінің нақты көрінісі мен қатар жүретін тәуекелдікті бағалау үшін қажетті ақпаратты алуда жауапкершілікті болады. Жиналған мәліметтер резюмеге шоғырландырылады, ол Еуропа жаңғыру және даму банкісі Бағдарламасы бойынша филиалдың Несиелік Комитетіне қаралуға беріледі:
- резюменің қысқаша нысаны жеке тұлғалар мен жекеше кәсіпкерлерге берілетін микронесиелер бойынша құрастырылады
- резюменің толық нысаны, қысқаша нысан қарастырылмайтын, заңдық тұлғаларға және жекеше дербес кәсіпкерлерге берілетін несиелер бойынша құрастырылады, оның мөлшері 30 мың АҚШ долларына дейін
- егер несие инвестицияны қаржыландыруға берілетін болса, резюмеге қаржыландырылатын жобаның сипаттамасы енуі керек.
Талдауды жүргізу және ақша қозғалысының болжамын құру (Cash Flow) 30 мың АҚШ долларынан жоғары банк қарызы бойынша қажетті (қосымша)
Қалған жағдайларда Cash Flow құру қажеттілігі Еуропа жаңғыру және даму банкісінің несие экспертімен және оның өкілімен анықталады.
Заңдық экспертиза
Сомасы 10 мың АҚШ долларынан жоғары тапсырыстарды қарау кезінде экономикалық талдауды жүргізумен бірмезгілде, тапсырыскермен өткізілген барлық құжаттарды несие эксперті Филиалдың заңдық бөліміне бағыттайды, ол жерде құжаттардың заңдық экспертизасы жүргізіледі. Құжаттардың Заңдық бөлімде қаралуы, тексеру үшін қажетті барлық құжаттарды және қызмет хатын алған күннен бастап екі жұмыс күнінен аспауы керек. Тексеру нәтижесі бойынша Заңдық бөлім жазбаша қорытынды рәсімдейді және оны осы тапсырыскер бойынша істі жүргізуші несие экспертіне бағыттайды. Несие эксперті 10 мың АҚШ долларына дейінгі банк қарызы бойынша құжаттар пакетін, қажет болған жағдайда, заңдық экспертиза жүргізу үшін Заң бөліміне бағыттай алады. Заңдық қорытындыға кіретіндер:
- қарызгердің құрылтайлық құжаттарын тексерудің нәтижелері, банктік қарыз шарттарын және қамтамасыз ету шарттарын жасасуға уәкілдік тұлғалардың құқығы;
- жоғарыда айтылған мүлік бойынша ауыртпалығы және қарызы жоқтығын растайтын құжаттар мен банк қарызын қайтаруды қамтамасыз етуге берілетін мүлікке құқықтық орнататын құжаттарды тексеру нәтижелері;
- тапсырыскермен өзінің іс әрекеті үшін қолданылатын контрактілерін тексеру нәтижелері (несие экспертінің талап етуімен);
- негізгі қаражаттарға меншіктену құқығын тексеру нәтижелері (несие экспертінің талап етуімен).
Мөлшері 10 мың АҚШ долларынан аспайтын банктік қарыздар бойынша жазбаша заңдық қорытынды талап етілмейді. Банкілік қарыз шартында және кепілзат щартында заңгер қолының болуы, берілген құжаттар пакетінің Қазақстан Республикасы заңдарының қолданылудағы нормаларына сәйкес екендігіне көз жеткізеді. Заңдық қорытындыда көрсетілген, филиалдың Заңдық бөлімінің ескерпелерін жойған немесе болмаған жағдайда, заңгер банкілік қарыз шартының және кепілзат шартының бір данасына қол қояды. Заңдық қорытындыда көрсетілген ескерпелерді жойған кезде, жаңа заңдық қорытынды құрастыру талап етілмейді. Алдыңғы құрастырылған қорытындыға, заңгер ескерпелердің жойылғаны туралы белгі қояды. Кепілзат ретінде жылжымайтын мүлік қойылған кезде, жылжымайтын мүлік орталығында теркелгендігі туралы белгі қойылған, құқық орнатушы құжат ұсынылады (шарт, сот шешімі, мұрагерлік туралы куәлік және т. б.). Жылжымайтын мүлік орталығы берген жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу туралы куәлік, жоғарыда айтылған құжаттар болмаған жағдайда ғана қажет. Коммуналдық қызмет көрсетуді және кепілзат ретінде қабылданған жылжымайтын мүлік салығының төленгені туралы құжаттар талап етілмейді. Несие эксперті қаржы – экономикалық талдау жүргізу кезінде, сәйкес шоттарды, анықтамаларды және қиыптарды тексеру жолымен коммуналдық қызмет көрсетудің салықтардың төлемі туралы қарыздарының жоқтығын тексеруі керек. Айналымдағы тауарлар, тауарлар қоры, жеке мұлік, жабдықтар немесе басқада техникалар түрінде қосымша қамтамасыз ету берілген кезде (қажетті минимал соманың үстіне), және даму банкісінің Бағдарламасы бойынша филиалдың Несиелік Комитетімен басқадай шарттар анықталмаса, кепілзатқа құқық орнатушы құжаттар талап етілмейді. Егер банк қарызын қайтару бойынша қамтамасыз етуші болып жылжымайтын мүлік табылса, оның барлық меншіктенушілері, және ерлі – зайыптылар кепілзатқа және кепілзат болушы мүліктің соттан тысқары өткізімділігі туралы нотариалды расталған келісім берулері керек немесе осы келісім жылжымайтын мүліктің кепілзаттылығы туралы шартта белгіленеді. Жылжымайтын мүліктің меншіктенушілері болып табылатын, кәмелетке жасы толмаған балалар үшін бұл келісім қамқоршылық органымен беріледі. Осы тұрғыналаңында тұратын басқа тұлғалардың жазба келісімі қажет етілмейді. Несие эксперті қарызгердің қызметін қаржы – экономикалық талдау процесінде және банк қарызын қамтамасыз етуші құжаттар бойынша туатын сұрақтарға заңгер кеңесін алуына құқығы бар.
Филиалдың экономикалық қауіпсіздігі Қызметін тексеру.
Экономикалық қауіпсіздік Қызметінің қорытындысы 10 мың АҚШ долларынан асатын сомадағы, барлық банкілік қарыздар бойынша міндетті болып саналады. Қалған барлық жағдайларда қорытынды несие экспертінің немесе Еуропа жаңғыру және даму банкісінің Бағдарламасы бойынша филиалдың Несие Комитетінің талабына бойынша ғана құрастырылады. Сұрау салуды рәсімдеу кезінде несие эксперті экономикалық қауіпсіздік қызметіне келесі құжаттарды береді:
Қызметтері тіркеуді қажет етпейтін жеке тұлғалар мен жекеше кәсіпкерлер үшін:
- тапсырыскер тұлғасын куәлендіретін құжаттың көшірмесі
- салық төлеушінің тіркелу нөмірі (СТТН)
- анкеталық мәліметтер мен тапсырыс көшірмесі
Қызметтері тіркеуді қажет ететін жекеше кәсіпкерлер үшін:
- тапсырыскер тұлғасын куәлендіретін құжаттың көшірмесі
- салық төлеушінің тіркелу нөмірі (СТТН)
- кәсіпкердің тіркелуін мақұлдайтын құжат көшірмесі (куәлік, патент)
- анкеталық мәліметтер мен тапсырыс көшірмесі
Заңдық тұлғалар үшін;
- заңдық тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі
- кәсіпорынның салық төлеушінің тіркелу нөмірі (СТТН)
- кәсіпорынның құрылтайшыларының, жетекшілерінің, бас бухгалтерінің паспорттық мәліметтері және СТТН
- анкеталық мәліметтер мен тапсырыс көшірмесі
Экономикалық қауіпсіздік Қызметінің қорытындысы сұрау салуды және барлық қажетті құжаттарды алғаннан соң екі жұмыс күнінен аспайтын мерзімде дайын болуы керек. Банктің экономикалық қауіпсіздік Қызметі қарызгермен кездеспестен тексеру жүргізеді. Жеке жағдайларда (күрделі, даулы) экономикалық қауіпсіздік Қызметінің өкілі мен тапсырыскердің, несие эксперті келісімімен, кездесулерін ұйымдастыруға болады. Қорытынды жазба түрде құрастырылады және міндетті түрде тапсырыскердің азаматтық дәулеттілігі туралы, оның несиелік тарихы туралы, байланыстағы компаниялардың және қарыздардың болуы туралы, тапсырыскердің соттық талқылануда қатысы туралы, тапсырыскер туралы жағымсыз ақпараттардың айқындалуы туралы, қарызды беру туралы шешімге ықпал ететін кез – келген басқада ақпараттар туралы мәліметтер кіреді. Экономикалық қауіпсіздік Қызметі кепілзатқа берілетін мүлікке бағалау және экономикалық және заңдық экспертиза жүргізбейді. Несие эксперті екінші деңгейдегі басқа банкілерде қолданбалы, Қазақстанның шағын бизнесі Бағдарламасы шеңберіндегі әлуетті қарызгердің алдыңғы несиелік тарихын тексеру үшін жауап береді. Заңдық бөлімнің және экономикалық қауіпсіздік қызметінің қорытындылары ақпараттық сипатта болады және Еуропа жаңғыру және даму банкісінің Бағдарламасы бойынша филиалдың Несие Комитетінде талқыланады .
Берілетін банктік қарыздың қайтарымдығын қамтамасыздандыру
Берілетін банктік қарыздың қайтарымдығын қамтамасыздандыруда қабылданады: жылжитын және жылжымайтын мүлік кепілзаты, кепілдемелер, үшінші тұлғалардың кепілгерлігі, жеке және заңдық тұлғалардың депозиттері (салымдары), жәнеде Қазақстан республикасының қолданудағы қаңына қайшы келмейтін, қамтамасыз етудің басқада түрлері. Қарызгердің немесе үшінші тұлғаның жеке мүлігі қосымша қамтамасыздандырғыштар ретінде қабылданады. Банктік қарыздың берілуі бойынша шешім, бәрінен бұрын, тапсырыскердің қаржылық жағдайының талдамасына негізделуі керек. Банктік қарыздың шарты бойынша қарызгер міндеттемесі қамтамасыз етілген болуы керек. Қамтамасыз етудің минимал жиынтық құны қарыз және сыйақы сомасы бойынша оның міндеттемесін жабуы керек.
Қамтамасыз ету құрамы бойынша соңғы шешім Еуропа жаңғыру және даму банкісінің Бағдарламасы бойынша филиалдың Несие Комитетімен қабылданады және келесідей факторларды есепке алады:
- қарызгердің жалпы қаржылық жағдайы;
- несиелік тарихы ;
- қамтамасыз етудің әртүрлі әдістері мен нысандарын қолданумен құрама құрылым қалыптастыру, ынтымақты жауапкершілікке үшінші тұлғаларды тарту;
- банк қарызын өтеу үшін ынталандыру ретінде, қарызгерге арналған кепілзатқа берілген мүліктің құндылығы;
- кепілзатқа берілген мүліктің өтімділігі.
Банк қарызын қайтаруды қамтамасыз ету бойынша құжаттарда қарызды беру процесін жылдамдату үшін, минимал талаптарды ұстану керек:
- міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын мүліктерден өзгесіне, жылжитын мүлік кепілзатының мемлекеттік тіркелуі талап етілмейді;
- банк қарызын қайтаруды қамтамасыз етуде қабылданған жылжымайтын мүлікке және автокөліктерге құқық орнатушы құжаттарды беру міндетті. Басқа жағдайларда қамтамасыз етуге мүлікті құқық орнатушы құжаттарсыз, келесі шарттарды сақтаумен қабылдауға рұқсат беріледі:
Несие мөлшері
|
Құқық орнатушы құжаттармен қамтамасыз етілген сома,
Қамтамасыз етудің минимал қажетті кепілзат құнына проценттік қатынаста
|
10.000 USD дейін
|
50% кем емес
|
10.000 USD дан 30.000 USD дейін
|
70% кем емес
|
30.000 USD жоғары
|
85% кем емес
|
Банк қарызын қайтаруды қамтамасыз етудің минимал қажетті құны банк қарызы және сыйақы бойынша оның міндеттеме сомасынан төмен болмауы керек.
Кепілзат заттарын сақтандыру міндетті емес, сақтандыру қажеттігі туралы шешімді Еуропа жаңғыру және даму банкісінің Бағдарламасы бойынша филиалдың Несие Комитетімен қабылданады; Несие эксперті Еуропа жаңғыру және даму банкісінің Бағдарламасы бойынша филиалдың Несие Комитетіне қамтамасыз етуді бағалау туралы жазбаша қорытынды береді. Сомасы 30 мың АҚШ долларына дейінгі банк қарыздары бойынша қамтамасыз ету ретінде ұсынылған мүлікті, Банк атынан, несие эксперті өз бетінше бағалай алады, бағалау туралы жазбаша қорытынды дайындайды.
Банк қарыздары бойынша 30 мың АҚШ долларынан асатын сомада кепілзат мүлігін бағалау, байқау, қорытынды жасау, Банк атынан, қамтамасыз етуді бағалау бойынша банк маманымен, несие экспертінің қатысуымен 1 жұмыс күні үшінде жасалады. Мұндай банк қарыздары бойынша пәтерді, автокөлікті, айналымдағы тауарларды, жеке мүліктерді және қосымша қамтамасыз ету мүліктерін, банк маманының келісімі бойынша, несие эксперті жүргізе алады. Егер несие эксперті объектіні бағалауда және кез – келген күрделі (даулы) жағдайларда бағалау, несие экспертінің сұранымы негізінде, қамтамасыз етуді бағалау бойынша банк маманымен, 1 жұмыс күні үшінде жасалады.
ЕҚДБ бағдарламасы бойынша филиалдың Несие Комитетінің құрамына ЕҚДБ жағынан, шешуші дауыс және тыйым салу құқығы бар, ЕҚДБ өкілі кіреді.
Сомасы 5 мың АҚШ доллары (Алматы Обласының филиалы бойынша 10 мың АҚШ долларына дейін) болатын банк қарызын беру бойынша шешім қысқарған құрамменде қабылдануы мүмкін: несие беру Басқармасының басшысы және ЕҚДБ өкілі.
ЕҚДБ бағдарламасы бойынша филиалдың Несие Комитетінің мүшелерінің қолының үлгісі Филиал директорымен бекітіледі. ЕҚДБ бағдарламасы бойынша филиалдың Несие Комитетінің дербес құрамы, сонымен қатар олар болмаған кезде орынын басатын тұлғалардың тізімі Филиал бойынша шығарылатын бұйрықпен бекітіледі.
ЕҚДБ өкілі Қазақстанның шағын бизнесі Бағдарламасының Үйлестірушісімен Банкке бағытталатын хатпен тағайындалады, онда осы өкілдің өкілеттігі көрсетіледі.
Қазақстанның шағын бизнесі Бағдарламасы Банк қызметкеріне ЕҚДБ өкілінің өкілеттігі мен фукнциясын табыстай алады.
ЕҚДБ бағдарламасы бойынша филиалдың Несие Комитетінің мәжілісіне берілетін құжаттар:
- несие экспертімен дайындалған резюме;
- заңдық қорытынды (қажет болған жағдайда);
- қамтамасыз етуді бағалау бойынша қорытынды;
- экономикалық қауіпсіздік қызметінің қорытындысы (қажет болған жағдайда).
Банктік қарыздарды беру тәртібі
ЕҚДБ бағдарламасы шеңберінде бір қарызгерге екі паралель банктік қарыздар беру мүмкіндігі бар, бұл кездегі бір қарызгердің міндеттемесінің максимал сомасы 200 мың АҚШ доллары болады. “Бір қарызгер” терминімен әрбір жеке тұлға немесе заңдық тұлға (оның ішінде жекеше кәсіпкерде), немесе 3 п. Берілген анықтамаға сәйкес байланысқан қарызгерлер тобы қабылданады. («Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының үкімімен бекітілген «Пруденциалдық нормативтер туралы ережелер», 23.05.97ж. № 219 сәйкес өзгерістер мен қосымшалармен).
Банктік қарыз берудің тапсырысын қараушы Несие эксперті, оны ЕҚДБ бағдарламасы бойынша филиалдың Несие Комитетінде бекіткен соң, банктік қарыз және кепілзат шарттарын рәсімдеу үшін Back-офис функциясын орындаушы қызметкерге, қарызгер бойынша толық құжаттар пакетін бағыттайды.
Back-офис функциясын орындаушы қызметкер (яғни банктік қарыз және кепілзат шарттарын жасау бойынша барлық техникалық жұмыстарды, олардың заң қызметтерімен келісімін, несиелік шоттарды ашуға, банктік қарыз беруге және филиал қоймасына банк қарызы бойынша құжаттарды кіріске алуға өкім құрастыруды орындайды) ретінде Бас банкке есеп беруді құрастырумен айналысатын, Филиалдың несие бөлімшесінің қызметкері тағайындала алады. ЕҚДБ өкілімен келісу бойынша Back-офис функциясын орындау үшін Банк қызметкерлеріде, сонымен қатар арнайы оқытылған ЕҚДБ қызметкерлеріде бола алады.
Несие эксперті және Back-офис қызметкері қарызгердің несиелік құжаттамасын толық қалыптастыру үшін жауапкершілікті болады.
Банк пен қарызгер арасындағы барлық шарттар тексеріледі, егер ескертпелер болмаса, Филиал заңгерімен осы шарттар мен барлық қажетті құжаттардың берілген уақытынан бастап бір жұмыс күні ішінде қол қойылады.
Барлық шарттарға қарызгермен қол қойылғаннан соң, Филиал өз жағынан бір жұмыс күні ішінде қол қоюы керек. Шарттарға Филиал директоры немесе онымен өкілеттік берілген тұлға қол қояды(Филиал директорының қайта сенім білдіру құқығы сенімхаты болған жағдайда). Одан бұрын алдын – ала шарттарға, осы тапсырысты қараған несие экспертінің, несие Басқармасының басшысының/бөлімінің (немесе оның орынбасарының), заңгердің рұхсатнамасы болуы керек.
Кепілзат шарттарын тіркеу (қажет болған жағдайда) қарызгермен, сәйкес несие экспертімен немесе басқада банктің өкілетті қызметкерімен жүргізіледі. Кепілзат шарттарын тіркеуді жүзеге асыру үшін несие эксперті атына сәйкес сенімхаттар рәсімделуі керек.
Барлық қажетті құжаттарға қол қойылып болған соң несие эксперті қарызгердің несие құжаттамасын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының үкімімен № 276 16.08.99ж бекітілген «Екінші деңгейдегі банктермен несие беру бойынша құжаттарды жүргізу ережелері» сәйкес қалыптастырады.
Банкілік қарыз шартының үш данасына рұхсатнама қойылады: шартқа қол қойылғаннан соң бір данасы филиал қоймасына өткізіледі, екіншісі қарызгерге беріледі, үшіншісі несие құжатнамасына тіркеледі.
Кепілзат шартының үш данасына (қажет болған жағдайда төрт данасына) рұхсатнама қойылады: шартқа қол қойылғаннан соң бір данасы филиал қоймасына өткізіледі, екіншісі - қарызгерге беріледі, үшіншісі несие құжатнамасына тіркеледі (төртіншісі – жылжымайтын мүлікті тіркеу бойынша орталыққа беріледі).
Банкілік қарызды өтеу
Банкілік қарызды және ол бойынша сыйақыны өтеу ЕҚДБ бағдарламасы шеңберінде өтеу графигіне сәйкес ай сайын теңдей үлестермен іске асырылады.
Сома мен төлеу жиілігі түрленетін, еркін график, қаржыланатын бизнес қызметінің мерзімді жағдайында қолданылады. ЕҚДБ бағдарламасы бойынша филиалдың Несие Комитетінің шешімі бойынша несиені мәулетті өтеу мүмкіндігі беріледі, бірақ үш календарлық айдан көп емес.
Банкілік қарызды және ол бойынша сыйақыны өтеу қарыз валютасыменде, кассаға қолма – қол валюта салуменде жүргізіледі.
Банкілік қарыздың Мониторингі
Банк бухгалтериясының қызметкері ЕҚДБ бағдарламасы бойынша банкілік қарызды есептеу бойынша келесідей операциялар жүргізеді:
-
шоттарды ашу және жүргізу (шоттарды ашу туралы өкім негізінде);
-
банкілік қарызды қолданғаны үшін сыйақы есептеу (банкілік қарыз шартының қосымшасы болатын, өтеу графигі негізінде);
-
мерзімі өткен несие қарыздарының шоттарын ашу (банкілік қарыз шартының және өтеу графигінің төлену негізінде);
-
негізгі қарыз бен несие бойынша сыйақының мерзімі өткен сомасын мерзімі өткен сәйкес шоттарға шығару (банкілік қарыз шартының және өтеу графигінің төлену негізінде );
Филиал бухгалтериясының қызметкері несие экспертіне қарыз бен сыйақы сомасын өтеу бойынша ақпарат береді.
Банкілік қарыз бойынша, ЕҚДБ бағдарламасы шеңберінде берілетін провизия жалпы нұсқаулық материалдармен есептеледі және қалыптасады (“Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктерінің активтері мен шартты міндеттемелерінің сыныпталуы және сол арқылы провизияны есептеу туралы” Ережелері, ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының үкімімен № 218 23.05.97ж бекітілген, енгізілген өзгерістер мен қосымшалармен).
Банкілік қарыз бойынша провизиялар ЕҚДБ бағдарламасы шеңберінде берілетін, ҚР Ұлттық Банкі талаптарына сәйкес есептеледі және қалыптастырылады және ААҚ “Қазақстан Халық Банкі” ішкі құжаттарына сәйкес .
Несие эксперті ай сайын банкілік қарыздың мониторингісін өткізеді, оның толық өтелгеніне дейін. Мониторинг екі нысанда жүргізіледі:
- ағымды төлемдер мониторингі несие экспертінің қарызгермен жеке байланысына негізделген (телефонмен хабарласу, банкіде кездесу, қарызгердің жұмыс орынында қысқа сапарда болу). Мұндай мониторингті ай сайын өткізу, айналым капиталын толықтыруға қарыз сомасы берілген (10 мың АҚШ долларынан көп емес), несиелік тарихы жақсы қарызгердің қаржылық күйін бақылауды жүргізуге мүмкіндік береді. Мұндай мониторингтің нәтижесі ағымдағы мониторинг бойынша есеп беру нысанында рәсімделеді.
- кеңейтілген қаржылық мониторинг – қарызгердің қаржылық күйінің кеңейтілген талдауы (бизнестің бастапқы талдауына ұқсас), қалыптасқан нарықтық конъюнктураға сәйкес, банкілік қарыз бойынша қайтарымды қамтамасыз етуге берілген мүлікті қайта бағалау; мұндай мониторинг келесі жағдайларда жүргізіледі:
- кәсіпорынға берілген әрбір банктік қарыз бойынша ағымды өтеудің мәселелері туғанда, әрбір банктік қарыз бойынша ерекше өзгерістер болғанда (жаңа қызмет бағытының өркендеуімен, меншік құрылымындағы өзгерістермен, жұмысшы ғимараттардың ауысуымен, инвестицияны жүзеге асырумен, қызмет көрсету ақысын төлеу шарттарының өзгеруімен және т. б.) ;
- мөлшері 10 мың АҚШ долларынан асатын банктік қарыз бойынша, үш айда бір рет.
Бұл мониторингтің нәтижелері кеңейтілген мониторинг бойынша есеп берудің арнайы нысанында көрсетіледі .
Мониторинг ЕҚДБ өкілінің талабы бойынша тез арада жүргізіледі.
Мәселелі банктік қарыздар. Егер банктік қарыз мерзімі өткен несиелік қарыздар шотына енгізілсе, несие эксперті сол күні ЕҚДБ өкіліне және несие Басқармасының/Бөлімінің бастығына бұл туралы хабар беруі керек. Қарызгерменде тез арада байланысу қажет, сөйтіп төлеудің кешігу себебін, қарызгердің қаржылық, экономикалық жағдайын, тапсырыскердің банкпен ынтымақтасу және өз міндетін орындау тілегін, сонымен қатар қарызды қайтаруды қамтамасыз етуге берілген мүлік күйін білуі керек.
Қажет болған жағдайда Заң бөлімі мен қауіпсіздік қызметінің қолдауы сұралады. Несиелік қарыздың қайта құрылымдануы бойынша барлық қажетті шаралар ЕҚДБ бағдарламасы бойынша Несиелік комитетте келісіледі.
ЕҚДБ бағдарламасы бойынша Несиелік комитеттің филиалы жеке жағдайларда келесі шешімдерді қабылдайды:
- сыйақыны өтемеу бойынша өсімақынының күшін жоюды және өсімақынының күшін жою кезектігін өзгерту туралы, келесі жағдайларда сыйақы сомасы мен қарыз сомасын өзгертуді:
- төлеу мерзімінің кідірісі қарызгер кінәсінен емес, техникалық себептермен болғанда;
- форс-мажорлық жағдайларға байланысты қарызгер міндеттемесін орындай алмағанда;
- өсімақыны төлеу қарыз сомасын төлеуге қатер төгеді;
- форс-мажорлық жағдайларға байланысты егер төлемеу уақытша сипатта болса, төлемге мерзімді ұзарту туралы, бұл уақытта несие эксперті қарызгердің қаржылық жағдайының жақын уақытта жақсаратын мүмкіндігін негіздеуі керек;
- қарыздың қайта құрылымдануы туралы (төлеу графигін өзгерту, қарыз шартын және т.б.): егер төлемеу форс-мажорлық жағдайларға байланысты пайда болса (мысалы, қарызгердің өлімі, төтенше жағдайлар), несиені өтеуге мүдделі және несие қарызын өтеудің нақтылығын растайтын аргументтер келтіру кезінде.
2.2. Қазақстандағы шағын және орта бизнестің жағдайын талдау
Табысты нарықты экономиканың негізінде үлкен және шағын бизнестің тығыз интеграциясы жатыр, бұл синергетикалық эффект есебінен олардың максимал тиімділікке қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Егер үлкен бизнес негізгі өндірістік тауашада өндіріс масшатабындағы төменгі жұмсалымдар есебінен елде бәсекелесуге мүмкіндік берсе, ал шағын бизнес өнімді тұтынушылардың нақты жеке тапсырыстарын есепке алуға мүмкіндік бере отырып, сонымен қатар халықтың жұмыспен қамтылуына мүмкіндік беріп, оның артықшылығын үстемелейді.
Қазіргі кезде Қазақстандағы шағын бизнестің өркендеу жағдайы қоғамның қажетсінуіне алыс сәйкестікте емес. Бұл тарихи түсінікті жағдай. Нарыққа өтпес бұрын Қазақстан экономикасын ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар – социалистік индустрияның флагмандары құрды. Одан өзге, онымен қатаң және компромиссіз күрес жүргізілді, өйткені шағын кәсіпкерліктің өркендеуі социалогиялық идеология негізінің беделін түсіретін еді.
Шағын бизнес халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыздандырудада, барлық өркениетті елдердегі сияқты, онда бұл сектордың үлесіне экономикада әректтегілердің 60% көбі келеді, шешуші роль атқармайды.
Нарықты экономикаға өту кезеңінде бұл жағдай түбегейлі өзгере бастады. Мемлекет шағын кәсіпкерліктің қазіргі құрылыстың негізі болатынын, оның тұрақтылығы мен өмірлігінің кепілдігі екенін, сонымен қатар социал – болжалды қоғамды құруда мемлекеттің стратегиялық курсының жүзеге асуының бірден – бір шарты болатынын мойындады. Бұл шағын және орта бизнестің белсенді өркендеуі үшін қолайлы жағдайларды қарастыратын және оның экономикадағы меншікті салмағын жоқарылататын, «Казахстан - 2030» стратегиясында айқын көрсетілген.
Қабылданған заң шаралары бүгінгі күнде нақты нәтижелер беруде. Шағын кәсіпкерліктің аймағын сипаттайтын экономикалық көрсеткіштер, экономиканың осы секторындағы оң тенденцияларды куәлендіреді.
Өткен жылы Қазақстан Республикасында 2003 – 2004 жылдары шағын кәсіпкерлікті қолдау және өркендетудің Мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы аяқталды. Онда қарастырылған шаралар күтілген нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік бермеді.
2004 жылдың аяғында шағын кәсіпкерліктің тіркелген субъектілерінің саны, бағалау мәліметтері бойынша, 440 мың шамасында болды, ал Бағдарламада бұл көрсеткішті 500 мыңға жеткізу болжалынған. Осы кездегі әрекеттегі кәсіпорындар мөлшері 350 мың бірлігі қатарын құрады. Бағдарламада, сонымен қатар, қызметтің өндірістік, қаржылық, ғылыми – технологиялық, сауда – делдалдық және басқа аймақтарындағы шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілерінің тиімді қатынасын алу болжалған.
Шағын және орта кәсіпкерліктің өркендеуінің жеделдеткен қарқыныекінші және үшінші тоқсандарда байқалады. Уақыттың қаралып отырған кезеңдерінде, өзінің өзіндік күшіне қарай, өнімді, жұмысты өндіру, ауыл шаруашылығындағы жұмыс және ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу, құрылыс материалдары өндірісінде және сауда мен қызмет көрсету аймағанда, кәсіпорындағы қызмет көрсету көлемін арттырды.
Бірінші және төртінші тоқсандарда шағын және орта кәсіпорындар жұмысының негізгі көрсеткіштерінің өсу қарқыны тежеледі. Шағын бизнесте бұл өте күшті мерзімдік тәуелділікте болумен, және өнім мен қызмет көрсетуге тапсырыстың төмендеуімен шартталады. Ауыл шаруашылығында бұл себу және жинау жұмыстарының аяқталуымен негізделеді.
Шағын және орта кәсіпкерліктің өркендеуінде Қазақстанның банкілік секторы маңызды роль атқарады .
2005 жылдың қаңтарынан бастап банктердің несиелік нарықта белсенді саясаты жалғасты. Банк несиелері бойынша экономикаға негізгі қарыздың жалпы көлемі 2005 жылдың ақпанында 3,5% көтерілді және 70,47 млрд. тенгені құрады (4,6 млрд. жуық АҚШ долл.).
Орташа- және ұзақ мерзімді несиелер бойынша негізгі қарыз 0,5% ке немесе 385,3 млрд. тенгеге өсті, ал қысқа мерзімді несиелер бойынша -7,6%, сөйтіп 311,0 млрд. тенгені құрады. Нәтижесінде орташа- және ұзақ мерзімді несиелердің меншікті салмағы 55,3% құрады.
Ұлттық валютадағы несиелердің меншікті салмағы несиелердің жалпы көлемінде 2004 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда біршама қысқарды, 31,1% құрады (2004 жылдың желтоқсанында - 31,5%). Осы кездегі шетелдік валютадағы несиелер көлемі бір айда 4,2% , 479,9 млрд. тенгеге жоғарылады, ал ұлттық валютада бір айда 2,1 % және 216,3 млрд. тенгеге артты.
Банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несиесі бір айда 1,5% қысқарып 144,3 млрд. тенгені құрады.
Несие нарығында проценттік мөлшерлемелер 2005 жылдың қаңтарында бірқатар жоғарылаумен сипатталды. Заңдық тұлғаларға ұлттық валютада берілген несиелер бойынша орташа өлшемді мөлшерлеме 2004 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда мәнсіз жоғарылады (14,1% тен 14,4% дейін ). Осы кездегі заңдық тұлғаларға ұлттық валютада берілген несиелер бойынша орташа өлшемді мөлшерлеменің сыйақысы 21,5% тен 24,3% дейін өсті. Бұл өсім, ең алдымен, әрбір жылдың басындағы несие құнының мерзімдік жоғарылауымен байланысты. Мысалы, 2005 жылдың қаңтарында 2004 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда осы несиелер бойынша орташа өлшемді мөлшерлеме 24,5% тен 26,6% ке жоғарылады.
Шағын және орта кәсіпкерлікті екінші деңгейдегі банкілермен несие берудің регионалдық құрылымының маңызды үлесі бұрынғыша Алматы қаласына келеді - 54,6%, дегенмен 2004 жылдың тоғыз айында өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда оның меншікті салмағының 15% ке төмендегені байқалды. Шағын және орта бизнесті несиелендіруді белсенді жүргізуші басқа регион болып Алматы обласы табылады, республика бойынша шағын және орта кәсіпкерліктерге бөлінген банк несиесінің 13% келеді және Шығыс Қазақстан обласы - 6,6%. Осы областарда шағын және орта кәсіпкерліктерді несиелендірудің ең тез жоғарылауы байқалады 6,6 және 3,8%сәйкес.
Ұлттық Банк жағынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіруді кеңейту коммерциялық банктер қызметіне жанама ықпал ету жолымен жүзеге асады. Ұлттық Банкпен қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің төмендеуі және 2005 жылдың басында ұлттық валютаның тұрақталған курсы шағын және орта бизнес субъектілеріне банк несиесі бойынша мөлшерлемені төмендетуге ықпал етті. Бұл қарызгер үшін шарттың қолайлылығын сақтауға мүмкіндік берді. Банктың заңдық тұлғаларының ұлттық валютада шағын және орта кәсіпкерлікке берілген несиелер бойынша орташа өлшемді мөлшерлеме 15,5% құрады, ал 2006 жылы заңдық тұлғалар берілген теңгелік несиелер бойынша сыйақының орташа өлшемді мөлшерлемесі 11,5% дейін төмендейді деп болжалынуда.
Жалпы алғанда, соңғы кездерде келесідей ығысулар болды - өнеркәсіп үлесі - 34,3%, ауыл шаруашылығы - 11,4%, құрылыс - 6,3%, транспорт - 3,0%, сауда - 29,5%, олардың жағдайы соншалықты күрделі болғанмен, жұмыс істеуді жалғастыруда. Бұл кәсіпорындар елдің экономикасының өркендеуінде соншалықты ауа райын өзгерте қоймайды. Дегенмен, сақталған еркін қуаттарда өндірістің тіріленуін байқатады.
Қазіргі жағдайларда шағын және орта бизнестің және қызмет көрсету аймағының тез өркендеуінен соң, өндірістік аймақтағы шағын және орта бизнестің өркендеуіне акцент жасалғандықтан, экономика секторының ерекшеліктері ықпал етеді. Өндірістік аймағында шағын және орта бизнес құру күрделі техниканы, көппрофильді технологияны қолдануды, жоғары кәсіптік мамандарды, шикізатты, материалдарды, кешендеуші бұйымдарды қажет етеді, оларды басқа елдерден тасымалдау қажеттігі туады. Өнімді өткізу көбінесе қаладан, областан, елден тысқары болады. Өнім сапасы бойынша жоғары талаптарға сәйкес болуы керек, жоғары стандарттар мен сертификаттарға жауап беруі керек.
2.3. Қазақстанның қазіргі несиелік жүйесін талдау
Тәуелсіздік жылдары Қазақстан Республикасының экономика саласында түбегейлі түрлендіру жаңғырулары жүзеге асты. 2003 жылы АҚШ пен Еуропалық Одақ Қазақстанға нарықты экономикасы бар ел мәртебесін берді.
Экономикалық реформалар мен ішкі нарықтардың ашықтығы қазақстандық өндірісшілерді, нарықтық жүйеге үйлескен алдыңғы қатарлы технологиялары, жоғары білікті кадрлары бар және әрбір кәсіпорынның мүддесін мемлекет қорғайтын шетелдік компаниялармен қатаң бәсекелестік жағдайларға қойды. Олар, әрине, Қазақстан Республикасының қаржылық секторынада қатысты. Қалыптасушы және дамушы процесс ретінде, ақшалы – қаржылы жүйе эволюцияның жоғары қарқындылығында болады. Құрылымының динамизмі, өсу параметрлері, экономикалық реформаларының қарқындылықтары бойынша Қазақстан ТМД басқа елдерінен көп алда, Еуропадағы, Америкадағы және Оңтүстік – Шығыс Азиядағы бұрыннан тұрақтанған қаржылық жүйеден бастапқы артта қалуын біртіндеп қысқартуда.
Қазіргі уақытта ақшалы – қаржылы жүйенің қазақстандық моделі қалыптасуда. Оның негізгі ерекшеліктері келесі ережелермен қортындыланады:
1.ҚР құрылатын ақшалы – қаржылы жүйенің моделі елдің өзіндік ерекшелігіне дүниежүзілік тәжірибенің бейімделуіне негізделген. Сірә, отандық ғалымдар мен мамандардың ұсыныстары мен әзірлемелері назар аудартады.
ҚР қаржылы секторлық моделі, ең болмағанында, германиялық және норвегиялық модельдердің жалпы алғандағы түріне келеді. Сонымен қатар, ол елдің экономикалық, әлеуметтік, этномәдениеттік және геосаясаттық ерекшеліктерін көрсетеді. Қазақстан Республикасын германиялық модельмен басқада қаржылық институттар арасында банкілік сектордың жетекші ролі, корпоративтік инвесторлардың басым мәнділігі жақындастырады. Бұл жағдай біздің елімізді көпшілікке танытған жағдай болды.
Мемлекеттік ақшалай – несиелі және қаржы саясаты көп жағдайда батыс еуропалық тәжірибелерді қолдануға бағдарланған, бәрінен бұрын германиялық тәжірибені. Дегенмен, менің көзқарасымда, ұлттық экономикада қаржылық ағымға қызмет көрсететін, қаржылық қатынастың құрылуының норвегиялық практикасын толығырақ қолдануға көп мән берілмей келеді, бұл жүйе капиталдың елдер аралық қозғалысына белсенді араласуға қабілетті: шет елдік (ең алдымен көрші мемлекеттерге) нарықтарға шығу жолыменде, шетелдік инвестицияларды тарту жолыменде.
Банкілік сектордың ролі маңызды өзгереді, ол ЖІӨ (жалпы ішкі өнім) өсуінің байсалды факторы болады. Олардың қажетсінулеріне экономиканың нақты секторының қызмет көрсетуі туралы дәстүрлі көрініс шектеулі, толық емес болды. Бір жағдайларда қаржылық және өндірістік капиталдың қосылысуының қарама – қайшы процестері өтетін, қазіргі жағдайларда, тәуекелділіктің нақты бағалануымен бағалы қағаздарға инвестициялаудың қаржылық секторы, ақшалай қаражатты банкілерге салу процесінің басымдылығы байқалады. Осының нәтижесінде, жәнеде жоғары инфляция кезеңінде коммерциялық банкілердің қарқынды дамуының салдарынан, елде қаржылық делдалдар арасында банкілік жүйенің бастаушы (лидерлік) жағдайы жасалды. Олардың үлесіне барлық активтардың 78% жатады.5
Қағида бойынша, банкілік жүйенің пассивтері – ТМД елдеріндегі ақшалай – несиелік жүйелердің практика жүзіндегі жалғыз құрамасы.
Байқағанымыздай, банкілік жүйелердің пассивтері, Ресей мен Беларуссияны қоспағанда, барлық елдердегі ЖІӨ - нің өсуіне қарағанда жылдамырақ жоғарылайды, соған қарамастан, олар 83% - тен аспайды.
2005 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша республикада 35 екінші дәрежелі банктер қызмет етеді, оның ішінде біреуі мемлекеттік (ААҚ «Қазақстанның тұрғын үй құрылысының жинақ банкісі»), 16 - сы шетелдік қатысумен (10 еншілес банктерді, Қазақстан Республикасының резидент емес – банктерін қосқанда) және АҚ «Қазақстанның даму банкісі».
Екінші дәрежелі 24 банкілердің филиалдық желісі бар, банкілер филиалының жалпы саны -354 (есеп беру айында 4 филиалды ашуға келісім беріліп, 5 филиалды ашуға берілген келісімдер қайта шақырылып алынды), оның ішінде АҚ «Қазақстан Халық Банкі» - 149 филиалы, ААҚ «Қазақстан Наурыз Банкі» - 22 филиалы, АҚ «Банк ТұранӘлем» - 22 филиалы туралы.
Банкі орналасқан жерден сыртта 21 банкінің есептесу – кассалық бөлімдері бар. ЕКБ (есептесу-кассалық бөлім) жалпы саны - 1 037 (есеп беру айында 9 ЕКБ ашуға келісім беріліп, 4 ЕКБ ашуға берілген келісімдер қайта шақырылып алынды), оның ішінде ЕКБ саны АҚ «Қазақстан Халық Банкі» - 380, АҚ «Банк ТұранӘлем» - 192.
Республикада 20 шет ел банкілерінің өкілдіктері ашылды.
2005 жылдың наурыз айы бойынша банкілік сектордың жиынтық есепті меншікті капиталы 4,3 млрд. тенгеге (1,76%) өсті және 249,1 млрд. тенгені құрады.
Банктердің жиынтық активтері бүгінгі күндері 1 785,6 млрд тенгені құрайды.
Банктердің несиелік портфелі, банкілер аралық қарыздарды есепке алғанда, есеп беру кезеңінде 33 млрд. тенгеге (2,89%) артты және 1 174,5 млрд. тенгеге дейін жетті.
Банктердің несиелік портфелінің сапасы 2005 жылдың 1 сәуіріндегі жағдайы бойынша айтарлықтай өзгерген жоқ, және стандартты несиелер үлесі - 62,8%, күмәнді несиелер -34,6%, үмітсіз несиелер - 2,6% құрады. 2005 жылдың 1 наурызындағы жағдайы бойынша стандартты несиелер үлесі - 62,2%, күмәнді несиелер -35,4%, үмітсіз несиелер - 2,4% құрады.
Заңды және жеке тұлғалардан банкілердің тартуы арқылы келген салым ақшаның жалпы сомасы (банкілер мен халықаралық қаржылар ұйымын қоспағанда), 1 075,3 млрд. тенгені құрады, өткен аймен салыстырғанда 9,2% жоғарылады. Оның ішінде заңды тұлғалардың салым ақшаларының саны 716,8 млрд. тенгені құрайды, 13,4%-ке арнайы тағайындалған еншілес ұйымдардың салым ақшасы есебінен өсе отырып.
Екінші дәрежелі банкілердің табыстарының жиынтық сомасы 2005 жылдың 1 сәуіріне 71,8 млрд. тенгені құрады, осыған ұқсас өткен кезеңнің көрсеткішінен 4% - ке артты.
1995 жылдың қаңтарынан бері банкілік жүйенің сан бойынша қусырылуы (қысқарту) басталды, оның негізгі мақсаты республиканың банкілік жүйесінің сенімділігін арттыру болып табылады. Банкілерді қусыру Ұлттық банкінің талаптарын қатаңдату, банкілер арасындағы бәсекелестікті күшейту жолымен іске асырылды. Ұлттық банкінің негізгі міндеті, дүниежүзілік стандарттарға жуықтайтын барлық банкілердің қызметін сапалы жақсарту және банкілер топтарын (10-15) қалыптастыру болады.
Айта кететін жайт, тек жаңа қаржылық институттар құру және қолданудағы институттардың тиімділігін жоғарылату ғана, экономиканың әртүрлі салаларының кәсіпорындарының ары қарай өсуіне итермелейді.
2.4. Кәсіпкерлік фирмаларды несиелендіру ерекшеліктері
Тұрақты экономикалық өсу этапында тұрып, Қазақстан әлуетті инвесторлармен қаражаттың белсенді салымына өте мұқтаж. Осындай инвесторлардың бірі болып, бірнеше жылдар қатарында жеткілікті тұрақты дамып келе жатқан банкілік сектор табылады. Сонымен қатар, банкілердің ресурстық базасының өсуінің жоғары қарқындылығының арқасында, банкілік несиелендіру процесі екпінді жандандырылады.
Соңғы жылдары макроэкономикалық жағдайлардың жақсаруы және қаржылық нарықтың тұрақты дамуының сақталуы фонында экономиканың көптеген секторларында өндірістің позитивті өсуі жалғасуда. Нақты сектордың көптеген кәсіпорындарының қызметтері жақсаруда, тауарлар мен қызмет көрсетуді өткізу дұрысталды, айналым қаражаттары жоғарылады.
Жалпы, халықтың тұрмыс жағдайы жоғарылады, тұрғындардың табыстары жайлап өсуде, жинақтау үшін еркін ресурстар көбірек пайда бола бастады. Сөзсіз, осының бәрі біздің еліміздің кәсіпорындары мен тұрғындарының несиені өтеу қабілеттіліктеріне оң әсер етті. Банкілік несиелерге әлуетті тапсырыс жоғарылады.
Сонымен қатар, Қазақстандағы несиелендірудің белсенді дамуының анықтаушы факторлары қатарына келесілерді жатқызуға болады:
-
“Несиеге өмір сүруге” қорықпайтын тұрғындар саны көбейді;
-
банктердің сыйақылық мөлшерлемелері төмендеу тенденциясына ие;
-
Несиелендірудің жаңа түрлерін ұсынуда банкілер өз қызметтерін едәуір жандандырды;
-
Экономикалық өсудің жоғары қарқындылығы тұрақты түрде ақша қаражатының жетіспеушілігімен қатар жүреді. .
Осы жағдайларда банкілер жаңа несиелендіру спектрін кеңейтті және берілетін несиелер көлемін көбейтті, ал несие беру олардың көрсететін қызметтерінің басымдылықты түрі болды.
Соңғы үш жылдың ішінде, экономикадағы банкілер несиелерінің көлемі бірнеше есеге жоғарылады және 2005 жылдың наурыз айының аяғына 974,6 млрд. тенгені құрады.
Қазіргі кезде банктер активтерінің 60% - ке жуығы экономиканы несиелендіруге бағытталған. Отандық банктердің (орта есеппен 32 млн. АҚШ долларына жуық) жеткілікті жоғары капиталдандырылғанын еске алсақ, несиелердің мұндай қатынастары әмбебап банкілер үшін дұрыс, оның активтеріндегі несиелер үлесі 60 – 65 % болады.
Қазіргі күнде Қазақстандағы несиелік нарық келесі беталыстармен сипатталады.
Экономикадағы банктер несиелері бойынша негізгі қарыздың жалпы көлемі ақпан айында 4%-ке көбейді (жыл басынан 3,6%-ке) және 1 трлн. тенгені (7,3 млрд. АҚШ долл.) құрады.
2004 жылдың ішінде байқалған, ұлттық валютаның нығаюы тенгемен берілетін несиелердің артуына және соған сәйкес несиелік салымдардың долларлану дәрежесінің төмендеуіне әкелді, бұл бәрінен бұрын тенге бағамының АҚШ долларына қатынасы бойынша нығаюымен түсіндіріледі. Несие алған жағдайда, қарызгерге, несиені алған шетелдік валютаның бағамының төмендеуі тиімді болады. Қазіргі уақыттағы жағдайда, көптеген қарызгерлер үшін ең дұрысы шешімді тенге пайдасына қабылдау болып табылады.
Ұлттық валютадағы несиелер 2,0% -ке өсті және 460,5 млрд. тенге құрайды, ал шетелдік валютадағы несиелер 5,7%-ке өсіп, 552,7 млрд. тенгені (4 млрд. АҚШ долл.) құрады (1 кесте.)
Кесте 1.
Ұлттық валютада банкілермен берілген несиелер*
12.00
|
12.01
|
12.02
|
12.03*
|
01.04
|
02.04
|
03.04
|
|
135317
|
141 284
|
211 862
|
435 436
|
451 501
|
460 461
|
484 575
|
ұлттық
валютада:
|
126 709
|
129 818
|
190 173
|
388 320
|
402 195
|
409 100
|
430 427
|
Банкілік
емес заңды тұлғаларға
|
8 608
|
11 466
|
21689
|
47 116
|
49 306
|
51 361
|
54 148
|
жеке
тұлғаларға
|
* http://www.nationalbank.kz/
Сонымен қатар қысқа мерзімді несиелермен салыстыру бойынша орта- және ұзақ мерзімді несиелердің өсуі жалғасуда екенін айта кету керек (2 кесте).
Достарыңызбен бөлісу: |