3 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ БӨЛІМІ
3.1 Таңдап алынған технология мен техника
Жобаланған объектімен жоғарғы жобалау шешімдерінің практикалық реализация үшін келесі құрал-жабдықтармен механизмдермен таңдап алынған станок-качалка 5СК-4-2,1-1600, лебедка, монометр, тальдар, эхолот және тағы басқалар. Олар скважиналарды жүргізуде қауіпсіз еңбек жағдайын, өндірістік процесстердің автоматтандырылуы негізінде жүргізуге бейімделген механикаландыру деңгейі келесі формуламен анықталады.
М=М/М+Rх100%
М-механикалық операция
R-қолмен істетілетін операция
Біздің жобамыздағы іс-қимылдардың мәндерін 10-шы кестеге енгіземіз.
Көтеріп көрініп отырғандай біз игерген жоба бөлек технологиялық процесстердің механикаландыруын, 25%тен -100%-ке дейін қамтамасыз етеді, ал механикаландыру дәрежесі (барлық жұмыстың өндірістік циклінде) скважинаның дұрыс жұмысын қамтамасыз етуде 55.5%-ті құрайды. Дегенмен механикаландыру деңгейі өзінің жоғарғы шегіне жеткен жоқ.
3.2 Қиын жағдайларда мұнай ұнғыларын пайдалану кезіндегі жұмыстардың қауіпсіздігі
Парафиннің құбыр қабырғаларына жабысуымен күрес. Қазіргі кезде құбырлардағы парафин шөгінділерін тазалау термиялық іске асырылады, оларға автоматты парафиннен тазалау қондырғыларымен сорап ұңғы құбырларын механикалық тазалау әдістері қолданылады.
Құбырларды парафин шөгінділерінен термиялық тазалау бу жылжымалы қоңдырғыларының (ППУ) көмегімен атқарылады.
3.1-кесте
|
Жұмыс
отаулары
|
Жобаланған
жұмыста
қолданыла-
тын техника
мен механика
|
Берілген
жұмыстағы
операциялар
саны
|
Осылардың
Ішінде
|
Меха-
ника-
лану
дәре-
жесі
%
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1. Статикалық
|
|
|
|
|
|
|
деңгейді
|
|
|
|
|
|
|
анықтау
|
ЭМС-2000
|
2
|
2
|
-
|
100
|
|
2. Динамика-
|
|
|
|
|
|
|
лық деңгейді
|
|
..
|
|
|
|
|
анықтау
|
ЭМС-2000
|
2
|
2
|
-
|
100
|
|
3. Қабат
|
|
|
|
|
|
|
қысымын
|
|
|
|
|
|
|
өлшеу
|
МГН-2
|
5
|
2
|
3
|
40
|
|
4. Су айдау
|
УЗК-241-14В
|
11
|
7
|
4
|
63.6
|
|
5. Динамограм-
|
|
|
|
|
|
|
маға түсіру
|
ГДМ-3
|
4
|
1
|
3
|
25
|
|
6. Сұйық алу
|
НГН-2
|
12
|
6
|
6
|
50
|
|
Барлығы
|
36
|
20
|
16
|
55.5
|
Бу жылжымалы қондырғылар көбіне көп қосалқы құбырлар жүйесін тазалау үшін қолданылады. Құбырларды парафиннен ұңғыларда тұрған бетінде немесе оларды жер бетіне көтергеннен кейін тазалайды. Ұңғылардан жер бетіне көтерілген кұбырлар стелажға штабелдеп жинайды. ППУ метал ұшты иілгіш шлангілер арқылы құбырларға кезек-кезек жалғанып, олардың қабырғалары парафиннен арылғанша бу беріліп отырады.
Жоғарыда айтылған әдіспен парафиннен құбырларды тазалау металл ұшты шлангпен, ыстық бумен күйіп қалу мүмкін.
ППУ қондырғысын пайдалану кезінде берілген бу қысымының жоғары болу нәтижесінде құбыр ішінде жарылғыш қоспалардың пайда болуы ықтимал, оның салдарынан жарылу және өрт қауіпі туады.
ГТПУ қазандығымен құбырларды қосатын шланг қосалқы сақтандырғыш клапандармен жабдықталады. Сақтандырғыш клапанда қондырғы 1000 сағат жұмыс істегеннен кейін және жоспарлы жөңдеулер кезінде немесе істеуге белгілі параметрлермен реттелмеген жаңа клапан қойған кезде оның жұмысын 6 МПа қысыммен тексеріп барып іске қосады. Клапаннан шыққан қосалқы құбырды қондырғының астынан жіберу тағайындалған.
Сенон-компрессор ұңғыдан көтермеген сәтінде құбырларды буландыру ұңғылардағы қысым ППУ қондырғысының қысымынан жоғары болған кезде, қопарылыс беретін мұнай-газ қоспаларының ППУ бу генераторына өнуіне мүмкіндік бермеу үшін бу жүйесінде қайтымды клапандар орнатылады.
Құбырларды ұңғыдан көтермей буландыру күтілетін қысымнан бір жарым есе артық қысыммен бу шлангілері мұнай құбырлар сағасына престеледі, бірақ бұл қысым ППУ қондырғысының паспорттық көрсеткішінен артпауы керек.
ППУ қондырғысын ұңғылар сағасынан 25 метрден кем емес қашықтықта орналастыру шарт. ППУ қондырғысының түтін шығару трубасы ұшқын басу қондырғысымен жабдықталуы, жоғары шығарылып, кабина ішіне жанған отын газдары кірмейтіндей болуы керек. НКТ-ны бумен тазалау кезінде жұмысшылардың бумен күйіп қалмауы үшін қондырғыны стелаждарда қолдану қажет.
Қондырғының құрамы: негізден (подставка), үш жолды золотникті краннан, екі тарақты иілгіш құрамадан, тез ағытылатын муфтадан және шлангтен тұрады. Тарақ - алып жүруге ыңғайлы болуы үшін және қолды күйдіріп алмау үшін ағаштан жасалынған түтқамен қамтамасыз етілген. Қондырғыны жинап іске қосқан соң тарақтың біреуін сорап-компрессор құбырларының қатар-қатар стелаждарда жатқан бесеуіне жалғап соңан соң бу береді.
Бұл құбырларды булап жатқан кезде екінші тарақты келесі бес құбырға жалғайды. Бірінші бес құбырды буландырып парафиннен тазартқан соң буды кран арқылы жауып, екінші тараққа береді содан соң әрі қарай қайталанады.
Қондырғыны жоғарыда айтылғандай пайдалану жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Себебі тарақтар бусыз сорап-компрессор құбырларға жалғанып, тазалау жұмысын жеделдетеді. Көтерілген құбырларды механикалық жолмен парафиннен тазалау үшін қырғыштар қолданылады. Қазіргі кезде пластикалы қырғыштар штанга айналдырғыш құрлымдармен бірге кеңінен қолданыла бастады. Штанга айналдырғыштар негізінен дискілі, тісті червяк механизмімен жабдықталған. Дискілі штанга айналдырғыштарды пайдаланған кезде ол бекітілген тростың штанга төменгі нүктеге түскенше айналу бұрылысы тоқтап қалган жағдайда үзілу қаупы бар екендігін ескерген жөн. Бұл айтылган жағдай егер тростың ұзыңдығы мен оның бекітілу нүктесі дұрыс расчетпен алынбаған жағдайда болатынын ескерген жөн.
Құбырдағы құм тығындарын ұңғыда жуу.
Жұмысты бастар алдында жуу агрегатынан бастап ұңғылар сағасына дейінгі барлық коммуникациялар тексеруден өткізіліп, есептелген қысымнан бір жарым қысымға артық қысыммен ұңғы сағасының престелген болуы шарт. Жуу агрегатының сорабында қысым өлшегіш манометр арынды орнатылып, жүйесінің, шлангінің, бөгеу жүйесінің, сораптың үзіліп кетпеуі үшін сақтандырғыш құрлым қойылады.
Сақтандырғыш құрлымның шеттері агрегаттың астына бекітілуі керек. Жуу шлангісінің бүкіл ұзыңдығында жұмсақ металл қанаттарынан тоқылған қабықтарымен қамтамасыз етіліп тірекке және вертлюкқа берік бекітілуі керек.
Жуу сәтті және қауіпсіз болуы үшін жуу құбырларының колоннасының шетіне қиғашталып кесілген ұштық орнатылады немесе арнайы муфтаға қойылады. Ұштары тік кесілген жуу құбырларын пайдалану өте қауіпті, себебі құбыр құм шөгіндісімен бекітіліп, жер бетіндегі құрылымдар мен қондырғылардың істен шығу қаупін туғызады. Дұрыс тандалган жуу құбырлары және олардың диаметрлерінің колоннаға сәйкес келуі - жуу эффектісін артырып, жуу құбырының эксплуатациялық колоннаға жабысып қалуынан сақтандырады.
Құм тығындарын ұңғыда тазалау кезінде вертлюганың астына жапқыштың шонарға қарсы сақтандырығш орнатып және жуу сұйығының тығыздығын қабат фильтрі алынған кездегі қысым осы сұйықтың ағын қысымынан аспайтындай есеппен алынуы керек. Тікелей ұңғыда құбырларды тазалау жұмысшылар үшін өте қауіпті. Оған себеп жұмыс аймагында орналасқан ауыр қондырғылар вертлюкке жуу шлангілері ұңғы сағасында шашылып, жұмыс істеу кезінде қиыншылықтар туғызады. Жаңадан жуу қүбырларының тізбегін қосқанда жұмысшылардың серпімді, ауыр жуу шлангылерын ұңғыдан аулақ алып кетуі керек, бұл да қауіптілікті арттырып, жұмыстың өнімділігін азайтады.
3.3 Жұмыскер адамның жұмыстан кейінгі тұрмысы мен бос уақытын ұйымдастыру
Жоғарыда көрсетілгендей еңбек қорғаудың тағы бір негізгі факторы жұмысшылардың жүмысы, осы үшін еңбекті ұйымдастыру мен тұрмысты жақсартудың маңызды, біздің жобамыз бойынша прогрессивті әдіс - вахталық әдіс алынған.
Тұрмысты жақсартудың екінші бір түрі барлық демалыс орындарды, асхана, тұрғын бөлмелерді желдету. Төменде тандап алынған желдету түрі көрсетілген.
Вахталық қалашықтардағы тұрғын үйлер асханамен, душпен жөне кондиционерлермен қамтамасыз етілген. Бөлмелердің орташа ауданы 30 м2 құрайды.
Кестеден көріп отырған, 1 адамға келетін, тұрған орынның меншікті көлемі нормадан ауытқиды.
Осыған байланысты, көрсетілген тұрғын орындарда қалыпты микроклиматты қамтамасыз етудің осы түрі қарастырылған.
4 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ БӨЛІМІ
4.1 Негізгі қойылатын талаптар
Мұнай-газ өндіретін өнеркәсіп қоршаған ортаны ластайтын құрылымдарының ең негізгілерінің бірі болып саналады. Мұнай және газ кен орындарын өңдеу және пайдалану жұмыстары қоршаған табиғат ортасы мен жер қойнауына техногендік әсер етеді.
Қоршаған ортаны және жер қойнауын қорғау ҚР-ның күші бар заңдылықтары мен халықаралық нормалары мен ережелеріне сәйкес іске асырылуы қажет.
ҚР-ның "Жер қойнауы", "Қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы", "Рұқсат ету туралы", "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану" т.б. актілер Занының негізінде қаралып, 1996 жылдың 18 маусымында бекітілген "Мұнай және газ кен орындарын пайдаланудың жалпы ережелерінде" мұнай жөне газ кен орындарын өндіру және пайдалану кезінде қоршаған ортаны қорғаудың негізгі талаптары бекітілген.
4.2 Ластаушылардың сипаттамасы
Мұнай газ кен орныдарын өңдеуде гидросфераның (жер асты сулары мен ашық су жиналатын ашық керлер), атмосфера мен литосфераның (сыртқы жер қабатының) ластануы айтарлықтай қатер тудырады. Құрамында әртүрлі химиялық заттар бар қатты қалдықтар, сондый-ақ үстіртін ағынды сулар, жер үсті суларын, жерді, топырақты ластап, олардың санитарлық-гигиеналық жағдайы мен биологиялық өнімділігін төмендетеді.
Біздің қарастырылып отырған дипломдық жобада Құмкөл кен орнында күрделі жағдайда ұңғы жұмысының тиімділігін арттыруда шығымның азаюына негізінен СКҚ-дағы парафиннің жиналуы, су мен газдың көрініс беруі, ұңғы түбіне құмның жиналуы себеп болады. Қазіргі кезде Құмкөл кен орнында ұңғы сулануы шамамен 85 пайызды құрайды. Ұңғыдан шыққан суды жер бетіне, су қоймаларына төкпей қайтадан қабатқа айдау керек. Өйткені ол су жоғары минералданған болып табылады және де оны тұрмыста қолдануға болмайды.
Құмкөл кен орнында тұрмысты және техникалық су гидрогеологиялық ұңғыма қондырғыларынан алынады. 50-70 метр тереңдіктен сенон-турон шөгінді жынысты қабаттарынан алынады. Судың құрамында фтордың көп болуына байланысты ауыз су стандартына сәйкес келмейді.
Жобамен таңдап алынған объектілерді іске асырған уақытта, қоршаған ортаға зиян келтіретін төменде көрсетілген факторлар болуы мүмкін:
ұңғыны жууға арналған сүйықтың буға айналуына байланысты улы газдар бөлінуі мүмкін.
осы сұйықтың жүретін жолдарының ашық тесігінен сыртқа төгілетін бөліктерінің жерге сіңіп өсімдіктерді құртуы.
Осы ай-толғақ факторлардың қоршаған ортаға зиянын келтірмеу үшін, біздің жобамен төмендегі шаралар болады:
1) Су қоймасын бу шықпайтындай етіп бекіту керек.
Су жүретін жолдардың ашық тесігі болмас үшін күнделікті
бақылау жасап, уақытында жөнделіп тұруы керек.
Ұңғыны пайдаланып біткеннен кейін, су қоймасының
түбіндегі тұнбаларын айналадағы ортаға зияны шықпайтындай жерге көшу керек.
Олардың орнын ауданымен бірге ұңғы болмаған уақыттағыдай табиғи түрге келтіру керек.
Технологиялық құрал-жабдықтардан (резервуарлар мен аппаратар) зиянды заттардың бөлінуінің себептеріне төмендегі жағдайлар жатады:
а) фланц қосындысының саңылаусыздығы сақталмауы;
б) коррозияның нәтижесінде апаттың болуы;
в) құбырлардың жарылуы;
г) жөндеу жөне алдын алу жұмыстары кезіндегі ақаулардың орын алуы;
Үстіңгі сусақтағыш қабаттар мұнай өндіру кезіңде мұнаймен және жол-жөңекей алынған сумен ластанады. Мұнайдың құрамында улы заттың болуы ауыз су мен күнделікті тұрмыста пайдаланылатын сулар кері әсерін тигізеді.
Жер асты суларының ластануының негізгі көзі болып өндірістік және тұрмыстық ағынды сулардың, сонымен бірге ыдыстардан, құбырлардан т.б. қондырғылардан улы заттардың төгілуі болып саналады.
Мұнай өндіру кезінде алынған қабат сулары жоғары минерал-данған болып келеді. Ол су жер үсті және жер асты суларының құрамына аз мөлшерде болса да қосылып кетсе, ауыз су ішуге жарамсыз болып табылады.
Мұнай жер қойнауы мен өсімдіктерге жағымсыз әсер етеді. Мұнаймен ластануы негізінде жер қойнауында көміртегі мен азот қатынасының артуы жер қойнауы мен өсімдік тамырларының қоректенуін бүзады.
4.3 Атмосфераны қорғауға арналған іс-шаралар
Ауаны ластаудың негізгі көзі болып кен орындарында қолданылатын құрал-жабдықтар жатады:
мұнайды қыздыруға арналған пештер (жану өнімдері);
резервуарлар (арнайы клапандар арқылы газ шығару);
аппаратар (буферлы ыдыстардан булану);
газтурбиналы қозғалтқыш (жану өнімдері);
жылыту қазандары (жану өнімдері).
Атмосферада бірлесе отырып, қатысатын комплекс құрамына кіретін заттар суммацияның бес тобын қүрайды:
Қостотықты азот + күкірт ангидрит;
Күкіртті ангидрит + күкірт сутегі;
Күкіртті ангидрит + күкірт қышқылының аэрозолі;
Күкіртті ангидрит + фторитті сутегі;
Фторитті сутегі+ фториттер.
Мұнай мен газ өндіретін аудандардан зиянды заттардың жалпы санын азайтуда газды қайта өңдеу әдістерін кеңінен қолдану мен газды тазартудағы технологиялық процестердің пайдаланудың әсері мол.
Олардың ішінде нәтижелілеріне мына төмендегі жағдайларды жатқызуға болады:
- магистральды газ қүбырларында мен ауаны газдан, конденсаттан (сүйық өнім), мүнаңдың булануынан пайда болатын өнімдерден сақтайтын қүрастырмалы конденсаторлар мен дренажды линиялар жасау;
- мұнай құбырларын, шығару желілерін, ағын су коллекторларын, құрастырмалы коллекторларды дер кезінде жөндеу;
- сұйық көмірсутектерін сақтауда үстіңгі жағы буланудан қорғалған резервуарлар мен артық қысыммен жүмыс істейтін немесе изотермиялық жағдайдағы резервуарларды пайдалану;
- ауаға шығатын жолы бар шағын ыдыстар мен аппараттарды фильтр-жұтқыштармен жабдықтау;
- кен орындарында газды қайта өңдеу нәтижесінде товар өнімдерін алатын қондырғы орнату;
- қайта өңдеуге келмейтін немесе өндіріске қайтадан қайтарылған газды факелдерде өртеу;
газды жағуға арналған факелдердің биіктігі мен орналасуы ;
жер қабатында улы қабаттарды стандаргта ескертілгендей
концентратқа жеткізбей таратып жіберуге сай болу керек.
4.4 Гидросфераны қорғау
Жер бетіндегі жәнё жер асты суларының бүліну көздеріне дұрыс тазартылмаған өндірістік және тұрмыстық сулар, кәсіпорынның өндіріс аудандарынан, құбыр өткізгіштерден шыққан зиянды заттар жатады.
Сумен қамтамасыз ету көздеріне жер асты сулары жатады.
Шаруашылық және ішім су турон-сенон субергіш комплексінен, ал техникалық қажет сулар жоғарғы сеноман комплексінен алынады.
Жер асты суларын қорғау мақсатында санитарлық қорғау зонасы жұмыс істейді. Ол жер асты суларын химиялық және бактериялық лас нәрселерден қорғауға арналған.
Мұнай өндіру кезіңде алынған су қабаттары белгіленген нормаға сәйкес құрамындағы қатты заттардан тазартылуы тиіс. Ол су қабат қысымын ұстау жүйесінде қолданылады немесе бос қабаттарға айдалады. Қабат суларын буланатын ашық жерлерге, су көздерінің үстіңгі қабаттарына, жер асты суларының горизонтгарына айдауға болмайды.
Мұнай кәсіпшілігінде бүралқы суды тазалау мен дайындаудың технологиясы
Мұнай кәсіпшілігінде бұралқы су негізінде ұңғы өнімінің бір бөлігі болып саналады, сондықтан олардың физико-химиялық қасиетін табиғаттың өзі қалыптастырады. Сонда да кен орындарын пайдалану барысында, әсіресе ұзақ уақыт су айдау әдісін пайдаланғанда кейбір өзгерістерге үшырайды.
Бұралқы суды дайындауда және оны пайдалануда мынадай аса маңызды факторларға назар аудару керек:
- мұнай қабаты коллекторының физика-геологиялық қасиетін;
- айдалатын судың қабаттағы флюидтер мен жыныстармен химиялық жөне биологиялық сәйкестігі;
- химиялық тұрақтылығы мен коррозиялық активтілігі. Қабаттарға су айдау кезінде мұнай кәсіпшілігінде бұралқы суды дайындау және оны пайдалануда көп жылдық төжірибе көрсеткендей оларды тазалау, дайындау технологиясы мен қүралдары арылту жағдайынан кейін тандалынып алынуы қажет:
- мұнай және механикалық қоспаларды шектеулі рауалы дәрежеге дейін жеткізу;
- сораптардың қолайлы режимде жүмыс істеуін қамтамасыз етуде бос газдарды шығару және шоғырланған сорапты станцияларда олардың жиналуынан;
- судың коррозиялық активтілігін төмендету үшін агрессивті газды арылту.
Бұралқы суды тазалау жөне дайындау процессі кезінде технологиялық аппараттардан ұсталынған мұнайды дер кезінде арылту және оны товарлы өнімге қайта қайтару қажет.
Мұнай кәсіпшілігіндегі бұралқы суды тазалаудың негізгі әдіс-теріне механикалық және физико-химиялық түрлері жатады.
Арзан әрі қарапайым болғандықтан тұндыру әдісі кеңінен қолданылады. Механикалық тазалау әдісі біріншіден үлкен және қатты заттарды бөлуде қолданылады. Тұндыру әдісі атмосфералық және үлкен қысым жағдайында іске асырылады. Тұндыру әдістерінің кемшіліктері: тазалау сапасы ластану сипаттамасына байланысты болады; сапалы тұндыру көп уақытты қажет етеді. Сондықтан соңғы кездерде тазалаудың өнімділігін мен терендігін арттыру үшін тамшыларды біріктіретін фильтрлі тұндырғыш, флоатациялық қондырғылар, гидроциклондар т.б. қүрылғылар жасалды.
Мұнайұстағыштар өте қарапайым жасалынған тұндырғыштар, мұнда тазартылған су төменгі жағынан шығады да, ал мұнайлы қабыршақ үстінгі жағына жиналады.
Мұнай кен орындарында бұралқы суды дайындауда қоңдырғының үш түрі қолданылады: ашық, жартылай жабық және жабық.
Ашық қондырғыларда бұралқы су атмосфералық ауамен шектеседі, бұралқы су өздігінен ағады. Ал қазіргі кезде жаңа кен орындарында бұралқы судың ауамен шектесуі болмайтын жабық типті қондырғылар қолданылуда.
4.5 Литосфераны қорғау шаралары
Жер бетін қорғаудың негізгі шаралары:
- мұнайды жинау, сепарациялау, дайындау тасымалдау жүйелерінің толық саңылаусыздығын толық қамтамасыз ету;
- апат кезінде ұңғыны автоматты түрде ажырату;
- мұнай және мұнай өнімдерінің төгілуінен ұңғы сағаларының опырылуынан жер бетінің құнарлы қабатын қорғу шаралары есебінен белдіктер тұрғызу;
- мұнай өнімдерін алу кезінде, қабатқа су айдау кезінде қабат сулары мен кәсіптік бұралқы суларды төкпей толығымен пайдалану;
- мұнай-газ жинағыш тораптарға суға төзімді болат ысырма қою;
- жер асты төсілін пайдалана отырып 1,2-1,8 метр тереңдікте құбырлар төсеу;
- жер қойнауына сапалы техникалық рекультивация жүргізу.
Топырақтың жағдайын бақылаудың негізгі міндеттері:
- топырақтың ластану деңгейін және оның химиялық құрамының өзгеруін тіркеу;
- уақытқа байланысты топырақтың өзгеру тенденциясын анықтау және болашақтағы ластану деңгейін жобалау;
- топырақтың ластану мүмкіндіктерінің себептерін анықтау.
Жер қойнауын қорғаудың негізгі шаралары:
- жер асты және жер үсті құрал жабдықтарының саңылаусыздығын қамтамасыз ету;
- ашық фонтандауды, ұңғы қабырғаларының құлауын, жуу сұйықтығының жұтылуын т.б. ластануды түрлерін болдырмау;
- коррозияға қарсы жоспарланған шараларды жүзеге асыру;
- мұнайды жинау, дайындау, тасымалдау және сақтау жүйесінің апатсыз сенімді жүруін қамтамасыз ету;
- сумен қамтамасыз ету жүйесінің тұйық түрін өндірістік суларды қабатқа айдауды мейлінше мол қолдану.
ҚОРЫТЫНДЫ
2003 жылы Құмкөл кен орнының 3-объектісі бойынша мұнай өндіру 529,21 мың тоннаға жетті. Су өндіру 151,3 мың тонна, сүйық өндіру 2140,81 мың тонна, газ өндіру 59,7 млн м3, қабат қысымы 10,45 МПа. Өндіру ұңғылары 115, су айдау ұңғылары 34 жетті. Сулану 9,8 пайыз, компенсация 67 пайыз. Ал су айдау 1292,794 мың тонна.
2002 жылмен салыстырғанда өндіру ұңғылар саны 25 ұңғыға көбейді. Су айдау ұңғылар саны 7 ұңғыға өсті. Қабат қысымы бір қалыпты.
1-объектінің техника-кехнологиялық көрсеткіштерін талдай келіп қорытқанымыз - 1-объектідегі мұнай бергіштікті көбейту үшін нұсқа ішінен су айдауды жалғастыра беру керек. Өйткені диплом жобасында көрсетілген экономикалық есептердің көрсеткіштері бойынша 2003 жылы нұсқаның ішінен су айдаудан келетін тиімділік 22494,723 мың теңгені құрады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Шуров В.И. "Технология и техника добычи нефти". Москва, Недра, 1983 ж.
2. Оркин К.Г., Юризнов А.И. "Расчеты по технологии и технике добычи нефти". Москва, Недра 1979 г.
3. Бренц А.Д., Тищенко В.Б. и др. "Организация планирования и управление предприятиями нефтяной промышленности". Москва, Недра 1975г.
4. Калабаев Х.А. Методические указания к организационно-экономической части дипломных проектов студентов специальности 0907 "Технология и комплексная механизация разработки нефтяных и газовых месторождений". Алматы, КазПТИ, 1982 г.
5. Панов Г.Е. "Охрана труда при разработке нефтяных и газовых месторождений" Москва, Недра 1982 г.
6. Тяжин Ж.Т., Жұмабеков Б.Д., Ақылбеков С. "Методические указания по сотавлению раздела охрана труда и охраны окружающей среды в дипломных проектах". Алматы, КазПТИ 1989г.
ЭВМ-де есептеу
ЭВМ есебі (Бейсик тілінде).
Қосымша А.
5 РЗ 20= РЗ+(20-Т)/(9,157+Ғ)
10 S1(7)=0,1/PS20
15For і=1 tо 7
20 Р(і)=S1(і)*РS20
25 Рz1=10 1оg(аbs(рz1))*0,4343
30Ifz1=0then70
35 R(і(LOG(S1(і)))*0,4343/z1
40 D1=4,06*(RON*ROG-1,045)
45 U1=RON*S3-186
50 G(і)=S3*R(і)*(D1*(1+R(і))-1)
55ROG(і)=ROGO-0,0036*(1+R(і))*(105,7+U1*R(і))
60 GТ(і)=S3-G(і)
65 ІF GТ(і)=0 іһеn 70
70 ROG R(і)-S3/GТ(і)*( ROGO - ROG (і)*G(і)/S3)
75 А=3,54*(1,2147- RON)+1,0337* ROG R(і)
80С=5,581* RON*(1-1,6* RON*0,001GТ(і))*0,001*GТ(і)
85 S2(і)=А+С
90В(і)1+1,0733* RON*S2(і)*0,001*GТ(і)-6,5*0,0001*Р(і)
95 ІF В(і)=0 tһеn 70
100 RON G(і) RON(В(і)*(1,295* ROG R(і)*0,001*GТ(і))
105 NЕХТ i
110 GO ТО 35
РRINТ "Берілген есепте нольге тең мәндері бар." "Басылмаған параметрлерінің мәндері болмауы керек."
РRINТ #1 "Берілген есепте нольге тең мәндері бар."
РRINТ #1 "Басылмаған параметрлерінің мәндері болмауы керек."
РRINТ "******** * *"
РRINТ using (" $$$, $$$, $$$, $$$, $$$, $$$, $$$, $$$, $$$")
РRINТ #1 using (" $$$, $$$, $$$, $$$, $$$, $$$, $$$, $$$, $$$")
NЕХТ i
Сlоsе #1
РRINТ "қарап болғаннан кейін ЕNТЕR түймешігін басыңыз"
1000 metka $=3 inkey $; if metka $=" then 1000
kodot = аsс (riһі $(metka $,1))
іf kodot <> 13 1000
run "РRОGRАММ. ТВС"
Берілгендері:
Т - қабат температурасы
RON - мұнайдың салыстырмалы тығыздығы= ,7924950122833252
S3 – мұнайдың газдалғандығы= 223,8670043945312
ТА - азоттың молдік үлесі - 1,210000038146973
ТМ - метанның молдік үлесі - 61,138999938964844
ROGО - газдың салыстырмалы тығыздығы - ,7609999775886536
РS - мүнайдың газбен қанығу қысымы - 25,04999923706055
Т-60
RON -,7924950122833252
S3-223,8670043945312
ТА-1,210000038146973
RS-25,04999923706536
Достарыңызбен бөлісу: |