1 тарау. Банк несиесінің теориялық аспектілері



бет5/5
Дата17.06.2016
өлшемі476.5 Kb.
#141499
1   2   3   4   5

ҚОРЫТЫНДЫ

2004 жылдың ішінде Үкімет Қазақстандағы шағын және орта бизнестің өркендеуін қамтамасыз ететін, қолайлы жағдайларды жасау үшін салмақты шаралар қабылдады. Сондай-ақ экономиканың осы секторының жемісті және белсенді өркендеуіне кедергі келтіретін барлық проблемалар қамтылды. Шараларды қабылдаудың объективті себебі болып, соңғы жылдары логика мен болжамдарға қарсы, шағын және орта бизнес секторларында белсенділіктің төмендеуінің тұрақты тенденциясы табылды.

Әлемдік практикаға сәйкес, шағын және орта бизнес қалыпты өркендеуші экономика жағдайларында сәйкесті мемлекеттік қолдаумен барынша жемісті жұмыс жасайды. Қазақстанда қалыптасқан әлемдік тенденцияларға қарамастан, берілген процестер толық шамада өзінің бекітілуін таппауда.

2003-2004 жылдары, алдыңғы жылдарға қарағанда, шағын кәсіпкерліктің белсенділенуі үшін жағдайлар біршама жақсарды. Бұл өндірістің тірілуімен, халықтың нақты ақшалай табысының өсуімен, мемлекеттік қолдау шараларының күшеюімен және т.б. байланысты.

Дегенмен, осыған қарамастан, қарастырылған кезеңде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің – заңдық тұлғалардың және олардағы жұмыстылық саны, қызметтегі саны бойынша өсу қарқынының төмендегені байқалады.

Бұған қарама – қарсы 1998-2000 жылдары, шағын кәсіпкерлік үшін макроэкономикалық тұрғыдан жағдай ыңғайлы болмағанда, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің және олардағы жұмыстылық санының өсуінің жеткілікті жоғарғы қарқындылығы орыналғанын айту керек.

Қарастырылған кезеңде, шағын кәсіпкерлік секторында жұмыспен қамтылғандардың өсуіне қатынасы бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері санының басып озып өсу тенденциясы сақталынған. Бұл жалданбалы жұмысшылар саны аз кәсіпорындар санының жоғарылауын көрсетеді, әсіресе бұл тенденция сауда және қызмет көрсету аймағы үшін сипатты. Бұл осы қызметтер түрінде шағын кәсіпорын қызметінің белсенділігі туралы куәландырады.

2004 жылы шағын кәсіпкерлік секторында сапалы өзгерістер болған жоқ. Шағын бизнес құрылымының салаларын талдау, қарастырылатын кезеңде оның өзгеріссіз қалатынын көрсетті.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің негізгі үлесі, 70% жоғары, бұрынғыша сауда мен қызмет көрсетуде жұмыс істейді. 2003 жылға қатынасы бойынша 2004 жылы өндіріс көлемінің артуы негізінен сауда аймағы есебінен алынды , оның үлесі шағын кәсіпорындармен шығарылған өнімнің 60% құрайды.

Шағын және орта бизнестің негізгі параметрлерінің динамикасын талдау іскерлік белсенділіктің біраз төмендегенін көрсетеді. Бұл жалпы экономиканың өркендеуімен байланысты және шағын және орта бизнес секторларымен байланысты әртүрлі факторлармен шартталған.

2004 ж.шағын және орта кәсіпкерліктің өркендеуін кідіртуші негізгі жалпы экономикалық факторларға жататындар:

- экономиканың нақты секторындағы негізгі салалардағы өнімді және қызмет көрсетуді өндірудің көлемінің өсу қарқындылығының бәсеңдеуі;

- халықтың нақты ақшалай табысының өсу қарқындылығының тежелуі;

- 2003 жылмен салыстырғанда тұтынушы тауарлардың көп түрімен импорттық келу бағасы индексінің төмендеуі.

Бұл жағдайды талдау шағын және орта кәсіпкерліктің өркендеу тенденциясы экономиканың негізгі салаларында, осы салалар үшін сипатты жалпы тенденциялармен дәл келетінін куәлендіреді. Сондықтан, экономиканың нақты секторының өсу қарқынының төмендеуі шағын және орта кәсіпкерлік секторындағы өсу қарқынының төмендеуіне әкеледі.

Шағын және орта бизнестің өркендеуіне едәуір ықпал ететін келесі фактор, ол елдің табысы. 2004 жылы ішіндегі елдің нақты ақшалық табысының артуы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне айтарлықтай ықпал еткен жоқ, өйткені есептеу кезеңінде олардың өсу қарқынының төмендеуі байқалды. Бұл фактор негізінен өз қызметін сауда аймағында жүзеге асыратын, әсіресі тамақ өнімдерін өткізетін шағын кәсіпорындарға оң ықпал жасады. Бұл елдің шығынының 50% азық – түлік тауарларына жұмсалатынын көрсетеді.

Шағын және орта кәсіпкерліктің өркендеуіне кедергі жасайтын басқа факторларға жататындар: аралық тұтыну өнімдеріне бағаның өсуі және өндірістік сипатты қызмет көрсетудің бағасының өсуі , жәнеде энергия мен тұрмыс – коммуналдық қызметке тарифтің өсуі.

Шағын және орта кәсіпкерліктің өркендеуін сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің жыл ішіндегі өзгерісінің динамикасын талдау, олардың өсу қарқындылығының өзгеруі мерзімдікке тәуелді екенін көрсетеді. Жәнеде талдаудың көрсетуі бойынша, мерзімдік фактор қызметті белсендіру себебін айқындауда анықтаушы сипатты болады немесе шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің тоқсандар бойынша өнімнің, жұмыстың, қызмет көрсетудің көлемін қысқартуымен болады.

Шағын және орта бизнес секторындағы жұмыс жағдайын жақсарту үшін Қазақстан Республикасының мемлекет басшысымен және Үкіметімен оның өркендеуіне кедергі келтіретін жетімсіздіктерді болдырмауға бағытталған шаралар қабылданды.

Өзінің Қазақстан халқына үндеуінде Президент Н.А. Назарбаев “Келесі мәселелерді сатылы шеше отырып шағын және орта бизнесті беріктендіру қажет:

- салықтық алымды төмендету;

- меншікті және активті жариялы ету;

- несие ресурстарына шығуды жеңілдету;

- әкімшілікті процедуралар мен рұқсаттарды күрделендірмеу;

- бюрократтықтан және бақылау – тексеру органдарынан қору;

- шағын және орта бизнесті қолдаудың регионалдық орталықтарын құру, маркетингтік зерттеу жүргізуде, кәсіпқойлығын жоғарылатуда, орталықтандырылған бухгалтерия құруда көмек көрсету».

Қазақстан халқына мемлекет басшысының жолдауындағы ережелерге сәйкес, қазіргі этапта агроөнеркәсіптік салалар басымшылықты болады. Осыған байланысты шағын және орта кәсіпкерліктің өркендеуінің басымды бағыты, қаралатын кезеңдегі, саланың минералды тыңайтқыштар, ауыл шаруашылығы машинасын жасау, жеңіл және тамақ өнекәсібі сияқты ауыл шаруашылықты бағыты болады.

Бұл жағдайда өндіріспен және бәсекелесті қабілетті тауарлар мен қызмет көрсетумен байланысты проблемалар жиынтығын шешетін нысан франчайзинг болып табылады, ол ірі және орта кәсіпорындардың шағын кәсіпорындармен өзара тиімді кооперациясын көрсетеді.

Қазіргі кезде Қазақстанда ешқандай мемлекеттік қолдаусыз және нормативті – құқықтық базасыз 15-20% жуық шағын бизнес кәсіпорындары ірі отандық өнеркәсіптік кәсіпорындармен тығыз өндірістік – шаруашылықты байланыста.

Кооперациялау (қауымдасу) негізінен қосалқы мердігер нысанында жүзеге асады, яғни шағын кәсіпорындар ірі компаниялар тапсырысы бойынша белгілі бір жұмыстарды атқарады жәнеде франчайзинг нысанында.

2005 жылы өндіріс көлемінің артуы 2004 жылдағы сияқты сауда және қызмет көрсету аймағы есебінен жүреді. Бұл жыл ішінде шағын кәсіпорын секторындағы салалық құрылымның өзгермейтінімен шартталған.

Негізгі көңілді шағын және орта бизнес кәсіпорындарының тиімді қызметін қамтамасыз ететін инфрақұрылым объектілеріне бөлу керек. Оның есебіне кіретіндер : бизнес-инкубаторлар, технопарктер мен бизнес-орталықтар; ақпараттық-консалтингті фирмалар, лизингтік компаниялар, қарыздар қоры және т.б.

Көрсетілген шаралардың орындалуы, сонымен қатар стандарттау мен сертификаттаудың қолданбалы жүйесін жетілдіруге, тұтынушылар құқығын қорғауға бағытталған қосымша шаралардың қабылдануы шығарылатын өнімнің бәсекелестік қабілетін арттырады, ол өз кезегінде шағын және орта бизнес секторының қызметінің белсенділігіне ықпал етеді.

Орын алатын әкімшілікті кедергілерді болдырмау үшін бәрінен бұрын, шағын және орта кәсіпорындардың өндірістік – шаруашылықты жеке мәселелерін реттейтін, мүддүлі мемлекеттік органдармен кәсіпкерлердің қатынасын регламенттейтін барлық нормативті заң актілерін ревизиялау қажет .

Жүргізілген талдаулар негізінде, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қатынасы бойынша сәйкес органдармен орындалатын функциялар орнықтырылады, сәйкес қызметті көрсету стандарты мен регламентін әзірлеу, олар маңызына қарай Үкімет қаулысы мен немесе уәкілетті орган шешімімен бекітіледі. Мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігіне, олардың құқықсыз әрекеттеріне ерекше көңіл бөлінуі керек.

Көрсетілген проблемалардың оң шешілуі сәйкес нормативті – заңды актілерге конструктивті өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді және қажетті жоспарлы және нұсқаулы - әдістемелі, ұйымдастыру - өкімді құжаттарды әзірлеуге мүмкіндік береді , бұл шағын және орта бизнес инфрақұрылымына қатысты сәйкес заңдар мен бағдарламалар шешімін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Қарастырылатын проблемаларды шешу бойынша ұсынылған шаралар практикада жүзеге аспайтын болса , онда болжалынатын кезеңде эксперттік бағалау бойынша, шағын және орта бизнес секторының өркендеуінің бәсеңдеуі күтілетінін айта кету керек.

Қорыта келіп айтатын болсақ, шағын және орта бизнестің өркендеуін қамтамасыз ететін Үкіметпен қабылданған шараларға қарамастан, жүргізілген зерттеулер экономиканың осы секторының өркендеуіне кедергі келтіретін келесідей проблемалардың бар екенін куәлендіреді :

- шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға бағытталған, қабылданған заңдық және бағдарламалық құжаттардың толық орындалуы жеткіліксіз;

- тиімді өндірістік – шаруашылықты қызмет үшін отандық өндірушіге қажетті нарықтық нфрақұрылымның өркендемеуі;

- несиелік ресурсқа шығу қиындығы;

- өнімнің, жұмыстың, қызмет көрсетудің стандартталу және сертификаталу жүйесінің қолданудағы жүйесінің жетілмегендігі, ол отандық тауар өндірушілерге шет елдік компаниялармен бірдей бәсекелесуге мүмкіндік бермейді.

Шағын және орта бизнестің ары қарай өркендеуі мүмкіндікті, егер экономиканың осы секторында шығарылатын өнімнің бәсекелестік қабілетін жоғарылатуға ба,ытталған сапалы өзгерістер жүргізілетін болса.

Бұл қазіргі кезде жұмыс істейтін кәсіпорындардың, әсіресе ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу аймағандағы, құрылыс материалдарын шығарушы және металл бұйымдарын жасаушы, резеңке және синтетикалық шайырлар шығарушы кәсіпорындардың.

Экономиканың қаралатын секторындағы жұмыстың күрт өзгерісі болуы үшін Қазақстандағы шағын және орта бизнесті өркендету және қолдаудың кезектегі мемлекеттік бағдарламасында осы проблемаларды жоятын шаралар енгізу қажет.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ




  1. Закон «О государственной поддержке малого предпринимательства», Указ Президента Республики Казахстан № 4189 от 31.12.2004г.

  2. Закон «О банках и банковской деятельности» от 31.08.95г.

  3. «Правила ведения документации по кредитованию банками второго уровня», утвержденные Постановлением Правления НБРК №276 от 16.08.99г.

  4. «Правила о пруденциальных нормативах», утвержденные Постановлением Правления НБРК №219 от 23.05.97г.

  5. Положение «О классификации активов и условных обязательств и расчете провизии по ним банками второго уровня Республики Казахстан», утвержденное Постановлением Правления НБРК №218 от23.05.97г.

  6. Арыстанов А.К. Микрокредитование как форма поддержки малого и среднего бизнеса в Республике Казахстан// Вестник Московского Университета. Серия 6. Экономика.-2004.-№2.-С.40-46.

  7. Банковское законодательство/Под ред. Е. Ф. Жукова, М.: ЮНИТИ, 2003.

  8. Белых Л.П. Устойчивость коммерческих банков. М.: Банки и биржи. 2003 г.

  9. Деньги. Кредит. Банки. /Под ред. Жукова Е.Ф., М.,2000.

  10. Деньги. Кредит. Банки. /Под ред. О. И. Лаврушина, М.: Финансы и статистика, 1998.

  11. Дауранов И. и др. Малый. бизнес: проблемы оформления кредита, Дауранов И., Шишкина А., Рудецких А. // Вестник предпринимателя 2003.-№4.-С,21-28.

  12. Дауранов И. и др. Малый бизнес: итоги 2004, ожидания 2005 / Дауранов И., Рудецких А., Шиянова Е.// Вестник предпринимателя.-2005.-№2.-С.23-26.

  13. Дауранов И. и др. Вопросы расширения доступа малых и средних предприятий к банковским кредитным продуктам/ Дауранов И., Рудецких А.// Вестник предпринимателя.-2004.-№12.-С.36-39

  14. Дауранов И., Шишкина А., Рудецких А.// Банки Казахстана.-2002.-№ 11. - С.13-16.

  15. Дауранова Э. Кредитное бюро в Казахстане// Вестник предпринимателя. - 2005.-№2-С.27-28. 1 6. Есентугелов К. К вопросу о расширении кредитования малого бизнеса // АльПари.-2004.-№6-С.72-75.

  16. Каскирова М. Вклад в развитие: Банковский сектор// Деловая неделя. - 2004. - 24 мая (№19).-С.5.

  17. Кононович Е. Большие перспективы малого бизнеса // Казахстанская правда.-2005.-22 января - С.5.

  18. Нурсеит Н. Текущее состояние и проблемы кредитования малого бизнеса в Республике Казахстан клиентов// Банки Казахстана. - 2002.-№ 12. - С. 11-1 7.

  19. Программа малого бизнеса Европейского Банка Реконструкции и Развития // Новое поколение.-2003.4 мая (№18).-С.22.

  20. Токсанова А.Н. Финансирование малого бизнеса// Финансы Казахстана.-2004.-№1.-С.94-96.

  21. Умбетов А. Оценить риск сложно, но возможно: О кредитовании малого бизнеса и роли банков// Экспресс К. - 2003. - 14 января.-С.5-6.

  22. Царегор.одцева М.А. Банк кредитования малого и среднего бизнеса// Деньги и кредит.-2004.-№12.-С.58-60.



Қосымша № 1 «а»

БАНКТІК ҚАРЫЗ БЕРУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ


I. Банкі қарызын беру үшін тапсырыс рәсімдеуге қажетті құжаттар:

1. Тапсырыскердің паспорты (жеке басының куәлігі) .

2. Жекеше кәсіпкерлер үшін: заңдық тұлға білімінсіз немесе патентсіз кәсіпкерді тіркеу туралы куәлік.

3. СТТН иелену туралы салық комитетінің анықтамасы.

П. Банк қарызын беруге тапсырысты қарастыру үшін қажетті құжаттар:

1. Кепілхатқа құқық орнықтырушы құжаттар.

2. Лицензиялар, патенттер, қызметтің анықталған бір түрімен айналысуға рұқсат.

3. Шаруашылық шарттары, бірлескен қызмет туралы шарттар:

4. Тапсырыскер бизнесінде қатысатын мүліктер тізімі.

5 Дебиторлар мен кредиторлардың тізімдері, төлем шарттары мен мерзімдерімен.

6. Тауарлы – материалдық қорлар тізімі.

7. Несиені беру туралы шешімді қабылдауға ықпал ететін кез – келген басқа құжаттар (шот-фактуралар, жүкқұжаттар, есеп шоты бойынша келтірме, кедендік декларациялар, төлем туралы қиыптар және т.б.)

III. Несиені беру туралы оң шешім болғанда:

1. Біздің банкіде есеп (ағымды) шотын ашу қажет.

2. Кепілзатты рәсімдеу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсыру.

3. Міндетті мемлекеттік тіркеуді қажет ететін кепілзат туралы шартты тіркеу қажет .





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет