«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен І тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
І нұсқа
Тыңдалым
Еңбек нарығы дегеніміз жұмыс күшін тауар ретінде сату, сатып алу туралы экономикалық қатынастар жүйесі. Еңбек нарығында кәсіпкерлер мен еңбекке қабілетті адамдар арасында белгілі бір қарым-қатынастар орнатылады. Сондықтан еңбек нарығы, бұл сұраныс пен ұсыныс механизмі арқылы белгілі бір жұмысбастылық көлемі мен еңбек ақы деңгейі анықталатын, экономикалық агенттер арасындағы бәсеке нәтижесінде қалыптасқан экономикалық орта. Өндірістік ресурстар нарығында еңбек нарығы ерекше, айқын орын алады, өйткені еңбек нарығынсыз өндіріс үдерісі болмайды, ал қоғам адамдардың еңбек қызметінен тыс дұрыс жұмыс істей алмайды Еңбек нарығы – экономика жағдайын көрсетудің айнасы. Ол тұрғындарды жұмыспен қамту көлемі мен динамикасын, жұмыссыздықтың сала бойынша деңгейін, кәсіби-біліктілік, демографиялық және басқа да көрсеткіштердің құрылымын байқатады.
Еңбек нарығының атқаратын қызметтері қоғамдағы еңбектің ролімен анықталады: Әлеуметтік қызметі – адамдардың қалыпты табыс деңгейі мен қолайлы жағдайын қамтамасыз етумен сипатталады. Экономикалық қызметі – адамдардың еңбегін тиімді пайдалану, бөлу, реттеумен сипатталады. Ынталандыру қызметі – еңбек нарығына қатысушылар арасында бәсеке қабілеттілікті ынталандыру, жоғары тиімді еңбекке қызығушылығын арттыру, адамдардың біліктілігін жоғарылатумен сипатталады.
(149 сөз)
http://library.wksu.kz/dmdocuments/Сагинова%20Енбек.pdf
1.Терминдерді анықтамасымен сәйкестендіріңіз (әр 2 дұрыс жауап үшін 1 балл).
[3]
Достарыңызбен бөлісу: |