61
ККЖ ЭЕӘ нұсқаулығы
«Теңізшевройл»
Кесте 13: Жерге немесе суға төгілуді басқару шаралары [Сәйкессіздік
(1 Л – 1 баррель) немесе Оқиға (>1 баррель) санатындағы
төгінділер]
Қадам Шаралар
Жауапкершілік
1
Егер де төгіндіні қауіпсіз түрде бақылап,
оқшаулауға болатын болса, тиісті шараны қолға
алыңыз, бірақ өзіңізді қауіп-кетерге тікпеңіз.
Бірінші байқаған тұлға ол төгіндіні бірінші көрген
адам болып табылады.
Бірінші
байқаған тұлға
2
Егер де төгіндіні қауіпсіз түрде бақылап,
оқшаулауға болмайтын болса, төтенше жағдай
операторына (ішкі нөмір № 5555, +7 712 302 5555
немесе 2-рация каналы арқылы) хабарласып,
төгіндінің нақты орнын, төгілген затты, төгілген
жерін (яғни су немесе жерге) және шамамен
көлемін айтыңыз. Апатты тойтару тобы (АТТ) келесі
жағдайда шақыртылып, тиісті шараны қолға алуы
тиіс:
• Егер төгіндіні қолдағы ресурстармен тоқтату
мүмкін болмаса;
• Жанатын немесе қауіпті материалдар төгілсе;
• Төгілген материал белгісіз болса (және ықтимал
қауіпті болып саналса);
• Суға немесе сорға төгілсе.
Бірінші
байқаған тұлға
3
Төгілген материалды, көлем шамасын анықтап, тез
арада жұмысқа жауапты тұлғаға хабарлау.
Бірінші
байқаған тұлға
4
Төгінді болған алаңды оқшаулап, алаңға
адамдардың кіруін / қауіпте тұруын болдырмаңыз.
Қатты көрінетін қоршау таспаларын орнатыңыз
(ҚТП-01 “Қоршау таспаларын пайдалану”-ға
сәйкес).
Мердігердің
жұмысты
орындауға
жауапты
тұлғасы
5
Компанияның ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ тобының
жетекшісіне анықталған төгінді мен жоспарланған
тазалау жұмыстары туралы түсініктемемен тез
арада ауызша және жазбаша хабарлау. Мүмкін
болса, суреттерді жіберу қажет, бірақ ол іс-
шараларды кідіртпеуі қажет.
Мердігердің
жұмысты
орындауға
жауапты
тұлғасы
|