Материалдық және энергетикалық баланстар жаңа өндірістерді жобалауда да, бар жүргізіліп жатқан жұмыстарды талдауда да қолданылады.
Материалдық баланс - зат массасы сақталу заңының заттық өрнегі, оған сәйкес барлық тұйық жүйелерде әрекеттесуге түскен зат массасы әрекеттесу нәтижесінде түзілген зат массасына тең.
Кез келген технологиялық үрдістің материалдық балансына қолданғанда, ол технологиялық операцияға қатысқан зат массасы-кіріс, алынған зат массасына- шығын тең.
Теориялық материалдық баланс реакцияның стехиометриялық теңдеуі мен компоненттердің молекулалық массасы негізінде есептеледі.
Тәжірибелік материалдық баланс бастапқы шикізат пен дайын өнімнің құрамын, шикізаттың бір компонентінің артық мөлшерін, айналу дәрежесін, шикізат епн дайын өнімнің шығынын және т.б. ескереді.
Материалдық балансты параллел және қосымша реакцияларды ескере отырып негізгі жиынтық реакцияның теңдеуі бойынша құрылады.
Зат массасын анықтау қатты сұйықтық пен газ фазасы үшін жеке жүргізіледі, сондықтан баланстар мына формуламен өрнектеледі
Gт + Gж + Gr = Gт + Gж + Gr ,
мұндағы Gт Gж Gr - өндіріске немесе берілген операцияға келіп түскен сәйкесінше қатты, сұйық және газтәрізді материалдардың массалары, , яғни материалдардың кірісі; Gт Gж и Gr - өндіріс өнімдерінің массалары.
Энергетикалық балансты энергияның сақталу заңы негізінде құрастырады, оған сәйкес тұйық жүйеде барлық энергия түрлерінің жиынтығы тұрақты, яғниберілген өндірістік операцияда жылудың кірісі сол операциядағы оның шығынына тең болуы керек Тепловой баланс как и материальный , выражают в виде формул таблиц и диаграмм по уравнению вида :
Qr + Qж +Qr + Qф + Qр + Qп = Qт + Qж +Qr + Qф + Qр + Q п
мұндағы Qт, Qж, Qr - аппаратқа қатты, сұйық, газтәрізді материалдармен келіп түсетін жылу мөлшері, сәйкесінше.
Qт, Qж, Qr - шығатын материалдар үшін жылу мөлшері; Qф және Qф – бөліну және сіңірілумен жүретін физикалық процестердің жылуы.
Qр и Qр- экзо- және эндотермиялық (Q р) реакциялардың жылуы ;
Qп – аппаратқа сырттан келетін жылу мөлшері; Q п- қоршаған ортаға жойылатын жылу және аппараттың ішінде орналасқан тоңазытқыштар арқылы оны бұру .
Qт,Qж,Qr и Qт, Qж, Qr шамаларын технологияда материалдардың жылуды ұстауы деп атайды, ол түсетін және шығатын материалдардың әрбір түрі үшін мына формула бойынша жеке есептеледі.
Q = GcT,
Газдар үшін жылусыйымдылықты берілген температурада То С (немесе t о С ) мына формула бойынша анықтауға болады
ср = ао + а1Т+ а2Т2 /дж/кг-моль град,
ао,а1,а2 - коэффииценттері техникалық әдебиетте келтірілген.
Әдетте заттардың қоспасымен жұмыс істеуге тура келеді, сондықтан формулада қоспалардың жылусыйымдылығы қойылады, ол аддитивтілік заңы бойынша есептеледі
Қатты заттар үшін көпшілік жағдайда мына ереже дұрыс, ол бойынша элементтердің атомдық жылусыйымдылықтары бірдей, және 27 Дж/г- атом –град жуық, ал молярлық жылусыйымдылықтары молекулаға кіретін элементтердің атомдық жылусыйымдылықтарының жиынына тең.
Сұйықтың жылумөлшеріне кейде балқу жылуын да енгізеді, ал газдар үшін бу түзілудің жылуында қосады, егер бұл үрдістер есептелетін аппараттарда жүрсе.
Кристалдану және конденсациялану үрдістерінің жылуын басқа физикалық үрдістерде:абсорбция және газдар абсорбциясы, қатты және сұйық заттарды еріту және т.б. бөлінетін жылумен бірге ескерген дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: |