Ара қашықтығы 54 км екі ауылдан бір мезгілде екі салт атты бір-біріне қарама-қарсы шығып, 2 сағаттан кейін кездесті. Біріншісінің жылдамдығы 12 км/сағ. Екіншісінің жылдамдығын тап.
А) 15 км/сағ Ә) 17 км/сағ Б) 16 км/сағ
2. Бір машина 6 сағ, ал екіншісі 4 сағ жол жүрді. Бірінші машина екіншіге қарағанда 200 км артық жүрді. Егер олардың жылдамдықтары бірдей болса, әрқайсысы неше км жол жүрген?
А) 150 және 250 км Ә) 300 және 200 км Б) 350 км және 250 км
3. 6 т нан дүкендерге жөнелтілді. Бір дүкенге 1035 кг, екіншісіне одан 3 есе артық, ал қалғаны үшінші дүкенге жіберілді. Үшінші дүкенге қанша кг нан түсті?
А) 1850 кг Ә) 1840 кг Б) 1860 кг
4. Екі қаладан бір мезгілде екі машина бір-біріне қарама-қарсы жолға шықты. Олардың біреу 90 км/сағ, ал екіншісі 80 км/сағ жылдамдықпен жүріп 3 сағаттан кейін кездесті. Екі қаланың арасы неше км?
А) 520 км Ә) 510 км Б) 540 км
5. Тік төртбұрыштың ұзындығы 12 см, бұл оның енінен 3 есе артық. Тік төртбұрыштың ауданын тап.
А) 48 Ә) 4 Б) 46
6. 999 санынан кейінгі санды белгіле.
А) 100 Ә) 1000 Б) 991
7. 407030 санын 30700 ге қос.
А) 437703 Ә) 407730 Б) 437730
8. Өрнектің мәнін тап: 9 км 48 м + 5 км 160 м
А) 14 км 28 м Ә) 4 км 320 м Б) 14 км 208 м
9. Өрнектің мәнін тап: 7 т 142 кг – 2 т 37 кг
А) 5 т 105 кг Ә) 9 т 179 кг Б) 5 т 15 кг
10. Өрнектің мәнін тап: 18720-ден 3508 және 6007 сандарының қосындысын азайт.
А) 9205 Ә) 9515 Б) 9005
11. х-ті тап. «Бірінші қосылғыш-270, екіншісі х-ті екіге бөлгенге тең. Қосындысы-450»
А) 4500 Ә) 360 Б)720
12. Тік төртбұрыштың ұзындығы 35 дм, ені 32 дм. Периметрін тап.
А) 134 дм Ә) 124 дм Б) 132 дм
13. 463086 және 38068 сандарының айырмасын тап.
А) 425008 Ә) 435028 Б) 425018
14. Көбейтінділердің қосындысын тап. 459*0 бен 0*840
А) 459 Ә) 1299 Б) 0
15. Шебер 4 күнде 48 өнім өндірді. 96 өнімді ол неше күнде өндіреді?
А) 12 күнде Ә) 7 күнде Б) 8күнде
Достарыңызбен бөлісу: |