1. Түгендеу және оның кәсіпорын мүлкінің сақталуын қамтамасыз етудегі рөлі



бет1/2
Дата12.11.2022
өлшемі43.74 Kb.
#464653
  1   2
курсовой


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Қарағанды жоғары политехникалық колледжі
«Экономика, құқық және жалпыкәсіптік пәндер» кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС


«Қаржылық есеп» пәні бойынша
Тақырып: Мүлікті және қаржылық міндеттемелерді түгендеу

Орындаған: 9-1-УА-19 тобының


студенті Ұзақбай С.А.
Тексерген: оқытушы
Тунгушпаева Г.К.
Караганда 2020
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ..........................................................................................




  1. 1. Түгендеу және оның кәсіпорын мүлкінің сақталуын қамтамасыз етудегі рөлі ..............................................................


1.1 Мүлік және міндеттемелер экономикалық категориялар ретінде...........................................................................................




1.2Түгендеудің мәні, оның мақсаттары мен міндеттері ..........




1.3Мүлікті және қаржылық міндеттемелерді түгендеу мәселелерін мемлекеттік реттеу................................................




2. Кәсіпорын мысалында (ЖШС «Столичная дезинфекция») мүліктік және қаржылық міндеттемелерді түгендеу .......................................………......




2.1 Түгендеу жүргізу тәртібі ......................................................




2.2 Түгендеу нәтижелерін құжаттамалық рәсімдеу..................




2.3 Бухгалтерлік есепте шаруашылық құралдарды түгендеу нәтижелерін анықтау және бухгалтерлік есепте көрсету ........




2.4 Кәсіпорынға келтірілген залалды өтеуге арналған материалдарды құжаттамалық рәсімдеу ...................................
Қорытынды ..................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..............................................
Қосымша .......................................................................................









































КІРІСПЕ
Бұл жазба жұмыста бухгалтерлік есеп әдісінің элементтерінің бірі – түгендеу қарастырылған. Қазіргі таңда түгендеудің маңызы зор болып келеді, себебі ол ұйымның мүлкінің сақталуын, қаржылық тәртіптерді ұстануын, операциялардың бухгалтерлік есепте дұрыс көрініс табуын қадағалаудың бірден бір тәсілі болып табылады.


Түгендеу бухгалтерлік есептің түп негізінде жатыр, сондықтан бухгалтерлің жұмысын түгендеусіз елестету мүмкін емес.
Бухгалтерлік есептің әдісі ретінде түгендеудің қайнар көзі мыңдаған жылдарды қамтиды, алайда «түгендеу» ұғымы алғаш рет 1931 жылы «Вестник Академии наук» атты журналда пайда болған. Оған дейін түгендеудің орнына тексеру, есептеу, қайта есептеу, санау, қайта санау және т.б. сияқты басқа терминдер қолданылған.
Жалпы түгендеу (inventarium, латын тілінен аударғанда шаруашылық заттардың нақты тізімі) – бұл бухгалтерлік есептің әр түрлі объектілерінің нақты қолда бар болуын және жағдайын тексеруді көздейтін, есептік мәліметтердің нақтылығы мен шынайылығын анықтауға бағытталған бақылау құралы.
Сонымен қатар түгендеу құрамына бухгалтерлік есептің көрсеткіштерін бағалаудың нақтылануы, анықталуы кіреді. Яғни түгендеу процесінде мүліктер мен міндеттемелердің бар болуы ғана емес, сонымен қатар олардың жағдайы мен бағалануы анықталады.
Түгендеу маңыздылығы әр уақытта өзгеріп отырған. Ежелгі Рим дәуірінде түгендеу мұрағатқа қалдырылған мүлікті есептеу және бағалау үшін қолданылған.
Бухгалтерлік есеп жүйесіндегі түгендеу принципі – қаттау-тіркеу құжатын жүргізу жолдарымен жүзеге асырылады. «Қаттап-тіркеу» деп ат қойылған құжат – бастапқы құжаттар құрамына жатады. Қаттап-тіркеу құжатын іске асыру арқылы белгілі жағдайды сипаттап саыстыруға, қолда бар құндылықтардың нақтылығын, натуралдық қалдықтарды, шындық фактілер дәрежесін анықтауға болады. Белгілі бір объектілердегі құндылықтарды қаттап-тіркеу үшін, бұл объектілердің ерекшелік жағдайларын (қойманың, цехтың, ферманың, жөндеухананың т.б.) білген жөн.

ТҮГЕНДЕУ ЖӘНЕ ОНЫҢ КӘСІПОРЫН МҮЛКІНІҢ САҚТАЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ РӨЛІ


Түгендеу – іс жүзіндегі мүліктің бухгалтерлік есеп мәліметтерімен сәйкестігін тексерудің тәсілі. Түгендеу кәсіпорын мүлкінің дұрыстығын анықтау үшін қажет. Түгендеуге негізгі құралдар, материалдық – товарлық бағалықтар, ақшалай қаржылар жатқызылады. Түгендеу белгіленген уақытта, материалды жауапты адам ауысқанда, тергеу орындарының, аудитордың талабымен өткізіледі.
ҚР Қаржы министрлігінің бұйрығымен енгізілген 13.03.2003 жылғы №101 өзгертулермен 24 «Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру» Бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес Қазақстанда түгендеуді жүргізудің жалпы ережелері анықталады. 24-БЕС әдістемелік нұсқаулықтарында заңды тұлғалардың мүлік пен міндеттемелерді түгендеуді ұйымдастыру шарасының негізгі ережелері анықталған, сонымен қатар оның нәтижелерін рәсімдеу тәртібі де келтірілген.
МҮЛІК ЖӘНЕ МІНДЕТТЕМЕЛЕР ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР РЕТІНДЕ
Заңды немесе жеке тұлғаның меншігіндегі, иелігіндегі немесе басқаруындағы заттардың, материалдық құндылықтардың жиынтығы.
Меншік құқықтық мағынасында мүліктік қатынастарды білдіреді. Меншік иесіне заңмен алдын-ала белгіленген мүлік тән.
Экономикалық мағынасында меншік бүкіл шаруашылық процесін қамтып, пайдалы игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтыну қатынастарын білдіреді.
Меншік – бұл зат емес, заттарға байланысты туындайтын қатынас. Меншік ретінде тұлғаның нысанды (затты) пайдалануына байланысты құқығы көрінеді. Тұлға ретінде мемлекет, ұжым, жеке тұлға болуы мүмкін. Негізгі нысандары: жер, ғимараттар, материалдық және рухани – мәдениет заттары және т.б. жатады.
Басқаша айтсақ, меншік- бұл адамдар арасындағы өндіріс факторлары мен нәтижелерін иемденуге байланысты объективті қатынастар жүйесі. Иемдену – әрбір қоғамдық өндіріс әдісінің негізі болып табылады. «Меншік» пен «иемдену» түсініктерін теңестіруге болмайды. Меншік - анағұрлым абстрактілі, ал иемдену нақты ұғым.
Міндеттеме термині дебиторлық және кредиторлық берешек, яғни алашақ пен берешек ұғымын біріктіреді. Дебиторлық берешек дегеніміз ұйымға басқа ұйымдардың, жеке тұлғалардың берешегі, яғни алашақ (мыс., сатып алушының сатып алынған өнім үшін, есеп беруші тұлғаның өзіне есеп беру кепілдігімен берілген ақшалай сома үшін берешегі). Кредиторлық берешек деп ұйымның басқа ұйымдарға, қызметкерлерге, жеке тұлғаларға (несиегерлерге) берешегін айтады. Бухгалтерлік баланста кредиторлық берешек ұйым қаражаты көздерінің құрамында, яғни пассивте көрсетіледі.
Экономикалық категориялар ретінде, міндеттеме – кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.

ТҮГЕНДЕУДІҢ МӘНІ, ОНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ


Бухгалтерлік есеп әдісінің маңызды элементтерінің бірі болып табылатын түгендеудің мәні ұйымға тиесілі құндылықтардың сақталуын тексеруден, содан кейін олардың нақты қолда бар бухгалтерлік есеп деректерімен салыстырудан тұрады.
Түгендеудің мәнін жақсырақ түсіну үшін алдымен оның көздеген мақсаттарын түсіну керек.
Түгендеудің мақсаты – қолда бар барлық құндылықтар мен қарыздардың дұрыс пайдалануын және құжаттармен расталуын қамтамасыз ету.
Түгендеудің міндеттері:

Активтердің сақталуын және материалды жауапты тұлғалардың іс-әрекетін бақылау;


Есеп объектілерінің нақты жағдайының толық көрсетілуі;


Тексерумен анықталған нәтижелердің өз уақыттылығы мен шынайылығы, нақты қолда бар мүлікті есеп мәліметтерімен салыстыру;


Нормадан тыс, қолданылмайтын құндылықтарды кейін өткізу мақсатында анықтау;


Есеп объектілері құнының нақтылығын және оларды сақтау ережелері мен жағдайларын тексеру, т.б.


Бухгалтерлік есеп жүйесіндегі түгендеу принципі – қаттау-тіркеу құжатын жүргізу жолдарымен жүзеге асырылады. «Қаттап-тіркеу» деп ат қойылған құжат – бастапқы құжаттар құрамына жатады. Қаттап-тіркеу құжатын іске асыру арқылы белгілі жағдайды сипаттап саыстыруға, қолда бар құндылықтардың нақтылығын, натуралдық қалдықтарды, шындық фактілер дәрежесін анықтауға болады. Белгілі бір объектілердегі құндылықтарды қаттап-тіркеу үшін, бұл объектілердің ерекшелік жағдайларын (қойманың, цехтың, ферманың, жөндеухананың т.б.) білген жөн.


Қаттап-тіркеу фактісінің негізі – натуралдық өлшем бірлігіндегі құндылықтар. Натуралдық өлшем бірлігі ақшалай өлшемге айналған сәттен бастап ұйымның тауарлы-материалды құндылықтарын – ресурстарының жағдайын көрсетеді. Сонымен қатар түгендеп-қаттау құжаты құқықтық құжат болып танылып, ұйым деңгейіндегі жауапты адамдардың жауапкершілік деңгейін көрсетеді.
Қаттап-түгендеу принципінің түпкі мақсаты қолда бар нақтылы құндылықтар мен бухгалтерлік есеп мәліметтеріндегі (есептегі) құндылықтардың айырымын, салыстыру ведомстволарын қосымша жасау арқылы шығару. Қаттап-түгендеу объектісіне қолда бар құндылықтар жатады. Құндылықтардың дұрыс есептелінуін түгендеу үшін натуралды қалдықтар шығарылуы керек. Натуралды қалдықтарды шығару, өлшеу, қайта өлшеу, есептеу және қайта есептеу, таксировкалау, сандық өлшемді ақша өлшемімен көбейту әдістерін қолдану арқылы орындалады. Сонымен, қаттап-түгендеу дегеніміз натуралды қалдықтарды белгілі бір кезеңдерге қарай шығарып отыру болып табылады.

МҮЛІКТІ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ ТҮГЕНДЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ


Мемлекеттік реттеу – мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық өмірге қатысу нысандарының бірі, мемлекеттің жалпы мемлекеттік ресурстарды бөлуге және үйлесімділікті қалыптастыруға тікелей немесе жанама түрде ықпал етуі.

КӘСІПОРЫН МЫСАЛЫНДА МҮЛІКТІК ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ ТҮГЕНДЕУ


Түгендеу 1. «Столичная дезинфекция» ЖШС бухгалтерлік есеп деректері мен қаржылық есептілігінің сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында жылына кемінде бір рет мүліктік және ақшалай міндеттемелерге түгендеу жүргізіледі.
2. Түгендеу сипаты бойынша ол жоспарлы және кенеттен болуы мүмкін. «Столичная дезинфекция» ЖШС-де жоспарлы түгендеу қатаң түрде жүргізіледі:
- негізгі құралдарды, тауарлық-материалдық қорларды түгендеу жылына кемінде бір рет жылдық бухгалтерлік есеп жасалғанға дейін (есепті жылдың 1 қыркүйегіне) жүргізіледі;
- ЖШС кассасындағы қолма-қол ақшаны және кассалық құжаттарды тоқсанына 1 реттен кем емес түгендеу жүргізіледі;
-«Столичная дезинфекция» ЖШС-нің дебиторларымен және кредиторларымен есеп айырысуларды түгендеу жылына бір рет (31 желтоқсандағы жағдай бойынша) жүргізіледі. «Столичная дезинфекция» ЖШС-де күтпеген түгендеу жоспарлы түгендеу кестесіне қарамастан бірінші басшының бұйрығымен жүргізіледі.
3. «Столичная дезинфекция» ЖШС-де түгендеу міндетті түрде жүргізіледі:
- материалдық жауапты тұлғаларды ауыстыру кезінде (істерді қабылдау және беру күні);
- тауарлық-материалдық қорларды ұрлау немесе теріс пайдалану, сондай-ақ бүліну фактілерін анықтаған кезде;
- төтенше жағдайлардан туындаған табиғи апаттар, өрт оқиғалары немесе басқа да төтенше жағдайлар кезінде;
- қоғамды тарату (қайта ұйымдастыру) кезінде тарату (бөліну) балансы жасалғанға дейін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда.
4. Түгендеуге «Столичная дезинфекция» ЖШС директоры мен тұрақты жұмыс істейтін түгендеу комиссиясы жауапты. Комиссияның атаулы құрамы «Столичная дезинфекция» ЖШС директорының бұйрығымен бекітіледі.
5. Активтер мен пассивтерге түгендеу жүргізу шарттары, түгендеу нәтижелерін көрсету және оларды бухгалтерлік есепте көрсету нысаны қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен реттеледі. Түгендеу нәтижелерін бухгалтерлік есеп деректерімен түгендеу нәтижелерін салыстырғаннан кейін 10 күн ішінде «Столичная дезинфекция» ЖШС директоры бекітеді.
6. Серіктестікке тиесілі, оның орналасқан жеріне қарамастан, сондай-ақ оған жатпайтын, бірақ бухгалтерлік есепте көрсетілген (сақталған, шарт бойынша жалға алынған), сондай-ақ қандай да бір себептермен есепке алынбаған мүлік және барлық міндеттемелердің түрлері түгендеуге жатады.
7. Инвентарлық тізімдерге ойлап шығарылатын негізгі құралдар, материалдық емес активтер, инвентарлық қорлар енгізіледі. Актпен ақшаның, бағалы қағаздардың және есеп айырысулардың тізімдемесі жасалады.
8. Жарамсыз күйге түскен мүліктерге жеке тізімдеме жасалады. Комиссия хаттамасында олар бөлек белгіленіп, келтірілген зиянның себептері мен бұған кінәлі тұлғалар көрсетілуі тиіс.
9. Бухгалтерлік есепте түгендеу тізімдерінің мәліметтері бухгалтерлік есепте көрсетілген қалдықтармен салыстырылады және бухгалтерлік есеп деректерінен ауытқулар анықталған позициялар бойынша салыстырма ведомостары жасалады.
10. 24 «Бухгалтерлік есеп қызметін ұйымдастыру» ҚР СБУ-ына сәйкес түгендеу нәтижелері келесі тәртіппен реттеледі:
1) артығы мен тапшылығын өзара есепке алу (аттас мүлікке қатысты бір материалдық жауапты тұлғамен сол кезеңде қайта сұрыптау жүргізілген кезде рұқсат етіледі);
2) өзара есепке алу бухгалтерлік есепте көрсетілмеген;
3) артықшылықтар олардың туындау себептері мен бұған кінәлі тұлғаларды кейіннен белгілей отырып, орналастыруға жатады. Бұл жағдайда активтерді есепке алу шоттары бухгалтерлік есепте дебеттеледі, ал басқа кірістер шотының кредиті жазылады.
11. Түгендеуге жататын құндылықтарға жауапты материалдық жауапты тұлғаның болуы түгендеуді жүргізудің міндетті шарты болып табылады.

ТҮГЕНДЕУ ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІ


Бухгалтерлік есептің бұл саласындағы қазіргі тәжірибе бойынша, кәсіпорындардағы (ұйымдардағы) түгендеу жұмысының басқарылуын жетілдіру үшін, тұрақты қызмет ететін (жоғары дәрежелі қызметкерлерден тұратын) түгендеу комиссиясын құру қажет.
Олардың құрамы кәсіпорын басшысының бұйрығымен белгіленуі тиіс. Тұрақты қызмет ететін комиссиясы құрамы және түгендеудің басқа да маңызды аспектілері есеп саясатында көрсетілгені жөн. Бұл комиссиялардың негізгі қызметі мыналар:

Кәсіпорын мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізу;


Түгендеу комиссиясына нұсқаулықтар беру;


Түгендеу мәліметтерінің сенімділігін қамтамасыз ету;


Түгендеудің дұрыс ұйымдастырылуы және қажет болған жағдайда тексерулердің қайтадан өткізілуі;


Құндылықтарды сақтау орны бойынша бақылау, тексеруі және іріктемелі түгендеу жүргізу;


Жетіспеушілікке, бүлінуге, бұзылуға жол берген тұлғалардың түсіндірмелерін қарастыру;


Жұмыс комиссиясының мүшелері мыналарға жауапты:


Кәсіпорын басшысының бұйрығына сәйкес тәртіптің тиісті уақытында орындалуына;


Түгендеу тізімдеріндегі мәліметтердің дұрыстығына;


Материалдардың түгенделуін белгіленген тәртіпке сәйкес тиісті уақытында рәсімдеуге;


Бірнеше түгендеу комиссиясын құру кезінде тұтас түгендеудің дұрыс жүргізілуін қамтамасыз етуді төраға басқарады. Комиссия төрағасы мен мүшелері барлық түгендеу тізімдерінің нәтиже мәліметтері бойынша өткізілген түгендеу туралы шоғырландырылған актіні рәсімдеп, оған қолдарын қояды. Олар тауарлы-материалдық құндылықтар мен есептің басқа объектілерінің жетіспеушілігін және шектен тыс жұмсалуын жасыру мақсатымен нақты қалдықтар туралы жалған мәліметтер енгізетін болса, сотпен белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады.
Түгендеу комиссиясының тағайындалуы комиссия құрамы, түгендеудің көлемі, жұмыстың басталуы және аяқталуы көрсетілген бұйрықпен рәсімделеді. Бұйрық арнайы кітапта тіркеледі және түгендеудің жұмыс комиссияның мүшелеріне түгендеу жүргізудің алдында тапсырылады. Кемінде бір мүшенің жоқтығы өткізілген түгендеу нәтижелерін жарамсыз деп тануға негіз болып табылады. Комиссия төрағасы түгендеу басталмас бұрын есеп берулердің барлық қосымшаларын визалауы тиіс, ол бухгалтерия үшін түгендеу басына қалдықтарды анықтау болып табылады.
Ақша қаражаттарының, тауарлы-материалдық құндылықтардың, құжаттардың немесе басқа да есеп объектілерінің нақты бар болуын тексеруге міндетті түрде материалдық жауапты тұлға қатысуы керек. Егер кәсіпорынның материалдық жауапты тұлғасы болмаса, онда жауапты тұлға болып кәсіпорын басшысы саналады. Құндылықтардың қалдықтары туралы мәліметтерде олардың нақты бар болуын тексерусіз, тек материалдық жауапты тұлғаның сөзіне немесе есеп мәліметтеріне сүйеніп, тізімге енгізуге тыйым салынады.
Кез келген есеп объектісінде түгендеу жүргізудің өзіндік техникасы бар. Мысалы, құндылықтарды түгендеу есептеу, өлшеу, таразыға тарту арқылы жүргізіледі, ал кейін олардың орналасқан орны және осы құндылықтарды сақтайтын материалды-жауапты тұлғалар бойынша құндық бағалануы жүзеге асырылады. Кіріс-шығыс кассалық ордерлерінің, банк шотының үзіндісі, расталған сальдо мен жазба мәліметтері бойынша алынған талаптар, қарыздар сияқты мүліктің материалды емес бөліктері сәйкес есеп тіркелімдерін тексеру арқылы анықталады. Аяқталмаған жұмыстар түгендеуге кіргізілуі тиіс.
Түгендеу мәліметтері тізіммен рәсімделуі керек, онда белгілі бір уақыт мерзіміне мүліктің жеке құрамдас бөліктері және түрлері, саны мен құны бойынша қарыздық міндеттемелер көрсетілуі тиіс. Сонымен қатар түгендеу тізім тексеруге жеңіл және бастапқы есеп мәліметтерімен салыстыруға болатындай етіп жасалуы тиіс.
Қымбат бағалы құндылықтарға олардың алынуын куәландыратын құжаттарды немесе пайда болуы жайлы мәліметтерді (төлем шотының нөмірі, жабдықтаушы және басқа да деректемелер) анықтау керек. Есептеу мен тақсалауға байланысты барлық іс-әрекеттер жасалғаннан кейін және нәтижелерін өзара тексергеннен соң тізімін әр бетінің соңына тауарлы-материалдық құндылықтардың реттік нөмірі қолмен жазылып көрсетіледі. Одан кейін бетте жазылған барлық тауарлы-материалдық құндылықтардың жалпы қорытындысы (өлшем бірлігіне қарамастан, табиғи өлшеммен) шығарылады. Бұл көрсеткіштер тізімнің соңғы бетінде, байқалмайтын түзетулер енгізуге мүмкіндік бермеу үшін, көрсетіледі. Тізімнің әр бетіне материалдық жауапты тұлға мен комиссия мүшелерінің барлығы қол қояды. Түзетулер барлық комиссия мүшелерімен келісілген және олардың қолдарымен бекітілген болуы тиіс. Түгендеу тізімдерінде толтырылмаған жолдарды қалдыруға болмайды. Тізімнің соңғы беттеріндегі толтырылмаған жолдар сызылып тасталады. Одан кейін түгендеу және есеп мәліметтері салыстырылып, салыстыру тізімі жасалады.
Демек, салыстыру тізімі нақты және есептік мәліметтердің сәйкес келмеген жағдайында жасалады және осындай мәліметтер жиі түгендеу тізімімен бір бланкте біріктіріледі. Бұл – түгендеу бойынша ең маңызды қорытынды құжаттардың бірі және оған енгізілетін нәтижелерді мұқият тексеруге көп көңіл бөлінеді. Сондықтан, анықталған сәйкессіздіктер салыстырылып, дұрыс көрсетілуі тиіс көптеген көрсеткіштердің сапасына тәуелді екенін есте сақтау керек.
Қажетті жағдайда түгендеудің жұмыс комиссиясы атқарған жұмысы хаттамамен рәсімделеді, онда түгендеу нәтижелері және кемшіліктерді жою бойынша қорытындылар мен ұсыныстар көрсетіледі. Түгендеу аяқталғаннан соң оның барлық материалдары мен комиссия хаттамасы тұрақты қызмет етуші комиссия қарауына тапсырылады.
Егер түгендеуден кейін материалды жауапты тұлғалар түгендеу тізімінен қате табатын болса, онда ол бұл жайында түгендеу жүргізген жұмыс комиссиясына өтініш арқылы хабарлауы керек (сауда орны ашылғанға дейін). Барлық көрсетілген фактілер тексеріледі және олар расталған жағдайда анықталған қателер белгіленген тәртіппен жойыла алады.
Түгендеу комиссиясының өз жұмыс нәтижелері үшін жауапкершілігін арттыру үшін бақылау тексерістерін ұйымдастыру тәжірибесін қолдану тиіс. Олар тауарлы-материалдық құндылықтар және есептің басқа да объектілерінің нақты қалдықтарын тізімге енгізудің дұрыстығын анықтауға мүмкіндік береді. Бақылаушы тексерістердің тиімділігін арттыру мақсатында олар түгендеу аяқталған соң, бірақ сауда орны ашылғанға дейін жүргізіледі. Осындай тексерісті жүргізу үшін кәсіпорын басшысымен немесе бас бухгалтерімен тексеру жүргізетін тұлға атына өкім жазылып, түгендеу комиссиясы төрағасына тапсырылады. Одан кейін құрылған комиссияның қатысуымен қалдықтар есептеліп (таңдау бойынша), түгендеу тізіміндегі жазбалармен салыстырылады. Тексеру нәтижелері тексерілген тауарлардың атауы, саны және басқа да мәліметтері көрсетілген, бекітілген нысанындағы актімен рәсімделеді. Егер бақылаушы тарапынан тексеріс кезінде сәйкестіктер анықталмаса, онда объект ағымдағы жұмысқа енгізіле алады. Қомақты сәйкессіздік табылған жағдайда толық түгендеу жасау үшін жаңа түгендеу комиссиясы құрылады. Сонымен қатар ұйым басшысы түгендеу комиссиясының бірінші құрамы жіберген қателіктері үшін жауапкершілігі жайлы мәселені қарастыруы тиіс. Түгендеулердің бақылаушысы тексеріс есебін арнайы кітапта жазып отыруы керек.
Түгендеу аяқталған соң түгендеу комиссиясының төрағасы тауарлардың нақты қалдықтарының рәсіделген тізімін (бірінші және екінші даналары) бақылаушы тізіммен және басқа құжаттармен бірге құндылықтардың есебі жүргізілетін ұйымның бас бухгалтеріне тапсырылады; екіншісі – материалды жауапты тұлғаға бірінші данаға жазылған қолхатымен беріледі. Тауарларды тапсыру кезінде үшінші дана құндылықты тапсырған материалды жауапты тұлғаға беріледі

ТҮГЕНДЕУ НӘТИЖЕЛЕРІН ҚҰЖАТТАМАЛЫҚ РЕСІМДЕУ


Кесте 1. Түгендеу өткізу мерзімдері және олардың нәтижелерін көрсететін құжаттар



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет