1! Терапевтілік көмектен паллиативті көмектің қағидашыл айырмашылығы неде?


Стандарт Науқасты тамақтандыру халі ауыр науқасты тамақтандыру



бет3/3
Дата06.04.2024
өлшемі26.57 Kb.
#497831
1   2   3
тапсырма-1

Стандарт
Науқасты тамақтандыру халі ауыр науқасты тамақтандыру.
Мақсаты: науқасты тамақтандыру.
Қолдану көрсетілімдері: Қатаң төсек және төсек тәртібінде жатқан, хал-жағдайы ауыр науқас.
Дайындаңыз: сүлгіні, салфетканы, су беретін ыдысты, сұйықтық ішуге арналған түтікті, қасықты, тарелканы, жылы тамақты.
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқастан тамақты қандай реттілікпен қабылдауды ұнататынын сұраңыз.

  2. Науқасқа қандай тағам дайындалғанын айтып беріңіз.

  3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.

  4. Науқастың кеудесі мен мойынын салфеткамен немесе сүлгімен жабыңыз.

  5. Тумбочкіге немесе кереует жанындағы кішкене үстелге жылы даярлаған тамақты койыңыз.

  6. Науқасқа ыңғайлы жағдай жасаңыз, (Фаулер қалпын).

  7. Науқастың басын көпшікпен бірге сол қолмен көтеріңіз (егер де отырғызу қалпына мүмкіндік болмаса), ал оң қолмен қасықты немесе су беретін ыдысты тамақпен ауызына жақындатыңыз.

  8. Науқасты қасықпен аз мөлшерде немесе су беретін ыдыспен кішкентай жұтыммен тамақтандырыңыз.

  9. Аузында қатты тағам болмаған жағдайда түтік арқылы сусынды беріңіз.

  10. Сүлгіні сумен суландырып, науқастың еріндерін және иегін сүртіп, сосын сүлгінің құрғақ шетімен сүртіңіз.

  11. Науқастың кеудесінен жапқан салфетканы, қолданған ыдысты алыңыз. Төсек орындағы қиқымды қағып, оны ыңғайлы жағдайда жатқызыңыз.

  12. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

Ескерту: егер де науқаста алмалы-салмалы протезді тістері болса, онда оны шешіп, сумен шайкаңыз.Ыстық тағамның температурасы шамамен 57° С - 62°С, салқын -15° С-кем емес!


Стандарт
Мәйітпен жұмыс істеу ережелері.
Мәйітті жайғастыру ережелері
Мақсаты: паталогоанатомиялық бөлімге ПАБ өлікті жіберуге дайындау.
Қолдану көрсетілімдері: науқастың өлімі.
Дайындаңыз: сабынды, жеке сүлгіні, қолғапты,
бинтті, ақ жайманы, қаламсапты,ПАБ жолдама
бланкілерін.
Іс-әрекет алгоритмі
1.Науқастың өлген фактісін дәрігер анықтайды:(тыныс
алуы және жүрек соғысы тоқтайды, көздің қарашығы
максималды кеңейеді және жарыққа реакциясы болмайды)
стационарлық науқастың медициналық картасына
өлген күнін, уақытын тіркейді.
2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты
киіңіз.
3.Өлікті шешіндіріп, аяқтарын жазылған күйінде
арқасымен каталкаға жатқызыңыз, қолы тұлға бойында
б.т.
4.Төменгі жақты бинтпен байлаңыз, қабақтарын түсіріңіз.
5.Дәрігердің қатысуымен өлген адамның бағалы заттарын шешіңіз,
тізімін құрастырып аға мейірбикеге немесе туыстарына беріңіз.
6. Егер де бағалы заттарды өліктен алу мүмкін болмаса стационарлық
науқастың мед.картасына тіркеңіз.
7. Өлікті ақ жаймамен жабыңыз, осы қалыпта 2 сағаттай төсекте
палатадан тыс жерде емдеу бөлімшесінде қалдырыңыз.
8. Биологиялық өлім белгілерін анықтаңыз: тыныс алу және жүрек соғуы
тоқтайды, көзі бұлдырланады және мөлдір қабық кебеді, көз алмасы
жұмсарады, “мысық көз” симптомы, дене температурасы 20°С
төмендейді, өлік дақтары пайда болады, өлік сіресіп қатып қалады.
9. Өліктің санына және биркаға сиямен стационарлық науқастың
мед.карта номерын жазыңыз.
10.Өліктің аты-жөні, стационарлық науқастың мед.карта номеры,
клиникалық диагнозі, өлген күні мен сағаты тіркелген құжатпен өлікті каталкаға салып, паталогоанатомиялық бөлімшеге тексеруге апарыңыз.
11.Науқастың өлгені туралы аурухананың қабылдау
бөлімшесіне, туысқандарына, туысы болмаса полиция
бөлімшесіне хабарлаңыз.
12.Өліктің киім-кешектерін кереуеттен алып қапқа салады
және зарарсыздандыру жүргізіледі.
13. Санитарлы-эпидемияға қарсы тәртіп талаптарына сәйкес
кереуетті, жанындағы тумбочканы сүртеді,
дәретқабылдағышты дез. ерітіндіге салады.
14. Палатада қорытынды зарарсыздандыру жүргізіледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет