1-тарау. Негізгі талаптар Жалпы талаптар



жүктеу 2.59 Mb.
бет1/13
Дата09.06.2016
өлшемі2.59 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2008 жылғы « 29 » желтоқсандағы

№ 219 бұйрығымен

бекітілген

Пайдалы қазбалардың кен орындарын ашық тәсілмен қазу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары

1-тарау. Негізгі талаптар

1. Жалпы талаптар
1. Пайдалы қазбалардың кен орындарын ашық тәсілмен қазу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талабы ашық тау-кен жұмыстары объектілерін жобалауға, салуға, пайдалануға, кеңейтуге, қайта жаңартуға, техникалық қайта жарақтауға, консервациялауға және таратуға қолданылады.

Ашық тау-кен жұмыстарының объектілері карьерлер мен драже полигондары болып табылады.

Осы Талап уран, радий, торий және басқа да табиғи радионуклидтерді өндіру бойынша ашық тау-кен жұмыстарын жүргізу объектілеріне қолданылмайды.

2. Қазудың жаңа жүйесі мен оның параметрлерін тексеру және қолданыстағысын жетілдіру үшін пайдалы қазбалардың кен орындарын немесе оның бөліктері жоба мен тау-кен жұмыстарын дамыту жоспарлары негізінде жүзеге асырылатын тәжірибелі өнеркәсіптік қазуға жол беріледі.

3. Ашық тау-кен жұмыстары объектілерін пайдалануға қабылдауды комиссия жүргізеді.

Қабылдау барысында объектінің жобалық құжаттамаға сәйкестігі, ұйымның оны пайдалануға және авария салдарын шектеу мен жою бойынша іс-қимылдарға дайындығы тексеріледі.

Ашық тау-кен жұмыстары объектілерін салу, пайдалану, консервациялау және тарату барысында жобадан ауытқуға жол берілмейді.

4. Пайдалы қазбалардың кен орындарын ашық тәсілмен қазумен айналысатын ұйымдар. Өндірістік бақылау туралы талаптарға сәйкес өндірістік бақылауды жүзеге асырады.

5. Ашық тау-кен жұмыстары объектілерінде жару жұмыстары, жарылғыш заттарды сақтау, тасымалдау және есепке алу Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2007 жылғы 19 қыркүйектегі № 141 бұйрығымен бекітілген жару жұмыстары кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес жүргізіледі.

6. Ашық тау-кен жұмыстары объектілерінде жерасты қазбаларын жүргізу және пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 25 шілдедегі № 132 бұйрығымен бекітілген.

7. Ашық тау-кен жұмыстарының жұмысшылары мен мамандары; олардың кәсібі мен жұмыс жағдайларына сәйкес арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен, ақауы жоқ қорғану каскаларымен, көзілдіріктермен және басқа да жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етіледі.

Штатта жоқ бөгде тұлғалар объектіге кіру кезінде қауіпсіздік шаралары бойынша нұсқаулықтан өтеді және міндетті түрде пайдалану үшін қарастырылған жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етіледі.

8. Ашық тау-кен жұмыстары объектісін пайдаланушы ұйымның басшысы қауіпсіз еңбек жағдайын, әрбір жұмыс орнындағы және жалпы объектідегі қауіптілікті бағалау негізінде қорғау іс-шараларын әзірлеуді қамтамасыз етеді, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қауіптілікті, оқиғалардың, авариялардың пайда болу мүмкіндігін анықтаған жағдайда жұмысшылар мен лауазымды тұлғалардың іс-қимыл жасау тәртібін анықтайды.

9. Тұлғаның тікелей кенжарларда, тетіктер жұмыс істеп тұрған қауіпті аймақтарда, көлік жолдарында және сол сияқты жерлерде тынығуына жол берілмейді.

10. Ойық жерлер, зумпфтар, шұңқырлар, пайдаланылмайтын шыңыраулар, дренаждық ұңғымалар мен басқа тігінен орналасқан қазбалар жабылып қоршалады.

Жабдықтың жұмыс орны мен оларға баратын жолды тау-кен қазындысымен немесе адамдардың, машиналар мен тетіктердің қозғалысына кедергі келтіретін қандай да бір заттармен үймелеуге болмайды.

11. Ашық тау-кен жұмыстары аумағында адамдардың жүргінші жолы немесе автокөлік қозғалысы бағытына қарама-қарсы автожолдардың жағасымен жүруіне болады. Қозғалыс маршрутымен барлық жұмысшылар қол қойып таныстырылады. Қозғалыс маршрутын ұйымның техникалық басшысы бекітеді.

Түнгі тәулік уақытында жаяу жүргінші жолдары мен теміржол мен автожол арқылы өту жолдары жарықтандырылады.

Қопарылған тау-кен қазындысы бойымен кемерден кемерге адамдардың тек аса өндірістік қажеттілік кезінде және әрбір нақты жағдайда бақылау тұлғасының рұқсатымен ғана жүріп-тұруына болады.

12. Ашық тау-кен жұмыстары объектілерінде жұмыс орнына дейінгі жолдың ұзындығы 2,5 км астам және жұмыстың тереңдігі 100 м астам болған кезде жұмысшыларды жұмыс орнына жабдықталған көлікпен жеткізу ұйымдастырылады. Адамдарды тасымалдау маршруттары мен жылдамдығын ұйымның техникалық басшысы (көлік мердігер ұйымға тиесілі болған жағдайда мердігер ұйымның басшысымен қосымша келісіледі) келіседі. Адамдарды отырғызу алаңдары көлденең орналасады. Отырғызу алаңдарын жолдың өтетін бөлігіне орнатуға жол берілмейді.

Өздігінен түсіретін вагондарда, шанақты автосамосвалдарда, аспалы жолдар мен осы мақсатқа арналмаған басқа да көлік құралдарының жүк вагоншаларында адамдарды тасымалдауға жол берілмейді.

13. Кемерлер арасындағы тау-кен жұмыстарын байланыстыру үшін екі жағында тұтқасы бар және көлбеуі 60° аспайтын берік сатылар немесе көлбеуі 20° аспайтын құламалар орнатылады. Биіктігі 10 м аспайтын, ені кемінде 0,8 м көлденең алаңдары бар саты белдіктері биіктігі бойынша бір-бірінен 15 м аспайтын қашықтықта орналасады. Кемердің ұзындығы бойымен сатыларды орнату қашықтығы мен орны тау-кен жұмыстарын дамыту журналында анықталады. Кемердің ұзындығы бойымен сатылар арасындағы қашықтық 500 м аспайды.

Сатылардың баспалдақтары мен алаңдарын жүйелі түрде қардан, мұздан, қоқыстан тазартып, құм себу қажет.

Адамдарды кемерден кемерге тасымалдау үшін пайдалануға Қазақстан территориясында қолдануға рұқсат берілген механикаландырылған құралдарды (экскалаторлар мен басқаларын) пайдалануға болады.

14. Мыналарға:

1) адамдардың тетіктер жұмыс істеп қауіпті аймақта, кемерлердегі бұзылуы мүмкін призманың айналасында және кемер еңісінің төменгі сағасына өте жақын жүруіне;

2) қалқаншалар, ірі жұмыр тастар кесегі, қатқан қар мен мұз салбырап асылып тұрған жағдайда кемерлерде жұмыс істеуге жол берілмейді. Мүмкін болмаған жағдайда ілікпе тастарды жою немесе бортты шабақтау қажет, қауіпті аймақтағы барлық жұмыстар тоқтатылып, адамдар сыртқа шығарылады, ал қауіпті аймақ ескерту белгілерімен орнатып қоршалады.

15. Әрбір ашық тау-кен жұмыстары объектісінде бөгде адамдардың өтуін болдырмайтын күзет жүйесі жұмыс істеп тұрады.



2-тарау. Ашық тау-кен жұмыстары объектілерін

салу және пайдалану

1. Тау-кен жұмыстары
16. Пайдалы қазбалардың кен орындарын ашық тәсілмен қазумен айналысатын ұйымдарда:

1) пайдалы қазбалардың кен орындарын қазудың бекітіліген жобасы;

2) белгіленген маркшейдерлік және геологиялық құжаттама;

3) ұйымның техникалық басшысы бекіткен тау-кен жұмыстарын дамыту жоспары;

4) тау-кен жұмыстарын жүргізу лицензиясы (рұқсат);

5) жобаның құрамы болады.

17. Пайдалы қазбалардың кен орындарын ашық тәсілмен қазумен айналысатын ұйымдар:

1) өндірістік бақылау туралы талапты;

2) технологиялық регламенттерді;

3) аварияларды жою жоспарын әзірлейді.

18. Пайдалы қазбалардың кен орындарын аршу жұмыстары ұйымның техникалық басшысы бекіткен жұмыс жоспары бойынша жүргізіледі.

19. Орлар қазу, кемерлер, драже полигондарын қазу, үйінділер салу бойынша тау-кен жұмыстары ұйымның техникалық басшысы бекіткен жұмыс өндірісінің жергілікті жобаларына (бұдан әрі - паспорттарына) сәйкес жүргізіледі.

Паспортта әрбір кенжар үшін жұмыс аудандарының, бермалардың, еңістердің бұрыштарының, кемерлердің биіктігінің, бұзылу призмаларының шекті өлшемдері, тау-кен көлігі жабдығы құрылғысынан бастап кемер сағасына дейінгі қашықтық көрсетіледі.

Паспорттың қолданылу мерзімі тау-кен жұмыстарын жүргізу шарттарына байланысты болады. Тау-кен геологиялық шарттары өзгерген жағдайда тау-кен жұмыстарын жүргізу паспортты қайта қарағанға дейін тоқтатылады.

Паспортпен техникалық бақылау тұлғалары, паспортың талаптары міндетті болып табылатын паспортта белгіленген жұмыстарды жүргізетін тұлға қол қойып таныстырылады.

Паспорттар барлық тау-кен машиналарында (экскаваторларда, бульдозерлерде және тағы басқаларда) болады.

Тау-кен жұмыстарын бекітілген паспортсыз, одан ауытқушылықпен жүргізуге жол берілмейді.

20. Ашық тау-кен жұмыстары объектісінің өндірістік алаңдарының айналасында өлшемдері жобада анықталатын санитарлық-қорғау аймағы орнатылады.

21. Кемердің биіктігі тау-кен жыныстары мен пайдалы қазбалардың физикалық-механикалық қасиеттерін, олардың қабаттарының тау-кен техникалық шарттарын ескере отырып, жобамен анықталады.

Биіктігі 30 м дейінгі кемерлерді қабат сайын қазуға болады, бұл ретте кенжардың биіктігі экскаватордың ең жоғарғы көсіп алу биіктігінен аспауы тиіс.

Кемерлерді қабат бойынша қазу кезінде кемер еңісінен (көлбеу бұрғылау, контурлық жарылу, еңістердің шығуы және басқалары) жыныс кесектерінің қирауы мен құлауын болдырмайтын қауіпсіздік шаралары жүзеге асырылады.

Кемер биіктігі:

1) жару жұмыстарын қолданбай механикалық күрек түріндегі бір шөмішті экскаваторлармен қазу кезінде - экскаватордың көсіп алу биіктігінен;

2) драглайн, көп шөмішті және роторлық экскаваторлармен қазу кезінде – экскаватордың көсіп алу биіктігі мен тереңдігінен;

3) борпылдақ және сусымалы жыныстарды қазу кезінде 3 м, жұмсақ, бірақ тұрақты, қатты монолиттік жыныстарды қазу кезінде 6 м аспайды.

Жыныстарды бұрғылап ату жұмыстарын пайдалана отырып қазу кезінде кемердің биіктігін кемершелердің биіктігімен ыдырауын бөлген немесе қалқаншалар мен салбыраңқыларды қауіпсіз бұзу бойынша іс-шаралар әзірлеген жағдайда экскаватордың бір жарым еселік көсіп алу биіктігіне дейін арттыруға болады.

Көмір қабаттарын механикалық күректермен биіктігі 30 м дейінгі бір кемермен, ал кейбір жағдайларда кемерлерді бұрышы 65 градустық бұрғыланған ұңғымалармен атқан және кемерлерді қалқаншалар мен салбыраңқылардан жүйелі түрде шабақтаған жағдайда қазуға болады.

22. Жұмыс істейтін кемер сағаларының бұрыштары тау-кен жыныстарының физикалық-механикалық қасиеттерін ескере отырып жобамен анықталады және олар мынадай:

механикалық күрек, драгалайн, роторлық экскаваторлар түріндегі экскаваторлармен жұмыс істеген және тастақ жыныстарды қолмен қазған кезде -80°;

көп шөмішті шынжырлы экскаваторлармен төмен көсіп алып жұмыс істеген және борпылдақ және сусымалы жыныстарды қолмен қазу кезінде осы жыныстардың табиғи еңісінің бұрышынан;

мынадай:

жұмсақ, бірақ тұрақты жыныстарды қазу кезінде 50 °;

тастақ жыныстарды қазу кезінде 80 ° аспайды.

23. Ашық тау-кен жұмыстары объектісі (карьері) ернеуі сағасының, ернеудің уақытша консервацияланатын учаскелері мен тұтастай ернеудің шекті бұрышы (тұрақтылық бұрышы) жобамен белгіленеді және карьердің ернеуі мен сағасының тұрақтылығын бағалау жөнінде оң сараптама қорытындысы болған жағдайда ғылыми зерттеулердің деректері бойынша пайдалану барысында түзетіледі.

24. Ашық тау-кен жұмыстары объектісінің жұмыс алаңының ені, олардың мақсатын, тау-кен және көлік жабдығының оларға орналасуын, көлік коммуникацияларын, электрмен жабдықтау желілері мен байланысты ескере отырып, жобамен анықталады.

Кемердің төменгі сағасынан (тау-кен қазындысы құламасынан) жақын орналасқан теміржол шүлдігіне дейінгі қашықтық 2,5 м кем болмауы тиіс.

Кемерлерді жоғарғы жағынан тиеу арқылы экскаваторлармен қазу кезінде кемер сағасынан теміржол немесе автожол шүлдігіне қашықтық жобамен анықталады, бірақ 2,5 м кем болмауы тиіс.

Кемердің (кемершенің) биіктігі экскаватор машинисінің кабинасынан көлік құралдарының көрінуін қамтамасыз етеді.

25. Ашық тау-кен жұмыстары объектісінің уақытша жұмыс істемейтін ернеулерін қалыптастыру және оларда тау-кен жұмыстарын қайта жаңғырту қауіпсіздік шараларын көздейтін жобамен анықталады.

26. Көліксіз жүйе бойынша қазуды жүзеге асыратын аршу жұмыстарын жүргізу кезінде карьер кемерінің төменгі сағасы мен жыныс үйіндісі арасындағы қашықтық жобамен немесе тау-кен жұмыстарының жоспарымен анықталады. Теміржолдар немесе конвейерлер болған жағдайда үйіндінің төменгі сағасынан бастап теміржол шүлдігіне немесе конвейер шүлдігіне дейінгі қашықтық 4 м кем болмауы тиіс.

27. Кемерлерді қазып алу және оларды шекті қалыпқа қою кезінде аралас бермалар арасындағы қашықтық, сақтандыру бермаларының ені, құрылымы мен қызмет көрсету тәртібі жобамен анықталады.

Берманың ені барлық жағдайларда оның механикалық тазартылуын қамтамасыз етеді.

Пайдалану барысында кемерлер мен сақтандыру бермаларының параметрлері тау-кен жыныстарының физикалық-химиялық қасиеттерін зерттеу нәтижелері бойынша жобада анықталады.

Кемерлерді қазып алу, оларды шекті қалыпқа қою кезінде жобада белгіленген карьер ернеуі сағасының жалпы бұрышы сақталады.

28. Сақтандыру бермаларының кесе-көлденең кескіні көлденеңінен немесе карьер ернеуіне қарай көлбей орнатылады. Жұмысшылар жүйелі түрде жүріп-тұратын бермалардың қоршауы болады және жүйелі түрде жыныс қалдықтары мен кесектерінен тазартылады.

Жобаға сәйкес бойлық көлбеуі бар, оның ішінде көліктермен жүргізілетін көлбеу бермаларды қолдануға болады.

29. Тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде ернеулердің, орлардың кемерлердің, сағалар мен үйінділердің жай-күйін бақылау жүзеге асырылады. Жыныстардың сырғу белгілері анықталған жағдайда жұмыстар тоқтатылады және олардың тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары қолданылады. Жұмысты ұйымның техникалық басшысының рұқсатымен оның бекіткен жұмысты ұйымдастыру жобасы бойынша қайта жаңғыртуға болады.

Ашық тау-кен жұмыстары объектілері ернеулерінің, сағаларының, кемерлері мен үйінділерінің өзгеруін тексеру мен аспаптық бақылау мерзімділігі технологиялық регламентте белгіленеді.

30. Жұмысты жүргізу «Жалпы өнеркәсіптік қауіпсіздік талабына» сәйкес жүзеге асырылады.

Кемерлерде жұмыс істеген кезде оларды салбыраңқылар мен қалқаншалардан шабақтау және ілікпетастарды жою жүргізіледі.

Кемер сағаларын шабақтау жұмыстары механикаландырылған тәсілмен жүргізіледі. Бақылау тұлғасының тікелей бақылауымен рұқсат наряды бойынша қолмен шабақтауға жол беріледі.

Шабақтаумен айналыспайтын жұмысшылар қауіпсіз жерге шығарылады.

31. Бұрышы 35° астам кемер сағаларында жұмыс берік тірекке бекітілген арқандары бар сақтандыру жұмыс белбеулерін пайдалана отырып, бақылау тұлғасының қатысуымен жұмысты ұйымдастырудың жеке жобасымен жүргізіледі.

Сақтандыру белбеулері мен сақтандырғыш арқандардың соңғы сынақтан өткен күні туралы белгісі болады.

32. Көлденеңінен жұмыс орындары немесе тігінен екі аралас кемерлерде орналасқан тетіктер арасындағы қашықтық қолмен қазу кезінде 10 м кем емес және экскаватормен қазу кезінде ең үлкен көсіп алу радиусының бір жарым сомасынан кем болмауы тиіс.

Экскаваторлар бір деңгейде қатар жұмыс істеген кезде, олардың арасындағы қашықтық олардың ең үлкен жұмыс істеу радиусының сомасынан (драглайн үшін шөмішті салу шамасын ескере отырып) кем болмауы тиіс.

Жұмыста өзара байланысты тетіктерді пайдалану кезінде, олардың арасындағы көлденең және тік қашықтық жобамен анықталады.

33. Жерасты қазбаларының немесе карстарының болуы салдарынан құлауы немесе бұзылуы ықтимал аймақтарда жұмыс істеген кезде жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары (алғы барлап бұрғылау, ықтимал бұзылу аймағындағы кенжарлардан тау-кен машиналарын жару уақытында бөліп шығару және тағы басқалары) қолданылады. Бұл ретте ернеулер мен алаңдардың жай-күйін маркшейдерлік бақылау жүргізіледі.

Жыныстардың сырғу белгілерін анықтаған жағдайда жұмыстар тоқтатылады және ұйымның техникалық басшысы бекіткен жұмысты ұйымдастыру жобасы бойынша қайта жаңғыртылады.

34. Жыныстар орналасқан, шөгуге бейім кен орындарын қазу жобаларында жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қарастырылады.

Егер шөгуге бейімділік тау-кен жұмыстарын жүргізу барысында анықталса, жобаға түзетулер енгізіледі және онда қарастырылған қауіпсіздік шаралары жүзеге асырылады.

35. Өздігінен тұтануға бейім пайдалы қазбалардың кен орындарын қазу кезінде аршу және дайындау жұмыстары жобада қарастырылған қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын ескере отырып жүргізіледі.

Жыныс үйінділерін оларға өздігінен тұтануға бейім жыныстарды орналастырып жасау ұйымның техникалық басшысы бекіткен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін алдын алу іс-шараларын жүзеге асыра отырып жүргізіледі.

36. Көшкін қаупі және сел қаупі бар аймақтарда жұмыс жүргізу кезінде жергілікті жағдайларды ескере отырып, ұйымның техникалық басшысы бекітетін көшкінге қарсы және селге қарсы қорғау бойынша іс-шаралар жоспары әзірленеді.



2. Бұрғылау жұмыстары
37. Бұрғылау жұмыстарын жүргізуге арналған жұмыс орны:

1) дайындалған жұмыс фронтымен (тазартылған және жоспарланған алаңымен);

2) ақауы жоқ бұрғылау аспабы жинағымен;

3) бұрғылау паспортымен қамтамасыз етіледі.

38. Бұрғылау станогы есеппен немесе жобамен анықталатын, кемердің жоғарғы сағасынан қауіпсіз қашықтықта жоспарланған алаңда, бірақ сағадан бастап станоктың жақын орналасқан тірек нүктесіне дейін 2 м кем емес орнатылады, ал ұңғыманың бірінші қатарын бұрғылау кезінде оның бойлық шүлдігі кемер сағасына перпендикуляр болады.

Айналдыра бұрғылайтын бұрғылау станоктарын орнату кезінде еңістен ұңғыманың бірінші қатарына станоктарды басқару қашықтықтан жүзеге асырылады.

39. Кемер бойымен мачтасы көтерілген бұрғылау станогының орнын жоспарлаған көлденең алаңда ауыстыруға болады. Бұрғылау станогын кемерден кемерге немесе жоғарғы вольтты желімен (бұдан әрі - ЖЖ) көшіру кезінде діңгек көлік қалпына төселеді, бұрғылау аспабы ажыратылады немесе бекітіледі.

40. Ұңғымаларды бұрғылау паспортына және әрбір бұрғылау (отпен, айналдыра және басқалары) тәсілі үшін технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

Бұрғылау басталғанға дейін учаскеде жарылғыш материалдары мен оларды жару құралдарының атылмаған зарядтарын анықтау үшін бұрғылау орнын тексеру жүргізіледі.

41. Ұңғымаларды тұтануға және улы газдарды бөлуге бейім тау-кен жыныстарында отпен (термиялық) бұрғылау станоктарымен бұрғылауға жол берілмейді.

42. Диаметрі 250 мм астам әрбір ұңғыма бұрғылау аяқталғаннан кейін жабылады. Бұрғыланған ұңғымалардың учаскелері ескерту белгілерімен қоршалады. Бұрғыланған ұңғымалардың аймақтарын қоршау және оларды жабу тәртібі технологиялық регламентте анықталады.

Пайдалануға жарамсыз барлап бұрғылау ұңғымалары жойылады.

43. Бұрғылау қондырғысының механикаландырылмаған жинағыш-бөлшектегіші мен ұңғыма сағасын тазалағышы бар айналдыра бұрғылау станоктары иірліктерінің айналдырғыш қозғалтқышына электр қорегін берумен бұғатталған қоршаулары болады.

44. Шығыршық тежегіші мен тозаң басу жүйесінің ақауы болған жағдайда ақаулы бұрғылау жарағын көтеруді шектегіші бар бұрғылау станоктарында жұмыс істеуге жол берілмейді.

45. Бұрғылау станогының көтеру арқаны ең жоғарғы жүктеме бойынша есептеледі және бес еселік төзімділік қоры болады. Арқан таңдау кезінде зауыттың акт-сертификаты басшылыққа алынады. Аптасына кемінде бір бақылау тұлғасы арқанды сыртынан тексереді және тексеру нәтижелері туралы журналға жазба түсіреді.

Сымдардың шығыңқы ұштары кесіледі. Көтеру арқанындағы есілген адымының ұзындығында 10 % артық үзілген сымдар болған жағдайда оны ауыстыру қажет.

46. Өздігінен айналатын арқан құлыптарды пайдалану кезінде арқан бауларын есу бағыты мен бұрғылау аспабының бұранда қосқыштарының ойықтары қарама-қарсы болады.

47. Бұрғылау станогының діңгегінде жұмыс істеуші діңгекке бекітілген сақтандыру белбеуін пайдаланады. Станок діңгегі жұмыс істеп тұрған кезде онда адамдардың болуына және жүріп-тұруына жол берілмейді.

48. Перфораторлармен және электрлік бұрғылармен бұрғылау кезінде жұмыс бермасының ені 4 м кем болмауы тиіс. Бұрғылау үшін дайындалған шойтас кесектер кемердің бұзылуы мүмкін аймағынан тыс бір қабатқа берік жайғастырылады.

3. Үйінді түзу
49. Аршу жыныстарының ішкі және сыртқы үйінділерінің, сілтілеу үймелерінің орналасу орны, мөлшері, оларды қалыптастыру және пайдалану тәртібі, параметрлері жобамен анықталады.

Үйінділерді орналастыру жобаға сәйкес жүргізіледі.

Үйінділерді орналастыруға арналған учаскелерді таңдау алдында инженерлік-геологиялық және гидрогеологиялық тексерулер жүргізіледі. Жобада үйінділерді орналастыруға арналған учаскелердегі топырақтың сипаты жазылады.

Қолданыстағы жерасты қазбалары үстінен орналасқан үйінділерді түзу және пайдалану, ашық тау-кен жұмыстарының опырылған және қазылған учаскелерін толтыру тәртібі жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін іс-шараларды қамтитын жобамен анықталады.

Аралық үйінділермен (қоймалармен) тау-кен жұмыстарын жүргізу ұйымның техникалық басшысы бекіткен жоба бойынша жүргізіледі.

Үйінділерді ашық тәсілмен қазуға жататын кен орындары алаңдарына орналастыруға болмайды.

50. Үйінділерді жасау тау-кен жыныстарының фрикциялық қауіптілік дәрежесін ескере отырып жүзеге асырылады. Үйінділерді беткейлерде орналастыру кезінде үйінділердің сырғуын болдырмайтын шаралар қарастырылады.

51. Жыныс үйінділерінде қардың жиналуына жол берілмейді.

Қар түріндегі жауын-шашын мөлшері неғұрлым көп аймақтарда үйіндіге жыныстарды жинау жылдың кез келген мезгілінде жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін іс-шаралар қарастырылған жоба бойынша жүзеге асырылады.

Жобада балшық, тасқын және жаңбыр суларын бұру қарастырылады.

Жыныс үйіндісіне жер бетіндегі және карьердегі суды жіберуге (ағызуға), кемер мен карьер жолдарынан тазалаған қарды шығаруға жол берілмейді.

52. Шөгу құбылыстарының белгілері байқалған жағдайда үйінді түзу жұмыстары қазғанға және қауіпсіздік шараларын қолданғанға дейін тоқтатылады. Үйінді түзу бойынша технологиялық регламентпен регламенттелген үйінділердің өзгеру жылдамдығы артық болған жағдайда жұмыс тоқтатылады. Үйіндідегі жұмыстар үйінділердің өзгеру жылдамдығының оң бақылау өлшемдерінен кейін карьердің техникалық басшысының рұқсатымен қайта жаңғыртылады.

53. Үйінділерді батпақты және дренаж қойылмаған аумақтарда салу мүмкіндігі үйінді жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігі шараларын көздейтін жобамен анықталады.

54. Жыныс үйінділері мен үйінді қабаттарының биіктігі, еңіс пен бұзылу призмаларының бұрыштары, үйінді жұмыстары фронтының жылыстау жылдамдығы үйінді жыныстарының физикалық-механикалық қасиеттері мен оның негіздемесіне, үйінді түзу тәсілдері мен жергілікті бедеріне байланысты жобамен анықталады.

55. Теміржол шүлдігінен бастап түрен үйіндісінің сағасына дейінгі қашықтық әрбір жол қозғалысынан кейін үйінді сағасының тұрақтылығына байланысты белгіленеді және думпкардың жүк көтергіші 60 т дейін болғанда кемінде 1600 мм және жүк көтергіші 60 т астам болғанда 1800 м құрайды.

56. Бір шөмішті экскаваторлармен жабдықталған үйінділерде, думпкарларды түсіру орындарында теміржол шүлдігінен бастап жоғарғы сағаға дейінгі қашықтық қалыпты соқпақ үшін кемінде 1600 м және соқпақтар үшін 900 мм кемінде 1300 м құрайды.

57. Түсіру жолының сыртқы рельсінің ішкісіне қатысты айырмасынан 100-150 м артықшылығы болады. Ерекшелік ретінде, жыныстарды қисық теміржолдың ішкі жағына түсіру кезінде думпкарларды түсіру орнындағы экскаватор үйінділерінде түсіру тұйығының екі рельсін бір деңгейде орналастыруға болады. Осы жағдайларда жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұйымның техникалық басшысы жұмысты ұйымдастыру тәртібін бекітеді.

58. Карьердің жұмыс аймағындағы тиеу бекеттерін орналастыру орны тау-кен жұмыстарын дамыту жоспарларына сәйкес анықталады.

Тиеу бекеттері ұйымның техникалық басшысы бекіткен жоспар бойынша жасалады. Тиеу бекетінің жобасы оны құру және пайдалану тәртібін, секторлардың саны мен өлшемдерін, экскаватор мен кен бақылау станциясын жарықтандыру және электрмен қамтамасыз ету сызбасын, тиеу бекетінің жүк түсіру алаңындағы маневрлер сызбасын, адамдардың жүріп-тұратын жолы мен дыбыстық дабыл беруді және басқаларын анықтайды.

59. Тиеу бекетінде сақтандыру білігін салу тиеу бекетінің паспортына сәйкес жүргізіледі, бұл ретте бульдозер алдына қарай қозғалады.

60. Экскаватор пайдаланылатын тиеу бекеті қабатының биіктігі тау-кен қазындысының физикалық-механикалық қасиетіне байланысты, бірақ экскаватордың көсіп алу биіктігінен аспайтындай етіп белгіленеді.

Теміржолдың тиеу жолдарының экскаватордың немесе паспортпен анықталатын басқа да тетіктердің жай-күйінің деңгейінен артықшылығы болады.

61. Жүк түсіретін тұйықтар соңында жоба бойынша орындалатын, жол бөгеттерінің ақаусыз көрсеткіштері бар, түнгі тәулік мезгілінде жарықтандырылатын немесе жарық беруші материалдармен төселген тіреулер орнатылады. Жүк түсіру жолдарының ұзындығы құрамның бір жарым ұзындығынан кем болған жағдайда үйінді учаскесін негізгі нүктеден тұйыққа дейін толтырған кезде технологиялық регламентпен анықталған қауіпсіздік шаралары жүзеге асырылады.

Жол бөгеттерін көрсеткіштер локомотив машинисі жағынан орналастырылады және жолдың шүлдігінен кемінде 2,5 м қашықтықта және 1,5 м биіктікке шығарылады.

Жүк түсіру тұйығында түсіру орнынан құрамның ең үлкен ұзындығы қашықтығында «Локомотив аялдамасы» деген сигналдық белгі қойылады.

62. Тиелген пойыздарды үйінді жолының әрбір қозғалысынан кейін үйіндіге жыныстарды түсіру үшін журналға тиісті жазба жазып, ауысымның техникалық басшысының рұқсатымен қабылдауға болады.

63. Тиелген пойыздарды үйінділердің жүк түсіру тұйықтарына беру, оларды өздігінен жүретін көп шөмішті агрегаттардың (абзетцерлердің) үйінді жолына беруін қоспағанда, алдына қарай вагондармен жүргізіледі. Тиелген пойыздарды алдына қарай локомотивтермен технологиялық регламентте көзделген қауіпсіздік шараларын сақтаған жағдайда беруге болады.

64. Думпкарларды босатқан кезде адамдар тау-кен қазындысының құлау аймағынан тыс болады. Теміржол бойымен, негізгі нүктеге қарама-қарсы жақтан құрамдағы жүк түсіру орнында құрамға қызмет көрсетуші тұлғаға арналған шағын алаң жоспарланады.

Думпкарларды тазарту механикаландырылған. Думпкарларды технологиялық регламент талаптарын сақтаған жағдайда қолмен тазартуға болады. Думпкарларды негізгі нүктеде қолмен тазартуға болмайды.

Қатқан, жабысқақ жыныстар мен ірі көлемді кесектер тиелген думпкарлардан қауіпсіз түсіру үшін технологиялық регламентте көзделген қауіпсіздік шаралары орындалады.

65. Думпкарлардың шанақтарын аудару және түсіргеннен кейін, олардың көлік орнына қайтып келуі бөрене тіреуіштерінің, рельстердің және басқаларының көмегінсіз жүргізіледі.

66. Теміржолдар қозғалысы және оларды жөндеу кезінде осы жұмыстар жүргізілетін жол учаскесі сигналдармен қоршалады.

67. Өту жолдары жыныс кесектерінің үйінді еңісінен сырғу шегінен тыс орналасады.

Үйінділерде адамдардың еңістерде, олардың негіздерінің жанында және көлік құралдарын босату орындарында болу қауіптілігі туралы ескерту жазбалары орнатылады.

68. Автомобильдер мен басқа да көлік құралдары үйіндіде паспортта қарастырылған орындарда, жыныстардың құлау (сырғу) призмасынан тыс босатылады. Бұл призманың өлшемдерін ұйымның маркшейдерлік қызметі белгілейді және үйіндіде жұмыс істейтін тұлғаларға жүйелі түрде жеткізіледі.

Үйінділерде автомобильдер мен басқа да көлік құралдарының қозғалыс кестесі орнатылады. Түсіру аймағы екі жағынан түсіру бағытының көрсеткіштері бар, шанағы көтерілген автосамосвалдың бейнесі түріндегі белгілермен белгіленеді.

69. Бульдозердің үйінділері мен тиеу бекеттері алаңдарының еңіс сағасынан бастап жұмыс істеп тұрған автосамосвалдардың ұзындығымен үйінді тереңдігіне дейін түсіру фронты бойымен кемінде 3º кесе-көлденең көлбеуі және автомобильдердің, автопойыздардың, бульдозерлер мен басқа да көлік құралдарының маневрлік операцияларына арналған фронты болады.

Түсіру аймағы екі жағынан белгілермен шектеледі. Машиналардың артқы қозғалысын шектеу үшін түсіру алаңдарының жүк көтергіштігі 10 т дейін автомобильдер үшін биіктігі кемінде 0,7 м және жүк көтергіші 10 т астам автомобильдер үшін кемінде 1 м сақтандыру қабырғасы (білігі) болады. Сақтандыру қабырғасы болмаған жағдайда жүк көтергіші 10 т дейін машиналарға 3 м жақын және жүк көтергіші 10 т астам машиналарға 5 м жақын түсіру алаңының сағасына өтуіне болмайды. Сақтандыру білігі жүргізушіге бағыт көрсетуші қызметін атқарады.

Түсіру кезінде сақтандыру білігінен өтуге болмайды. Үйінді мен түсіру бекетіндегі барлық жұмыскерлер паспортпен қол қойып таныстырылады.

Қабылдау бункерінің тиеу орнын қоршау биіктігі автомобиль дөңгелегінің 0,5 диаметрінен кем болмауы тиіс. Жүк көтергіштігі әр түрлі автомобильдерді пайдалану кезінде қабылдау бункеріне кіреберіс жол жүк көтергіші тиісті автомобильдер үшін тиеу орнын қоршау биіктігінен секторларға бөлінеді.

70. Жүк түсіру үшін автосамосвалды беру артқы қозғалыспен келу арқылы жүзеге асырылады, ал бульдозердің жұмысы алаң еңісінің жоғарғы сағасынан перпендикуляр жүргізіледі. Бұл ретте бульдозер қозғалысы тиеу бекетінің паспортына сәйкес үйінді алдында сақтандыру білігін бір мезгілде орнату арқылы жүргізіледі.

Автосамосвалдарды қабат еңісі экскаватормен қазылған кезде құлау призмасы шегінде босатуға болмайды.

71. Сектордағы жұмыс істеу паспортына сәйкес жүргізіледі және белгілермен және аншлагтармен реттеледі.

Бір секторда бульдозер мен экскаваторы бар автосамосвалдардың бір мезгілде жұмыс істеуіне жол берілмейді.

Жүк түсіруге тұрған және өтіп бара жатқан көлік құралдары арасындағы қашықтық кемінде 5 м болуы тиіс.

Байланыс желісін жүк түсіру алаңының эстакадасында орнатуға болмайды.

72. Тау-кен қазындысын (жыныстарын) жинау аумақтарында, түсіру алаңдарында, тиеу бекеттерінде (қоймаларында) бөгде тұлғалардың, тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу технологиясымен байланысты емес автокөлік пен өзге техниканың болуына жол берілмейді. Барлық жағдайда адамдар жұмыс істеп тұрған тетіктен кемінде 5 м қашықтықта болады.

73. Ұйым үйіндідегі жыныстардың тұрақтылығы мониторингін және үйіндінің барлық алаңының өзгеруін аспап арқылы бақылауды жүзеге асырады. Тексеру жиілігі, кескіндік желілердің саны мен олардың ұзындығы, орналасуы, топырақ қадабелгілерінің түрі және кескіндік желілердегі олардың арасындағы қашықтық бақылау станциясының жобасымен анықталады.

74. Ұйымның геологиялық-маркшейдерлік қызметі үйіндідегі жыныстардың тұрақтылығын бақылауды, ал үйінділерді беткейлерде орналастырған жағдайда үйіндінің барлық алаңының өзгеруін аспап арқылы бақылауды жүзеге асырады.

75. Ашық тау-кен жұмыстары объектілерінің гирдоүйінділерін салу мен пайдалануды тау-кен геологиялық ізденістер мен жыныстардың физикалық-механикалық қасиеттерінің анықтамасы негізінде құрылған жобалық құжаттама болған жағдайда жүргізуге болады. Гидроүйінділерді салу және пайдалану кезінде Қалдық және қойыртпақ шаруашылығын пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік ережесі басшылыққа алынады.


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет