КӘДЕГЕ АСЫРЫЛМАЙТЫН ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАЛДЫҚТАРДЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ МЕН КӨМУДІҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІН ТАҢДАУ
1 ӨНДІРІСТІК ҚАЛДЫҚТАРДЫҢ ҚАУІПТІЛІК КЛАСЫН АНЫҚТАУ
Қалдықтардың қауіптілік класын
осы қызмет түріне аккредиттелген мекемелерде тәжірибелік жануарларға тәжірибе жүргізу жолымен;
LD50 негізінде қалдықтардың физика-химиялық құрамы немесе топырақтағы химиялық заттардың ШРК (екінші тәсіл) белгілі болған кезде есептеу тәсілімен;
қалдықтардың жіктеуіші негізінде есептейді.
Қалдықтардың қауіптілік класын есептеу тәсілі арқылы анықтау
Қауіптілік класын есептеу ҚР СНмЕ 1.04-14- 2003 ж. әдістемесі бойынша жүргізіледі.
1.1.1 Қалдықтардың қауіптілік класын есептеудің бірінші тәсілі
Қалдықтардың қауіптілік класын есептеудің бірінші тәсілі оларды кәдеге жарату, залалсыздандыру немесе өңдеу технологиялары әзірленген қалдықтар үшін қолданылады, ол қоршаған орта нысандарына кері әсерді ескертуге немесе азайтуға әкеледі.
LD50 негізінде қалдық құрамына кіретін әрбір химиялық ингридиенттің улылық индексі (Кi) төмендегі тәуелділік бойынша есептеледі
Кі = , (1)
мұндағы lg(LD50)i – химиялық ингридиенттің асқазанға түскен кездегі өлімге әкелетін орташа мөлшерінің логарифмі (LD50 анықтама бойынша анықтайды) /2 – 4/.
S- химиялық ингридиенттің судағы ерігіштігін көрсететін коэффициент, ( анықтама бойынша 250 С жоғары емес температурада 100 г суда граммен анықтайды, бұл шаманы 100 ге бөліп, өлшемсіз шама S алады, ол көбінесе 0-1 аралығында болады);
F – химиялық ингридиенттің ұшқыштық коэффициенті, оны келесідей түрде анықтайды: анықтама бойынша /6, 7/ қысым 760 мм сынап бағанасына тең болғанда қайнау температурасы 80оС артық емес, алынған шаманы 760 –қа бөледі де F коэффициентінің өлшемсіз шамасын алады;
Св – аталған ингридиенттің қалдықтың жалпы массасындағы мөлшері, т/т;
Кі шамасын үтірден кейін бірінші белгіге дейін домалақтайды.
Қалдықтың жеке ингридиенттері үшін Кi есептелген соң К1< К2 < К3 болатындай Кi ең кіші мәніне ие 3 тен көп емес, бірақ 2-ден кем емес құрауыштарды таңдайды, сонымен қатар бұл кезде
К1+ К2 ≥ К3
шарты орындалуы тиіс.
Егер бұл шарт орындалмаған жағдайда 2 құрауышты таңдайды.
Содан соң келесі тәуелділік бойынша қауіптіліктің жиынтық индексін анықтайды
мұндағы n – таңдап алынған ингридиенттердің саны (2 немесе 3), К∑, улылықтың таңдап алынған екі немесе үш индекстерінің көмегімен есептеледі.
Қауіптіліктің жиынтық индексінің негізінде қалдықтың қауіптілік класы мен улылық дәрежесін 1 кесте көмегімен анықтайды.
Кесте 1 - LD50 негізінде қалдықтардың қауіптілігінің жіктелуі
LD50 негізінде анықталған К∑ шамасы
|
Қауіптілік класы
|
Улылық дәрежесі
|
1,3аз
|
І
|
Аса қауіпті
|
1,3-тен 3,3-ке дейін
|
ІІ
|
Жоғары қауіпті
|
3,4 -тен 10дейін
|
ІІІ
|
Болымсыз қауіпті
|
10 және одан жоғары
|
ІV
|
Аз қауіпті
|
Қалдық ингридиенттері үшін LD50 жоқ болса, бірақ жұмыс аймағының ауасында осы ингридиенттердің қауіптілік класы болған жағдайда (МСТ 12.1.005-88) (1) формулаға LD50 шартты шамаларын қою қажет. Оларды жұмыс зонасының ауасындағы қауіптілік класының көрсеткіштері бойынша бағдарлы анықтайды (кесте 2).
Кесте 2 – Ингридиенттердің жұмыс аймағы ауасындағы қауіптілік класытары мен сәйкесінше LD50 эквиваленттері
Жұмыс аймағы ауасындағы қауіптілік кластары
|
LD50 эквивалент
|
lg (LD50)
|
І
|
15
|
1,176
|
ІІ
|
150
|
2,176
|
ІІІ
|
5000
|
3,699
|
ІV
|
>5000
|
3,778
|
1.1.2 Қалдықтардың қауіптілік класын есептеудің екінші тәсілі
Қауіптілік класын есептеудің екінші тәсілін қатты өндірістік қалдықтар полигонына қаттау үшін жіберілетін қалдықтарға қолданылады, бұл кезде қалдықтың топырақпен тікелей байланысы болады. Есептеудің бұл тәсілінде олардың топырақтағы химиялық құрауыштарының ШРК-сы қолданылады.
Қалдық құрамына кіретін әрбір химиялық ингридиенттің улылық индексі (Кi) мына тәуелділік бойынша анықталады
= , (3)
Мұндағы ШРКі – қалдық құрамында болатын улы химиялық заттың топырақтағы шекті рұқсат етілген мөлшері;
Кі, S, F, Св – 1 формуладағы сияқты көрсеткіштер.
Кі анықтағаннан соң есептеуді бірінші жағдайдағы сияқты кезектілікпен орындайды.
Ары қарай К∑, негізінде 3 кесте көмегімен қалдықтардың қауіптілік класын анықтайды.
Кесте 3 – Топырақтағы химиялық құрауыштардың ШРК негізінде қалдықтардың қауіптілігінің жіктелуі
Торыпақтағы ШРК негізінде анықталған К∑, шамасы
|
Қауіптілік класы
|
Улылық дәрежесі
|
2-ден аз
|
І
|
Аса қауіпті
|
2,1-ден 16 дейін
|
ІІ
|
Жоғары қауіпті
|
16,1-ден 30 дейін
|
ІІІ
|
Болымсыз қауіпті
|
30,1 және одан жоғары
|
ІV
|
Аз қауіпті
|
Қалдықтардың құрамы туралы мәліметтер жоқ болған жағдйда, олардың қауіптілік класын жіктеуіштер /9/ бойынша анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |