1. Жүк машинасы 70 км/сағ жылдамдықпен 280 км жүрді. Ол жолда қанша уақыт жүрді?
А) 4 сағ Ә) 2 сағ Б) 6 сағ
2. Велосипедші 20 км/сағ жылдамдықпен 4 сағ, ал мотоциклші 70 км/сағ жылдамдықпен 3 сағат жүрді. Осы уақыт ішінде олар барлығы қанша жол жүрді?
А) 180 км Ә) 240 км Б) 290 км
3. Қыз баланың етігі 1200 тг тұрады, ал бас киім одан 3 есе арзан. Бас киім қанша тұрады?
А) 600 тг Ә) 400 тг Б) 250 тг
4. 300099-дан кейінгі санды тап.
А) 300101 Ә) 400100 Б) 300100
5. Айсаның жасы Алманың жасынан 4 есе артық, Алма 3 жаста. Айса нешеде?
А) 10 жас Ә) 15 жас Б) 12 жас
6. 6 сағатта теплоход 180 км қашықтықты өтті, ал машина 4 сағатта 360 км өтті. Теплоходтың жылдамдығы машина жылдамдығынан неше есе кем?
А) 3 есе Ә) 2 есе Б) 5 есе
7. Екі қайықта 12 адам орналасты., бұл бір қайыққа қарағанда 2 есе көп. Бір қайықта неше адам?
А) 10 Ә) 6 Б) 14
8. Оқушы 11 теңгеден 5 дәптер, 55 теңгеге 1 қалам сатып алды. Есеп шешімі 11*5+55 өрнегі арқылы жазылса, есепке мынадай сұрақ қоюға болады?
А) Барлық заттар қанша тұрады? Ә) Оқушы дәптерге қанша төледі?
Б) Оқушыда қанша ақша қалды?
9. Тік төртбұрыштың ұзындығы 5 см 2 мм, ені 11 см 8 мм. Периметрін тап.
А) 24 см Ә) 34 см Б) 28 см
10. 10. х-тің мәнін тап: «Бірінші қосылғыш-360, екінші қосылғыш х-ті 3 ке бөлу арқылы шығады. Қосындысы 440-қа тең».
А) 2400 Ә) 22 Б) 240
11. Көбейтінділердің қосындысын тап. 368 * 0 және 0 * 720
А) 1088 Ә) 368 Б) 0
12. 6 біркелкі жәшікте 72 кг алма бар. Осындай 5 жәшікте қанша кг алма бар?
А) 60 кг Ә) 50 кг Б) 18 кг
13. Сандардың айырмасын тап: 385075 және 59039
А) 326046 Ә) 326036 Б) 226036
14. 40000 санынан бұрынғы санды белгіле.
А) 39991 Ә) 39990 Б) 39999
15. Санды жаз: Үшінші разрядтың 7 бірлігінен, екінші разрядтың 3 бірлігінен, бірінші разрядтың бірлігінен құралатын сан.
А) 371 Ә) 731 Б) 173
Достарыңызбен бөлісу: |