1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар


-бап. Тазартылған бағалы металдардың жекелеген түрлерін өткізу ерекшеліктері



бет2/3
Дата20.06.2016
өлшемі204 Kb.
#149051
1   2   3

14-бап. Тазартылған бағалы металдардың жекелеген түрлерін өткізу ерекшеліктері.

1. Отандық қайта өңдеу (тазарту) өндірістерін дамыту, техникалық арнаулы өнімді шығару, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған бұйымдарды өндірушілердің қызметін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі тазартылған бағалы металдардың (алтын мен күміс) жекелеген түрлерін өткізу жөніндегі уәкілетті ұйымды белгілейді.

2. Бағалы металдардың жекелеген түрлерін өткізу жөніндегі уәкілетті ұйым Ұлттық Банкке дербес тазарту нәтижесінде өндірілген тазартылған бағалы металдарды басым тәртіпте сатып алуға ұсынады.

Ұлттық Банк тазартылған бағалы металдарды сатып алудан бас тартқан жағдайда, тазартылған бағалы металдардың жекелеген түрлерін өткізу жөніндегі уәкілетті ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте әлемдік нарықтың бағаларын есепке алып, мұндай тазартылған бағалы металдарды үшінші тұлғаларға техникалық арнаулы өнім ретінде өткізуге құқылы.

3. Тазартылған бағалы металдардың жекелеген түрлерін өткізу кезіндегі операцияларға салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
15-бап. Инвестициялық алтын айналымының ерекшеліктері, жеке және заңды тұлғалар үшін металл шоттарды ашу және жүргізу тәртібі.

1. Инвестициялық алтын – сәйкестікті растау жөніндегі орган немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген сынау зертханасы берген сертификаты немесе осындай алтынның төмендегі шарттарға сәйкесетін ұлттық немесе халықаралық сапа стандартына сәйкесуін растау жөніндегі өзге құжаты бар алтын:

1) алтын шақалар үшін:

мұндай алтын шақалар нумизматикалық құндылыққа ие емес;

таза шақалардың тазалығы жалпы массаның мың үлесіне тоғыз жүз мың үлестерге тең немесе одан асады (бұл тоғыз жүзінші сынамаға, тоғыз жүз промиллеге, 90,0 пайыздарға немесе 21,6 каратқа сәйкеседі).

Бұл ретте алтын шақа төмендегі шарттардың біріне сәйкесуі кезінде нумизматикалық құндылыққа ие деп танылады:

1800 жылға дейін соғылған;

айналы бет, «пруф» (proof) сапасын алуды қамтамасыз ететін технология бойынша соғылған;

шығарылым мың данадан артық емес таралымға ие;

оның нарықтық бағасы шақаның құрамындағы алтынның құнынан сексен пайызға асады.

Алтын шақаның нарықтық құны алтын шақаны өткізу күніне, көрсетілген күнге белгіленген валютаны нарықтық айырбастау бағамына арналған Лондон бағалы металдар нарығы қауымдастығында белгіленген алтынның таңертеңгі фиксингін (баға белгілеу) көбейту жолымен анықталады;

2) қалған алтын үшін:

мұндай алтын құйма және (немесе) тілімше пішінінде әзірленген;

мұндай алтынның тазалығы лигатура массасының мың үлесіне тоғыз жүз тоқсан бес мың үлеске тең немесе одан асады (бұл тоғыз жүз тоқсан бесінші сынамаға, тоғыз жүз тоқсан бес промиллеге, 99,5 пайызға немесе 23,88 каратқа сәйкеседі).

2. Инвестициялық алтынмен операцияларға салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

3. Заңнамамен рұқсат етілген мәмілелерді жүзеге асыру кезінде инвестициялық алтынның төлемі ұйымдасқан биржа сауда-саттықтарында мәмілені жүргізу сәтінде қалыптасқан бағаларды есепке алумен жүргізіледі. Көрсетілген мәмілелерді жүзеге асыру кезінде асыл тастардың төлемі сату күнінде бағалардың конъюнктуралық ауытқуларын есепке алып, әлемдік нарықта қолданылатын баға көрсеткіштеріне ұқсас негізде сараптамалық жолмен белгіленген бағалар бойынша жүргізіледі.

4. Инвестициялық алтынның айналымын ықшамдау және оның ашықтығы мақсатында жеке және заңды тұлғалар екінші деңгейдегі банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің металл шоттарды ашу және жүргізу лицензиясына ие ұйымдарда ашылатын металл шоттарды пайдалана алады.

5. Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылатын металл шоттар мынандай түрлерге бөлінеді:

1) жауапты сақталудағы металл шот (аллотталған металл шот);

2) иесізденген металл шот (аллотталмаған металл шот).

6. Жауапты сақталудағы металл шоттар – бұл екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ашатын, тапсырыскерлердің екінші деңгейдегі банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға жауапты сақтауға өткізген, бұл ретте олардың жеке белгілерін (атауы, құндылықтардың саны, сынама, өндіруші, сериялық нөмірі және т.б.) сақтап, бағалы металдарын есепке алуға арналған шоттары.

Тапсырыскерден жауапты сақтауға қабылданған бағалы металдар екінші деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның тартылған қаражаты болып табылмайды, меншікті бағалы металдардан бөлек есепке алуға жатады, өз атынан және өз есебінен орналастырыла алмайды.

7. Иесізденген металл шоттар – бұл екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жеке белгілерді есепке алмай және оларды тарту мен орналастыру бойынша операцияларды жүзеге асырмай, ашатын бағалы металдарды есепке алуға арналған шоттар.

8. Екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар тапсырыскерлерінің металл шоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді.

9. Бағалы металдардан әзірленген және инвестициялау мен жинақтау объектілері болып табылатын шақалар инвестициялық шақалар болып табылады. Инвестициялық шақалар өз құны бойынша заңды төлем құралы болып табылады.
16-бап. Сараптау (сәйкестендіру), сынау және таңбалау

1. Зергерлік бұйымдарды сынау Қазақстан Республикасында қолданылатын стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес жүргізіледі.

2. Зергерлік өнім өндіруші жалпы салмағы он грамнан аспайтын бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған бұйымдарды өздігінен сынауға және таңбалауға құқылы.

Жалпы салмағы он грамнан артық зергерлік бұйымдар мәртебесі осы Заңның 14-бабына сәйкес анықталатын аккредиттелген зертханалардың міндетті таңбалауына жатады.

3. Таңбалау кедендік мағлұмдаудың, әкелімдік кеден бажын және акциз алымын төлеу туралы құжаттың, сондай-ақ мемлекеттік бақылаудан өтуге қажетті құжаттардың болуы кезінде, жеке және заңды тұлғалардың өтінімдері бойынша жүргізіледі.

4. Аккредиттелген зертханалар жеке және заңды тұлғалардың өтінімдері және құқық қорғау органдарының жолданымдары бойынша сынаулар, құрамында бағалы металдар бар материалдарға, құрамында бағалы металдар бар зергерлік және тұрмыстық бұйымдарға бақылау талдау жүргізеді.

5. Бағалы металдардан зергерлік және тұрмыстық бұйымдар әзірлейтін жеке кәсіпкерлік субъектілері арнайы таңбаға ие болуға міндетті, өндіруші оның баспа-таңбасын барлық бұйымдарға салады.

Тіркелмеген арнайы таңбаны пайдалануға тыйым салынады.

6. Асыл тастарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде, уәкілетті ұйым оларды сәйкестендіруді жүзеге асырады.

7. Тиісті сынау саласында аккредиттелген зертханалар бағалы металдарға, асыл тастарға және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларына сынау жүргізеді.


17-бап. Арбитраждық зертхананың, аккредиттелген зертханалардың құқықтық мәртебесі

1. Міндетті сынап көруге және таңбалауға салмағы 10 грамнан артық бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған бұйымдар жатады. Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған бұйымдарды сынауды және таңбалауды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдардың, соның ішінде өңделмеген табиғи алмастардың сараптамасын (сәйкестендіру) жүргізу, сынауға және таңбалауға аккредиттелген зертханалар жүргізуі мүмкін.

Аккредиттелген зертханалардың тізілімін бағалы металдар мен асыл тастардың айналымы саласындағы уәкілетті орган жүргізеді.

2. Бағалы металдардың, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдардың сапалық сипаттамалары бойынша дауаларды шешу үшін, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген арбитраждық зертхана өндірістің және айналымның субъектілерінен тәуелсіз арбитраждық сынау жүргізеді. Тараптар арбитраждық сынау нәтижелерінің ақырғы екенін мойындайды.


18-бап. Құрамында бағалы металдар мен асыл тастар бар сынық пен қалдықтар.

1. Құрамында бағалы металдар мен асыл тастар бар сынық пен қалдықтардың меншік иесі немесе заңды иесі оларды екінші рет пайдалану үшін өңдеуі немесе оларды жеке және (немесе) заңды тұлғалар өткізуі мүмкін.

2. Бағалы металдардың сынығы мен қалдықтарын сатып алатын заңды тұлғалар немесе жеке кәсіпкерлер бағалы металдардың сынығы мен қалдықтарын тазартылған бағалы металдардың жекелеген түрлерін өткізу жөніндегі уәкілетті ұйымға тазартуға жіберуге міндетті.

3. Бағалы металдардың сынығы мен қалдықтарын Қазақстан Республикасынан тыс әкету Кеден одағының кеден заңнамасына және осы Заңның 11-бабы ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

4. Тапсыруға дайындалған сынық пен қалдықтар бағалы металдардың пайыздық құрамын анықтау үшін сынау мен талдауға жатады.

5. Меншік иесінің немесе заңды иесінің қалауы бойынша өз өндірісінде жиналған бағалы металдардың сынығы мен қалдықтары, асыл тастардың қалдықтары:

1) оларды жинайтын заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер өз өндірісінде екінші рет пайдалану үшін өздігінен өңдейді (қайта өңдейді);

2) тазартылған бағалы металдардың жекелеген түрлерін өткізу жөніндегі уәкілетті ұйымға тазартуға тапсырылады;

3) басқа заңды тұлғалар немесе жеке кәсіпкерлер өткізеді;

4) Кеден одағының кеден заңнамасында белгіленген тәртіпте Кеден одағының кеден аумағынан әкетіледі.


19-бап. Құрамында бағалы металдар бар және жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне, тазартылған алтынның құймаларына айналдырылған сынықты қайта өңдеу

1. Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі қабылдаған сынық тазартылған алтынның құймаларына қайта өңдеп, оларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағалы металдардағы активтеріне есепке алуға жатады.

2. Осы тармақтың бірінші бөлімінде көрсетілген тазартылған алтын құймаларының құны бағалы металдардың сынығын қайта өңдеу бойынша шығындарды шегеріп, бюджетке аударылады.
20-бап. Бағалы металдар мен асыл тастарды, сондай-ақ олардан жасалған бұйымдарды сақтау және тасымалдау.

1. Қазақстан Республикасының аумағында сатып алынған тазартылған бағалы металдарды сақтауды мыналар:

1) Ұлттық Банктің және екінші деңгейдегі уәкілетті банктердің сақтау орындарында заңды тұлғалар;

2) екінші деңгейдегі уәкілетті банктерде жеке тұлғалар жүзеге асырады.

2. Тазартылған бағалы металдар алғашқы сауда-саттықтарда өткізілгенге дейін өндірісте сақталуы мүмкін.

3. Бағалы металдар мен асыл тастарды, сондай-ақ олардан жасалған бұйымдарды тасымалдау әуе, су, темір жол және тиісті техникалық құралдармен жабдықталған арнайы автомобиль көлігімен, алып барушы қарулы күзетпен жүзеге асырылады. Арнайы автомобиль көлігінің жабдығы көрсетілген жүктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет.


21-бап. Бағалы металдар мен асыл тастарды есепке алу

1. Бағалы металдар мен асыл тастар шығару, өндіру, пайдалану және айналдыру кезінде массасы мен сапасы бойынша міндетті есепке алуға жатады.

Бағалы металдар мен асыл тастардың меншік иесі Қазақстан Республикасының тиісті нормативтік құқықтық актілері негізінде мұндай есеп пен есептілік, соның ішінде бағалы металдарды өндіруді жүзеге асыратын ұйымдардың өздері өндірген бағалы металдардың көлемдері туралы мәліметтерді мемлекеттік статистика органдарына, қызметтің көрсетілген салаларында тұрақты ұсыну тәртібін белгілейді.

2. Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер бағалы металдармен және асыл тастармен қызметті жүзеге асыруы кезінде, оларды Қазақстан Республикасының тиісті нормативтік құқықтық актілері негізінде массасы мен сапасы бойынша есепке алуға міндетті.

3. Оларды өндіру және (немесе) тұтыну кезінде сынық пен қалдықтар құралатын, құрамында бағалы металдар мен асыл тастар бар сынық пен қалдықтар заңнамада белгіленген тәртіпте жеке кәсіпкерлердің және жеке тұлғалардың міндетті есепке алуына және жинауына жатады.
4-тарау. Халықаралық ұйымдарға қатысу.

22-бап. Бағалы металдар мен асыл тастарды пайдалану және айналдыру саласындағы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары, келісімдері.

Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта Қазақстан Республикасының бағалы металдар мен асыл тастар туралы заңнамасында қамтылғаннан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.


23-бап. Кимберли үдерісінің сертификаттау тәсіміне сай өңделмеген табиғи алмастардың айналымын бақылау.

1. Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз өндірілген және өңірлік шиеленістер мен халықаралық лаңкестік топтарды қаржыландыруға бағытталған өңделмеген табиғи алмастардың енуіне қарсылық әрекет ету мақсатында Қазақстан Республикасында Кимберли үдерісінің сертификаттау тәсіміне сай өңделмеген табиғи алмастарды сертификаттау жүзеге асырылады.

2. Кеден одағының кеден аумағына әкелінетін және Кеден одағының кеден аумағынан әкетілетін өңделмеген табиғи алмастарды кедендік мағлұмдау кезінде, кеден органдары өңделмеген табиғи алмастардың әкетілетін немесе әкелінетін топтамасы шиеленіс аймақтарынан шыққан алмастарды қамтымайтынын растайтын Кимберли үдерісі сертификатының (әкелу кезінде) және әкетілім сертификатының (әкету кезінде) міндетті болуына тексеру жүргізеді.

3. Әкелінетін өңделмеген табиғи алмастардың топтамасын Кимберли үдерісінің сертификатынсыз немесе кеден мағлұмдамасында арнаулы мемлекет туралы, көлік (тасымалдау) немесе коммерциялық құжаттарда әкелу кезінде жөнелткен мемлекет туралы мәліметтермен үйлесетін мәліметтердің болуы жағдайында, кері экспорт кеден рәсіміне сәйкес Кимберли үдерісінің (мемлекеттік бақылау актісінде тиісті жазбаның болуы кезінде) халықаралық сертификаттау тәсімінің талаптарын бұзумен кедендік мағлұмдау кезінде, кеден органдарына олардың әкетілген мемлекетке қайтарылуын бақылауды қамтамасыз етуге жазбаша өкім берілген.



5-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
24-бап. Бағалы металдармен және асыл тастармен операциялар кезінде дауларды шешу

Бағалы металдар мен асыл тастар саласындағы даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте шешіледі.


25-бап. Бағалы металдар мен асыл тастар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік

Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес, бағалы металдар мен асыл тастар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу жауапкершілікке тартады.


26-бап. Өтпелі ережелер

Осы Заңның қолданысқа енуіне дейін әкелінген және (немесе) Қазақстан Республикасында өткізу сатысында тұрған, сондай-ақ сынау және таңбалау рәсімінен өтпеген бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдар осы Заңның қолданысқа ену күнінен бастап бір жылдан аспайтын мерзімге міндетті сынауға және таңбалауға жатады.


27-бап. Осы Заңның қолданысқа ену тәртібі

Осы Заң алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өтісімен қолданысқа енгізіледі.


Жоба


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалы металлдар және бағалы тастар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13-құжат; № 3, 26, 27-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 21-құжат; 2013 жылғы 25 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дербес деректер және оларды қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2013 жылғы 21 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды одан әрі қылмыстық сипаттан арылту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2013 жылғы 22 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 209-1- бап мынадай редакцияда жазылсын:

«209-1-бап. Бағалы металдар мен асыл тастардың заңсыз айналымы

1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпті бұзып, едәуір мөлшерде бағалы металдармен және (немесе) асыл тастармен байланысты мәмілелерді жасау, сондай-ақ зергерлік және тұрмыстық бұйымдардан және осындай бұйымдардың сынықтарынан басқа, едәуір мөлшерде бағалы металдарды және (немесе) асыл тастарды кез келген түрде және күйде заңсыз өндіру, сақтау, тасымалдау, алып жіберу, өткізу, сатып алу,- екі жүзден бес жүзге дейін айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде немесе жалақы немесе сотталғанның екіден бес айға дейінгі кезең бойынша басқа да табыс мөлшерінде айыппұлмен, не екі жыл мерзімге дейін түзеу жұмыстарымен, не екі жыл мерзімге дейін бас бостандықты шектеумен, не алты ай мерзімге дейін тұтқындаумен, не екі жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айырумен жазаланады.

2. Төмендегідей жасалған сол әрекеттер де:

а) ұйымдасқан топ;

б) ірі мөлшерде;

в) бірнеше рет, -

мүлікті тәркілеумен немесе мұндайсыз екіден жеті жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айырумен жазаланады.

Ескертпе. Осы бапта көзделген әрекеттер, егер заңсыз айналымы жасалған бағалы металдардың және (немесе) асыл тастардың құны бес жүз айлық есептік көрсеткіштен асса, едәуір мөлшерде жасалды деп танылады, ал ірі мөлшерде – егер олардың құны бір мың айлық есептік көрсеткіштен асса.».

2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж, № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар; № 23, 113, 115-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 11, 59-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 44-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 93-құжат; 2013 ж., № 2, 10, 13-құжаттар; 2013 жылғы 25 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дербес деректер және оларды қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 192 – баптың төртінші тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«192-бап. Тергелу ретi



4. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 176-бабында (екінші бөлігінде, үшінші бөліктің б) тармағында, төртінші бөлігінде), 177-бабында (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 180-бабында, 182-бабында (бірінші және екінші бөліктерінде), 184, 184-1, 209-1, 228, 309, 316, 339 (екіншi және үшіншi бөлiктерiнде), 341, 343-357, 363-365-баптарында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша алдын-ала тергеуді қылмыстық іс қозғаған ішкі істер органы немесе қаржы полициясы жүргізеді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 141-1, 363-1-баптарында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеуді осы органның қызметкері болып табылмайтын адамға қатысты қылмыстық iстi қозғаған iшкi iстер немесе қаржы полициясы органдары жүргiзедi».

3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 10, 11, 13-құжаттар; № 4, 21-құжат; 2013 жылғы 25 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дербес деректер және оларды қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

147-14- бап мынадай редакцияда жазылсын:

«147-14-бап. Қазақстан Республикасының бағалы металдар мен асыл тастар туралы заңнамасын бұзу

Қазақстан Республикасының бағалы металдар мен асыл тастар туралы заңнамасын төмендегідей бұзу:

салмағы он грамнан артық бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған бұйымдарда сынамалайтын таңбаның болмауы;

сынамалайтын таңбаның жасандылары;

егер Қазақстан Республикасының бағалы металдар мен асыл тастар туралы заңнамасына сәйкес сынап көру және таңбалау міндетті болып табылса, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған бұйымдардың нақты сынамасының бұйымда көрсетілгенмен сәйкеспеуі, -

лауазымды тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүзден мыңға дейін, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға мың сегіз жүзден екі мыңға дейін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеледі».

159 - баптың 1 - тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшасымен толықтырылсын:

«1-1- тармақша. Егер Қазақстан Республикасының бағалы металдар мен асыл тастар туралы заңнамасына сәйкес сынап көру және таңбалау міндетті болып табылмаса, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған бұйым сынамасының және (немесе) салмағының тауар туралы ақпаратты қамтитын құжатта өндіруші көрсеткен мәліметтерге сәйкеспеуі, -

лауазымды тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға мың, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеледі».

636 – баптың 1- тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«636-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға құқығы бар лауазымды адамдар

1. Соттар қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша мыналардың құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға құқығы бар:

1) мыналардың:

iшкi iстер органдарының (79-1, 79-3, 79-4, 79-5, 79-6, 83-1, 85-3, 86, 86-1, 87-3, 87-4, 87-5, 96, 111, 111-1, 112 - 117, 135-1, 136, 136-1, 136-2, 141-1, 143, 143-1, 147-1 (екінші бөлігі), 159 162, 163, 163-2, 163-3 (үшінші және төртінші бөліктері), 163-4, 203, 234-1, 283 (бірінші және үшінші бөліктері), 298 (екiншi және 2-1-бөлiктерi), 298-1 (екiншi бөлiгi), 306-2, 314, 317-1 (азаматтық және қызметтік қаруларға және олардың патрондарына, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылған бұйымдардың айналымына байланысты химиялық өнімдерге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша), 318-321, 324-1, 324-2, 328-2 (екінші бөлігі), 330, 330-1 (екінші бөлігі), 331, 334 (үшінші бөлігі), 335, 336 (1-1, үшінші және төртінші бөліктері), 336-1 (үшiншi бөлiгi), 336-2 (үшiншi бөлiгi), 336-3 (екiншi бөлiгi), 336-4 (екiншi бөлiгi), 338 (бiрiншi бөлiгi), 338-1 (бірінші, екінші, оныншы және он бірінші бөліктері), 339, 340, 341 (екiншi бөлiгi), 341-1, 344, 354-1, 355-357, 357-1, 357-7 (екінші бөлігі), 362, 362-1, 363, 365, 366, 368, 368-1, 369 (екiншi бөлiгi), 370 (екiншi бөлiгi), 371 (екiншi бөлiгi), 372, 373, 374 (бірiншi-төртiншi бөлiктерi), 374-1, 380 (екінші бөлігі), 380-2, 388, 390 (екінші бөлігі), 391-1 (екінші және үшінші бөліктері), 394 (екінші, үшінші және төртінші бөліктері), 394-1, 396 (төртінші бөлігі), 461 (3-1-бөлігі), 463 (екінші, үшінші бөліктері), 463-3 (бесінші бөлігі), 464-1 (бірінші және екінші бөліктері), 465 (екінші бөлігі), 466 (екінші бөлігі), 467, 468 (бірінші және екінші бөліктері), 468-1, 468-2, 469, 471 (1-2 және екінші бөліктері), 473 (үшінші бөлігі), 474, 474-1, 475, 477 (үшінші бөлігі), 484 (бірінші және екінші бөліктер), 501, 514 (461-471-баптарда көзделген құқық бұзушылықтар бөлігінде), 518, 521, 524 (461-471-баптарда көзделген құқық бұзушылықтар бөлігінде), 531-баптар);

қаржы полициясы органдарының (140 (екінші бөлігі), 143, 143-1, 143-2, 144-1, 145, 146-1, 151, 151-1, 154, 154-1, 155, 155-2, 156, 157, 158-4, 159 (



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет