Авогадро заңы. Бұл заң бойынша әртүрлі газдардың көлемінде бірдей температура мен қысымда молекулалар саны тең болады:
N А = 6,062 10 23 .
Қалыпты жағдайда идеалды күйдегі кез келген газдың 1г/молі 22,414 л көлемге ие немесе 1 кг.моль – 22,414 м3 алады, ол 22,4 л немесе м3 деп қабылданады..
Молярлық көлем түсінігі бойынша газдың көлемін оның белгілі салмағы бойынша, немесе қалыпты жағдайлардағы оның белгілі көлемі бойынша анықтауға болады:
Молярлық көлем шамасының тұрақтылығы кез келген газдың қалыпты тығыздығын d 1 мына формула бойынша анықтаймыз:
мұндағы М- газдың молекулалық салмағы.
3.Химиялық теңдеулер мен баланстар
Газдардың қатысындағы реакциялар бойынша стехиометриялық есептеулер үшін молекулалық теңдеулер өте ыңғайлы, онда барлық қатысушы заттар молекулалық формула түрінде көрсетілген.
Молекулалық теңдеулер бойынша есептеулерді салмақтықта, көлемдікте бірліктерде жүргізуге және бірінен екіншісіне ауысуға болады
Мысалы, мырыш алдамшысының оттекпен тотығу үрдісін молекулалық теңдеумен өрнектейді:
2ZnS + 3O2 = 2ZnO =2SO2 ондағы молекулалар, көлемдер мен салмақтар сәйкесінше мынаны құрайды:
молекулалар……… 2 3 2 2
көлемдер ………… -322,4=67,2 - 222,4=44,8
салмақтар ………… 297,44 - 332 281,38 - 284,06
194,88 - 96 162,76 - 128,12
Теңдеудегі қойылған сандар реакцияға қатысушы заттар арасындағы сандық қатынастарды көрсетеді:
1) мырыш алдамшысының екі молі (яғни 194,88 сал. б ), оттектің үш молімен қосылып (96 сал.б.), мырыш тотығының екі молін (162,76 сал.б.) және күкірт ангидридінің екі молін түзеді ( 128,12 сал.б.) түзеді;
2) оттектің үш молярлық көлемі (67,2 немесе м3) мырыш алдамшысының екі молімен әрекеттесіп күкірт ангидридінің екі молярлық көлемін (44,8 л немесе м3) және мырыш тотығының екі молін түзеді.
Бұл қатынастарды біле отырып, мысалы 150кг мырыш алдамшысын тотықтыру үшін қанша оттек қажет екендігін және қанша мырыш тотығы мен күкірт ангидриді түзілетінін есептеуге болады.
Оттектің салмақтық көлемін пропорция арқылы анықтаймыз:
194,88 кг ZnS – 96 кг О2
150 кг ZnS - кг О2
X = 73,9 кг
Оттектің көлемін мына қатынастан табуға болады:
194,88 кг ZnS - 67,2 м3 О2
150 ZnS - x1 О2
м3 ( при Оо и 1 ат ).
Егер формула бойынша көлемдік бірлікке қайта есептесек сол көлем шығады.
Алынған күкірт ангидридінің мөлшерін есептеу үшін пропорция құрамыз:
194,88 кг ZnS тотығу кезінде - 44,8 м3 SO2 береді
150 ZnS - x2 SO2
м3 ( при Оо и 1 ат)
Формула бойынша салмақтық бірлікке есептегенде
Бұл 34,564,06/ 22,4= 98,7 кг құрайды. Алынған ZnO мөлшері
= 125,8 кг тең.
Осындай жолмен, егер мырыш алдамшысының тотығуы кезінде қанша күкірт ангидриді түзілгені белгілі болса, реакцияға түскен ZnS және О2 және алынған ZnO мөлшерін анықтауға болады. Мысалы, алынған SO2 мөлшері 200 л құрайды. Сонда, одан 200 л SO2 алынатын ZnS мөлшері пропорция бойынша анықталады:
194,88 ZnS тотығу кезінде - 44,8 л SO2 береді
x2 ZnS - 200 л SO2
= 870 г
Теңдеу бойынша SO2 нің 2 молярлық көлемі 3 молярлық көлем О2 жұмсалғанда , сонда 200 л SO2 алу үшін оттектің шығыны 2003/2=300 л құрайды немесе 300 32= 428,6г.
200162,76/44,8=726,6г цинк тотығы алынады
Осылайша, реакцияның қалай жүретінін біле тұра,молекулалық теңдеу бойынша жүретін үрдістің сандық жағымен байланысты әртүрлі есептеулерді жүргізуге болады.
Мысал10 . Құрамында мыс бар шаңның құрамында 3,6% Си, 40,7% Fe,4,1% Zn, 48,3% S, 3,3% SiO2 бар. Десульфуризация (күкірттің жоғалуын) және колчеданды ауа қатысынсыз қыздырған кездегі өнімнің шығымын анықтау талап етіледі.
Шешуі . Ауа қатысынсыз қыздырғанда берілген колчедандағы минералдардан пирит пен халькопирит мына реакцияға сәйкес диссоциацияланады:
FeS2 = FeS + S,
Cu2S Fe2S3 = Cu2S 2FeS + S ,
Пиритті қыздырған кезде 50% S, ал халькопиритте - 25%S десульфуризацияланады.
Есепті шешу үшін колчедандағы бұл минералдардың мөлшерін білу қажет, яғни ең алдымен оның рационалды құрамын есептеу керек. Мыстың мөлшері бойынша халькопиритпен байланысқан күкірт пен темірдің мөлшерін анықтаймыз, 100 г колчеданға:
Сu - S2
63,6 - 64,2
3,6 - x
x= = 3,63 кг S в CuFeS2
Cu - Fe
63,6 – 55,8
3,6 – x
x= = 3,15кг Fe в CuFeS2 ,
Мырыштың мөлшері бойынша мырыш алдамшысына байланысқан күкірттің мөлшерін анықтаймыз:
Zn – S
65,4 - 32,1
4,1 - x
x = = 2,01 кг S в ZnS
Күкірттің қалдығы 48,3 - (3,63 + 2,01 ) = 42,66 % (А ) және темірдің қалдығы остаток 40,7 - 3,15 = 37,55 % ( В ) изоморфты FeS пен пириттің арасында таралады
8 мысалда келтірілген теңдеулер бойынша FeS мөлшерін анықтаймыз.
х =3,15 В – 2,74 А = 3,15 * 37,55 – 2,74 * 42,66 = 1,39%
FeS2 мөлшері
у = 3,74 А – 2,15 В = 3,74 * 42,66 – 2,15 * 37,55 =78,82%.
Колчеданның рационалды құрамы төмендегідей, %:
CuFeS2 3,60(Cu) + 3,15 (Fe) + 3,63 (S )= 10,38
ZnS 4,1(Zn) + 2,01(S ) = 6,11
FeS 1,39
FeS2 78,82
SiO2 және т.б.
Енді 100 кг колчеданға десульфуризацияны анықтаймыз. Жоғарыда келтірілген реакцияға сәйкес, халькопирит қыздырған кезде 25% S жоғалтады, яғни 3,63 0,25 = 0,91 кг; яғни пирит құрамындағы күкіртінің жартысын жоғалтады, яғни колчеданда 78,82 % FeS2 болғанда ол
= 21,00 кг S жоғалтады
Яғни, колчеданды қыздыру кезіндегі десульфурлеу мынаны құрайды
0,91 + 21,00 = 21,91 кг немесе
21,91 * 100 = 45,3 % колчедандағы күкірт массасын.
= 45,3 %
Колчеданды қыздырудан кейінгі өнімнің шығымы мынаны құрайды: 100 – 21,91 = 09
№ 2 Тәжірибелік жұмыс
ҮЙІНДІЛЕРДЕ ЖҮРЕТІН ФИЗИКАЛЫҚ-ХИМИЯЛЫҚ СИЛИКАТТҮЗУШІ ҮРДІСТЕР
Жұмыстың мақсаты: күшті сұйылтылған сулы суспензиялардың қоюлану үрдісін зерттеу; берілген іріліктегі бөлшектердің тұнуының минималды практикалық жылдамдығын табу; тұнудың есептелген (ωсв) және практикалық жылдамдықтарын (ωос) салыстыру; тұндырғыштың практикалық үлестік өнімділігін анықтау; қоюланған суспензияның концентрациясын анықтау.
1.Теория
Сүзу үрдісінің алдында қолданылатын суспензияларды қоюлату көбінесе бірярусты қоюлатқыштарда жүзеге асады. Ол цилиндр тәріздес резервуарлардан тұрады, онда қатты өаттарды сұйықтықтан бөлу ауырлық күшінің әсерінен жүреді.
Цилиндр тәріздес резервуарлардың жайпақ және конус тәріздес түбі болады. Тұндырғыштың түбінде ескекті механизм орналасқан, валдар айналған кезде ол тұнбаны қабырғалардан шығарылуға арналған тесік орналасқан орталыққа қарай жылжытады.
Үздіксіз тұндыру үрдісі кезінде тұндырғыштың цилиндрлік бөлігінде суспензия концентрациясының биіктік бойынша белгілі бір таралуы орнайды. Жоғарғы бөлігінде таза (түссізденген) сұйықтық, ал төменгі бөлігінде ең концентрленген қоюланған суспензия орналасады.
Жоғарғы және төменгі бөліктер арасында суспензия нөлден (Х=0) Хк концентрацияға дейін өзгереді.
Тұну беті мына формула бойынша анықталады:
1,3 Gн(1 - ) Хк F=---------
F=0,785*D2 – тұну беті, м2
D- тұндырғыштың цилиндрлік бөлігінің диаметрі, м
Gн- тұндырғышқа түскен суспензияның бастапқы мөлшері, кг/сек;
Хн- бастапқы суспензиядағы қатты фазаның массалық үлесі, кг татты/ кг суспензия
Хк- соңғы суспензиядағы қатты фазаның массалық үлесі, кг қатты/ кг суспензия
ρж- таза сұйықтың тығыздығы, кг/м3;
ωос- зертханалық немесе есептеу жолымен алынған ең аз қатты бөлшектердің тұну жылдамдығы, м/сек;
1,3- бастапқы суспензияның тұнудың бүкіл ауданында біркелкісіз таралуын жәнеде , тұнудың біркелкісіздігін, сонымен қатар өндірістік жағдайлардағы тұндыру кезінде байқалатын вихртүзілу және басқа да факторларды ескеретін коэффициент.
Көрсетілген түзету коэффициентінің енгізілуі аталған барлық құбылыстар ωос -ты есептеу жолымен зертханалық анықтаулар кезінде болмауымен түсіндіріледі.
Зертханалық тәжірибелік мәліметтер негізінде ωос жуықтап есептеудің екі әдісі болады:
Өте сұйылтылған бастапқы суспензиялар үшін шектеусіз кеңістіктегі ұсақ бірлік бөлшектерді еркін тұндыру үрдісі анықтаушы болып табылады. Сондықтан бұл жағдайларда ωос-ты еркін тұну жылдамдығына ωсв тең деп алады.
Шартәріздес қатты бөлшектер үшін бөлшектерді еркін тұндыру жылдамдығы ωсв келесі формулалар бойынша анықтайды:
Аr<36 кезінде
Re = 0,056 Ar (10-2)
(10-3)
Ar 36 тен 83000 кезінде
Re=0,152 Аr0,715 (10-4)
Ar>83000 кезінде
Re=1,74 Ar0.5 (10-5)
Мына формулаларда
(10-6)
Re (10-7)
мұндағы
ωсв- шар тәріздес қатты бөлшектердің еркін тұну жылдамдығы, м/сек;
d- шартәріздес бөлшектің диаметрі, м;
g=9,81 – еркін құлау үдеуі, м/сек2;
ρқт - қатты бөлшектердің тығыздығы, кг/м3;
ρж - таза түссізденген сұйықтың тығыздығы, кг/м3;
μ - сұйықтық тұтқырлығының динамикалық коэффициенті, н сек/м2;
Шартәрізді емес бөлшектердің тұну жылдамдығы шартәрізділкргк қарағанда аз. Жуықтап есептеу үшін шартәрізді емес бөлшектердің тұну жылдамдығын 0,75 ωсв тең деп қабылдауға болады.
Тұндырғышты есептеуді ең ұсақ бөлшектерді тұндыру үшін жүргізеді.
Архимед критерийінің шамасы 36-дан кем, сондықтан (10-3) формула қолданылады.
Концентрленген бастапқы суспензиялар үшін ығыстыра тұндыру үрдісі анықтаушы болуы мүмкін.
Бұл жағдайда сұйықтық қатты бөлшектер арасындағы бұралаң каналдар арқылы қозғалады, және олардың қозғалысына кедергі орта кедергісі мен бөлшектердің бір-біріне соғылуы мен үйкелісінен туатын кедергілерден құралады.
Сондықтан бөлшектердің қысылған қозғалысының жылдамдығы олардың бос қозғалысының жылдамдығынан әрқашан аз.
Әдетте ең ұсақ бөлшектерді тұндыру кезінде Ar<36 екендігін ескерсек,шар тәріздес қатты бөлшектер үшін ығыстырыла тұндырылудың жылдамдығы ωст мына формулалар бойынша аеықталады.
ε>0,7 кезінде
(10-8)
ε<=0,7 кезінде
(10-9)
мұндағы
ωсв- (10-2) немесе (10-3) формулалар бойынша анықталатын ең аз шартәріздес бөлшектердің еркін тұну жылдамдығы;
ε- суспензиядағы сұйықтықтың көлемдік үлесі.
ε шамасын мына өрнектен анықтайды
(10-10)
мұнда
Х - суспензиядағы қатты фазаның массалық үлесі;
ρсус- суспензияның тығыздығы, кг/м3;
Суспензия тығыздығын мына формула бойынша анықтайды:
(10-11)
2. Бастапқы параметрлерді анықтау
Қондырғы 15-20 минут бойы жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде прибордың көрсеткіштерін жазып алады.
1.бастапқы қоспа бойынша (Vбаст), тұнба бойынша көлемдік өнімділікті жазып алады.
2.(Vқою) және құйылыс бойынша (Vқұй)
3. түссізденген судың температурасын тіркейді (tтүс.су)
4. Тұнбаның тығыздығын анықтайды. Ол үшін түтікті жұмысшы сыйымдылықтан 1 дм3 толтырады.
5. 1дм3 суспензияның таза салмағын табады (Gт), ρқой есептейді.
6. (10-10) формулалар бойынша Хк- қоюлатылған суспензияның концентрациясын табады.
7. Тұнудың әс-жүзіндегі жылдамдығын есептейді (ωос=Vқойю/F), мұндағы Vқұй- тұндырғыштан келетін құйылыстың секундтық көлемі а, м3/сек; F- тұндырғыштың көлденең кесіндісінің ауданы, м2.
Берілген іріліктегі бөлшектердің тұнуының теориялық жылдамдығын (10-3) тәуелділіктен табады.
8. (φ=ωос/ωсв)- қатынасын, яғни әс-жүзіндегі тұну жылдамдығының теориялыққа қатынасын анықтайды (10-12).
9. Vүл=V/0,785D2 формуласын қолдана отырып бастапқы суспензия, құйылыс пен тұнба бойынша тұндырғыштың үлестік өнімділігін анықтайды (10-13)
мұндағы Vүл- тұндырғыштың меншікті өнімділігі, м3/м2 тұндыру аудандары; D- тұндырғыштың цилиндрлік бөлігінің диаметрі.
Орындалған жұмыс туралы есеп беруге мыналар кіреді:
1.тұндырғыштың меншікті өнімділігі (Vмен)
2.тұнба концентрациясы (Хк)
3.Коэффициент φ
36>36>
Достарыңызбен бөлісу: |