1 тарау. Банк несиесінің теориялық аспектілері


кесте Қазақстан аймақтары бойынша кәсіпорындарға берілген несиелер, 2004 жыл және 2005 жылдың 1 тоқсанында



бет4/5
Дата17.06.2016
өлшемі476.5 Kb.
#141499
1   2   3   4   5

8 кесте

Қазақстан аймақтары бойынша кәсіпорындарға берілген несиелер, 2004 жыл және 2005 жылдың 1 тоқсанында.





1 669 043

864 036

Барлығы







Оның ішінде

100 765

49 727

Астана қаласы

1 052 841

587 533

Алматы қаласы

12 048

3 509

Ақмола обласы

82 226

42 719

Ақтөбе обласы

3 830

2 501

Алматы обласы

47 211

15 608

Атырау обласы

48 188

27 536

Шығыс-Қазақстан обласы

12 545

6 585

Жамбыл обласы

25 018

11 156

Батыс-Қазақстан обласы

92 500

33 061

Қараганды обласы

45 724

23 630

Қостанай обласы

4 704

4 629

Қызылорда обласы

18 744

7 993

Маңғыстау обласы

35 585

21914

Павлодар обласы

10 143

8 105

Солтүстік-Қазақстан обласы

76 969

17 829

Оңтүстік-Қазақстан обласы

* http://www.nationalbank.kz/
Қортындысында айтарымыз, экономиканы несиелендіру саласындағы проблемелардың шешімі көбінесе банкілердің өзіне тәуелді емес, объективті факторларға, оның ішінде нарық жағдаятынада тәуелді. Осы этапта банкілер, нақты секторды несиелендіру жолында барлық мүмкіндіктерді жасауда, мұны жалпы оң деп бағалау қажет.

Дегенмен, банкілердің инвестициялық әлуеттілігінің әлдеде жоғары еместігін мойындауымыз керек – банкілер несиелерінің ЖІӨ -ге қатынасы 14%-ті ғана құрайды.

Нақты сектор кәсіпорынының несиелік және дебиторлық қарыздарының фонында банкілердің жинақты несиелерінің сомасы мәнсіз көрінеді. Бір сөзбен айтқанда, қазіргі уақытта несиелер көлемі экономиканың нақты секторлары кәсіпорындарының арасындағы ақшалай ағынмен салыстырымсыз және маңызды инвестициялық проблемеларды шешуге қабілетті емес.

Сондықтанда, келешекте банкілер несиелендіруді тек қана депозиттерді тартумен емес, сонымен қатар өзінің жеке капиталы есебіненде кеңейтуі үшін, оларға капиталдануын арттыру бойынша қойылатын талаптарды жоғарылату керек. Ұлттық Банкінің саясаты өндірістің өркендеуі үшін макроэкономикалық жағдайларды жақсартуға және жаңа қаржылық құралдарды жетілдіруге бағытталған жағдайда, банкілік сектордың тұрақты дамуы экономиканы несиелендіруді кеңейтуге мүмкіндік береді және осылай көптеген экономикалық проблемаларды шешуге ықпал етеді.

3 ТАРАУ. Қазақстандағы шағын жӘне орта бизнестің МӘСЕЛЕЛЕРІ жӘне ДАМУ БОЛАШАҒЫ
3.1. Қазақстандағы шағын және орта бизнеске несие беру мәселелері
Шағын кәсіпкерлік қолайлы емес экономикалық жағдайда, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі мен Ұлттық Банкінің жеткілікті қатаң ақшалай – несиелі және бюджетті – қаржылы саясаты жағдайында аяғына тұрып, өркендеуге талаптанады.

Макроэкономика аумағында қол жеткізген ұлттық валюта курсының қалыптасқанына, ақшалық массаны шектеп және инфляция қарқынын төмендетуге қарамастан, қаржыландыру мәселесі әліде шешілген жоқ.

Сондықтан, шағын кәсіпкерлікті несиелендіру басымдылықты мемлекеттік міндетпен анықталады, ЕҚДБ несиелік бойлығының қарыз қаражаты есебінен шағын және орта бизнесті қаржыландыруды бастаған, шағын кәсіпкерліктің өркендеу Қоры құрылды .

Қаржылық сұлба ретінде қосалқы несиелендіру қабылданды, яғни екінші деңгейдегі банктер арқылы несие беру – қордың қарызгері болып өкілеттік банктер түседі, ал шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілері – соңғы қарызгерлер болады. Әрине, іскер кісілер “жұмсақ” несиеге мүдделі, дегенмен олар үшін маңызды нәрсе қол жетерлігі, біріншілікті капиталды алу мүмкіндігі және жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету. Шағын және орта бизнес үшін несиеге тұрақты қол жеткізу оның шамасына қарағанда өте маңызды деп саналады. Несие құнының жоғарылығы бизнестің үлкен рентабельділігіне әкелетінін ұмытпау қажет.

Шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілерімен (жұмыс және қызмет көрсету) және оның салалық құрылымдарымен өндіріс өнімдерінің көлемін талдау, жәнеде жұмыс істеушілердің саны келесідей қорытындылар жасауға мүмкіндік береді: біріншіден, кәсіпкерлер қызметі әлсіз әртараптандырылған - - олар негізіненсаудамен айналысады және аз шамада қызмет көрсету аймағында көрінеді. Екіншіден, бір жұмысшыға келетін меншікті көлем төмен. Мұндай бизнес несиеге қызмет көрсете алмайды.

Қор қарызгерлері болып ірі банкілер түседі, оның ішінде Π – жарғылық капиталы 500 ден 1300 млн. тенгеге дейін. Олар үлкен сомаға сапалы портфель қалыптастыруға қабілетті, дегенмен олар үшін шағын және орта бизнеске қызмет көрсеті жоғары меншікті операциялық шығындармен байланысты. Регионалдық банкілер жергілікті жерлерде шағын және орта бизнеске жақындау және несиелік ресурстарды көбірек қажетсінеді, бірақ олардың шетелдік несиелерді өткізуге қатысу тәжірибесі шектеулі және тәуекелділікті басқаруы шектеулі.

Шағын және орта бизнесті несиелендіру мәселесі тек макроэкономикалық факторлармен емес жәнеде қаржылық сектор күйінеде байланысты. Оны шешу үшін негізделген тәсілдеме және тиімді ұзақ мерзімді мемлекеттік саясат керек.

Шағын және орта бизнесті қаржыландыру мемлекеттік реттеуді, қаржыландыру көзі анықталған кезде басқаруды, шағын және орта кәсіпкерліктің өркендеуінің негізгі бағыттарын және несие беру саясатын керек етеді . Әрине олардың орындалуын бақылау жүргізумен.

Қазіргі кезде шағын және орта бизнестің несиеленуі қормен тек қана екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асуда. Бюджеттік несиелендірудің басқа бағдарламаларыда осы механизм бойынша несиелендіріледі.

Әлемдік тәжірибе.

Жекелегенде, оны тасымалдаушы ЕҚДБ - шағын және орта бизнестің несиелену проблемесын банктердің институциональдық өркендеуі арқылы шешудің жақтаушы. Банктер шағын және орта бизнесті несиелендірудің қазіргі технологиясын сондай игеруі керек, ұзақ мерзімдік келешекте ол күнделікті қызметте басымды болатындай. Банктерде шағын және орта бизнесті несиелендіру қалауының тұрақты негізде болуына қол жеткізу және нарықты жағдайларда, банк арқылы несиелерді әншейін таратып бергенге қарағанда дұрыс .

Бірқатар жағдайларда шағын және орта бизнесті қаржылай қолдау бағдарламалы болуы мүмкін, демек жеңілдікті сипатты, және бұл мақсаттар үшін сыртқы және бюджеттік қаржылар тартыла алады. Жәнеде коммерциялық несие беру, мүдделі министрліктер мен ведомстволардың қатысуымен несиелендіру әкімшіліктендіруге жол береді.

Нәтижесінде негізгі құжат несиелендірудің шарттары мен тәртібі,несиелендірудің «потолокты» шартында болады, ал несие комитетінің функциясы жуылып кетеді.

Қосалқы несиелендіру сұлбасында көп нәрсе уәкілетті банктер белсенділігіне тәуелді. Олар конкурстық негізде іріктеліп алынады, әсіресе “ұйымдастырылған” несиелендіру жағдайы үшін. Конкурс шарты несиелендірудің сапасы үшін банктер жауапкершілігін ұстануы керек, ал қатысудың өзі банктерді қызықтыруы керек. Келесі жағдайларды ескеру керек:

Әртүрлі қаржылық және несиелік нарықтарда операциялар жүргізе отырып, банктер қарыздық капитал мен тәуекелдік бағасының нағыз құнын біледі . Сондықтан олар тәуекелге адекватты (үйлесімді) немесе тәуекелдерді бөлетін несиелендіру табысын алуға үміттенеді. Яғни, несие берудің шарты мен тәртібі банктердің коммерциялық мүддесін қанағаттандыруы керек немесе тәуекелді бөлудің әртүрлі механизмін ұстау керек – Қоса қаржыландыру, несиелік кепілдік және т.б. Сонымен бірге, бірқатар жағдайларда шағын кәсіпкерлікті несиелендіру ( мысалы, агробизнес) айқын тәуекелдікпен жүреді. Бұл аймақты бақылау қиынырақ, және бұл жерде ауқатсыздық деңгейі жоғары. Сондықтан банк үшін тәуекелдерді бөлу, жоғары табыстылыққа қарағанда маңызды.

Жәнеде, банктер, соған сәйкес банк капиталы да, республика бойынша біркелкі бөлінбеген (банктердің 70% Алматыда орналасқан). Бұл шағын және орта бизнесті кеңінен несиелендіруге ықпал етпейді, әсіресе область орталықтарындағы филиалдар шектеулі немесе есептесу – кассалық жағдайда екенін ескерсек . Сондықтан банкілер шағын және орта бизнес бойынша несиелік саясатты ғана түзетіп қоймай, сонымен қатар несие беру процесін ұйымдастыруды да өзгертуі керек.

Ең басты мәселе.

Тапсырыскерлік базаны кеңейту үшін шағын және орта бизнес күшті бәсекестік жағдайында массалық күшіне қарай банк үшін үлкен мүдделі болуы керек.

Өз жұмысын өсіру үшін және айналым қаражатын толықтыру үшін, шағын кәсіпорындармен несиелік ресурстарды алу проблемасы соңғы бірқатар жылдар ішінде республикада шағын және орта бизнестің өркендеуін ұстайтын негізгі факторлар санына кіреді. Экономикалық зерттеу Институтының шағын және орта бизнес Орталығымен жүргізілген, мониторингтік зерттеулер нәтижесі бойынша анықталған, несиені алу кезіндегі жеке кедергілер, төмендегі сұлбада кескінделген.

Сұлбада көргеніміздей, жоғарыда айтылған проблемалар екі негізгі топқа бөлінеді. Бірінші топ банктен несие алудың жалпы жағдайларымен байланысқан, екіншісі - кәсіпкерлердің несиені алу және рәсімдеу процесінде пайда болатын дербес проблемалар.

Несиені беру шарттарымен байланысқан проблемалар, макропроблемалар деп аталатын топқа жатады. Олардың болуы жалпы экономикалық жағдайға және жүргізілген ақшалай – несиелі саясатқа шартталынған.

Екінші деңгейлі банктермен, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру шарттарына инфляция деңгейі, өндіріс көлемінің өсуі, қайта қаржыландыру сияқты макроэкономикалық көрсеткіштер ықпал етеді.

Қазіргі уақытта қолданудағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерге несие беру шарттары, жоғарыда көрсетілген көрсеткіштер деңгейі қазіргіге қарағанда біраз нашар болған кезде, отандық және шетелдік қаржы – несиелік институттармен орнықтырылған. Жалпы экономикалық жағдайедәуір жақсарды, ал несиелендіру шарттары өзгерген жоқ. Банктердің оларды түзеткісі келмеуі, экономиканың айтулы секторы өркендеудің тұрақты траекториясына әлдеде шықпағанын куәлендіреді.

Пролемалардың екінші тобы микродеңгейде айқындалған сипатты болады, осыған байланысты маңызсыз ресурстар жұмсалуымен олардың бірінші кезекте шешілуінің нақты мүмкіншілігі бар .

Шағын және орта бизнес Орталығы жүргізген зерттеулердің көрсеткеніндей, кәсіпкерлер, несиені алуға уақыты мен ақшасын жұмсай отырып, жағдайлардың 50-60% өз мақсатына жете алмайды. Кәсіпкерлер мұны банктің оларға жәрдем көрсеткісі келмейтіндігімен және шағын және орта бизнес субъектілері үшін оңтайлы жағдайлар жасағысы келметіндігімен түсіндіреді.

Өз кезегінде банк қызметкерлері, кәсіпкерлердің банкке дайындықсыз келетіндерін және банк қызметкерлерінің қызмет көрсету үшін артық уақыт жұмсайтындарын, мұның несие беруге тікелей қатысы жоқтығын дәлелге келтіреді. Сонымен қатар, банк өкілдері және басқада қаржы – несие институттарының өкілдері, кәсіпкерлердің несие алу кезінде банкке ұсыну үшін қажетті құжаттар пакетін дайындау бойынша көрсетілетін қызметті төлеуге дайын емес екндіктеріне көңіл аударады.

Осы мәселенің маңыздылығын және қажеттілігін есепке ала отырып, шағын және орта бизнес Орталығы, оның айқындалатын кейбір нысандарын көрсетуге мүмкіндік берген, Алматы қаласының шағын кәсіпкерлік субъектілерімен арнайы зерттеулер жүргізілді. Бұл мониторингтік зерттеу техникалық ынтымақтастықтың (GTZ) Неміс қоғамының қаржылық және техникалық көмегімен жүргізілді.

Зерттеудің негізгі мақсаты әрекеттегі процедураны кәсіпкерлердің бағалауы болып табылды - шағын және орта бизнес субъектілеріне несиелік ресурстарды беру және оны жетілдіру бойынша пікірлер мен ұсыныстар әзірлеу.

Зерттеуде Алматы қаласында жұмыс жасайтын, әртүрлі салалықты 48 шағын кәсіпорындар қатысты. Барлық кәсіпорындар әртүрлі уақытта банктен несие алды. Респонденттердің салыстырмалы аз мөлшері, мониторингте зерттелген несиелендіру процедуралары инуфицирлік сипатты екенін шарттады. Осыған байланысты зерттелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілердің көрсетілген саны, осы мониторингілік зерттеудің мақсатына жету үшін жеткілікті болып табылады.
3.2. Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамыту бағыттары
Қазақстандағы нарықтық қатынастың өркендеуі рыноктың әртүрлі тұтынушы тауарлармен қанығуымен ғана байланысты емес, сонымен қатар кәсіпорындардың массалық банкроттығы мен жұмыссыздық сияқты қатал нақтылықтарменде байланысты. Бұл жағдайда, әлемдік тәжірибеге жүгінсек, майда және орта кәсіпорындар өндірісті кеңейту үшін, әртүрлі тауарлар мен қызмет көрсетуді жасауға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, кәсіпкерлік ортаны қалыптастыруға таптырмас қор. Шағын және орта бизнес нарықты экономиканың негізін қалыптастырады және тамақ және жеңіл өнеркәсіпте, сауда мен қызмет көрсетуде қалықтың тұрмысын қамтамасыздандырады. Өркендеген регионалдық экономиканың жетекшісі бола отырып, ол жалдау, өндіріс, сату, қызмет көрсету, өнімді соңғы тұтынушыға дейін жеткізуде ерекше маңызды роль атқарады. Осы, шағын және орта кәсіпорындарда жаңа жұмыс орындары пайда болады. Одан өзге, динамикалық өркендеудегі, шағын және орта бизнес кәсіпорындары “сүйектеніп қалудан” экономикалық құрылымдарды қорғайды және төмендегі бәсекелікті тұрақты түрде жандандырады. Нарықты зерттеумен айналыса отырып, жаңа өнімдер шығара отырып шағын және орта кәсіпорындар экономикалық өсуге болжау жасайды. Сондықтан, Қазақстан экономикасының маңызды құрамаларының бірі – кәсіпкерлердің орта қабаты болуы керек. Оның мүддесі үшін жүргізілетін саясат, тұтас экономикаға пайдасын тигізеді. Бұл жердегі басты мәселе - кәсіпкерлік құлшынысқа кеңістік беру, рыноктағы еркін тауашаларды қамтамасыздандыру және кеңейту. Шағын және орта бизнестің инновацияларға ыңғайлылығы және дайындығы әлемдік және региональдық нарықтардағы бәсекелестіктің өсу жағдайында қазақстандық экономиканың динамикалық өркендеуіне көмектеседі .

Шағын және орта кәсіпорындардың экономикалық ортасы динамикалы болып табылады және әркүн сайын дерлік тауарлардың өмірлік циклдарының қысқаруымен, алушылар тұтынысының өзгеруімен, ғылыми – техникалық прогрестің өркендеуімен және экологиялық проблемалардың шиеленісуімен өзгеріп отырады. Шағын және орта бизнестің келесі маңызды ерекшелігі, ол нарықтық тұтыныстың ірі кәсіпорындармен толтырылмаған тауашаларын игеруімен қортындыланады. Жекелеп айтсақ, шағын және орта кәсіпорындар негізінен өндіріспен және шектелген регионалдық тапсырыскерлерге арнайы немесе арнайы тапсырыскерлерге, мысалы жалпы ұлттық нарыққа бағытталған ірі кәсіпорындар үшін қызмет көрсетумен айналысады. Осыған байланысты шағын және орта кәсіпорындар сипаты қалаларда, тауар өндірушілердің шоғырлануы төмен ауылдық жердегі ұқсас кәсіпорындар қызметінен бірталай ерекшеленеді.

Ірі қалаларда халықтың және өнеркәсіптің жоғары шоғырлануы өте жоғары сұранымды тудырады, бұл ірі кәсіпорындардың үлкен мөлшерін орналастыру үшін жағдай жасайды. Осы кездегі шағын және орта кәсіпорындардың негізгі ролі ірі кәсіпорындарға әртүрлі құратырушы торабтарды, бөлшектерді, шаблондарды, құрал – саймандарды, өлшеуіш аспаптарды және т. б . модельдеумен, дайындаумен және жеткізумен қортындыланада. Ауылдық жерде тұтынушы халықтың және кәсіпорынның шоғырлануы төмен болғандықтан, және өндірісте, саудада және қызмет көрсетуде масштабты пайданы күтілмегендіктен, шағын және орта бизнес ролі қалаға қарағанда бұл жерде жоғары. Шағын және орта кәсіпорындар жергілікті қажеттілік үшін ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеумен, тұрмыстық өнімдер мен құрылыс материалдарын өндірумен, құрылыс және ақаулық жұмыстарды жүргізумен, сауда және тасымалдау қызметін көрсетумен, және басқамен айналысады.

Қазақстандағы шағын және орта бизнестің өркендеуін қолдау және ынталандыруға бағытталған заңды және нормативті-құқықтық құжаттар, шағын бизнестің жандануына ықпал етеді. Қолайлы құқықтық және экономикалық жағдайлар жасауда, Қазақстан Републикасының Президентінің 6 наурыз 1997 жылғы «Шағын кәсіпкерлікті өркендетуде мемлекеттік қолдауды және белсендіруді күшейту бойынша шаралар туралы» Жарлығы үлкен роль атқарды. Осы жарлықпен республикадағы шағын кәсіпкерлікті өркендетуде және мәселелерді шешу үшін бірінші кезектегі міндеттер шеңбері анықталды. Іс жүзінде ол Қазақстандағы шағын кәсіпкерлікті өркендету бойынша шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бойынша арнайы мемлекеттік институттар құруды, қажетті нормативті – құқықтық базаны, шағын бизнес өкілдері үшін жеңлдік жүйелерін әзірлеуді (мемлекеттік тіркеу тәртібінің жеңілдетілген түрін қарастыру, төлем жүргізбестен банктерде шоттар ашу, өндірістік ғимараттар бөлу, т.б.), қаржылық мәселелерді шешуді қарастырған, бағдарламалық құжат болып табылады.

Жалпы шағын және орта бизнесті қолдау үшін қажетті заңдық – нормативті база республикада құрылған. Дегенмен, отандық шағын бизнесте әліде шешімін таппаған бірқатар проблемелар бар, олар шаруашылық істеуші субъектілерді мемлекеттік тіркеу бойынша бюрократиялық тартыншақтық, әртүрлі ведомстволвқ инстанцияларда жүру, тапсырыскердің сәйкес және жоғары өтімділікті кепілзатпен қамтамасыз етілуінің болмауынан несиелік ресурсқа қол жеткізе алмауы, инфрақұрылым күйінен, инспекциялаушы және бақылаушы органдардың көптігі, мемлекеттік аппараттың жемқорлығы, ал ең бастысы – шағын бизнес өкілдері үшін нақты салықтық және кедендік жеңілдіктің болмауы. Шағын және орта кәсіпорындардың нақты қажеттілігін есепке алатын жеткілікті қаржыландыру, орта кәсіпкерлікті қолдау саясатының ең маңызды міндеттерінің бірі. Басты міндет - шағын және орта кәсіпорындарға, тиімді жұмыс істейтін ірі кәсіпорындар кездестірмейтін, қаржыландыру кезіндегі кедергілерден өтуге көмектесу .

Бұған кәсіпорынның қаржыландыру проблемесын талдау және банк арқылы несие берудің әзірленген механизмі көмектеседі.

Банктер ролі бөлшекті және корпоративті тапсырыскерлер депозиттерін қабылдау және шоғырландырумен, жәнеде осы қаражаттармен қауіпсіз және тиімді операциялар атқарумен қортындыланады. Соңғысының негізі шағын және орта бизнес өркендеуі үшін арналған қаржылық ресурстар қаражатты қажет ететін тапсырыскерлер үшін қамтамасыз етілуінен тұрады. Шағын және орта бизнестің жоспарлануының және біркелкі өркендеуінің кепілі болып қатаң жағдайлардағы ұзақ мерзімді несие табылады. Шағын және орта бизнесті несиелендіру – отандық банктердің несиелік саясатының ең маңызды және келешекті бағыты: ол өндірістік жұмыстың және қызмет көрсету аймағының өркендеуі мен кеңеюіне, рентабельді кәсіпорындарды қолдауға, халықты жұмыспен қамтудың өсуін қамтамасыз етуге, оның әлеуметтік проблемаларын шешуге және еңбектену белсенділігін өркендетуге ықпал етеді. Шағын кәсіпкерлікті қаржыландыру алдыңғы шептегі технологиялардың жаңа технологиялық жабдықтарын енгізуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді, сол арқылы тұтынушы рыногін сапалы тауарлар мен қызмет көрсетудің кең ассортиментімен толықтырады.

Осы мақсатта ірі банкілер Қазаұстандағы жеке кәсіпкерлікті қолдауға болжалынған халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтасуды белсенді өркендетуге ұмтылады. 1997 жылдың аяғында Еуропа жаңғыру және даму банкісі “Қазақстандағы шағын бизнестің өркендеуі” бағдарламасына қол қойылды, ол шағын кәсіпкерлікті қолдаудың қазақстандық Қорымен ынтымақтастықта әзірленген және 10 жылға есептелген. Оны жүзеге асыру үшін Еуропалық банкпен 77,5 млн. доллар бөлінді, бағдарламаға қатысу үшін банктер екі өнімді игеруі қажет - микронесиелер және шағын қарыздар. Микронесиелерді сауда, өндіріс және қызмет көрсету аймағында жұмыс істейтін фирмалар және жеке тұлғалар ала алады . Шағын қарыздар 1-2 жылға өндіріске және қызмет көрсетуге беріледі. Несие берудің екі түрі бойыншада проценттік мөлшерлемелер нарықтық деңгейде жергілікті банктермен орнықтырылады, бұл кезде жобаны қосалқы қаржыландыру талабы сақталуы керек: қарызгер оның құнының 30% қамтамасыз етуі керек. Қазақстандық банктер қатарында Кәсіпкерлікті қолдаудың Орталықазия – Америка Қорының Азиялық Несиелік Компаниясы мен Агенттік келісім қол қойған. Қор 1994 жылдың шілдесінде,Орталық Азиядағы шағын және орта бизнестің өркендеуін қолдау мақсатында АҚШ Президентімен Конгресінің шешімімен құрылған.

Банктерге шағын және орта кәсіпорындарды қолдаушы арнайы бағдарламалар әзірлеу, оларға өзіндік қызметтер көрсету тиімді болар еді .

Микронесиелендіруді кеңейту үшін, өз ісін ашу үшін алғашқы капиталы жоқ, әлуеттік бизнесмендер банкісімен, Қазақстанда лизингтік қатынастың кеңінен өркендеуі маңызды орын алады. Банк қызметіндегі келешекті бағыт болып олардың тауарлық биржалармен бірігіп тапсырыскермен өнімді өндіруге және оны өткізуге фьючерлік және форвардтық өзара шарттар жасасу табылады. Дәстүрлі банктік қызмет көрсетуден өзге банкілер, өздерінің торабталған филиалдық торларын қолдана отырып, сонымен қатар банк – корреспондент торын қолдана отырып, шағын және орта бизнестегі өз тапсырыскерлеріне олардың өнімдеріне сұранысты зерттеуде, әлуетті серіктес таңдауда, бизнес – жоспар әзірлеуде, олардың сенімділік дәрежесін бағалауда, рынокты және оның сигментациясын зерттеу бойынша ақпараттық – кеңес және колсалтингтік қызмет көрсетуде көмек көрсете алады. Сонымен, шағын және орта бизнесті қолдаудың, жүзеге асырылатын үкіметтік бағдарламаларының жеңіске жетуі, көп жағдайда Қазақстанның барлық банкілік жүйесінің тиімді жұмысымен анықталады.

Биылғы жылдың біздің мемлекетіміз үшін реформалаудың кезекті этапының басталуы болуы мүмкін. Егемендіктің алдыңғы жылдары Қазақстанға нарықтық экономиканы және реформалауды жүзеге асыруда жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Соңғы үш жылдағы экономикалық өсудің жоғары қарқыны, ішкісаясаттық бірқалыптылықты сақтау және беріктендіру және қлттар арасындағы келісім жаға міндеттерді шешуге және жаңа мақсаттарға жетуге жол салуда .

Сонымен бірге, Үкімет мүшелерімен 2004 жылдың қорытындысы бойынша жасаған мәжілісінде Президент Н.А. Назарбаев позитивтік жетістіктермен қатар қолданылмаған қорлар мен мүмкіндіктердің кетіп жатқанына тоқталды. Бұл кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күресудің нәтижелерінеде қатысты, бірақ жеткілікті нақты және мақсатты бағытты сипатты емес. Мемлекеттің экономикалық өркендеуін бағалаудың ең маңызды критериі адам факторы, халық өмірінің деңгейі мен сапасы. Бұл фактордың актуалдығы бүгінгі күні ерекшк сипатқа ие болады. Өйткені елдің экономикалық әл-ауқаттылығы — бұл бірінші кезекте оның азаматтарының әл-ауқаттылығы . Басқаша айтқанда, әрбір адам экономикалық өсуді өз бойында сезінетін уақыт келді, жәнеде оның жемісін нақты өлшемде көретін күн туды Әлеуметтік мәселелерді шешудеде өзгеріс байқалады, осы бағыт біздің мемлекетіміздің ішкі саясатының басты басымдылығы болып қалады.

Осы жылдан басталған Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігімен әзірленген 2005-2006 жылдары республикадағы кедейшілікті төмендету бойынша Мемлекеттік Бағдарламның жүзеге асырылуы осының куәсі. Құжат экономикада және әлеуметтік аймақ облысындағы кең ауқымды шаралар кешенін қарастырады, оның жүзеге асуы 2004 жылмен салыстырғанда кедейшілік деңгейін ширекке төмендетуге мүмкіндік береді, жұмыссыздықты сегіз процентке дейін қысқартады.

Бұл мақсаттарға жету үшін бағдарламада маңызды орын шағын және орта бизнестің ары қарай өркендеуі үшін жасалынатын жағдай алады, бұл жеке сектордың тез аяғына тұруының ең жедел жолы ретінде қаралады және екі маңызды функцияны орындайды. Біріншісі -экономикалық – бәрінен бұрын ішкі рыноктың тауарлар мен қызмет көрсетумен қанығуымен, өнімнің сапасы мен құнына оң ықпал көрсететін, бәсекелес ортаның қалыптасуымен қортындыланады. Екінші функция -әлеуметтік – елдің жұмыспен қамтылу проблемесын шешуге және кез – келген әлеуметтік – саясаттық жүйенің қажетті құрамасы ретіндегі орта сыныптың қалыптасуына ықпал етеді.

Бұл жағдайдың аксиомасы сол, барлық өркениетті елдерде нарықтық экономиканың іргетасы болып, онсыз оның дұрыс жұмыс істеуі және өркендеуі мүмкін емес, шағын бизнес табылады. БҰҰ мәліметтері бойынша, дүние жүзі халықтарының жартысы шағын бизнеспен айналысады екен. Әрине мәнді үлесі өркендеген елдер үлесіне тиеді. Шағын кәсіпорындар ұлттық өнімнің 50-ден 70 процентке дейін өсуін ( Канадада тіпті 90 процентке дейін) береді, мемлекеттік бюджеттің табысты бөлігін қалыптастырады және жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді. Әсіресе, Қытай, Оңтүстік Корея сияқты елдерде шағын және орта бизнес барлық экспорттық тауарлардың жартысын шығарады.

Практиканың көрсеткеніндей, шағын кәсіпорындар инновациалық ой мен өнімнің пайда болуында, ғылыми көлемді, жоғары технологиялық өндірістер өркендеуінде жетекші ролін атқарады. Бүгінгі күні көптеген елдерде, шағын, динамикалық өркендеуші компанияларда және кәсіпорындарда жұмыс істеу мәртебе болып есептеледі, ол жерде мансапты тез көтеруге және жоғары жалақы алуға мүмкіндіктер бар.

Одан өзге, шағын және орта бизнестің күшті деп есептелетін жағы — біркелкі өркендеу мен жоғары тиімділігі. Өз нарқында берік тауашаға орналаса отырып, оның конъюнктурасына тез көңіл аударып, шағын кәсіпкерлік нарықтық экономикаға қажетті икемділік бере отырып, бәсекелік ортаны қалыптастыруға қатысады .

Біздің мемлекетіміздегі жағдайларда шағын және орта бизнес – экономиканың қайта құру құрылымының басты копоненттерінің бірі. Оның өркендеуі, өнеркәсіптік аймаққа енуі, жаңа өндірістер құруға бағдарлануы мемлекеттік бюджеттің шикізат ресурстарының бағасына тәуелділігін төмендетеді.

Осы сектордағы үлкен әлуеттілікті сезе отырып, дүние жүзілік тәжірибені зерттеп, Үкімет Қазақстан Респуликасында 2005-2006 жылдары шағын кәсіпкерлікті өркендету және қолдаудың Бағдарламасын әзірледі. Жаңа технологиялық өндіріске бағдарланып, шағын бизнес мемлекеттің экономикалық жүйесінің жетекші секторы, оның тұрақты өсуінің іргетасы болуы керек. Бағдарламаға сәйкес ЖІӨ (Жалпы ішкі өнім) құрылымында шағын және орта бизнестің үлесін жоғарылатуды жоспарлайды, қазіргі 16 дан 25 процентке дейіннен, бұл аймақта жұмыспен қамтылатындар саны - 1,6 миллион адам.

Шағын кәсіпкерліктің аймағының ары қарай өркендеуінің жолдары мен әдістерін анықтауда маңызды рольді атқарушы мемлекет болып табылады. Бұл аймақты әкімшілікті және экономикалық қолдау әлемнің индустриалды өркендеген елдерінде арнайы құрылған мамандандырылған мемлекеттік құрылым арқылы жүзеге асады, онда бағдарламаның іске асуына басқарушы және техникалық көмек, салықтық және антимонополиялық реттеу, субсидия және тауарды өткізу рыногін беру қарастырылады. Мысалы, Ұлыбританияда шағын бизнеске көмек беретін бағдарламаның төрт категориясы әзірленген. Оның ішінде ерекше мүдделісі “Кәсіпкерлік ынтагерлік” деген жалпы атаулы бағдарлама, ол шағын кәсіпкерлікті “көлеңкеден” максимал шығаратын, олардың меншіктерін жариялы етуге ықпал ететін, майда фирмалардың экспорттық қызметін қолдайды. Сонымен қатар, 1 қаңтар 2005 жылда шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексерудің барлық түріне тоғыз айлық моратория жарияланған. Бұл шараның тиімділігі мен нәтижесі қыркүйекте талқыланады, әзірге айтарымыз, елдегі шағын және орта бизнестің өркендеуіне сілкініс беретін, кәсіпкерлер жағына қарай мемлекет тағы бір қадам басты.

Өз ісін ашуға шешім байлаған азаматтар үшін тиімді деп есептелетін, Бизнес инкубация жүйесін қалыптастыру келешекті көрінеді. Идеяның практикалық тиімділігін шағын және орта бизнестің өркендеуінің тактикалық көзқарасыменде, стратегиялық тұрғыданда қарауға болады. Бір жағынан, бизнес-инкубатор, жоғарыда айтылғандай, өз бизнесінің бастапқы сатысында сәйкес тәжірибесі, білімі, қажетті өндірістік қуаты және қаржылық ресурстары жоқтарға көмектесіп, өз бизнесін құруға , оның кеңіюі үшін қажетті табыс алуды қамтамасыздандыруға көмек үшін құрылған.

Сонымен қатар, бизнес-инкубаторлар торының стратегиялық мәні көрнекі. Бұл жүйенің кедейшілік пен жұмыссыздықпен күресудегі тиімді механизм екенінен өзге, ол орта кластың өркендеуінің экономикалық базасы үшін қажетті жағдайларды жасайды, олар келешек қазақстандық қоғамның экономикалық реформасы мен саясаттық жүзін анықтайды .

Шағын және орта кәсіпкерліктің жайғасымының болуында және беріктенуіндегі мемлекет ролін айтқанда, өте маңызды келісім туралы тоқталу керек, ол Қазақстан мен АҚШ арасында 2004 жылы күзде қол қойылған келісім – бизнесті өркендету аумағындағы серіктестіктің Хьюстондық бастамасы деп аталады. Бұл шарттасу шеңберінде екі мемлекеттің жеке секторларының жанасуы бойынша, бірігіп өндіру және әлемдік рынокта өнімді өткізу бойынша жұмыстар жасалады. Жуық онжылдықта АҚШ Үкіметі Қазақстанның әртүрлі экономикалық жобаларына 150-200 млн. долларды инвестициялауды жоспарлап отыр, оның ішінде шағы жіне орта бизнесті өркендету аймағындада.

Екіжақты серіктестіктің басты қорытындысы, ол Қазақстан Республикасының бизнес-секторының сыртқы рынокта бәсекелестік қабілетінің жоғарылауы. Өндірістің жандануы, сыртқы экономикалық қызметтің ырықтануы және ДКҰ-ға (Дүниежүзілік кеден ұйымы) кіруге дайындығы шағын және орта бизнесті қолдау мен өркендетудің моделін дайындауда жетілдірілшен принциптерді талап етеді. Тек осылай, шағын және орта бизнес субъектілерінің өздерінің белсенділігімен ұштастыра отырып, Азия мен Еуропаның атақты өндірісшілерімен теңескен бәсекеге түсуге болады.


3.3. Қазақстандағы несиелік бюро
Қазақстанның Ұлттық Банкісі ЮСАИД және «Прагма» корпорациясымен бірігіп, Қазақстандағы несиелік бюроны құруға арналған, бірінші Орталық – азиялық конференция ұймдастырылды, ол 2005 жылы 29-31 қаңтарда Алматыда өтті.

Конференцияның басты мақсаты осындай институтты біздің елімізде құрумен байланысты проблемаларды талқылау болды. Бұл, шет елдік тәжірибе көрсеткендей, несиелік бюроның шағын және орта бизнес кәсіпорындарының қарыздық қаржы ресурстарына шығуының кеңеюінің маңызды құралы екенін көрсетеді.

Конференцияда қаралған мәселелердің маңыздылығына қарай, оның жұмысында екінші деңгейдегі банктердің жетекшілері, халықаралық қаржыландыру ұйымдарының эксперттері, экономикалық саланың ірі, орта және шағын бизнестерінің өкілдері, ғалым – экономистер қатысты.

Жалпы белгілі, өз ісін кеңейту үшін және айналымды қаражатын толықтыру үшін шағын кәсіпорындармен несиелік ресуртарды алу, соңғы бірқатар жылдар ішінде, республикадағы шағын бизнестің өркендеуін кідіртетін негізгі факторлар қатарында болды.

Банк қызметкерлері кәсіпкерлер банкке дайындықсыз келеді және оларға, несие берумен тікелей байланысты емес қызметтер көрсетуге артық уақыт шығындалады деп есептейді.

Банк өкілдері және басқа қаржы – несиелі институттар өкілдері, барлық проблема кәсіпкерлердің несиені алу кезінде банкке берілетін қажетті құжаттар пакетін дайындау бойынша қызмет көрсетуге төлем ақы бергісі келмейтінінде және оған дайын еместігінде дейді. Сонда й-ақ екінші деңгейдегі банк өкілдері шағын кәсіпкерлер жағынан несие беру үшін банкті мүдделі ететін, барлық талаптарға жауап бере алатын ұсыныстың жоқтығына көңіл аудартады.

Осы проблемамен байланысты мәселелерді зерттеу, кәсіпкерлер мен қаржы – несиелі институттар арасындағы өзара әрекетті жақсартатын арнайы құрылымдар құру қажеттілігі туралы қорытындығы әкеледі. Шет елдік алдыңғы шептегі тәжірибе мұндай проблемаларды шешудің ең тиімді құралы болып несиелік бюро табылатынын куәландырады.

Конференцияда өз тәжірибелерімен несиелік бюро бойынша дүние жүзілік эксперттер бөлісті. Олардың баяндамасынан белгілі болды, несиелік бюро дегеніміз тұтынушылар туралы, әлуетті қарызгерлер туралы және олардың несиелік тарихы туралы ақпарат сақталатын мекеме екені. Әлемдік тәжірибе, мұндай құрылымды жасау өте кұрделі процесс екенін және барлық уақытта жемісті бола бермейтінін көрсетеді.

Несиелік бюро – бұл абоненттер атынан ақпаратты басқаратын және оларға қызмет ететін егеменді институт. Абоненттер тұтынушылар туралы ақпаратта сақталған қазіргі мәліметтер базасы арқылы ақпараттың жалпы потенциалынан пайда алады.

Үш күннің үшінде конференцияда, тұтынушылық несиелер бойынша есеп беру Жүйесі алдында тұрған негізгі сұрақтар қаралды. Бұл жерде алдыңғы дүние жүзілік тәжірибе қажетсілінді, өйткені несиелік бюроның қызметі , дүние жүзі бойынша, тұтынушылық несиелерін берумен айналысатын ұйымдардың өсіп келе жатқан тұтынушылығының қанағаттандыруға бағытталған.

Конференцияға қатысушылар баяндамаларының нәтижесін қорыта келіп, Қазақстанда мұндай ұйымды құру экономиканың өркендеуінде соңғы рольді атқармайтынына көз жетті, өйткені несиелік бюро шағын және орта бизнес кәсіпорындарын және тұлғалардың кең шеңберін қаржыландырудың негізгі құралы болып табылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісі Төрағасының орынбасары

А. Сайденов Қазақстанда несиелік бюроның 2006 жылы құрыла алатынын жариялады. Қазір, әртүрлі банк өкілдері кірген, жұмысшы топпен несиелік бюро туралы заң жобасы дайындалуда. Ол мемлекеттік болама, әлде жекеше болама деген ең басты сұраққа , әзірше жауап жоқ, шешілмеген. . Дегенмен осы уақытта дайындалған заң жобасын Ұлттық Банк осы жылдың екінші тоқсанында Үкімет арқылы Парламентке енгізуді жоспарлауда.

Қорыта келе айтатын мәселе, бұл конференция экономиканың қаржылық және нақты секторларының өзара әрекеттесуінің өркендеуінде, ары қарай жемісті еңбек етуінде жаңа саты болып табылды.

Енді, жаңа өнеркәсіптік бағдарлама шеңберінде, шағын және орта кәсіпорындарды қарқынды өркендету, оларға жан – жақты көмек көрсету және қолдаудан өзге ешнәрсе жоқ, өйткені “тар” ішкі рынок жағдайларында, ғылыми – техникалық прогрестің дамуымен тез өзгеретін жағдайларда шағын және орта кәсіпорындар экономикалық белсенділіктің адам факторы өте маңызды болатын аймағы болып табылады.

Мемлекет шағын кәсіпорындарды ғана емес, сонымен қатар шағын инновациялық фирмалардыда қолдайтын өнеркәсіптің, жоғарытехнологиялық өндірістеріне негізделген үлкен жаңалықты (ноу – хау) жаңа салаларын құруға бет алады. Бұл бағытта шағын және орта бизнес ролі жоғарылайды. Бұл постиндустриалдық жолмен келе жатқан, өркениетті елдер тәжірибесімен расталады. Инновациялық шағын бизнестің қызметі жоғары тәуекелдікпен байланысты, бірақ пайданың орташадан жоғары деңгейін көрсетеді.

Мұндай фирмалардың экономиканы өркендету үшін маңызы одан ары жоғарылайды, инновациялық шағын фирмалар сыртқы экономикалық қызметте тиімді қатыса алды, олар ірі кәсіпорындармен кооперацияланады .

Осының бәрін шағын кәсіпорындар жасайды, бір жағынан банктік несие беру объектісін банк қызметіндегі басты стратег етеді, ал екінші жағынан – несие берудің осы түріндегі тәуекелдікті төмендетеді.

Бұл бағытта көп нәрсе мемлекеттік органдармен орталықта және жергілікті жерлерде шағын және орта бизнесті мемлекеттік қорғаудың шаралар жүйесін қабылдауына тәуелді болады.

Бірнеше, шағын және орта бизнесті қолдайтын, екідеңгейлі бағдарламалар болуы керек – орталықты және жергілікті. Мысалы, инновациялық шағын фирмаларды құрудың және қолдаудың инфрақұрылымдық өркендеу бағдарламасы, кәсіпкерлергі қаржылық кепілдік беретін бағдарламасы, әйелдердің іскерлік белсенділігін қолдайтын бағдарлама, экспортты – болжалды өндірістерді өркендету бағдарламасы және басқалары.

Шағын және орта бизнесті қолдауда маңызды орын алатын, күрделі емес салық жүйесі және оның төменгі мөлшерлемесі.

Маңыздығы төмен емес шаралар:

- меншік пен инвесторлар құқығын қорғауды беріктендіру;

- шағын және орта бизнес тауарын сыртқы рынокқа шығаруда көмек көрсету;

- бизнес жолындағы барлық кедергілерді жою, жемқорлықпен шешімді күрес жүргізу, бизнесті мемлекет тарапынан артықшылықты бақылауын болдырмау.

Өз кезегінде шағын және орта кәсіпорындар Үкімет пен жергілікті билік органдарының қолдауын табулары керек және банктердің стратегиялық серіктестері болуы керек.

Ол үшін олар қамтамасыз етілуі қажает:

- өзінің қаржылық қызметінің транспорттылығын, қаржылық – бухгалтерлік есепті және есеп берудә дүние жүзілік стандартқа сай жүргізу;

- менеджмент обласында мамандардың кәсіпкерлігін жоғарылату, бизнесті жүргізу;

- өз табысын тиімді қолдану, өз кәсіпорынының капиталдану деңгейін көтеру;

- өз өнімін белсенді жарнамалау, франчайзингті өнімнің сапасын және бәсекелестік қабілетін арттыратын фактор ретінде қабылдау.

Банкте өз жағынан экономикалық ортаның дұрыс болуына, тәуекелдіктің аз болуына, тапсырыскерлердің сенімділігін арттыруға т.б. ат салысуы керек. Олардың өздеріне кәсіпкерлік деңгейді көтеру, бизнес – жоспар тағы басқа құжаттар құрастыруды үйрету, жақсы экономикалық орта құруда белсенді қатысу және т.б. керек. Көптеген шет елдік банктер солай жасайды, шағын және орта кәсіпорындарға арнайы қызмет көрсететін бөлімшелер жасайды, олар есептесу – кассалық қызметтен бастап, қаржылық консалтингке дейін қызмет көрсетеді. Кейбір банктер өзіне мемлекеттің функциясында алады. Мысалы, бизнестің әртүрлі обласын әдістемелік қамтамасыз ету. Кейбір қазақстандық банкілерде қазір солай жасайды.

Сонымен қатар банкілерден талап етіледі:

- меншікті және қарызды капиталды өсіру;

- несиелер бойынша проценттік мөлшерлемені төмендету;

- жедел салымдар бойынша ұзақ мерзімді депозиттердің өсуін ынталандыру.

Банктік жүйенің төмен капиталдануы, тез өсіп келе жатқан қазақстандық өнеркәсіптерді несиелендіруге мүмкіндік бере алмайды, банктер әлдеде, нақты экономикада деңгейі жоғары болып қалатын тәуекелдіктен қорқады. Бұл банктердің несиелік белсенділігін тежейді, әсіресе өңдеуші өнеркәсіптерде. Осыдан экономиканың монетизациялану деңгейінің төмендігі шығады.

Тәуекелдік факторлары банк жағынанда, кәсіпорын жағынанда байқалады. Банк жағынан:

-кәсіпорынның төменгі табыстылығы (рентабельдігі несие бойынша орташа мөлшерлемеден артпайды), меншіктенуші мен инвестордың құқығының әлсіз қорғалуы, техникалық-технологиялық қалыс, әлсіз өндірістік құрылым, өтімді кепілзаттың болмауы және т.б.

Кәсіпорын жағынан:

- банк капиталының жетімсіздігінен несиеге шығу қиындығы, проценттік мөлшерлеменің жоғары деңгейі және т.б.

Сондықтан өндірісті өркендету проблемасын шешуде банкке толығымен сенім білдіре алмайды.

Сонымен қатар, өңдешң өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, энергетикада болып жатқан қазіргі күрделі қаржылық жағдайда орташа- және ұзақ мерзімді несиелендіру банктерінің кеңеюі экономикалық өсуді қолдайтын бірден – бір шешуші шарт.

Отандық банктер шикізаттық секторды әсіресе, мұнайды, несиелендіруге қатысатын мүмкіндігі болмауынан жоғары тәуекелді жағдайларға бейімделуі керек, бірақ меншікті және қарыздық қаражатты табысты орналастыра отырып, яғни жылдам және жинақтау салымдары. Әңгіме қаржылық тұрақтылығы жоғары емес және жеткіліксіз қамтамасыздандырылған кәсіпорындарды несиелендіру туралы.

Шағын және орта бизнес осындай объектілерге жатады. Біржағынан шағын кәсіпорындар үлкен мөлшерлі несиені талап етпейді және қаражатты қысқа мерзімге алады, қысқа қайта өндіру циклі мен массалығымен ерекшеленеді. Шағын және орта бизнестің бұл ерекшелігі жоғары несиелік тәуекелділікті жабады және несиелендіруді көп банктер жүргізе алатындай мәреге жеткізеді .

Дегенмен, отандық шағын бизнесте әліде шешімін таппаған бірқатар проблемелар бар, олар шаруашылық істеуші субъектілерді мемлекеттік тіркеу бойынша бюрократиялық тартыншақтық, әртүрлі ведомстволвқ инстанцияларда жүру, тапсырыскердің сәйкес және жоғары өтімділікті кепілзатпен қамтамасыз етілуінің болмауынан несиелік ресурсқа қол жеткізе алмауы, инфрақұрылым күйінен, инспекциялаушы және бақылаушы органдардың көптігі, мемлекеттік аппараттың жемқорлығы, ал ең бастысы – шағын бизнес өкілдері үшін нақты салықтық және кедендік жеңілдіктің болмауы. Шағын және орта кәсіпорындардың нақты қажеттілігін есепке алатын жеткілікті қаржыландыру, орта кәсіпкерлікті қолдау саясатының ең маңызды міндеттерінің бірі.

Екінші жағынан шағын және орта бизнес Қазақстандаға экономиканың дамуында үлкен роль атқарады. Бұл жағдайды шағын кәсіпорындардың маңыздылығының арту тенденциясы байқатады.

Жүргізілген зерттеулер Қазақстанда франчайзингтік қатынастың өнеркәсіпте кеңінен таралуы үшін объективті болжамдар барын көрсетеді.

Қазіргі кезде өз қызметін ары қарай кеңейтуге көп қиыншылықтары бар ірі және орта өнеркәсіптік кәсіпорындар құрамы қалыптасты.

Шағын және орта бизнес нарықты экономиканың негізін қалыптастырады және тамақ және жеңіл өнеркәсіпте, сауда мен қызмет көрсетуде қалықтың тұрмысын қамтамасыздандырады. Өркендеген регионалдық экономиканың жетекшісі бола отырып, ол жалдау, өндіріс, сату, қызмет көрсету, өнімді соңғы тұтынушыға дейін жеткізуде ерекше маңызды роль атқарады. Осы, шағын және орта кәсіпорындарда жаңа жұмыс орындары пайда болады.

Өз кезегінде шағын кәсіпорындар сыртқы және ішкі рыноктарда бәсекелес қабілетті болатын өнімдерді өндіруге мүмкіндік беретін, өндіріс деңгейін ұйымдастыруда көп қиыншылықтарға түседі.

Бұл жағдайда өндіріспен және бәсекелесті қабілетті тауарлар мен қызмет көрсетумен байланысты проблемалар жиынтығын шешетін нысан франчайзинг болып табылады, ол ірі және орта кәсіпорындардың шағын кәсіпорындармен өзара тиімді кооперациясын көрсетеді.

Қазіргі кезде Қазақстанда ешқандай мемлекеттік қолдаусыз және нормативті – құқықтық базасыз 15-20% жуық шағын бизнес кәсіпорындары ірі отандық өнеркәсіптік кәсіпорындармен тығыз өндірістік – шаруашылықты байланыста.

Бұл аймақта шағын және орта бизнес кәсіпорындарының ірі кәсіпорындармен өзара тиімді кооперациялануы франчайзинг принциптерінде өтеді.

Осы сектордағы үлкен әлуеттілікті сезе отырып, дүние жүзілік тәжірибені зерттеп, Үкімет Қазақстан Респуликасында 2005-2006 жылдары шағын кәсіпкерлікті өркендету және қолдаудың Бағдарламасын әзірледі. Жаңа технологиялық өндіріске бағдарланып, шағын бизнес мемлекеттің экономикалық жүйесінің жетекші секторы, оның тұрақты өсуінің іргетасы болуы керек. Бағдарламаға сәйкес ЖІӨ (Жалпы ішкі өнім) құрылымында шағын және орта бизнестің үлесін жоғарылатуды жоспарлайды, қазіргі 16 дан 25 процентке дейіннен, бұл аймақта жұмыспен қамтылатындар саны - 1,6 миллион адам.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің негізгі үлесі, 70% жоғары, бұрынғыша сауда мен қызмет көрсетуде жұмыс істейді. 2003 жылға қатынасы бойынша 2004 жылы өндіріс көлемінің артуы негізінен сауда аймағы есебінен алынды , оның үлесі шағын кәсіпорындармен шығарылған өнімнің 60% құрайды.

Шағын және орта бизнестің негізгі параметрлерінің динамикасын талдау іскерлік белсенділіктің біраз төмендегенін көрсетеді. Бұл жалпы экономиканың өркендеуімен байланысты және шағын және орта бизнес секторларымен байланысты әртүрлі факторлармен шартталған.

Қазақстан Респуликасы Үкіметі шағын және орта бизнесті қолдайтын бірқатар жарлықтар шығарылды:

- Қазақстан Респуликасы Үкіметінің жарлығы «Ауылшаруашылығы өндірісін ауылдық несиелік серіктестік жүйесі арқылы несиелендірудің Ережелерін бекіту туралы»;

- Қазақстан Респуликасы Үкіметінің жарлығы «Ауылшаруашылығы тауарын өндірушілердің 2004 жылға минералдық тыңайтқыш алуын мемлекеттік субсидирлеу Ережелерін бекіту туралы»;

- Қазақстан Респуликасы Үкіметінің жарлығы «Ауылшаруашылық техникасымен қамтамасыздандырудың лизингтік негізде несиелендіруі Ережелерін бекіту туралы »;

- Қазақстан Респуликасы Үкіметінің жарлығы «Мемлекеттік азықтық қорға 2004 ж. Жиналған астықты мемлекеттік сатып алу туралы».

Шағын және орта бизнестің өркендеуін қамтамасыз ететін Үкіметпен қабылданған шараларға қарамастан, жүргізілген зерттеулер экономиканың осы секторының өркендеуіне кедергі келтіретін келесідей проблемалардың бар екенін куәлендіреді :

- шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға бағытталған, қабылданған заңдық және бағдарламалық құжаттардың толық орындалуы жеткіліксіз;

- тиімді өндірістік – шаруашылықты қызмет үшін отандық өндірушіге қажетті нарықтық нфрақұрылымның өркендемеуі;

- несиелік ресурсқа шығу қиындығы;

- өнімнің, жұмыстың, қызмет көрсетудің стандартталу және сертификаталу жүйесінің қолданудағы жүйесінің жетілмегендігі, ол отандық тауар өндірушілерге шет елдік компаниялармен бірдей бәсекелесуге мүмкіндік бермейді.

Шағын және орта кәсіпкерліктің өркендеуін сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің жыл ішіндегі өзгерісінің динамикасын талдау, олардың өсу қарқындылығының өзгеруі мерзімдікке тәуелді екенін көрсетеді. Жәнеде талдаудың көрсетуі бойынша, мерзімдік фактор қызметті белсендіру себебін айқындауда анықтаушы сипатты болады немесе шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің тоқсандар бойынша өнімнің, жұмыстың, қызмет көрсетудің көлемін қысқартуымен болады.

отандық шағын бизнесте әліде шешімін таппаған бірқатар проблемелар бар, олар шаруашылық істеуші субъектілерді мемлекеттік тіркеу бойынша бюрократиялық тартыншақтық, әртүрлі ведомстволвқ инстанцияларда жүру, тапсырыскердің сәйкес және жоғары өтімділікті кепілзатпен қамтамасыз етілуінің болмауынан несиелік ресурсқа қол жеткізе алмауы, инфрақұрылым күйінен, инспекциялаушы және бақылаушы органдардың көптігі, мемлекеттік аппараттың жемқорлығы, ал ең бастысы – шағын бизнес өкілдері үшін нақты салықтық және кедендік жеңілдіктің болмауы. Шағын және орта кәсіпорындардың нақты қажеттілігін есепке алатын жеткілікті қаржыландыру, орта кәсіпкерлікті қолдау саясатының ең маңызды міндеттерінің бірі. Басты міндет - шағын және орта кәсіпорындарға, тиімді жұмыс істейтін ірі кәсіпорындар кездестірмейтін, қаржыландыру кезіндегі кедергілерден өтуге көмектесу .

Шағын және орта бизнестің ары қарай өркендеуі мүмкіндікті, егер экономиканың осы секторында шығарылатын өнімнің бәсекелестік қабілетін жоғарылатуға ба,ытталған сапалы өзгерістер жүргізілетін болса. Бұл қазіргі кезде жұмыс істейтін кәсіпорындардың, әсіресе ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу аймағандағы, құрылыс материалдарын шығарушы және металл бұйымдарын жасаушы, резеңке және синтетикалық шайырлар шығарушы кәсіпорындардың.

Экономиканың қаралатын секторындағы жұмыстың күрт өзгерісі болуы үшін Қазақстандағы шағын және орта бизнесті өркендету және қолдаудың кезектегі мемлекеттік бағдарламасында осы проблемаларды жоятын шаралар енгізу қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет