Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі
«Қазақ тілі Т1» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі негізгі ой туралы өз көзқарастарыңызды жұбыңызбен бөлісуде жан-жақты тұжырымдап, эмоционалды-экспрессивті сөздерді, мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді қолданыңыз. [10]
1-мәтін
Еуразия құрлығының дәл жүрегіндегі шетсіз-шексіз далада, биік таулар мен мыңжылдық көлдер аралығында көшпенділер ортасында өзіндік ерекшелігі бар, табиғатты қадір тұтатын айрықша мәдениет өмірге келді. Ол моңғол және түрік халықтары мәдениетінің қосындысынан пайда болып, кейінірек ислам және парсылық дүниетаным әсерімен байи түсті. Ол кезде әлі Қазақстан мемлекеті болмаған еді. Алайда сол заманның өзінде көп ғасырлық ортақ мәдениет қалыптаса бастады.
Осынау мәдениеттің алатын орнын анықтауға деген айрықша құштарлықтан, қандай да болсын біртұтас, ділі де, тілі де бір (түркітілдес), мекендеген жерлері ұқсас дала тайпаларының бірлестігін құру қажеттілігі пайда болды. Осылайша, мемлекеттің пайда болуына алдын ала жол ашқан, көшпенділердің кеңістік пен уақыт жөніндегі үнемі қозғалыс жағдайындағы күрделі таным білімі және рухани ұғымдарына негізделген еркін мәдениет туды. Қазіргі кезде мәдениет: түпнұсқалық қазақ мәдениеті және бүгін біздің елде тұрып жатқан көптеген этностың ерекшеліктерін сіңірген қазақстандық мәдениет боп дамуда. Бүгінгі Қазақстан мәдениеті – қазақстандық халықтың тұрмыс-салттары мен әр алуан рухани және материалдық формада айқын байқалатын эстетикалық құндылықтарының кешені. (150 сөз, https://old.qazaqtv.com/kz/, өңделген)
Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі
«Қазақ тілі Т1» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі негізгі ой туралы өз көзқарастарыңызды жұбыңызбен бөлісуде жан-жақты тұжырымдап, эмоционалды-экспрессивті сөздерді, мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді қолданыңыз. [10]
2-мәтін
Көшпелілердің рухани мәдениетінің өз даму ерекшеліктері бар. Ол көшпелілердің тіршілік қарекетінің, тұрмысының ерекшеліктерінен туындайды. Кейбір батыстық зерттеушілер: «Көшпелілер өз бетінше мәдени құндылықтар жасауға кабілетсіз, олар тек басып алған отырықшы халықтардың мәдениетін қабылдайды. Ал отырықшы халықтардың мәдениеті оларға өзге мәдениет болып қала береді»,-дейді. Бұл – мүлде қате пікір. Көшпелілер өз тұрмыс-әрекетіне лайықты мәдениет қалыптастырған. Көшпелілердің материалдық мәдениеті көші-қонға ыңғайланып жасалған. Мұндай таза көшпелі мәдениет үлгілеріне біз жиналмалы, жығып-тігуі өте жеңіл киіз үйді, ер-тұрман, ат әбзелдерін, теріден, ағаштан жасалған ыдыс-аяқтарын, бесігін, басқа да тұрмыстық заттарын жатқызамыз. Көшпелілердің рухани мәдениеті тіптен бай. Мал шаруашылығы – егіншілікке қарағанда бұқара халықтың барлығы қамтылмайтын, қамтылғанның өзінде көшпелі қауымның бос уақыты көбірек болатын шаруашылық түрі. Сонымен қатар көшпелілер отырықшыларға қарағанда, табиғатқа жақынырақ өмір сүрген. Көшпелілерде табиғатқа негізделген дүниетаным, ақынжандылық, қиялшылдық, түптеп келгенде, шығармашылықпен ойлау жүйесі қатты дамыды. Бұл қасиеттердің қалыптасуына, көрініс тауып, іске асуына көшпелі өмір объективті түрде көбірек жағдай туғызды. (140 сөз, https://kk.wikipedia.org, өңделген)
Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі
«Қазақ тілі Т1» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі негізгі ой туралы өз көзқарастарыңызды жұбыңызбен бөлісуде жан-жақты тұжырымдап, эмоционалды-экспрессивті сөздерді, мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді қолданыңыз. [10]
3-мәтін
Қазақ жерінде жазу-сызу сақ дәуірінен бастап пайда болған. 1960 жылы Ертіс өзенінің оң қанатынан табылған V-IV ғасырларға жататын сақ дәуірінің марал сүйегінен жасалған тұмарда жазу болған. Ол оңнан солға қарай «Ақ сықын» – «Ақ марал» деп оқылған.
Түркі дәуірінен қалған атақты «Күлтегін», «Білге қаған» сияқты тасқа жазылған дастандар қазақ тіліне аударылып, біздің қолымызға тиіп отыр. Қазақ халқы ол дастандарды өздерінің төл дүниесіндей қарсы алды. Оған басты себеп, ондағы жазылған әдет-ғұрып, салт-сана, діни-наным, сенім, мақал-мәтел, батырлық жырлардың үлгілері бәрі-бәрі халқымыздың тірлік-тіршілігінен алынғандай ұқсас. Бұл мұралар қазақ халқының ертеден келе жатқан бастауы.
Түркі дәуіріндегі ескерткіштердегі жазулардан және бір байқалатыны – өздері мекен еткен географиялық аймақтың бағыттарын барлай білген. Шамасы, көшпелі өмірге байланысты мал шаруашылығының және табиғаттың ерекшеліктері ескеріліп отырған. Түркілер өздері өмір сүрген кеңістіктің төрт бұрышын тек жаз жайлауы, қыс қыстауы, мал жағдайы үшін ғана біліп қоймай, өздерімен көрші жатқан мемлекеттермен байланыс, қарым-қатынас жасауда да, соғыс іс-әрекетінде де географиялық бағдарлау жасай білген.
(150 сөз,
https://engime.org, өңделген)
Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі
«Қазақ тілі Т1» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі негізгі ой туралы өз көзқарастарыңызды жұбыңызбен бөлісуде жан-жақты тұжырымдап, эмоционалды-экспрессивті сөздерді, мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді қолданыңыз. [10] 4-мәтін
Әрбір ұлттық мәдениет бос кеңістікте емес, қоршаған ортада әрекет етеді. Мәдени кеңістік мәңгіге берілген енші емес. Ол тарихи ағынның өрісі болып табылады. «Ата қоныс» ұғымы – көпшелілер үшін қасиетті, ол өз жерінің тұтастығының кепілі және көршілес жатқан мекендерге де қол сұғуға болмайтындығын мойындайды. Ата қоныстың әрбір жағрафиялық белгілері халық санасында киелі жерлер деп есептелінеді, яғни қоршаған орта киелі таулардан, өзен-көлдерден, аңғарлар мен төбелерден тұрады. Олардың қасиеттілігі аңыздарда, жырлар мен көсемсөздерде болашақ ұрпақтарға мұра ретінде қалдырылған.
Белгілі бір парасаттылық, ізгілік, ұстамдылық, интуициялық жоғары қабілеттері жоқ адамдар қатал далада өмір сүре алмас еді. Кеңістікке үйлесімді мәдениетте адам мен табиғаттың арасында «қытай қорғаны» тұрған жоқ. Керісінше, мәдениет олардың арасындағы нәзік үндестікті білдіретін дәнекер қызметін атқарады. Қазақтың төл мәдениетінде экологиялық мәселе әдептілік жүйесіндігі обал және сауап деген ұғымдармен тікелей байланыстырылды. Қуаң даланы игеру табиғатты өзгертуге емес, қайта адам оның ажырамас бір бөлігіне айналуға бағытталады. (135 сөз, https://kk.wikipedia.org/, өңделген)
Достарыңызбен бөлісу: |