10-сынып
1.Тас ғасыры шамамен екі миллион жылға созылады және үш үлкен кезеңге бөлінеді:
А) Андрон, Қарасу, Беғазы-Дәндібай б) Палеолит, мезолит, энеолит в) Палеолит, мезолит, неолит
2.1857 жылы П.Семенов-Тянь-Шанскийдің ұсынысы бойынша эқазақ ғалымы Ш.Уәлиханов:
А) Қашғарияға сапар жасады б) Орыс географиялық қоғамының мүшесі болып сайланды в) Черняевтің экспедициясына қатысты
3.Ежелгі грек географы және тарихшысы «География» еңбегінің авторы Страбонның айтуынша Каспий теңізінен шығысқа қарай өмір сүрген тайпа:
А) азиялық скифтер б) турлар в) массагеттер мен сақтар
4.Ақындардың топ алдында суырып салып айтатын ән сайысы, поэзия жанрының бірі:
А) айтыс б) күй в) жыр
5.Бірінші-қыпшақтардың батыс бірлестігінің құрамына елбөрілі, тоқсоба, иетоба, дурут және т.б. тайпалар енді. Тоқсобаның мағынасы қандай?
А) төрт тайпа б) жеті тайпа в) тоғыз тайпа
6.Ішінде адам мүрдесі жоқ жерлеу құрылысы-ғылымда қалай аталады:
А)катакомба в) циста в)кенотаф
7.18967-1898 ж.реформалар бойынша қазақ даласының әкімшілік құрылымында ұстанған негізгі қайғидасы:
А) Қазақстанның дамуына оң ықпал жасау б) әскери және азаматтық билікті бөлмеу в) мал шаруашылығынан егіншілікке біртіндеп көшу
8.Авестадағы Ахурамазда құдайына арналған діни мәтіндердің авторы-Заратуштра. Заратуштра уағыздары Қазақстанның ежелгі дәуіріндегі сақ тұрғындарының тарихы мен мәдениетін зерттеуде маңызы зор.Мұнда көшпелі тайпалар қалай аталған.
А) турлар б) азиялық скифтер в) массагеттер
9.Археологиялық кезеңдеуге сәйкес, адамзат қалыптасуының ежелгі тарихы бөлінді:
А) палеолит, неолит, темір дәуірі б) палеолит, мезолит, неолит в)кайнозой, темір дәуірі
10.1822 жылғы Сібір қырғыздары туралы Жарғыға сәйкес Орта жүздегі әкімшілік бөлініс:
А)округ, уезд, ауыл б) оруг, облыс, ауыл в) округ, болыс, ауыл
11.1867-1868 жж.реформаның қазақтар үшін ең ауыр салдарын атаңыз:
А) Мал шаруашылығынан егіншілікке көшу б) қазақ жерінің Ресей империясының меншігі деп жариялануы в) Ресейге Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың қосылуы
12.Мерв қаласының тұрғыны, парсы ақыны, Насир Хосрау Алтайдан еділге дейінгі аумақты атады:
А) Хазар даласы в)Қыпшақ даласы в) оғыз даласы
13.Мұздықтардың біртіндеп еруі кезеңінің атауы:
А) Антропоцентризм б) голоцен в) плейстоцен
14.Мал шаруашылығымен айланысатындар 100 бас малдан бір бас мал көлемінде төлеген салық түрі.
А) купчур б) харадж в) тағар
15.Ғұндардың саяси жүйесі күрделі болды. Елді шанью биледі. Ол қай тайпаның өкілі болды?
А) си люань-ди б) ашина в)күнби
16.Адамдарды, жануарларды, қоршаған ортаны, яғни бүкіл табиғатты жанмен, рухпен байланыстыру сенімі:
А) фетишизм б) тотемизм в) анимизм
17.Алайда әр тайпаның өз атауы бар. Олардың ішіндегі танымалы асиилер, пассиактар, тохарлар, сакаравилер. Массагеттер тек күнге табынып, оған жылқы құрбан етеді. Олар егншілікпен айналыспайды, мал ағып, аң аулауды кәсіп етеді,-деп скифтер туралы жазған кім?
А) Геродот б) Страбон в) Заратуштра
18.Алтын Ордада әскерді және басқа мемлекеттермен дипломатиялық байланысты басқарған, ең жоғарғы қызмет иесі:
А) уәзір б) даруға в) беклербек
19.Тарихи аренаға алғаш шыққан түркі ьайпаларының бірі:
А) оғыздар б) телелер в) қарлұқтар
20.Қола дәуірінің соңғы кезеңіне жататын мәдениетті атаңыз:
А) Тасмола б) Нұра в) Беғазы-Дәндібай
Достарыңызбен бөлісу: |