Үлестік салмақ ( D,d ) немесе тығыздық дегеніміз дене салмағының оның көлеміне қатынасы :
d
заттың 1 см3 граммен өрнектеледі (немесе 1 л-ге 1 кг, 1м3ке тоннамен).
Үлестік салмақ пен тығыздық арасында айырмашылықты қарастырмайды, бірақ қатты заттар үшін үлестік салмақ термині, ал газдар үшін тығыздық ұғымы қолданылады.
Сұйықтықтар үшін екі терминді де қолдануға болады.
Әртүрлі зат қоспаларының үлестік салмағы оларды араластырған кезде көлем өзгермесе келесі формула бойынша анықталады:
D
мұндағы а, в, с,… – әртүрлі компонентетрдің салмақтық проценттегі мөлшерлері;
d1, d2, d3,… – олардың үлестік салмақтары.
Үлестік көлем (v/g) дегеніміз заттың 1г, 1 кг және 1т алатын көлемді атайды, ол см 3 немесе м 3 өрнектеледі. Үлестік көлем үлестік салмаққа кері шама.
Қысым (Р,р). Қысым дегеніміз бетке, осы беттің ауданына әсер ететін күштің қатынасымен өлшенетін шама.
Техникада қысымның өлшем бірлігі атмосфера (ат), сынап бағанасының миллиметрі (с. б. мм), су бағанасының миллиметрі (с.б.мм) немесе 1 см 2 – қа килограмм (кг/см 2 );ағылшынның өлшем жүйесінде қысым 1 квадрат дюймдағы ағылшын футымен өлшенеді.
Қысым манометрлік немесе артық (р, ати), және абсолютті немесе шынайы деп бөлінеді (ра, ата). Манометрлік қысым атмосфералық, яғни барометрлік қысымнан (рв), артық қысымды көрсетеді немесе сирету шамасын.
Абсолюттік қысым манометрлік және барометрлік қысымдардың алгебралық қосындысы:
ра = рв + рh ( егер қысым атмосфералықтан артық болса);
ра = рв - рh ( сирету жағдайында).
Физика-химиялық есептеу формулаларында, көбінесе абсолютті қысым алынады (ра, ата).
Температура (Т, t) . Техникада температураны өлшеу қабылданған, яғни дененің қыздырылу дәрежесі, халықаралық температуралық шкалада градуспен (оС) белгіленеді.
Физикалық-химиялық есептеу формулаларында абсолютті температураны көбінесе Кельвин шкаласымен есептейді (оК).
Температураны бұл шкала бойынша халықаралық температуралық шкаланың градусымен абсолютті нөлден бастап есептейді, ол
-273оС. Онда:
Т = 273о + t о
Жылу (Q,q ). Жылу аз калориялармен (кал) немесе үлкен калориялармен (ккал) өлшенеді. Аз калория дегеніміз қалыпты қысымда1 г суды 1оС-қа ( с 19,5о С дан 20,5о С ) қыздыру үшін қажетті жылу мөлшері, ал үлкен калория 1 кг суды 1оС-қа дәл сондай жағдайларда қыздыруға қажетті жылу мөлшері.
2.Стехиометриялық есептеулер негізіндегі заңдар
Стехиометриялық есептеулерді тұрғызудың базасы элементтерден қосылыстардың, күрделі заттардың түзілуін басқаратын химияның негізгі заңдары, және де осы зағдардың негізінде жатқан материя құрылысының молекулалық-кинетикалық теориясы.
Достарыңызбен бөлісу: |