1-тарау. Жалпы талаптар 1-параграф. Талаптың мақсаты мен қолданылу саласы



жүктеу 2.31 Mb.
бет1/11
Дата15.07.2016
өлшемі2.31 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2009 жылғы «21» қазандағы

№ 245 бұйрығымен

бекітілген

Бу және су жылыту қазандықтарын орнату және қауіпсіз пайдалану жөніндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары

1-тарау. Жалпы талаптар

1-параграф. Талаптың мақсаты мен қолданылу саласы
1. Бу және су жылыту қазандықтарын орнату және қауіпсіз пайдалану жөніндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талабы (бұдан әрі-Талаптар) бу қазандықтарын, автономды бу жылытқыштар мен жұмыс қысымы 0,07 МПа (0,7 ксг/см2) астам экономайзерлерді, су температурасы 115ºС жоғары су жылыту қазандықтары мен автономды экономайзерлерді жобалауға, конструкциялауға материалдарға, дайындауға, монтаждауға, баптауға, жөндеуге және пайдалануға қойылатын талаптарды белгілейді.

2. Талаптар:

1) бу қазандықтарына, оның ішінде бойлер қазандықтарына, автономды бу жылытқыштар мен экономайзерлерге;

2) су жылыту және бу-су жылыту қазандықтарына;

3) энерго технологиялық қазандықтарына: бу және су-бу, оның ішінде сода регенерациялық қазандықтарына (бұдан әрі-СРҚ);

4) пайдаға асырушы қазандықтарға (бу және су жылыту);

5) жылжымалы және тасымал қондырғылар мен энерго пойыздардың қазандықтарына;

6) жоғары температуралы органикалық жылу тасығыштармен (бұдан әрі-ЖТЖ);

7) қазандық шегінде бу және ыстық су қазандықтарына қолданылады.

3. Талаптар:

1) теңіз және өзен кемелерінде және өзге де жүзу құралдарында және су астында қолданылатын объектілерде орнатылатын қазандықтарға, автономды бу жылытқыштар мен экономайзерлерге;

2) паровоздардың қазандықтары мен бу жылытқыштарына және теміржол жылжымалы құрамы вагондарының жылу беру қазандықтарына;

3) электрлік жылытқышы бар қазандықтарға;

4) м3 (л) көлемге жұмыс қысымы МПа (кгс/см2) 0,02 (200) аспайтын бу және су кеңістігі 0,01 м3 (10 л) және одан кем көлемдегі қазандықтарына;

5) атом электр станцияларының жылу энергетикалық жабдығына;

6) мұнай өндіру және мұнай химия өнеркәсібі ұйымдарының құбыр пештерінің бу жылытқыштарына қолданылмайды.



2-тарау. Құрылым

1-параграф. Жалпы ережелер
4. Қазандық пен оның негізгі бөлшектерінің құрылымы қазандықтың (элементтің) қауіпсіз жұмыс істейтін есептік ресурсы ішінде есептік өлшемдерде сенімді, ұзақ, қауіпсіз пайдалануды, металды техникалық куәландыру, тазалау, жуу, жөндеу және пайдалануды бақылау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

5. Қазандықтардың үстін тексеруге, сондай-ақ дефектоскопиялық бақылау жүргізуге кедергі келтіретін олардың барабандарының бу және су бөліктеріндегі ішкі құрылғылар алмалы-салмалы болады.

6. Барабанда ішкі құрылғыларды бекіту үшін дәнекерленген элементтерді орналастыруға болады. Дайындаушы құрылымдық құжаттамада осы құрылғыларды алу және орнату тәртібін көрсетеді.

7. Қазандықтың, бу жылытқыш пен экономайзердің құрылымы мен гидравликалық сызбасы қысыммен жұмыс істейтін элементтердің қабырғаларын салқындатуды қамтамасыз етеді.

8. Қазандықтың, бу жылытқыш пен экономайзердің элементтері қабырғаларының температурасы төзімділігіне қабылданған есептердің шамасынан аспайды.

9. Жұмыс ортасын экономайзерден бөлетін құбырлардың газ өткізгіштерінде орналасқан конфигурациясы оларда бу қапшықтары мен тығындарының түзілу мүмкіндігін болдырмайды.

10. Қазандықтың құрылымы қыздыру және қалыпты жұмыс режимі кезінде оның элементтерін бірдей қыздыру мүмкіндігін, қазандықтың жекелеген элементтерін жылумен еркін түрде кеңейту мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

11. Тиісті нүктелерде жылумен кеңейту кезінде қазандық элементтерін орналастыруды бақылау үшін орналастыру көрсеткіштері (қадабелгілер) орнатылады. Қадабелгілерді орнату орындары қазандықтың жобасында көрсетіледі.

12. Төзімділікке арналған есепте жылумен еркін түрде кеңейтуді қамтамасыз ету мүмкін болмаған кезде тиісті қосымша кернеу ескеріледі. Мұндай жағдайда қадабелгілерді орнату қажет емес.

13. Қазандықтың табиғи циркуляциясына қосылған бойлер (барабаннан тыс орналасқан) оны қазандықпен қосатын және бойлерде гидравликалық соққының өтеміне есептелген жылумен еркін түрде кеңейту мүмкіндігіне жол беретін аспаларға (тіректерге) бекітіледі.

14. Қызмет көрсетуші персоналдың тікелей жанасуы мүмкін, қабаттарының температурасы жоғары қазандықтар мен құбыр өткізгіштердің элементтерінің учаскелері МСТ 25365 сәйкес қоршаған орта температурасы 25ºС аспаған кезде 45ºС аспайтын сыртқы температураны қамтамасыз ететін жылу оқшаулағышпен жабылады.

15. Қазандық құрылымы қазандықты сумен толтыру кезінде әуе тығындары түзілуі ықтимал қысыммен жұмыс істейтін барлық элементтерден ауаны жоюды қамтамасыз етеді.

16. Нәрлі суды жіберу, қазандыққа химикаттарды беру құрылғысын орнату және рециркуляция құбырларын қосу, барабандағы нәрлі суды бөлу қазандық элементтерінің қабырғаларын жергілікті салқындатпайды, сондықтан қорғағыш құрылғылар қарастырылады.

17. Егер қазандық құрылымы есептермен төзімділігіне негізделсе, онда қорғағыш құрылғыларды орнатпауға болады.

18. Газ өткізгіш құрылғысы жарылу қаупі бар газдардың жиналу мүмкіндігін болдырмайды, газ өткізгіштерінің жану өнімдерінің қабаттарынан тазалау үшін жағдайды қамтамасыз етеді.

19. Мембраналық қабырғалары бар тығыз газды қазандықтардың құрылымы оттық пен газ өткізгіштерде қысқа мерзімді қысым арттыру мүмкіндігін, сондай-ақ құрылымдық құжаттамаға сәйкес сиретуді ескереді.



2-параграф. Су деңгейінің күйі
20. Газ құбыры (ыстық құбыр) қазандықтарындағы судың төменгі шекті деңгейі қазандықтың қызу қабатының жоғарғы нүктесінен кемінде 100 мм жоғары.

21. Егер есептермен немесе сынақтармен төменгі деңгейге жақын қыздыру қабатының қабырғалары жақсылап салқындатылғаны расталса, осы шаманы азайтуға болады.

22. Су өткізу қазандықтары барабандарындағы судың төменгі шекті деңгейі түсіретін құбырларға суды жақсылап бұрған жағдайда белгіленеді.

23. Бу қазандықтарындағы судың жоғарғы шекті деңгейін бу жылытқышқа немесе бу өткізгішке судың түсуіне жол бермеген жағдайда қазандық жобасының әзірлеушісі белгілейді.



3-параграф. Өту жолдары, аспалар, қақпақтар мен оттық есіктері
24. Барабандар мен коллекторлар үшін мынадай талаптарға сәйкес келетін өту жолдары мен аспалар қолданылады:

1) барабандарда дөңгелек, эллипсті немесе сүйір пішінді өту жолдары қарастырылады: дөңгелек өту жолының диаметрі кемінде 400 мм, ал эллипсті немесе сүйір өту жолының шүлдіктерінің өлшемі кемінде 300 х 400 мм болуы қажет;

2) салмағы 30 кг астам өту жолының қақпағы ашып жабуды жеңілдету үшін құралмен жарақталады;

3) ішкі диаметрі 150 мм астам коллекторларда ішкі қабатты тексеру және тазалау үшін ең кішкентай өлшемі кемінде 80 мм болатын эллипсті немесе дөңгелек пішінді тесіктер (аспалар) қарастырылады; көрсетілген аспалардың орнына тексеру (тазалау) кезінде кесіп алынатын, дәнекерленетін тұғырмен бекітілетін, қимасы дөңгелек дәнекерленген штуцерлерді қолдануға болады. Штуцерлердің саны мен орналасу орны жобаны әзірлеу кезінде анықталады. Егер коллекторларға сыртқы диаметрі кемінде 50 мм, коллектордың ішін тексеру үшін оларды кескеннен кейін өте алатындай етіп орналасқан құбырлар қосылған болса, аспалар мен штуцерлерді қарастырмауға болады;

4) осы жұмысты орындау жөніндегі нақты нұсқаулар дайындаушының құрылымдық құжаттамасында қамтылады.

25. Оттық пен газ өткізгіш қабырғаларында қыздыру, айналдыра қалау қабаттарының жануын және жай-күйін, барабандар мен коллекторлардың қыздырылатын бөліктерінің оқшаулануын бақылау мүмкіндігін қамтамасыз ететін өту жолдары мен байқау орындары қарастырылады.

26. Тік бұрышты өту жолдары кемінде 400 х 450 мм, дөңгелек-диаметрі кемінде 450 мм өлшемімен қарастырылады және қазандық элементтерінің қабаттарын тексеру үшін оның ішіне өту мүмкіндігін қамтамасыз етеді (ыстық құбыр мен газ құбыры қазандықтарынан басқа).

27. Өту жолдары ретінде өлшемдері 24-т көрсетілгеннен кем болмаған жағдайда оттық есіктері мен амбразураларды қолдануға болады.

28. Өту жолдары мен аспаларының және байқау орындарының есіктері мен төбелері мықты, төзімді болады және өздігінен ашылуға жол бермейді.

29. Оттықта, газ өткізгіштерде артық қысымы бар қазандықтарда аспалар оларды ашқан кезде сыртқа газдың шығуын болдырмайтын құрылғылармен жарақталады.



4-параграф. Оттықтар мен газ өткізгіштердің сақтандыру құрылғылары
30. Шымтезекті, үгінділерді, жоңқаларды және өзге де ұсақ өндірістік қалдықтарды жағуға арналған отынды камералық жағатын (тозаң түріндегі, газ тәріздес, сұйық) немесе шахталық отыны бар қазандықтар жарылғыш сақтандыру құрылғыларымен жарақталады. Бұл құрылғылар оттықтың, қазандықтың соңғы газ өткізгішінің, экономайзердің және күл ұстағыштардың қабырғаларына орнатылады. Жарылғыш сақтандыру құрылғылары адамдардың жарақат алуын болдырмайтындай етіп орналастырылады.

31. Жарылғыш сақтандыру құрылғыларының құрылымы, саны, орналасуы және өту қимасының өлшемі қазандықтың жобасында анықталады.

32. Жарылғыш сақтандыру құрылғыларын егер есеппен негізделген болса, қазандықтардың оттықтары мен газ өткізгіштерінде орнатпауға болады. Есеп жүргізу туралы жазба қазандықтың паспортында жазылады.

33. Жылуды пайдаға асырушы қазандыққа өткізетін технологиялық желіде қазандықты негізгі технологиялық желіден ажырататын, оны аталған пайдаға асырушы қазандықсыз пайдалануға мүмкіндік беретін құрылғы қарастырылады.

34. Егер технологиялық желіні пайдалану режимі қазандықты тоқтатуға және қазандықты техникалық куәландыру мен жөндеу бойынша талаптарды орындауға мүмкіндік беретін болса, осы ажыратқыш құрылғыны орнатпауға болады.

5-параграф. Шойын экономайзерлер
35. Шойын экономайзерлерді іске қосу сызбалары құрылымдық құжаттаманың талаптарына сәйкес келеді.

36. Шойын экономайзерлерінен шығатын жолдағы судың температурасы қазандықтағы қаныққан будың температурасынан кемінде 20ºС төмен.


6-параграф. Түптер мен құбыр торлары
37. Дөңес жартылай шар тәрізді немесе эллипсті түптер қолданылады. Су өткізгіш қазандықтарының және коллекторларының құбырлары үшін ішкі диаметрі 600 мм аспайтын жалпақ түптерді қолдануға болады. Егер коллектордың ресурсы төзімділікке тексеретін есеппен негізделген болса, бұл шектеу міндетті болып табылмайды.

38. Түптер бір табақтан дайындалады. Түптерді екі табақтардан жасауға болады, бұл ретте табақтар түптер дайындалғанша дәнекерленеді және дәнекерлеу жігі түптер дайындалғаннан кейін тұтас ұзындығы бойымен радиографикалық немесе ультра дыбыстық бақылауға алынады.

39. Құбыр торларын дәнекерленген көршілес жіктер арасындағы қашықтық қабырғаның қалыңдығынан 5 есе кем болмаса және дәнекерлеу жігі тұтас ұзындығы бойымен УДБ немесе радиографиялық бақыланатын болса, екі және одан астам табақтардан дайындауға болады.

40. Ішкі жағында кішкентай шұңқыры немесе механикалық қайрақпен жасалған цилиндрлік бөлігі бар жалпақ түптер ультра дыбыстық бақылаумен тұтастығына тексерілген шыңдаулардан дайындалады.

41. Жиектегіші бар эллипсті, торосфериялық және жайпақ түптердің цилиндрлік ернеуі болады.

42. Сыртқы диаметрі 80 мм аспайтын жайпақ және дөңес түптерді дөңгелек илем өнімінен дайындалған механикалық өңдемемен дайындауға болады.



7-параграф. Дәнекерлеу қосқыштары, дәнекерлеу жіктері мен тесіктердің орналасуы
43. Дәнекерлеу жіктері толықтай балқытылып, жапсарлас орындалады.

44. Бұрыштық дәнекерлеу қосқыштарын тұтас ультра дыбыстық немесе радиографикалық бақылау жасаған кезде қолдануға болады.

45. Коллекторларға, су өткізу құбырларының барабандарына және құбырлардың газ өткізгіш қазандықтарының корпустарына және ішкі диаметрі 100 мм аспайтын штуцерлерді дәнекерлеу үшін радиографиямен немесе ультра дыбыспен бақыламай құрылымдық саңылауы бар бұрыш жіктерін, жайпақ фланецтерді (олардың диаметріне қарамастан) және тесіктерді бекіту элементтерін қолдануға болады. Шартты өту жолы 16 мм кем құбыр қосқыштарының сыртқы муфталарын дәнекерлеу үшін және төсемдер мен жабындарды дәнекерлеу үшін айқастырма қосқыштарды қолдануға болады.

46. Бастапқы қалыңдығы әр түрлі бөлшектердің жапсарлас дәнекер қосқыштарында көлбеу бұрышы әрбір ауыстыру қабатынан 15º аспайтын қабырғасы біршама қалың бөлшектерді біртіндеп кіргізу арқылы бір бөлшектен келесісіне бір қалыпты ауыстыруды қамтамасыз етеді.

47. Егер қосқыштардың сенімділігі есептік ресурсты анықтай отырып, төзімділікке есеппен негізделген болса, ауыстыру қабатының көлбеу бұрышын 30º дейін арттыруға болады.

48. Дәнекерленетін элементтердің бастапқы қалыңдығында айырмашылық болған жағдайда қабырғасы жіңішке элементтің қабырғасының қалыңдығынан 30 % кем, бірақ 5 мм аспайды, көрсетілген бір қалыпты тәсілді жік қабатын көлбеу орналастыру есебінен жиектерді ашылған жағынан жүзеге асыруға болады.

Осы тармақтың талаптары төзімділік қасиеттері әр түрлі элементтердің жапсарлас қосқыштарына, мәселен, құйма элементтерді құбырлармен, табақтармен немесе орамалармен қосқыштарға, құбырларды керу немесе шөгінділермен иію әдістерімен дайындалған қатты иілген иіндерге қосқыштарға қолданылмайды.

49. Дәнекерлеу жіктерінің құрылымы мен орналасу орны:

дәнекерлеу жөніндегі барлық белгіленген талаптарды сақтай отырып, дәнекерлеу қосқыштарын орындау мүмкіндігін;

жергілікті термиялық өңдеген жағдайда қыздыру құрылғыларын еркін орналастыруды;

дәнекерлеу қосқыштарының сапасын оларға арналып қарастырылған әдістермен бақылауды жүргізудің қол жетімділігін;

дәнекерлеу қосқыштары құрылымдық құжаттамада қарастырылған болса, кейін термо өңдеу және бақылау арқылы оларды жөндеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

50. Жапсарлас дәнекерлеу қосқыштарын қиылыстыруға болмайды. Дәнекерлеу жігінің шегінен шығатын дәнекерлеу жіктері шүлдіктерінің параллель жылжиды немесе бұрышы жағынан едәуір қалың табақтың қалыңдығынан кемінде үш есе, бірақ 100 мм кем емес.

Осы тармақтың талаптары қабырғасының бастапқы қалыңдығы 30 мм дейін қоса алғандағы бөлшектердің дәнекерлеу қосқыштары үшін, бір мезгілде төмендегі талаптарды сақтаған жағдайда бастапқы қалыңдығы әр түрлі бөлшектерден алдын ала дәнекерленген жинақтау бірліктері үшін міндетті болып табылмайды:

1) дәнекерлеу қосқыштары автоматты түрде дәнекерлеумен орындалған;

2) дәнекерлеу жіктерінің қиылысу орындары ультра дыбыстық және радиографикалық бақылаудан өткен.

51. Егер дәнекерлеу қосқышында тесік орналасқан болса, онда дәнекерлеу жіктерінің қиылысу нүктесінен бастап тесіктің жақын орналасқан жиегі кемінде қашықтықта орналасады, мұндағы Dm және S-тесік орналасатын элементтің орташа диаметрі мен қалыңдығы, мм.

Өлшеу барабандар үшін ішкі жағынан, ал қалған бөлшектер үшін сыртқы жағынан жүргізіледі.

52. Көршілес орналасқан қиылыспайтын жапсарлас дәнекерлеу қосқыштары (көлденең, бойлық, меридиан, хорда, шеңбер және басқа да) жіктері шүлдіктерінің арасындағы ең қысқа қашықтық дәнекерленетін бөлшектердің бастапқы қалыңдығынан кем емес қабылданады, бірақ қабырға қалыңдығы 8 мм астам болғанда 100 мм кем емес және қабырға қалыңдығы 8 мм және одан кем болғанда 50 мм кем емес.

53. Жапсарлас дәнекерлеу жігі осінен бастап дөңгелек түптің шеңберінің немесе басқа да жиектелген элементтің басына дейінгі цилиндрлік ернеудің ұзындығы түп жағынан түпті дәнекерлеу жігін ультра дыбыстық бақылау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

54. Қазандықтардың дәнекерлеу қосқыштары тіректермен жанаспайды. Тіректерді дәнекерлеу жіктерінің үстінен (астынан) орналастыру кезінде тіректерден бастап жіктерге дейінгі қашықтық пайдалану барысында дәнекерлеу қосқышының жай-күйін бақылау үшін жеткілікті етіп қабылданады.

55. Көлденең күйінде пайдаланылатын қазандықтардың цилиндрлік корпустарының көлденең дәнекерлеу қосқыштарын дәнекерлеу қосқыштарының жабылатын учаскелерінің шығыңқы бөлігі кем болмаған, бірақ кемінде 100 мм тұтас радиографикалық немесе ультра дыбыстық бақылауға тартылған жағдайда тіректермен жабуға болады.

Дәнекерлеу қосқыштарының қиылысу және түйісу орындарын тіректермен жабуға болмайды.

56. Жапсарлас дәнекерлеу қосқышы жігінің жиегінен бастап білік пен дәнекерлегіштің астындағы тесіктердің шүлдігіне дейінгі қашықтық тесіктің диаметрінен 0,9 кем емес қабылданады. Құбырларды немесе жапсарлас дәнекерлеу жіктеріндегі штуцерлерді дәнекерлеуге арналған тесіктерді төмендегі шарттарды орындаған жағдайда тесік диаметрінен 0,9 кем емес қашықтықта орналастырады:

1) тесіктерден өткізгенге дейін дәнекерлеу қосқыштары шығыңқы бөлігі кем емес учаскеде, бірақ дәнекерлеу жігінің әр жағынан кемінде 100 мм радиографикалық немесе ультрадыбыстық бақылауға алынады;

2) есептік пайдалану ресурсы төзімділікке жүргізілетін бірінші кезектегі есеппен негізделеді.

57. Тесіктің жиектерінің арасындағы қашықтық кемінде 2 болса, есептерді жүргізбеуге болады.

58. Сыртқы қабат бойынша жиекшелер мен дөңес түптердегі көршілес қос тесіктердің орталықтары арасындағы қашықтық тесіктің диаметрінен кемінде 1,4 немесе диаметрлер әр түрлі болған кезде тесіктердің диаметрінің жарты сомасынан 1,4 етіп қабылданады.

59. Тесіктерді бір бойлық немесе көлденең қатарға орналастыру кезінде көрсетілген қашықтықты 1,3 диаметрге дейін азайтуға болады. Коллектордың үстінен құбырлар мен коллекторлармен жапсарласатын панелдің тұтас ұзындығы бойымен олардың арасындағы (немесе қалқымалары) қондырмалар дәнекерленген тығыз газды мембраналы панелдерді орнату кезінде тесіктер арасындағы қашықтықты тесік диаметрінен 1,2 дейін азайтуға болады.

8-параграф. Қисық сызықты элементтер
60. Штамп дәнекерлеуші иіндерді жіктердің тұтас ұзындығы бойымен радиографикалық немесе ультрадыбыстық бақылау жүргізілген жағдайда бір көлденең дәнекерлеу жігімен немесе диаметрлік орналасқан бір немесе екі бойлық дәнекерлеу жігімен қолдануға болады.

61. Иіннің ішкі және сыртқы жақтарындағы қабырғаның қалыңдығы, көлденең қиманың сүйірлігі бұйымның құрылымдық құжаттамасында белгіленген шекті мәннен шықпайды.

62. Иіннің ішкі жағында қатпар (гофр) есебінен қисықтық пайда болатын иіндерді пайдалануға болмайды.

63. Жұмыс қысымы 4 МПа (40 кгс/см2) аспаған кезде, секторлардың көлденең қималарының арасындағы бұрыш 22° 30' аспаған және иіннің ішкі жағында көршілес дәнекерлеу жіктері арасындағы қашықтық осы жіктерді сыртқы жағынан екі жағынан да бақылауды қамтамасыз еткен жағдайда секторлық иіндерді пайдалануға болады.



9-параграф. Жаншып үгітетін қосқыштар
64. Қол немесе механикалық жаншып үгітуді пайдалана отырып, жаншып үгітетін құбырдың ішінен жарғышты пайдалана отырып, орындалған жаншып үгітетін қосқыштарды пайдалану кезінде, жаншып үгіту орнындағы құбыр қабырғасының температурасы 400°C аспаған жағдайда сыртқы диаметрі 102 мм аспайтын құбырлар үшін пайдаланылады.

65. Жаншып үгітетін қосқыштарды пайдалану кезінде жиектеменің немесе құбыр торының қабырғасының бастапқы қалыңдығы кемінде 13 мм қабылданады.

66. Жаншып үгітетін қосқыштардың құрылымы (бір немесе бірнеше орлармен өткізу немесе өткізбей, қоңыраумен жиектеп немесе онсыз) төзімділікке арналған есеппен негізделеді.

67. Тесіктің шекті сүйір бұрышы, құбырдың шығыңқы бөлігінің биіктігі немесе терең орналастыру биіктігі, қоңырауды жиектеу бұрышы бұйымға арналған құрылымдық құжаттамаға сәйкес қабылданады.

68. Қоңырау жиегіндегі сызаттар мен үзіктер болмауы қажет және жиектеме бұрышының бір жағына қарай 10° астам сырғуына жол берілмейді.

10-параграф. Үрлеу, босату және дренаж жүйесі
69. Әр қазандықта:

1) ауыз су және желі суын өткізу;

2) қазандықты үрлеу және қазандық тоқтаған кезде суды түсіру;

3) қазандықты сумен толтыру және жағу кезінде одан ауа шығару;

4) бу жылытқыштар мен бу өткізгішті үрлеу;

5) су және бу сынамасын алу;

6) қазандықты химиялық тазарту кезінде жуатын реагенттерді пайдалану барысында қазандық суына түзетуші реагенттерді қосу;

7) жағу және тоқтату кезінде суды немесе буды бөлу;

8) жаққан кезде барабандарды қыздыру құбырлары болады.

Көрсетілген құбырларды бірге пайдалануды немесе олардың болмауын жобалау ұйымы көрсетеді.

70. Қазандық элементтеріне үрлеу, түсіру, дренаж және әуе құбырларын қосу саны мен нүктелерін қазандықты жобалаушы ұйым қазандықтың төменгі және жоғарғы бөліктерінен суды, конденсатты және жауын-шашынды, ауаны жоюды қамтамасыз ететіндей етіп алады. Өздігінен ағудың есебінен жұмыс ортасынан жою қамтамасыз етілмеген жағдайда бумен, сығылған ауамен, азотпен немесе басқа да тәсілдермен үрлеп мәжбүрлі түрде жою қарастырылады.

71. Үрлеу құбыры суды қысымсыз жұмыс істейтін сыйымдылыққа бұрады. Сыйымдылық пен қазандықтың үрленетін элементі арасындағы қысым кемінде он есеге дейін төмендеген жағдайда қысыммен жұмыс істейтін сыйымдылықтарды пайдалануға болады.

72. Тиек органдарымен ажыратылуы мүмкін бу өткізгіштің барлық учаскесінде конденсатты бұруды қамтамасыз ететін дренаждар орнатылады.

73. Белгілі бір жабдық бойынша құрылымдық және жобалау ұйымы пайдаланатын үрлеу, босату дренаж және реагент енгізу жүйесінің құрылымдық және құрамдас шешімдері авариялық режимді қоса алғанда, барлық режимде қазандықты сенімді пайдалануды, тоқтап тұрған кезде консервациялауды қамтамасыз етеді.



11-параграф. Жанарғы құрылғылары
74. Жанарғы құрылғылары қазандықтарды қауіпсіз және үнемді пайдалануды қамтамасыз етеді.

75. Жанарғы құрылғылары құрылымдық құжаттамаға сәйкес дайындалады. Нормативтік техникалық құжаттамада қауіпсіздік талаптары, пайдалану және жөндеу жөніндегі нұсқаулар белгіленеді.

76. Жанарғы құрылғылары дайындаушының паспортымен жарақталады, онда негізгі мәліметтер (дайындаушының атауы мен мекенжайы, зауыт нөмірі, дайындаған күні, құрылымдық шешімдер, негізгі өлшемдер, жұмыс ортасының өлшемдері, реттеу диапазонының түрі, қуаты, негізгі техникалық сипаттамалар және басқалары) көрсетіледі. Паспорттың нысанын дайындаушы белгілейді. Барлық жанарғы құрылғылары белгіленген тәртіпте тиісті сынақтан (қабылдау-тапсыру, сертификаттау, аттестаттау) өтеді.

77. Қазандық:

1) негізгі және резервтік форсун кешенімен жарақталады. Жағу үшін сұйық отынды пайдаланатын тозаң, көмір қазандықтарының жанарғыларындағы форсундар мен резервтік форсундардың саны жобамен анықталады;

2) жанатын және негізгі алауды бақылайтын тұтандырғыш-қорғағыш құрылғылармен (бұдан әрі-ТҚҚ) жарақталады. ТҚҚ және алауды бақылау құралдарын орнату орындары жобамен анықталады;

3) жанарғыларды автоматты, қашықтықтан немесе қолмен басқаруды қамтамасыз ететін арматура жиынтығымен жарақталады.

Жылу электр станцияларының қазандықтары жобаға сәйкес жанарғы құрылғылармен жинақталады.

78. Бір дайындаушы әзірлеген және қазандықпен бірге жеткізілетін жанарғы құрылғылары осы қазандықтың құрамында (қазандықтардың сынақтарымен бірге қазандықтардың негізгі үлгілерінде) қабылдау сынағынан өтеді.

79. Өнеркәсіптік бу және су жылыту қазандықтары үшін табиғи қабырғаға жақын орналасқан жағдайда стенділерде жылу қуаты 3 МВт дейін жанарғы құрылғыларының сынағын өткізуге болады.

80. Жанарғы құрылғылары жұмыс режимінің белгіленген диапазонында жалынды үзбей және секіртпесіз отынды тұтатуды және тұрақты жағуды қамтамасыз етеді, сұйық отын тамшыларының еденге және оттықтың қабырғасына, көмір тозаңы сепарациясына (егер оттық көлемінде оны жағып аяқтау шаралары қолданылмаса) түсуін болдырмайды.

81. Жанарғылардың аэродинамикалық сипаты мен оларды оттық қабырғаларында орналастыру алауды қабырғаға қарай шашыратпай, онымен оттықты біркелкі толтыруды қамтамасыз етеді және оттық аймағында тұнба және нашар желдетілген аймақтардың түзілуін болдырмайды.

82. Тозаң, көмір жанарғыларының құрылғыларын жағу үшін жағу отыны ретінде отын мазуты немесе табиғи газ пайдаланылады.

Тұтану температурасы 61°С төмен емес сұйық отынның басқа да түрлерін қолдануға болады.

Отын ретінде тез тұтанғыш отынды қолдануға болмайды.

83. Мазут форсунының бөлу торабы (бастиегі) жоғары температуралы жану өнімі шарпымас үшін жанарғыда орналастыру қарастырылады.

84. Жанарғыға отын бөлу, реттеуші тиек және бөлгіш (сақтандыру) арматурасына қойылатын талаптар, қорғағыштар мен бұғаттағыштар тізбесі, отын дайындау мен беруге қойылатын талаптар әрбір отын түрі үшін жобалау құжаттамасында регламенттеледі.

85. Қазандықтардың аспалары қазандықтың қыздыру қабатының массасынан жүктемені қабылдайтын негізгі тасымал элементтер болып табылады. Пайдалану кезінде жүктеменің біркелкі бөлінуін және аспа жүйесі элементтерінің жай-күйін бақылау қажет. Монтаждаудан кейін және пайдалану кезінде аспаларды керу қазандықты дайындаушының нұсқауына сәйкес реттеледі.


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет